"Инватакси қызметін алушылардың санатын кеңейту туралы" Қарағанды қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 3 ақпандағы № 06/02 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды қаласының әкімдігінің 2023 жылғы 9 қазандағы № 75/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 10 қазанда № 6499-09 болып тіркелді

      Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қарағанды қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 3 ақпандағы № 06/02 "Инватакси қызметін алушылардың санатын кеңейту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26778 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      қаулының преамбуласы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, "Автомобиль көлігімен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі міндетін атқарушысының 2013 жылғы 1 қарашадағы №859 бұйрығымен бекітілген, Автомобиль көлiгiмен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсету қағидаларының 31 тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №8950 болып тіркелген) сәйкес Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарағанды қаласының әкімі М. Кожухов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады