Қазақстан Республикасының "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Заңының 10-бабы 2-тармағының 5-14) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 24 мамырдағы "Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" № 180 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28188 болып тіркелген) Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2023 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері бекітілсін.
2. "Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Павлодар облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Павлодар облысының әкімі | А. Байханов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрлігі
Павлодар облысы әкімдігінің 2023 жылғы 23 тамыздағы № 207/3 қаулысына қосымша |
Павлодар облысы бойынша 2023 жылғы арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемі
Отандық өндірістегі балық азығын сатып алуға тиесілі субсидия сомасы
№ Р/с | Субсидияла натын өнім | 2023 жылы өнім өндірісінің жоспарланған көлемі, килограмм | Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімдерінің 1 кг өндірісіне азық шығындарына берілетін субсидиялардың бекітілген нормативі, килограмм |
Бекітілген норматив бойынша жалпы азық шығыны, килограмм | 1 кг өнімге шығындар есебінен балықтар азығына берілетін субсидиялар дың бекітілген шекті сомасы, теңге | 1 кг өнімге жұмсалатын шығын есебінен балық азығына субсидиялар дың бекітілген шекті сомасы, теңге | Жалпы жем сатып алуға жұмсалатын шығыстар, теңге (5-баған х 6-баған) | Акваөсіру өнімінің өзіндік құнын төмендету үшін жоспарланатын субсидиялар көлемі, теңге (жем сатып алуға жұмсалатын барлық шығыстың 30%) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
1 | Тұқы және оның будандарына арналған отандық өндірістегі азық | 74 400 | 4,0 | 297 600 | 350 | 105 | 105 150 150 | 31 248 000 |
Барлығы: | 74 400 | 31 248 000 |
Балық өсіру-биологиялық негіздемеге тиесілі субсидия сомасы
№ Р/с | Субсидия-ланатын өнім | Пайдаланушылар сатып алатын өнім саны, дана | Балық өсіру-биологиялық негіздеменің рұқсат етілген құны | Балық өсіру-биологиялық негіздемесін сатып алуға бөлінетін субсидиялардың бекітілген сомасы | Балық өсіру-биологиялық негіздемесін сатып алуға бөлінетін субсидиялардың бекітілген пайызы | Акваөсіру өнімінің өзіндік құнын төмендету үшін субсидиялардың жоспарланған көлемі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | Балық өсіру-биологиялық негіздеме | 6 | 1 000 000 | 500 000 | 50 | 3 000 000 |
Барлығы: | 6 | 3 000 000 |
Балық отырғызу материалына тиесілі субсидия сомасы
№ Р/с | Субсидия-ланатын өнім | Пайдалану-шылар сатып алатын өнім саны, дана | Балық отырғызу материалының рұқсат етілген құны | Балық отырғызу материалын сатып алуға бөлінетін субсидиялардың бекітілген сомасы | Балық отырғызу материалын сатып алуға бөлінетін субсидиялардың бекітілген пайызы | Акваөсіру өнімінің өзіндік құнын төмендету үшін субсидиялардың жоспарланған көлемі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
1 | Тұқы дернәсілдері және оның будандары | 1 500 000 | 1 млн. дана үшін 120 000 теңге | 1 млн. дана үшін 60 000 теңге | 50 | 90 000 |
2 | Тұқы шабақтары және оның будандары | 296 000 | 1 дана үшін 30 теңге | 1 дана үшін 15 теңге | 50 | 4 440 000 |
3 |
Бекіре шабақтары | 1 000 | 1 дана үшін 500 теңге | 1 дана үшін 250 теңге | 50 | 250 000 |
Барлығы | 1 797 000 | 4 780 000 |
Дәрілік препараттарға тиесілі субсидия сомасы
№ Р/с | Субсидия-ланатын өнім | Пайдаланушы лар сатып алатын өнім саны, килограмм | Дәрілік препарат-тардың рұқсат етілген құны | Дәрілік препараттарды сатып алуға бөлінетін субсидиялардың бекітілген сомасы | Дәрілік препараттарды сатып алуға бөлінетін субсидиялардың бекітілген пайызы | Акваөсіру өнімінің өзіндік құнын төмендету үшін субсидиялардың жоспарланған көлемі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | Дәрілік препараттар | 74 400 | тоннасына 10 000 теңге | тоннасына 5000 теңге | 50 | 372 000 |
Барлығы: | 74 400 | 372 000 |
Акваөсіру (балық өсіру) мақсатында балық басын толықтыратын аналық балық үйірі және
оларды күтіп-бағуға тиесілі субсидия сомасы
№ Р/с | Субсидия-лауға жататын өнім түрі | Пайдалану-шылар сатып алатын өнім саны, дара | Балық басын толықтыратын аналық балық үйірінің рұқсат етілген құны | Балық басын толықтыратын аналық балық үйірінің сатып алуға бөлінетін субсидиялардың бекітілген сомасы | Балық басын толықтыратын аналық балық үйірінің сатып алуға бөлінетін субсидиялардың бекітілген пайызы |
Акваөсіру өнімінің |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | Балық басын толықтыратын аналық балық үйірі | 30 | 20 000 | 10 000 | 50 | 300 000 |
Барлығы | 30 | 300 000 |
Павлодар облысы бойынша 2023 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялардың қорытынды сомасы 39 700 000 теңгені құрайды