Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Жаңаөзен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.Осы шешімнің қосымшасына сәйкес тізбе бойынша Жаңаөзен қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2.Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жаңаөзен қалалық мәслихатының төрағасы | Г. Байжанов |
Жаңаөзен қалалық мәслихатының | |
2023 жылғы 6 желтоқсандағы | |
№ 9/84 шешіміне қосымша |
Жаңаөзен қалалық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1."Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының Тенге, Қызылсай және Рахат ауылдарында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидаларын бекіту туралы" Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2014 жылғы 16 мамырдағы № 28/233 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2450 болып тіркелген).
2. "Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2014 жылғы 16 мамырдағы № 28/233 "Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының Тенге, Қызылсай және Рахат ауылдарында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2015 жылғы 26 қазандағы № 43/356 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2877 болып тіркелген).
3. "Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2014 жылғы 16 мамырдағы № 28/233 "Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының Теңге, Қызылсай және Рахат ауылдарында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2017 жылғы 18 шілдедегі № 11/139 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3412 болып тіркелген).
4. "Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2014 жылғы 16 мамырдағы № 28/233 "Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының Теңге, Қызылсай және Рахат ауылдарында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2022 жылғы 14 сәуірдегі № 17/138 шешімі.