Балқаш қаласындағы шетелдіктер үшін арналған туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 11/93 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 8 қаңтарда № 6547-09 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы шешім 01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-10-тармағына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шiлдедегi № 181 "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33110 болып тіркелген) Балқаш қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Балқаш қаласында шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелері қаладағы жатақханаларды, қонақ үйлерді, жалдамалы тұрғын үйлерді қоспағанда, туристерді орналастыру орындарында болған әрбір тәулік үшін – айлық есептік көрсеткіштің 0,5 (нөл бүтін, оннан бес) мөлшерінде бекітілсін.

      2. Осы шешім 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қалалық мәслихат төрағасы А. Муслымов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады