"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Сырдария аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Сырдария ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидасын бекіту туралы" Сырдария аудандық мәслихатының 2014 жылғы 10 сәуірдегі № 222 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4658 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сырдария аудандық мәслихат төрағасы | Е. Әжікенов |