Петропавл қаласы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2023 жылғы 18 сәуірдегі № 2 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 25 сәуірде № 7481-15 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Экология Кодексінің 365 бабы 3 тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Петропавл қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Петропавл қаласы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

      Петропавл қалалық мәслихат төрағасы А. Бердагулов

  Петропавл қалалық мәслихатының
  2023 жылғы 18 сәуірдегі № 2
  шешіміне қосымша

Петропавл қаласы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қатты қалдықтардыжинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер

Атауы

Есептік бірлік

Көрсетілетін қызметтер құны (қосылған құн салығысыз теңге)

Жайлы үйлер

айына 1 тұрғынға

480,00

Жайлы емес үйлер

айына 1 тұрғынға

510,15

Бір бірлігіне (көлеміне) жылдық тариф

1 м3

2782,61


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады