Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 06.09.2023 № 8-3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Тасқала аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Тасқала аудандық мәслихатының "Тасқала ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 56-10 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6756 болып тіркелді) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Тасқала аудандық мәслихаты ШЕШТІ:";
осы шешімнің қосымшасының қазақ тіліндегі мәтінінде "біржолғы", "бір реттік" деген сөздер "бір рет" деген сөзбен ауыстырылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы | Ж. Бисенгалиева |