Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 12 сәуірдегі № 19/220-VI "Шығыс Қазақстан облысының қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5626 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Шығыс Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы мөлшерлемелерін көтеру туралы";
1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"1. Шығыс Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы мөлшерлемелері 1-қосымшаға сәйкес көтерілсін.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Д. Рыпаков |