"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 4-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Петропавл қаласы халқының пікірін ескере отыра, Республикалық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 22 қыркүйектегі қорытындысы негізінде Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Петропавл қаласы "Солнечный" шағын ауданының келесі құрамдас бөліктеріне мынадай атау берілсін:
№ 1 көшеге – Шаңырақ көшесі;
№ 2 көшеге – Ынтымақ көшесі;
№ 3 көшеге – Саяхат көшесі;
№ 4 көшеге – Баянды көшесі;
№ 5 көшеге – Шабыт көшесі;
№ 6 көшеге – Думан көшесі;
№ 7 көшеге – Аққайың көшесі;
№ 8 көшеге – Қайнар көшесі;
№ 9 көшеге – Достық көшесі;
№ 10 көшеге – Көктерек көшесі;
№ 11 көшеге – Татулық көшесі;
№ 12 көшеге – Сарыарқа көшесі;
№ 13 көшеге – Ұлытау көшесі;
№ 14 көшеге – Отбасы көшесі;
№ 15 көшеге – Жарқын көшесі;
№ 16 көшеге – Орда көшесі.
2. Осы бірлескен әкімдік қаулысы мен мәслихат шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі | А. Сапаров |
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы |
В. Бубенко |