Қарақия аудандық мәслихатының "Қарақия ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы Ережені бекіту туралы" 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 6/75 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 2023 жылғы 3 мамырдағы № 2/16 шешімі

      Қарақия аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қарақия аудандық мәслихатының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 6/75 "Қарақия ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы Ережені бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3252 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 2-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарақия аудандық мәслихатының заңдылық, депутаттар өкілеттігі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.";

      Қарақия ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы Ережеде:

      6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "6. Аудан әкімі мен аудандық мәслихат төрағасының атына еңбек ұжымының марапаттау бетшесі мен қолдаухаты аудан әкімі аппаратының және аудандық мәслихат аппаратының кадр жұмыстары бөліміне жолданады. Әрі қарай Құрмет грамотасымен марапаттау жөнінде келіп түскен құжаттар алдын ала қарау және ұсыныстар дайындау үшін аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларына жолданады.";

      12-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "12. Құрмет грамотасы аудандық мәслихаттың төрағасымен не аудан әкімімен марапатталушының жұмыс орны бойынша еңбек ұжымдарында, мәслихат сессияларында, жиындарда және аудан активінің жиналыстарында салтанатты түрде табыс етіледі.";

      13-тармақтың бесінші бөлігі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Мәтіннің астында қосарланып аудан әкімінің және аудандық мәслихат төрағасының қолдары орналасады.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарақия аудандық мәслихатының төрағасы Ж. Қалаубай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады