Ескерту. Күші жойылды- Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 06.12.2023 № 9/83 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына және "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Жаңаөзен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2014 жылғы 16 мамырдағы № 28/233 "Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының Тенге, Қызылсай және Рахат ауылдарында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2450 болып тіркелген, 2014 жылғы 25 маусымдағы № 26 "Жаңаөзен" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
орыс тілінде кіріспе жаңа редакцияда жазылды, мемлекеттік тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылды;
тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "Тенге" деген сөз "Теңге" деген сөзбен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалдырылсын;
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Жаңаөзен қалалық мәслихатының аппарат басшысы (А.Ермұханов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жаңаөзен қалалық мәслихатының аппарат басшысына (А.Ермұханов) жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | А.Қарамұрзаев |
Қалалық мәслихат | |
хатшысы | С. Мыңбай |
Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2015 жылғы 26 қазандағы № 43/356 шешіміне қосымша |
Жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін Жаңаөзен қаласының Теңге, Қызылсай және Рахат ауылдарының тұрғындар өкілдерінің саны
Елді мекен атауы | Жаңаөзен қаласы ауылдарының тұрғындарының жалпы саны | Жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін Жаңаөзен қаласы ауылдарының тұрғындары өкілдерінің саны (тұрғындардың жалпы санының 1%) |
Теңге ауылы | 16 378 | 164 |
Қызылсай ауылы | 5 395 | 54 |
Рахат ауылы | 30 612 | 306 |