Маңғыстау облыстық мәслихатының 2019 жылғы 25 қазандағы № 31/368 "Маңғыстау облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облыстық мәслихатының 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 7/80 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2023 жылғы 13 желтоқсанда № 4650-12 болып тіркелді

      Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Маңғыстау облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" Маңғыстау облыстық мәслихатының 2019 жылғы 25 қазандағы № 31/368 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4009 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімге қосымша осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау облыстық мәслихатының төрағасы Ж. Матаев

  Маңғыстау облыстық мәслихатының
  2023 жылғы 8 желтоқсандағы
  № 7/80 шешіміне қосымша
  Маңғыстау облыстық мәслихатының
  2019 жылғы 25 қазандағы
  № 31/368 шешіміне қосымша

Маңғыстау облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесі

      1.Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ипотекалық тұрғын үй қарызын пайдалана отырып, азаматтардың тұрғын үйді меншігіне сатып алу құқығын іске асыру үшін Маңғыстау облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері айқындалсын:

      1) әлеуметтік көмек түрінде бастапқы жарна сомасының 90 пайызы, бірақ 1 000 000 (бір миллион) теңгеден аспайтын мөлшерде;

      2) әлеуметтік қолдау түрінде бастапқы жарна сомасының 90 пайызы, бірақ 1 000 000 (бір миллион) теңгеден аспайтын мөлшерде.

      2. Маңғыстау облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі:

      1) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 67-бабы 1-тармағының 1-1), 1-2) тармақшаларымен және 68-бабының 2), 3) тармақшаларымен айқындалған Қазақстан Республикасының азаматтары;

      2) "Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 20 мамырдағы № 161 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 32546 болып тіркелген) сәйкес қалыптастырылатын еңбек ресурстарын болжаудың негізінде денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт саласында сұранысқа ие мамандар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады