Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 15.09.2023 №7-6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Тараз қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Тараз қаласы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Тараз қалалық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы №66-8 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4852 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Тараз қаласы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:
мына:
"9 мамыр – Жеңіс күніне:
"Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне – 1 000 000 (бір миллион) теңге мөлшерінде;"
деген абзацтар жаңа редакцияда жазылсын:
"9 мамыр – Жеңіс күніне:
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне – 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден кем емес мөлшерінде;".
2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тараз қалалық | |
мәслихатының төрағасы | К. Олжабай |