"Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Алтай ауданының ауылдық жерлерінде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" Алтай ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 15 қаңтардағы № 2 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 245 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 10 мамырда № 8841-16 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына сәйкес, Алтай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Алтай ауданының ауылдық жерлерінде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" Алтай ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 15 қаңтардағы № 2 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8353 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      Көрсетілген қаулының қосымшасындағы 1-тармақтың 2), 3) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:

      "2) мүгедектігі бар балаларды және 18 жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар адамдарды күту жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      3) қарттар мен мүгедектігі бар адамдарды күту жөніндегі әлеуметтік қызметкер.".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алтай ауданы әкімінің міндетін атқарушы С. Охременко
      "КЕЛІСІЛДІ":
Алтай ауданы мәслихаты

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады