ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы шешімнің қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз.
Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Шығыс Қазақстан облытық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Д. Рыпаков |
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2025 жылғы 9 сәуірдегі № 20/171-VIII шешіміне қосымша |
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізімі
1. "Шығыс Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы мөлшерлемелерін көтеру туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 12 сәуірдегі № 19/220-VI шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5626 болып тіркелген).
2. "Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 12 сәуірдегі № 19/220-VI "Шығыс Қазақстан облысының қоршаған ортаға эмиссияға төлемақы мөлшерлемелері туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 16 қыркүйектегі № 19/162-VІІ шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29729 болып тіркелген).
3. "Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 12 сәуірдегі № 19/220-VI "Шығыс Қазақстан облысының қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 15 желтоқсандағы № 9/76-VIII шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8936-16 болып тіркелген).