"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес, Тараз қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Тараз қалалық мәслихаты аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Тараз қалалық мәслихатының 2018 жылғы 14 наурыздағы №29-8 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3767 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тараз қалалық | |
мәслихатының төрағасы | К. Олжабай |