Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 01 желтоқсандағы № 48/04 "Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламент Мәжілісі және мәслихаттары депутаттығына кандидаттардың кездесулер өткізу және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарын анықтау туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Балқаш қаласының әкімдігінің 2023 жылғы 16 ақпандағы № 09/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 17 ақпанда № 6360-09 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қаласының әкімдігінің 2023 жылғы 20 қазандағы № 51/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қаласының әкімдігінің 20.10.2023 № 51/01 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 01 желтоқсандағы №48/04 "Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламент Мәжілісі және мәслихаттары депутаттығына кандидаттардың кездесулер өткізу және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарын анықтау туралы" (Қарағанды облысы Балқаш қаласының Әділет басқармасында № 8-4-254 тіркелді) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 1, 4 тармақтары және 1 қосымшасы жойылсын;

      көрсетілген қаулының 2 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. Қалалық сайлау комиссиясымен бірлесіп Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламент Мәжілісі және мәслихаттары депутаттығына кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін 2 қосымшаға сәйкес орындар анықталсын.";

      көрсетілген қаулының 2 қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Балқаш қаласының әкімі К. Камзин

      "КЕЛІСІЛДІ":

      Балқаш қалалық

      сайлау комиссиясы

  Балқаш қаласының әкімі
2023 жылғы 16 ақпандағы
№ 09/01
Қаулысына қосымша
  Балқаш қаласы әкімдігінің
2011 жылғы 01 желтоқсандағы
№48/04
қаулысының 2 қосымшасы

Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламент Мәжілісі және мәслихаттары депутаттығына кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Елді мекеннің атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін

1

Балқаш қаласы

Абай және Ағайынды Мусиндер көшелерінің қиылысындағы ақпараттық стенд

2

Балқаш қаласы

З. Сәбитова шағын ауданы №34 үйдің оң жағындағы ақпараттық тақта

3

Балқаш қаласы

Бөкейханов пен Абай көшелерінің қиылысындағы ақпараттық стенд

4

Балқаш қаласы

Русаков көшесі №9 үйдің сол жағындағы ақпараттық тақта

5

Балқаш қаласы

Қоңырат шағынауданы, Русаков көшесі №9 үйдің оң жағындағы ақпараттық тақта

6

Балқаш қаласы

Балқаш-1 станциясының теміржол вокзалдың әкімшілік ғимараттың алдындағы ақпараттық стенд

7

Саяқ кенті

"Горняк" клубы ғимаратының алдындағы ақпараттық тақта

8

Гүлшат кенті

Гүлшат кентінің клуб ғимараты алдындағы ақпараттық тақта

9

Гүлшат кенті

Шұбар-Түбек елді мекенінің Центральная көшесіндегі №37 үйдің сол жанындағы ақпараттық стенд


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады