"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабының 4) тармақшасына "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына сәйкес Мұқыр ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және Атырау облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 18 мамырдағы қорытындысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Атырау облысы Қызылқоға ауданы Мұқыр ауылдық округі Мұқыр ауылының атауы жоқ көшелеріне атау берілсін:
атауы жоқ көшесіне Махамбет көшесі;
атауы жоқ көшесіне Исатай көшесі;
атауы жоқ көшесіне Абай көшесі;
атауы жоқ көшесіне Бекет ата көшесі;
атауы жоқ көшесіне Дінмұхамед Қонаев көшесі;
атауы жоқ көшесіне Шернияз көшесі;
атауы жоқ көшесіне Зейнолла Қабдолов көшесі.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мұқыр ауылдық округінің әкімі | А. Жаксиев |