Мақтаарал ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы

Жаңа

Түркістан облысы Мақтаарал ауданы әкiмдiгiнiң 2023 жылғы 12 маусымдағы № 358 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2023 жылғы 13 маусымда № 6308-13 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2)-тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 50-1-тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 тіркелген) сәйкес, Мақтаарал ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Мақтаарал ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.

      2. Мақтаарал ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 20 шілдедегі № 309 "Мақтаарал ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5725 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Мақтаарал ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мақтаарал ауданының әкімі Б. Асанов

  2023 жылғы 12 маусымдағы
№ 358 Қаулысына қосымша

Мақтаарал ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

Стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

Қызмет саласы

Орналасқан алаңы, шаршы метр м2

Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі, жыл

Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері)

1

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Мырзакент кенті, Еркіндік көшесі, жер телімі № 96

Азық-түлік/азық-түлік емес тауарлар

6000

5

"Асқар" дүкені; "Молдахан" орталық базары; "Серік" асханасы

2

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Мырзакент кенті, Е.Мамбетов көшесі, жер телімі № 35/1

Азық-түлік/азық-түлік емес тауарлар

1679

5

"Дәулет" құрылыс материалдар дүкені

3

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Атакент кенті, Ташкент көшесі, жер телімі № 132А

Азық-түлік/азық-түлік емес тауарлар

58,6

5

"Мелдахан" сауда дүкені

4

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Жолдыбай Нұрлыбаев ауылдық округі, Ынталы елді мекені М.Миманжораев көшесі, жер телімі 51/1

Азық-түлік/азық-түлік емес тауарлар

10416

5

"Өсербай-ата" дүкені


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады