Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1."Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органдарының және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидаларын бекіту туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 4 қазандағы № 185" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 30028 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органдарының және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Бір рет ерекшеленгені үшін мемлекеттік қызметшіге Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген көтермелеу нысандарының біреуі ғана және мемлекеттік органның актісінде нақты сіңірген еңбегі көрсетіле отырып, бір рет қана қолданылуы мүмкін.".
2.Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Маңғыстау облысының әкімі | Н. Ногаев |