"Азаматтық авиацияда аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 420 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2024 жылғы 4 қаңтардағы № 3 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 5 қаңтарда № 33884 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Азаматтық авиацияда аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 420 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15427 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық авиацияда аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы Қағидаларда мынадай қысқартулар қолданылады:

      ААҚ – аэронавигациялық ақпаратты басқару қызметі;

      АҚК – аэронавигациялық қызмет көрсету;

      АҰЕ – аспаптар бойынша ұшу ережелері;

      ӘҚҚ – әуе қозғалысына қызмет көрсету;

      ӘҚҰ – әуе қозғалысын ұйымдастыру;

      ӘШҚ – әуе шабуылына қарсы қорғаныс;

      ИКАО – Халықаралық азаматтық авиация ұйымы;

      ӨЖЖ – өте жоғары жиілік;

      РЖ – рульдеу жолы;

      ТО – тұрақ орны;

      ТСЖ – тежеудің соңғы жолағы;

      ҰҚЖ – ұшу-қону жолағы;

      AD – әуеайлақтар;

      ADIZ – әуе шабуылына қарсы қорғанысын тану аймағы;

      AFS – авиациялық белгіленген қызметі;

      AFTN – электр байланыстың бекітілген авиациялық желісі;

      AIC – аэронавигациялық ақпарат циркуляры;

      AIP – аэронавигациялық ақпарат жинағы;

      AMA – аймақтағы ең төменгі абсолюттік ұшу биіктігі;

      ARP – әуеайлақтың бақылау нүктесі;

      CRC – циклдық артық код;

      CTA – диспетчерлік аудан;

      CTR – диспетчерлік аймақ;

      DME – қашықтықты өлшейтін жабдық;

      ENR – бағыт;

      FATO – қонуға кірудің және ұшудың соңғы кезеңінің аймағы;

      FAF/FAP – қонуға кірудің соңғы кезеңінің бақылау нүктесі;

      GEN – жалпы ережелер;

      GNSS – жаһандық навигациялық спутниктік жүйе;

      HRP – тікұшақ айлағының бақылау нүктесі;

      IAF – қонуға кірудің бастапқы кезеңінің нүктесі;

      IF – қонуға кірудің аралық кезеңінің нүктесі;

      ILS – аспаптар бойынша қонуға кіру жүйесі;

      INS – инерциялық навигациялық жүйе;

      MAPt – екінші айналымға кету нүктесі;

      MDA/H – төмендеудің ең төменгі абсолюттік/салыстырмалы биіктігі;

      MEA – бағыт бойынша ұшудың ең төменгі абсолюттік биіктігі;

      MLS – қонуға кірудің қысқа толқынды жүйесі;

      MOCA – кедергілерді ұшып өтудің ең төменгі абсолюттік биіктігі;

      MSL – теңіздің орташа деңгейі;

      NAVAID – навигациялық құрал;

      NDB – бағытталмаған радиомаяк;

      NIL – ақпараттың жоқтығы;

      OCA/H – кедергілерді ұшып өтудің абсолюттік/салыстырмалы биіктігі;

      OFZ – кедергілерден бос аймақ;

      RNAV – аймақтық навигация;

      RVR – ұшу-қону жолағындағы көріну қашықтығы;

      SID – аспаптар бойынша стандарттық ұшу;

      STAR – аспаптар бойынша келудің стандарттық схемасы;

      TAA – әуеайлақ маңына ұшып келудің абсолюттік биіктігі;

      TLOF – жерге қону және көтерілу аймағы;

      UTC – дүниежүзілік үйлестіру уақыты;

      VOR– көп бағытты ӨЖЖ радиомаяк;

      WGS-84 – 1984 жылғы дүниежүзілік геодезиялық жүйе.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Әуе кемелерінің ұшуын қамтамасыз ету, әуе қозғалысына қызмет көрсету және әуе қозғалысын басқару мақсаттары үшін ұсынылатын аэронавигациялық ақпарат (аэронавигациялық деректер) өнімдеріне цифрлық деректер массивтері түрінде немесе стандартталған форматта баспа түрінде немесе электрондық жеткізгіштерде немесе азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын АҚК берушісінің сайтында жарияланатын, мыналар жатады:

      1) AIP, өзгерістер мен толықтыруларды қоса алғанда;

      2) AIC;

      3) аэронавигациялық карталар;

      4) NOTAM;

      5) сандық деректер массивтері.";

      мынадай мазмұндағы 19-1-тармақпен толықтырылсын:

      "19-1. Осы Қағидалардың 19-тармағында көрсетілген аэронавигациялық ақпараттың әртүрлі өнімдерінде бірдей аэронавигациялық деректер немесе аэронавигациялық ақпарат қайталанған жағдайларда, ААҚ рәсімдерді белгілейді және жарияланатын аэронавигациялық деректердің немесе аэронавигациялық ақпараттың келісілуін қамтамасыз етеді.";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым азаматтық авиация ұйымдары мен өздерінің құрылымдық бөлімшелері арасында ААҚ AIP, өзгерістер мен толықтыруларды қоса алғанда, AIC, аэронавигациялық карталардағы, NOTAM және цифрлық деректер массивтеріндегі жариялау үшін талап етілетін бастапқы деректерді дайындау міндеттерін бөледі.";

      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Бастапқы аэронавигациялық ақпарат пен аэронавигациялық деректерді құрастырушылар ААҚ-мен келісім жасасады, онда беру мерзімдері, алу және алмасу әдістері, ААҚ-да аэронавигациялық ақпарат пен аэронавигациялық деректерді беруге жауапты тұлғалар, сондай-ақ аэронавигациялық ақпарат пен аэронавигациялық деректердің көлемі мен сапасына қойылатын талаптар айқындалады.

      Бастапқы аэронавигациялық ақпаратты (аэронавигациялық деректерді) құрастырушылар:

      1) егер аэронавигациялық ақпарат AIP-те жариялауға арналған болса, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес AIP-ке өзгертуге арналған өтінім. Өтінім азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын АҚК берушісінің ресми интернет-ресурсы арқылы беріледі не электрондық пошта арқылы жіберіледі;

      2) егер аэронавигациялық ақпарат NOTAM хабарламасы түрінде жариялауға арналған болса, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес NOTAM басылымына арналған өтінім. Өтінім AFTN желісі бойынша немесе AFTN желісі болмаған немесе жұмыс істемеген жағдайда электрондық пошта арқылы жіберіледі.

      ААҚ қажет болған жағдайда осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес AIP-тың бөлімдеріне сәйкес бастапқы аэронавигациялық ақпаратты және аэронавигациялық деректерді басқа құрастырушылардың құзыретіне кіретін бастапқы аэронавигациялық ақпаратты және аэронавигациялық деректерді құрастырушының функцияларын орындайды.";

      44-тармақ алып тасталсын;

      3-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-параграф. Аэронавигациялық карталарды жариялау";

      66-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "66-1. 1:500 000 масштабтағы аэронавигациялық карта (ИКАО) аэронавигациялық ақпарат өнімі түрінде ұсынылады, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес жасалады және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.

      Осы Қағидаларға 4-қосымшаның 14-параграфына сәйкес 1:500 000 масштабтағы аэронавигациялық картаға (ИКАО) түсірілуге жататын аэронавигациялық ақпаратқа (аэронавигациялық деректерге) тұрақты өзгерістер енгізілген кезде көрсетілген карта AIRAC мерзімдеріне сәйкес қайта шығарылуға жатады. Жаңартылған карта AIP түзетулері арқылы жарияланатын тұрақты өзгерістермен бірге күшіне енеді.";

      67-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Қағидалардың 66-тармағында санамаланған аэронавигациялық карталар Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға "Аэронавигациялық карталар" деген 4-қосымшаның талаптарына сәйкес келетін, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Аэронавигациялық ақпарат жинағына енгізуге жататын аэронавигациялық карталарды жасауға қойылатын талаптарға сәйкес дайындалады.

      Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым Қазақстан Республикасының аумағында ұсынылатын аэронавигациялық карталардың осы Қағидаларға 4-қосымшаның белгіленген талаптарына сәйкестігін, сондай-ақ жаңартудың дәлдігі мен уақтылығын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды.";

      5-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-параграф. Ұшу алдындағы және ұшқаннан кейінгі ақпарат";

      90-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) осы Қағидалардың 88-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген компоненттерді қоспағанда, жарық-техникалық жабдық жүйесі компоненттерінің резервтік қуат көздерін қоса алғанда, әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарық-техникалық жабдығы жүйесінің жартылай істен шығуына;";

      128-тармақ мынадай редакцияда жазылсын

      "128. Басқа ИКАО Уағдаласушы мемлекеттерінің ААҚ, авиакомпаниялар немесе аэронавигациялық карталарды дайындаумен, ұшуды орындаумен немесе қамтамасыз етумен байланысты басқа ұйымдар сұратқан төменде санамаланған аэронавигациялық ақпарат өнімдерінің әрқайсысының бір данасы (бар болса) өзара келісілген нысанда немесе форматта өтеусіз негізде ұсынылады:

      1) AIP, өзгерістер мен толықтыруларды қоса алғанда;

      2) AIC;

      3) аэронавигациялық карталар;

      4) NOTAM;

      5) сандық деректер массивтері.";

      133-тармақ алып тасталсын;

      2 және 3-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      8-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Көлік министрінің міндетін атқарушы
М. Калиакпаров

  Қазақстан Республикасы
Көлік министрінің міндетін
атқарушы 2024 жылғы
4 қаңтардағы № 3 бұйрыққа
1-қосымша
Азаматтық авиацияда
аэронавигациялық ақпаратпен
қамтамасыз ету қағидаларына
2-қосымша

AIP-ке өзгеріс енгізуге өтінім

      Бастапқы аэронавигациялық ақпаратты (аэронавигациялық деректерді) құрастырушы

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса): ______________________

      Телефоны: __________________

      Лауазымы: _________________________________

      Электрондық пошта: ____________________

      Ұйым: ________________________________

      Толтырылған күні: __________________

      Қолы: _____________

AIP-ке сілтеме

АІР-ке жарияланатын өзгерістер

Бөлім

Тармақ

Ағымдағы редакция

Жаңа редакция



Ағымдағы редакцияны көрсету

Жаңа редакцияны көрсету

      Өзгерістер күшіне енген күн: _____________

      Қосымша ____ парақта.

  Бұйрыққа 2-қосымша
  Азаматтық авиацияда
аэронавигациялық ақпаратпен
қамтамасыз ету қағидаларына
3-қосымша

AFTN желісі арқылы ұсынылатын NOTAM хабарламасын шығаруға өтінім

      * Қажетті сериялардың NOTAM хабарламасын шығаруыңызды сұраймын:

      *А) Әуеайлақ индексі/ҰАА *Б) ЖЖААККССММ *Ц) ЖЖААККССММ (ЕСЕП)

      Д) Кесте (қажет болса)

      *Е) Себептері көрсетілген хабарлама мәтіні (қажет болса).

      * Лауазымы және Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) деректер құрастырушы (орындаушы)

      * Кері байланыс үшін байланыс телефоны

      Ескерту:

      * - Толтыру үшін міндетті өрістер;

      Өріс А): әуеайлақтың немесе ұшу ақпараты ауданының (ИКАО) 4-әріптік индексі көрсетіледі;

      Өріс Б): оқиғаның басталу күні көрсетіледі, онда ЖЖ-жыл, АА-ай, КК-күн, СС-сағат, ММ-минут;

      Өріс Ц): оқиғаның аяқталу күні көрсетіледі, онда ЖЖ-жыл, АА-ай, КК-күн, СС-сағат, ММ-минут, ЕСЕП – есептелген (егер оқиғаның нақты аяқталу күні белгісіз болса);

      Өріс Д): кесте қажет болған жағдайда шектеу шектеу басталған сәттен бастап белгілі бір уақыт кезеңдерінде жұмыс істеген жағдайда көрсетіледі.

Электрондық пошта арқылы берілетін NOTAM хабарламасын жариялауға өтінім

Әуеайлақ

Әуеайлақ индексі/ҰАА

Қолданылудың басталуы

ЖЖААККССММ

Қолданылудың аяқталуы (есепті, егер қолданылса)

ЖЖААККССММ (ЕСЕП)

Кесте (егер қолданылса)


Мәтін (оқиға сипаттамасы)


Астыңғы шегі (егер қолданылса)


Үстіңгі шегі (егер қолданылса)


Бастапқы аэронавигациялық ақпаратты құрастырушы (орындаушы)


Байланыс телефоны


  Бұйрыққа 3-қосымша
Азаматтық авиацияда
аэронавигациялық ақпаратпен
қамтамасыз ету қағидаларына
8-қосымша

AIP-тың бөлімдеріне сәйкес бастапқы аэронавигациялық ақпаратты және аэронавигациялық деректерді құрастырушылар

Қазақстан Республикасы Аэронавигациялық ақпараттар жинағының (бұдан әрі - АIP) бөлімдері мен тармақтары

Азаматтық авиация ұйымы немесе азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның құрылымдық бөлімшесі

1-бөлім (GEN) – Жалпы ережелер


GEN 0


GEN 0.1 Алғысөз

АҚК беруші

GEN 0.2 AIP-қа енгізілетін түзетулерді тіркеу

GEN 0.3 AIP-қа енгізілетін толықтыруларды тіркеу

GEN 0.4 AIP парақтарының бақылау тізбесі

GEN 0.5 AIP-қа қолмен енгізілген түзетулердің тізбесі

GEN 0.6 1-бөлімнің мазмұны.

GEN 1. — Ұлттық қағидалар мен талаптар


GEN 1.1 Тағайындалған өкілетті органдар

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган

GEN 1.2 Әуе кемелерінің ұшып келуі, транзиті және ұшып кетуі

GEN 1.3 Жолаушылар мен экипаждың келуі, транзиті және кетуі

GEN 1.4 Жүкті алып келу, транзиті және алып кету

GEN 1.5 Әуе кемесіндегі жабдықтар, аспаптар және ұшу құжаттамасы

GEN 1.6 Ұлттық қағидалар мен халықаралық келісімдердің/конвенциялардың қысқаша мазмұны

GEN 1.7 Практика мен ИКАО қағидалары ұсынатын Стандарттардан айырмашылықтары

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым

GEN 2. — Кестелер мен кодтар


GEN 2.1 Өлшеу жүйесі, әуе кемелерінің таңбаланған белгілері, мерекелер

АҚК беруші

GEN 2.2 AIP басылымдарында қолданылатын қысқартулар

GEN 2.3 Карталардағы шартты белгілер

GEN 2.4 Орналасқан жерінің индекстері

GEN 2.5 Радионавигациялық құралдардың тізбесі

GEN 2.6 Өлшем бірліктерін аудару

GEN 2.7 Күннің шығу/бату

GEN 3. — Қызмет көрсету


GEN 3.1 Аэронавигациялық ақпараттық қызмет көрсету

АҚК беруші

GEN 3.2 Аэронавигациялық карталар

GEN 3.3 Әуе қозғалысына қызмет көрсету

GEN 3.4 Байланыс қызметтері және навигациялық қызметтер

GEN 3.5 Метеорологиялық қызмет көрсету

GEN 3.6 Іздестіру және құтқару

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым

GEN 4. — Әуеайлақтардан / тікұшақтардан алынатын алымдар және аэронавигациялық қызмет көрсету үшін алынатын алымдар


GEN 4.1 Әуеайлақ / тікұшақ алмыдары

Әуеайлақты пайдаланушы

GEN 4.2 Аэронавигациялық қызмет көрсету үшін алынатын алымдар

АҚК беруші

2-бөлім. (ENR) - Бағыт


ENR 0. 2-бөлімнің мазмұны

АҚК беруші

ENR 1. — Жалпы қағидалар мен рәсімдер


ENR 1.1 Жалпы қағидалар

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым

ENR 1.2 Көзбен шолып ұшу қағидалары

ENR 1.3 Аспаптар бойынша ұшу қағидалары

ENR 1.4 ӘҚҚ әуе кеңістігінің сыныптамасы және сипаттамасы

ENR 1.5 Күту, қонуға кіру және ұшып шығу аймағында ұшу сызбалары

ENR 1.6 ӘҚҰ-ға байқау негізінде қызмет көрсету және қағидалар

1, 2.1, 2.2, 2.3-кіші бөлім - азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым

2.4, 3-кіші бөлім - АҚК берушісі

ENR 1.7 Биіктік өлшеу құралын орнату тәртібі

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым

ENR 1.8 Өңірдегі қосымша қағидалар

ENR 1.9 Әуе қозғалысы ағындарын басқару және әуе кеңістігін ұйымдастыру

ENR 1.10 Ұшуды жоспарлау

ENR 1.11 Ұшу жоспарлары туралы хабарламаларды жіберу

ENR 1.12 Азаматтық әуе кемелерін ұстап алу

ENR 1.13 Заңсыз араласу

ENR 1.14 Әуе қозғалысына байланысты қақтығыстар

ENR 2. — ӘҚҚ әуе кеңістігі


ENR 2.1 ҰАА, жоғарғы әуе кеңістігінің ұшу ақпараты ауданы, тораптық диспетчерлік аудан және диспетчерлік аудан

АҚК беруші

ENR 2.2 Бақыланатын әуе кеңістігінің өзге де түрлері

ENR 3. — ӘҚҚ бағыттары


ENR 3.1 Кәдімгі навигация бағыттары

АҚК беруші

ENR 3.2 Аймақтық навигация бағыттары

ENR 3.3 Өзге де бағыттар

ENR 3.4 Бағытта күту

ENR 4. — Радионавигациялық құралдар /жүйелер


ENR 4.1 Бағыттағы радионавигациялық құралдар

АҚК беруші

ENR 4.2 Арнайы навигациялық жүйелер

ENR 4.3 Жаһандық навигациялық спутниктік жүйе (GNSS)

ENR 4.4 Негізгі нүктелерге арналған кодтық атаулардың белгілері

ENR 4.5 Бағыттағы жер үсті аэронавигациялық оттары

ENR 5. — Аэронавигациялық ескертулер


ENR 5.1 Тыйым салынған аймақтар, ұшу шектелген аймақтар және қауіпті аймақтар

1) тыйым салынған аймақтар бөлігінде – мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган;
2) ұшуды шектеу аймақтары және қауіпті аймақтар бөлігінде – мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органның әуе қозғалысын басқарудың бас орталығы болып табылады.

ENR 5.2 Әскери жаттығулар және жаттығу аймақтары мен ӘШҚ тану аймағы (ADIZ)

Мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органның әуе қозғалысын басқарудың бас орталығы

ENR 5.3 Қауіп келтіруі мүмкін басқа да қызмет түрлері және ықтимал қауіптің басқа да түрлері

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым

ENR 5.5 Авиациялық спорттық және ойын-сауық іс-шаралары

Мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органның әуе қозғалысын басқарудың бас орталығы

ENR 5.6 Құстардың басқа жаққа ұшып кетуі және жануарлар дүниесі ерекше аймақтар

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым

ENR 6. — Бағыт карталары

АҚК беруші

3-бөлім (AD) - Әуеайлақтар


AD 0.1 3-бөлімнің мазмұны

АҚК беруші

AD 1. — Әуеайлақтарға/тікұшақ айлақтарына кіріспе


AD 1.1 Әуеайлақтарды/тікұшақ айлақтарын беру және оларды пайдалану шарттары

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым

AD 1.2 Авариялық-құтқару және өртке қарсы қызмет және қар жауған кездегі жоспар

AD 1.3 Әуеайлақтардың/тікұшақ айлақтарының индексі

AD 1.4 Әуеайлақтарды/тікұшақ айлақтарын топтастыру

AD 1.5 Әуеайлақтардың сертификатталу жай-күйі

AD 2. — Әуеайлақтар (халықаралық және ұлттық)


AD 2.1 Әуеайлақтың орналасқан жерінің индексі және атауы

Әуеайлақты пайдаланушы

AD 2.2 Әуеайлақ бойынша географиялық және әкімшілік деректер

AD 2.3 Жұмыс сағаттары

AD 2.4 Қызмет көрсету қызметтері мен құралдары

AD 2.5 Жолаушыларға қызмет көрсету құралдары

AD 2.6 Авариялық-құтқару және өртке қарсы қызметтер

AD 2.7 Жабдықтарды маусымдық қолдану:

ылғалды кетіру

AD 2.8 Перрон, РЖ және тексеру орындары/пункттері жөнінде деректер

AD 2.9 Жер бетінде қозғалуды басқаруды және бақылау жүйесі, таңбаланған тиісті белгілер

AD 2.10 Әуеайлақтағы кедергілер

AD 2.11 Ұсынылатын метеорологиялық ақпарат

АҚК беруші

AD 2.12 ҰҚЖ-ның физикалық сипаттамасы

Әуеайлақты пайдаланушы

AD 2.13 Жарияланған ара қашықтықтар

AD 2.14 Жақындау оттары мен ҰҚЖ-дағы оттар

AD 2.15 Өзге де оттар, резервтегі электрмен қоректендіру көздері

AD 2.16 Тікұшақтар қонатын аймақтар

AD 2.17 ӘҚҚ әуе кеңістігі

АҚК беруші

AD 2.18 ӘҚҚ байланыс құралдары

AD 2.19 Радионавигациялық құралдар мен қондыру құралдары

AD 2.20 Әуеайлақты пайдаланудың жергілікті қағидалары

Әуеайлақты пайдаланушы

AD 2.21 Шуылды басудың пайдаланушылық тәсілдері

AD 2.22 Ұшу қағидалары

АҚК беруші

AD 2.23 Қосымша ақпарат

Әуеайлақты пайдаланушы

AD 2.24 Әуеайлаққа қатысты карталар


1) әуеайлақ/тікұшақ айлағы картасы (ИКАО)

АҚК беруші

2) әуе кемелерін тұраққа қою/түйістіру картасы (ИКАО)

3) әуеайлақ ішінде қозғалу картасы (ИКАО)

4) әуеайлақтағы кедергілер картасы, А үлгісінде (ИКАО) (әр ҰҚЖ үшін)

5) қонуға дәл кіруге арналған жергілікті жер картасы (ИКАО) (II және III санаттар бойынша қонуға дәл кіруге арналған ҰҚЖ)

6) аудан картасы (ИКАО) (ұшып шығу бағыттары және транзиттік бағыттар)

7) аспаптар бойынша стандартты ұшып шығу картасы (ИКАО), ұшып шығу бағыттарының мәтіндік сипаттамасы

8) аудан картасы (ИКАО) (ұшып келу бағыттары және транзиттік бағыттар)

9) аспаптар бойынша стандартты ұшып келу картасы (ИКАО), ұшып келу бағыттарының мәтіндік сипаттамасы

10) ӘҚК ең төмен абсолюттік биіктігін шолу картасы (ИКАО)

11) аспаптар бойынша қонуға кіру картасы (ИКАО) (әр ҰҚЖ және әр схема үшін)

12) көзбен шолып қонуға кіру картасы (ИКАО)

13) масштабы 1:500 000 аэронавигациялық картасы (ИКАО)

14) бағыт картасы (ИКАО)

15) әуеайлақ маңайына жиналған құстар туралы деректер

Әуеайлақты пайдаланушы

AD 2.25 Көзбен шолу учаскенің (VSS) бетінен шығатын кедергілері

АҚК беруші


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады