Атырау қаласы Мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Атырау облысы Атырау қалалық мәслихатының 2023 жылғы 20 желтоқсандағы № 77 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 27 желтоқсанда № 5121-06 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Атырау қаласының Мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Атырау қаласы Мәслихатының келесідей шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) "Атырау қаласы ауылдық округтерінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидасын бекіту туралы" Атырау қалалық мәслихатының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3181 болып тіркелген);

      2) "Атырау қалалық мәслихатының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 "Атырау қаласы ауылдық округтерінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Атырау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 14 қыркүйектегі № 67 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3641 болып тіркелген).

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Атырау қаласы Мәслихатының төрағасы Н. Құрман

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады