Баянауыл аудандық мәслихатының 2017 жылғы 21 қарашадағы № 125/19 "Баянауыл ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Баянауыл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 79/10 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 11 желтоқсанда № 7440-14 болып тіркелді

      Баянауыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Баянауыл аудандық мәслихатының "Баянауыл ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы" 2017 жылғы 21 қарашадағы № 125/19 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5713 болып тіркелді) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 3-тармағы алып тасталсын;

      осы шешіммен бекітілген Баянауыл ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережеде:

      4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "4. Белгіленген үлгідегі наградтау парағында наградталушының жеке басын, саладағы және берілген ұжымдағы жұмысының жалпы еңбек өтілін, оның нақты сіңірген еңбектерін, жұмысының сапасы мен тиімділігі туралы деректер мазмұндалады.

      Наградтау парағына кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің, мемлекеттік органның басшысы қол қояды.";

      6, 7 тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "6. Құрмет грамотасымен наградтау туралы шешім аудандық мәслихат төрағасының және (немесе) аудан әкімінің ұсынысы бойынша Баянауыл аудандық мәслихатының сессиясында қабылданады.

      Құрмет грамотасына аудандық мәслихатының төрағасы және ауданының әкімі қол қояды.";

      "7. Құрмет грамотасын тапсыру салтанатты түрде жүргізіледі. Құрмет грамотасын аудан әкімі және (немесе) аудандық мәслихат төрағасы немесе олардың тапсырмасы бойынша өзге тұлға тапсырады.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Баянауыл аудандық мәслихатының төрағасы Р. Мукашев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады