Қазақстан Республикасының Экология Кодексінің 365-бабының 3-тармағының 3) тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Атырау қаласының Мәслихаты ШЕШТІ:
1. Атырау қаласы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Атырау қаласы Мәслихатының төрағасы | Н. Құрман |
Атырау қаласының Мәслихатының 2023 жылғы 13 маусымдағы № 39 шешіміне қосымша |
Атырау қаласы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер
Атауы | Есептік бірлік | Теңге (қосымша құн салығысыз) | Теңге (қосымша құн салығымен) |
Жайлы үйлер | айына 1 тұрғыннан | 338,84 | 379,50 |
Жайлы емес үйлер | айына 1 тұрғыннан | 365,41 | 409,26 |
Бірлік (көлем) үшін жылдық тариф | 1м³ | 3986,29 | 4464,65 |