Маңғыстау облыстық мәслихатының 2014 жылғы 5 ақпандағы № 14/218 "Маңғыстау облысының Құрмет грамотасымен наградтаудың Ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облыстық мәслихатының 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 5/53 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2023 жылғы 3 қазанда № 4608-12 болып тіркелді

      Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Маңғыстау облысының Құрмет грамотасымен наградтаудың Ережесін бекіту туралы" Маңғыстау облыстық мәслихатының 2014 жылғы 5 ақпандағы № 14/218 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2365 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қазақ тіліндегі тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "Маңғыстау облысының Құрмет грамотасымен наградтау жөніндегі Ережені бекіту туралы";

      қазақ тіліндегі 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "1. Қоса беріліп отырған Маңғыстау облысының Құрмет грамотасымен наградтау жөніндегі Ереже бекітілсін.";

      көрсетілген шешіммен бекітілген Маңғыстау облысының Құрмет грамотасымен наградтау жөніндегі Ережеде:

      5 тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Облыс әкімі мен облыстық мәслихат төрағасының атына наградтау бетшесі мен еңбек ұжымының қолдаухаты облыс әкімі аппаратының кадр жұмыстары бөліміне жолданады.";

      8 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "8. Құрмет грамотасы – беткі жағында Елтаңба бейнеленген және мемлекеттік тілде "Құрмет грамотасы" деп жазылған қосымша бетшемен көгілдір түсті балакроннан жасалған папканы білдіреді. Қосымша бетше типографиялық тәсілмен, ақ түсті тығыз қағаздан дайындалады.

      Қосымша бетшенің айқармасының сол жағында Маңғыстау облысының символының бейнесі орналасқан. Қосымша бетшенің оң жағынан Қазақстан Республикасының мемлекеттік туындағыдай үстінде қыран бүркіт қалықтаған күн сәулесінің аясында марапатталушының тегін, атын, әкесінің атын және еңбегін көрсету үшін орын қалдырылады. Облыс символының бейнесі күн сәулесімен, қыран бүркіт және ұлттық ою – алтын түстес.

      Мәтіннің астында қосарланып облыс әкімінің және облыстық мәслихат төрағасының қолдары орналастырылады.";

      11 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "11. Құрмет грамотасы салтанатты түрде облыс әкімімен немесе оның орынбасарларымен, облыстық мәслихаттың төрағасымен марапатталушының жұмыс орны бойынша еңбек ұжымдарында, сессияларда, жиындарда және облыс активінің жиналыстарында табыс етіледі.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау облыстық мәслихатының төрағасы Ж. Матаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады