БҰЙЫРАМЫН:
"Ормандардағы өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қазандағы № 18-02/942 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 12351 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ормандардағы өрт қауіпсіздігі қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
1. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі |
Е. Нысанбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Көлік министрлігі
Ормандардағы өрт қауіпсіздігі қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ормандардағы өрт қауіпсіздігі қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Орман кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 63-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және ормандардағы өрт қауіпсіздігінің тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар – ерекше қорғау режимі белгіленген мемлекеттік табиғи-қорық қорының табиғи кешендері мен объектілері бар жер, су объектілері және олардың үстіндегі әуе кеңістігі;
2) мемлекеттік орман иеленушілер – мемлекеттік орман қоры учаскелерi тұрақты жер пайдалану құқығымен берілген мемлекеттік ұйымдар;
3) минералдандырылған жолақ – бұл топырақтың минералды қабатына дейін топырақ өңдейтін құрал саймандармен өңделген және орман өртінің таралуын болдырмауға арналған, орманның шеті мен кварталаралық соқпағы бойынша құрылатын қорғаныс жолағы;
4) орман қоры – Қазақстан Республикасының аумағында барлық орман, сондай-ақ орман өсiмдiктерi өспеген, бірақ орман шаруашылығының қажеттерiне арналған орман қоры жерлерi;
5) орман өрт сөндіру станциялары – орман өрттерінің алдын алу және оларды уақтылы жою жөніндегі шаралардың жүргізілуін қамтамасыз ететін өртке қарсы қызмет пен техниканы орналастыруға арналған мемлекеттік орман иеленушінің объектісі;
6) орман пайдаланушы – Кодексте белгiленген тәртiппен уақытша орман пайдалану құқығы берiлген жеке немесе заңды тұлға;
7) өрт қаупінің сыныбы – бұл ормандардың табиғи өрт қауіптілігінің көрсеткіші және ауа-райы жағдайлары бойынша ормандардағы өрт қаупінің көрсеткіші;
8) өрт сөндіру пункттері – орман пайдаланушылар мен жеке орман иеленушілер құратын, орман өрттерін сөндіруге арналған өрт сөндіру жабдықтары мен керек-жарақтарын жинақтау бекеттері;
9) өртті оқшаулау – жанудың одан әрі тарауын болдырмау және оны қолда бар күштермен және құралдармен табысты оқшаулауға бағытталған әрекеттер;
10) өртті жою – жануды түпкілікті тоқтатуға, сондай-ақ оның қайталап пайда болу мүмкіндігін жоюға бағытталған әрекеттер;
11) ормандағы өрт қаупі бар маусым – орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган, облыстық атқарушы орган орман өрті шығу қаупі болуы мүмкін климат және ауа райы факторларын негізге алып айқындайтын, күнтізбелік жылдың бір бөлігі;
12) өртке қарсы жыралар – орман өрттерінің таралу жолында кедергілерді ұйымдастыру мақсатында өртке қарсы минералдандырылған жолағы немесе жолы бар және оларды сөндіру үшін жағдай жасайтын, ені 10-20 метр орманда арнайы кесілген, жанғыш материалдардан тазартылған жолақ;
13) орман өртінің профилактикасы – орман өртінің туындауын және (немесе) таралуын болдырмауға бағытталған іс-шаралар кешені;
14) өрт техникасы – орман өртінің алдын алуға, шектеуге және сөндіруге, адамдарды, техниканы және материалдық құндылықтарды өрттің қауіпті факторларынан қорғауға арналған техникалық құралдар;
15) өрт-техникалық жарақ – бұл өрт жабдығы, қол өрт құрал-саймандары, өрт-құтқару құрылғылары, өрт қауіпті факторларынан өрт сөндірушілерді жеке қорғау құралдары және өрт орнына әкетілетін басқа да техникалық құрылғылар;
16) өрттің таралуы – орман өртінің шетін ілгерілету нәтижесінде оның мөлшерін ұлғайту;
17) ірі орман өрті – орман жабылған ауданы 25 гектар және одан да көп орманды жерлерді; ауданы 50 гектар және одан да көп орманды ағаш өспеген жерлер; ауданы 100 гектар және одан да көп ормансыз жерді құрайтын мемлекеттік орман қоры жерлері аумағында өрттің дамуы және кеңінен таралуы;
18) өрт ошағы - өрт шыққан жер;
19) жану - жану ошағының пайда болуы;
20) Ахуалдық орталық - мемлекеттік орман қорын өрттен және заңсыз кесуден қорғау жөніндегі міндеттерді шешуді ақпараттық-талдамалық және коммуникациялық қамтамасыз етуге арналған бағдарламалық-аппараттық кешен;
21) су төгетін құрылғылар (СТҚ) – тікұшақтардың сыртқы аспасында тасымалдауға және орман өрттерінің ошақтарына ағызуға арналған су жинауға арналған сыйымдылықтар (СТҚ-ны сумен толтыру оны табиғи (жасанды) су айдындарына батыру жолымен жүзеге асырылады).
3. Орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган), оның ведомствосы, ведомствоның аумақтық бөлімшелері, Кодексте айқындалған құзыреттері шегінде жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдары мен мемлекеттік орман иеленушілер ормандарда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін органдар болып табылады.
4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары Кодекстің 15-бабына сәйкес шараларды орындайды:
1) үлгілік талаптарға (орман өрттерін ерте анықтау жүйесіне қойылатын үлгілік талаптар техникалық тапсырмамен айқындалады) сәйкес уәкілетті органның Ахуалдық орталығына нақты уақыт режимінде ақпарат бере отырып, мемлекеттік орман қоры аумағында күзетті ұйымдастыру және қамтамасыз ету үшін орман өрттерін ерте анықтау жүйелерін құрылғылармен жарақтандырады;
2) орман өрттерінің профилактикасы және олардың салдарын жою мақсатында орман өрттерін сөндіру үшін тартылған су төгетін құрылғылары бар әуе кемелерін жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз етеді.
5. Ормандарда орналасқан елді мекендерді өрттерден қорғауды қамтамасыз ету үшін жергілікті атқарушы органдар мен орман иеленушілер орман өрттері кезінде оттың ғимараттар мен құрылыстарға таралу мүмкіндігін болдырмайтын іс-шаралар (ені кемінде төрт метр болатын минералдандырылған жолақтар тарту, жазғы маусымда құрғақ өсімдіктерден тазарту) әзірлейді және орындайды.
Минералданған жолақтар мен өртке қарсы жыралар орман орналастыру жобасына және (немесе) өртке қарсы құрылғы жоспарына сәйкес жоспарланады.
6. Орман шаруашылығының мемлекеттік мекемелерінде және табиғат қорғау мекемелерінде өртке қарсы қызметтер құрылып, олардың құрамында орман өрт сөндіру станциялары жасақталады.
Орман пайдалануға берілген орман қоры учаскелерінде, сондай-ақ жекеше ормандар учаскелерінде өрт сөндіру пункттері құрылады.
7. Мемлекеттік орман иеленуші Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 18-02/54 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10408 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік орман иеленушінің орман өрт сөндіру станциясы туралы ережесінің орман өрт станциясына бекітілген өрт техникасымен, жабдықтармен, инвентарьмен, көлік және байланыс құралдарымен жарақтандыру жөніндегі қанағаттанарлық жұмысын қамтамасыз ету талаптарының сақталуын, сондай-ақ орман өрт сөндіру станциясы туралы паспорттың жүргізілуін қамтамасыз етеді.
8. Мемлекеттік орман мекемелерінің, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың және орман пайдаланушылардың қызметкерлері (жұмысшылары, қызметшілері) орман өрттерімен күресуге арналған резервтік күштер болып табылады.
9. Ормандардың жетуі қиын және өртке неғұрлым ұрымтал құнды учаскелерін қарауылдау, сондай-ақ өрт сөндіру үшін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы 18-02/64 бұйрығымен бекітілген "Орман қорын күзету және қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстарды жүзеге асыру қағидаларына" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10464 болып тіркелген) сәйкес мамандандырылған ұйымдардың немесе орман қорын күзету және қорғау жөнінде авиациялық жұмыстарды орындайтын мекемелердің, оның ішінде пилотсыз ұшу аппараттарымен өртті ерте анықтау және жерді қашықтықтан зондтаудың цифрлық жүйелерін қолданатын күштері мен құралдары тартылады.
Пилотсыз ұшу аппараттарымен патрульдеу өрт қауіпті маусым кезеңінде ауа-райы жағдайларына байланысты күн сайын тәуліктің күндізгі уақытында жүзеге асырылады.
10. Ірі орман өрттерін сөндіру үшін жыл сайын облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары бекітетін іс-шаралар жоспарымен Кодекстің 15-бабына және Мемлекеттік өртке қарсы қызметтің күштері мен құралдарын тарту тәртібі туралы келісімге сәйкес мемлекеттік өртке қарсы және азаматтық қорғаныс қызметі бөлімшелері және оның өртке қарсы техникасы, көлік құралдары тартылады.
11. Орман қорын өрттерден қорғауға, олардың алдын алуға және сөндіруге қоғамдық өрт сөндіру бірлестіктері қатысады.
12. Найзағай разрядтарына неғұрлым бейім орман учаскелері жобалық ізденістер негізінде жайтартқыштармен (найзағайдан қорғау құрылғыларымен, жайтартқыштармен) жабдықталады.
13. Орман пайдаланушылар, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар учаскелерін пайдаланушылар жыл сайын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы №18-02/119 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10727 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік орман қоры аумағында орманды пайдаланушылар сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік, спорттық және басқа да іс-шаралар өткізетін орындардағы өрт сөндіру құралдарының тиесілілік нормаларының талаптарын сақтай отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес ұзақ мерзімді орман пайдалану кезінде орман иеленушілер мен орман пайдаланушылар әзірлейтін өртке қарсы іс-шаралар жоспарларына қойылатын талаптарға сәйкес әзірленген өртке қарсы іс-шаралар жоспарларын іске асырады.
Орман пайдаланушылар, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар учаскелерін пайдаланушылар жыл сайын ағымдағы жылғы 15 ақпанға дейін өртке қарсы іс-шаралар жоспарларын бекітеді және орман иеленушілерге келісуге ұсынады.
14. Өрт қауіпті маусым басталғанға дейін мемлекеттік орман иеленушілер өрт қауіпті маусымға дайындықты жүзеге асырады.
Өрт қауіпті маусымға дайындық кезінде өрт техникасын, жабдықтарды, инвентарьды, көлік және байланыс құралдарын түгендеу жүргізіледі, Министрдің 2015 жылғы 20 шілдедегі № 18-02/664 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11995 болып тіркелген) орман қорын пайдалану, мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандарды молықтыру және орман өсіруді қорғау, күзету жөніндегі нормалар мен нормативтерге сәйкестігі айқындалады.
Мемлекеттік орман иеленушілердің өрт қауіпті маусымына дайындық дәрежесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес айқындалады.
Өрт қауіпті маусымға дайындық туралы ақпаратты уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері мемлекеттік орман иелері қайрайтын ұйымдарға жібереді.
2-тарау. Ормандардағы өрт қауіпсіздігін ұйымдастыру тәртібі
15. Мемлекеттік орман иеленушілер ормандардағы өрт қауіпсіздігі талаптарын орындайды және орман өрттерінің алдын алу (профилактикасы) жөнінде мына іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді:
1) орман қоры аумағының өртке қарсы және санитариялық орналастырылуын қамтамасыз етеді, осы Қағидаларды бұзудың уақтылы анықтайды және тоқтатады, орман өрттерін сөндіру бойынша қажетті шаралар қабылдайды;
2) орман пайдаланушылар өртке қарсы іс-шаралар жоспарларын әзірлеген кезде оларға көмек көрсетеді;
3) орман өрттеріне тіркеу жүргізеді (орман өрті болған өртенген алаңдарды есепке алуды қамтамасыз етеді, орман қорына келтірілген залалды айқындайды).
16. Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес өрт қауіптілігінің сыныбы анықталады.
17. Орман қоры аумағында өрт қауіпті маусымда мыналарға:
1) қылқан жапырақты жас ормандарда, ескі өрт болған жерлерде, зиян шеккен орман учаскелерінде (желсұлама, желопырық), кеспеағаш қалдықтары мен дайындалған сүрегі бар, кептірілген шөптері бар жерлерде, сондай-ақ ағаштардың ұшарбастарында от жағуға, сондай-ақ арнайы белгіленген және жабдықталған орындардан тыс жерде мангал, ошақтар орнатуға;
2) жанған сіріңкелерді, темекі қалдықтарын тастауға және темекі шегетін түтіктердің ыстық күлін лақтыруға, рұқсат етілмеген жерлерде ашық отты қолдануға және темекі шегуге;
3) аң аулау кезінде тез немесе бықсып жанатын материалдардан жасалған оқ тығындарын пайдалануға;
4) арнайы қарастырылмаған орындарда жанар-жағармай заттары сіңген сүрту материалын тастап қалдыруға;
5) іштен жанатын қозғалтқыш жұмыс істеп тұрғанда отын багына жанармай құюға, оталғышының май шашу жүйесі бұзылған машиналарды пайдалануға, сондай-ақ жанар-жағар май құйылып жатқан машиналардың жанында шылым шегуге немесе ашық отты пайдалануға;
6) фейерверктер мен отшашулардың өзге де түрлерін қолдануға;
7) түтін шығаратын құбырлардың ұшқын сөндіргіштері болмаған кезде техникамен жүруге;
8) орман қоры аумағына орман шаруашылығы мақсаттары үшін пайдаланылатындарды қоспағанда, көлік құралдарының және басқа да механизмдердің (транзиттік жолдардан басқа) кіруіне;
9) ауа райы жағдайларына байланысты өрт қауіптілігі жоғары және төтенше дәрежеде (төтенше қауіп) болған кезде тұрғындардың орман қоры учаскелеріне баруына;
10) әйнектерді, шыны ыдыстарды (шыны бөтелкелер, банкалар және тағы басқалар) лақтыруға тыйым салынады.
18. Өрт қаупi жағдайын бәсеңдету мақсатында орман иеленушілер өткiзетiн орман қоры аумағындағы және оған iргелес аумақтарда басқарылатын өртеуден басқа, жердiң барлық санаттарында шөптесiн өсiмдiктердi жағуға рұқсат етілмейді.
Қалған жерлерде өрт сөндірудің бастапқы құралдары (рюкзакты орман бүріккіштері, шапқыштар, шанышқы күректер, суы бар ыдыстар) болған кезде ені кемінде төрт метр минерлданған жолақпен шектесетін алаңдарда от жағу жүзеге асырылады. От жермен мұқият жабылады немесе жану толығымен тоқтағанша сумен толтырылады.
19. Мемлекеттік орман иеленушілер және орман пайдаланушылар:
1) ағаш кесу кезінде, ағаш кесудің тәсілі мен уақытына қарамастан, орманда жолдар, газ-мұнай құбырларын, электр, байланыс, радио желілерін және басқа да коммуникациялар салу кезінде орман қоры учаскелерінің иелері орман пайдалануға берілген рұқсат құжаттарында белгілейтін тәртіппен және мерзімінде ағаш кесу орындарындағы ағаш қалдықтарын тазалауы, қалған сүректі және тез жанатын өзге де материалдарды жинап алуы;
2) орманда жұмыс істеу кезінде жанар-жағармай материалдарын стандартты жабық ыдыстарда сақтауы, олар сақталатын орынды радиусы бес метр аралықта өсіп тұрған өсімдіктерден, сүрек және тез жанатын басқа да қалдықтардан тазартуы, ені кемінде төрт метр минералды жолақтармен қоршауы;
3) жұмыс кезінде жарылғыш заттарды пайдаланған жағдайда жару жұмыстарын жүргізу орны мен уақыты туралы орман қоры учаскелерінің иелерін алдын ала хабардар етуі, ауа райы жағдайларына байланысты өрт қауіптілігінің IV – V сыныптары кезінде жару жұмыстарын тоқтатуы;
4) жұмыс орындарында және объектілер орналасқан жерлерде осы Қағидаларға 3 және 4-қосымшаларға сәйкес орман өрттерін сөндіруге арналған құралдары болуы, аталған құралдарды өрт шыға қалған жағдайда дереу пайдалануға толық дайындық күйінде ұстауы;
5) өрт қаупі бар маусымда орманда жұмыс істейтін бөлімшелерде, сондай-ақ орманда орналасқан кенттерде шыққан өрттерді сөндіру кезінде пайдалану үшін жұмысшылардан, қызметшілерден және басқа да азаматтардан дайындықтан өткен қоғамдық өрт сөндіру бірлестіктерін құруы қажет;
6) сүрек дайындау бойынша орманды ұзақ мерзімді пайдаланатын орман пайдаланушылары жалға алынған орманшылықтарда өрт қауіпті маусымға орман өрттерін сөндіру үшін өрт жабдықтары мен инвентарьды жинақтайтын өрт пункттерін құрады. Құрылған өрт сөндіру пункттерінің саны – әрбір мастерлік учаскесі есебінен болады.
20. Орманды тұрмыстық қалдықтармен және тастандылармен ластауға, орманға қоқыс пен құрылыс қалдықтарын төгуге рұқсат етілмейді.
21. Орманға жақын жерлерде қоқысты жағу арнайы бөлінген учаскелерде ғана мына шарттарды сақтаған жағдайда жүргізіледі:
1) жағатын орындар (шұңқырлар немесе алаңдар) қылқан жапырақты орман шетінен немесе жеке өсіп тұрған қылқан жапырақты ағаштар мен талдардан кемінде елу метр, жапырақты орман шетінен және жеке өсіп тұрған жапырақты ағаштардан кемінде жиырма жеті метр қашықтықта бөліну керек;
2) қоқыс жағатын орынның айналасы жиырма метр радиуста қурап қалған ағаштардан, шөпшектерден, кесілген ағаш қалдықтарынан, тез тұтанатын басқа да материалдардан тазартылуға және ені кемінде төрт метр, ал құрғақ топырақты қылқан жапырақты орманға жақын маңдағы учаскелерде – кемінде бес метр минералдандырылған жолақпен белгілену қажет;
3) өрт қаупі бар маусымда қоқыс жағу ормандағы өрт қауіптілігінің I – II сыныптары жағдайында ормандарда желсіз тынық немесе жауын-шашынды ауа райында арнайы бөлінген адамдардың қадағалауымен жүргізіледі. Қуаңшылық кезеңдерде қоқыс жағылмау керек;
4) өртеуге арналған орындар (котловандар немесе алаңдар) алғашқы өрт сөндіру құралдарымен жабдықталу қажет.
22. Орман қоры аумағында жұмыс жүргізетін немесе объектілері бар жеке тұлғалар, ұйымдардың басшылары өрт қаупі бар маусым басталар алдында, ал мәдени-бұқаралық және басқа да шаралардың өткізілуіне жауапты тұлғалар – дем алушылар орманға келер немесе кетер алдында осы Қағидаларды сақтау, орман өрттерінің шығуын ескерту, сондай-ақ оларды сөндіру тәсілдері туралы жұмысшылармен, қызметшілермен немесе мәдени-бұқаралық және басқа да шараларға қатысушылармен нұсқаулар жүргізеді.
23. Ағаш кесілген жерлерді тазарту кезінде ағаш дайындаушылар мынадай іс-шараларды орындайды:
1) қыс кезінде сүрек дайындалған және кеспеағаш тазартылған жағдайда кеспеағашты көктемде тазарту жұмыстарын толық аяқтайды;
2) кесілген ағаш қалдықтарының шіріп кетуі немесе оларды жағу үшін үйіп немесе жал сияқты қалап қояды немесе оларды ұнтақталған күйінде орман шетінен кемінде он метр қашықтықта кеспеағаш ішіне шашып тастайды;
3) кесу қалдықтарын жағу алғашқы өрт сөндіру құралдары (рюкзакты орман бүріккіші, шапқыштар, шанышқы күректер, суы бар ыдыстар) болған кезде арнайы бөлінген адамдардың бақылауымен жүргізіледі.
Жазда ағаш дайындаудан қалған және көктемде ағаш кесілген жерлерді тазартуды толық аяқтау кезінде жиналып қалған кесілген ағаш қалдықтары өрт қаупі бар кезең аяқталғаннан кейін күзде жағылады.
Кесілген ағаш қалдықтарын жағу кезінде кеспеағаштағы тұқымдықтардың, өскіндердің және кесілмеген басқа да ағаштардың сақталуы, сондай-ақ кесілген ағаш қалдықтарының толық жанып кетуі қамтамасыз етіледі.
Кеспеағаштардағы кесілген ағаш қалдықтарын тұтас күйінде жағып жіберуге болмайды.
Ағаштарды ұшарбастарымен бірге сүйретіп тасу кезінде кесілген ағаш қалдықтарын жоғарғы қоймаларда (тиеу бекеттерінде) жағу ағаш дайындаудың бүкіл кезеңі бойы жүргізіледі.
Кесілген қалдықтарды жағу алғашқы өрт сөндіру құралдары (өрт сөндіргіштер, суы бар ыдыстар, құм) болған кезде және арнайы бөлінген адамдардың бақылауымен жүргізіледі.
24. Кесілген ағаштар өрт қаупі бар маусымға кеспеағашта қалдырылатын жағдайда олар бұтақтарынан тазартылып, жерге нығыздап жинап қойылады.
Өрт қаупі бар маусымға кеспеағашта қалдырылатын дайындалған орман өнімі қатарларға, ағаш үйінділеріне жиналады және ені кемінде төрт метр минералдандырылған жолақпен шектеседі.
25. Өрт қаупі бар маусымға қалдырылған дайындалған сүректер, сондай-ақ шіру үшін қалдырылған кесілген ағаш қалдықтары бар құрғақ топырақты жазық жерлердегі қылқан жапырақты ормандардағы кеспеағаштар ені кемінде төрт метр минералдандырылған жолақпен көмкеріледі. Көлемі жиырма бес гектардан асатын кеспеағаштар, бұдан басқа көрсетілген ені минералдандырылған жолақтармен учаскелерге бөлінеді.
26. Жинау орындары және олардың айналасындағы көрсетілген өртке қарсы жыралар тез жанатын заттардан тазартылып, ені кемінде төрт метр минералдандырылған жолақпен, ал құрғақ топырақты қылқан жапырақты екпелерде бір-бірінен он метр қашықтықтағы осындай екі жолақпен көмкеріледі.
27. Жанама орман пайдалануды, ағаш сөлдерін және екінші дәрежелі орман ресурстарын дайындауды жүзеге асыратын орман пайдаланушылар:
1) өндірістік объектілерді мемлекеттік орман иеленушімен келісілген жерлерде орман шетінен кемінде елу метр қашықтықта орналастыруды;
2) өрт қаупі бар маусымда жұмыс уақытынан тыс мезгілде өндірістік объектілер шоғырланған жерлерде оларды күзетуді;
3) аумақты өндірістік объектілерден елу метр радиуста тез жанатын материалдардан тазартылған күйінде ұстауды;
4) осы аумақтар шекарасы бойымен ені кемінде төрт метр минералдандырылған жолақ, ал құрғақ топырақты қылқан жапырақты екпелерде – бірі бірінен он метр қашықтықтағы ені осындай екі минералдандырылған жолақ тартуды;
5) осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген талаптарды сақтауды жүзеге асырады.
28. Жеке тұлғалар жанама орман өнімдерін (саңырауқұлақтар, жидектер, дәрі-дәрмектік өсімдіктер) ақысыз негізде (орман билетін жазбай) дәстүрлі жинауды жүзеге асырған кезде осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген жалпы талаптарды басшылыққа алады.
29. Шайыр дайындауды жүргізетін орман пайдаланушылар:
1) шайыр сақталатын аралық қоймаларды тез жанатын материалдардан тазартылған алаңдарда;
2) мемлекеттік орман иеленушілермен келісім бойынша шайыр сақталатын негізгі қоймаларды тез жанатын материалдардан тазартылған орман шетінен кемінде елу метр қашықтықтағы алаңдарда орналастырады;
3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген шекара бойымен ені кемінде төрт метр минералдандырылған жолақ жасап, оны өрт қаупі бар маусым ішінде тазартылған күйінде ұстайды;
4) шайыр жинау үшін әзірленген учаскелерде шылым шегуге арналған жабдықталған орындар орналастырады.
30. Іздестіру, геодезиялық, геологиялық, орман орналастыру және басқа да экспедициялар, партиялар мен отрядтар жұмыс басталғанға дейін орман қоры учаскелерінің иелерімен жұмыс жүргізілетін орындарды, негізгі базалардың орналасуын, орманда жүру маршруттарын және өрттің алдын алу және сөндіру жөніндегі іс-шаралар тізбесін келіседі. Бұл ретте осы Қағидалардың талаптарымен жұмысқа қатысушылардың барлығы танысады және оларды сақтауға міндетті болады.
31. Өрт қаупі бар кезеңде орман аймағында іздестіру, геодезиялық, геологиялық, орман орналастыру және басқа да экспедициялардың, партиялардың және жасақтардың базалары орналасқан жерлердің шекарасы бойымен ені кемінде төрт метр минералды жолақ тартылады, ол әртүрлі жанғыш қалдықтардан үнемі тазартылып отырады.
32. Туристік базалары, сауықтыру лагерлері, демалыс үйлері және басқа да туризм мен демалыс объектілері бар немесе орман қоры аумағында мәдени-сауықтыру, туристік және спорттық іс-шаралар өткізіп тұратын жеке және заңды тұлғаларға орман иеленушілермен келісім бойынша туристік тұрақтарды жасау және басқа да бұқаралық іс-шаралар жүргізу үшін тұрақты демалыс орындары ретінде орман учаскелерін өрт қаупі бар маусымда пайдалануға осы учаскелерде от жағатын және қоқыс жинайтын орындар жабдықталған жағдайда, сондай-ақ ені кемінде төрт метр минералдандырылған жолақтар тартылған және учаскелер жанатын қоқыстан тазартылған күйінде пайдалануға рұқсат етіледі. Бұл ретте барлық жұмысқа қатысушылар осы Қағидалармен танысуға тиіс және оның талаптарын сақтауға міндетті.
33. Орман қоры учаскелері орман пайдалануға берілген орман пайдаланушылар осы Қағидалардың 2-тарауында көзделген талаптарды орындаумен қатар мынадай өртке қарсы іс-шаралардың орындалуын:
1) орманда орман орналастыру материалдарына және (немесе) өртке қарсы іс-шаралар жоспарына сәйкес өртке қарсы жыралар мен жолдарды, өртке қарсы минералдандырылған қорғаныш жолақтар, арықтар, су айдындары орнатады, орманды тез тұтанатын материалдардан тазартады және ормандардың өрт қауіпсіздігін арттыруға бағытталған басқа да орман шаруашылығы іс-шараларын жүргізеді.
2) осы учаскелер арқылы өтетін кеңінен пайдаланылатын орман жолдарының бойы демалуға және темекі шегуге арналған орындармен (көлемі 10*10 метрлік алаңдар) жабдықталады;
3) осы Қағидалардың бұзылуының алдын алу, өрт қаупі бар маусымда тұрақты түрде әуе мен жерден қарауылдау арқылы орман өрттерін дер кезінде анықтау шараларын қабылдайды;
4) орман өрттерін және олардың зардаптарын тіркеуді жүргізеді, өртеңдердіңалқаптарыныңдәл есебін жүргізуді қамтамасыз етеді, орман қорына өрттен келтірген залалды анықтайды және бұл туралы мәліметтерді тиісті мемлекеттік орман иеленушіге беруді;
5) материалдық-техникалық базаны, өрт сөндіру күштері мен құралдарын тұрақты дайындық жағдайында ұстауды;
6) орман өрттері туындаған жағдайда орман иеленушіні және мемлекеттік өртке қарсы қызметті дереу хабардар етуге және өз күшімен сөндіруге кірісуді қамтамасыз етеді.
34. Аумағы арқылы темір және автомобиль жолдары (оның ішінде ағаш таситын жолдар) өтетін орман қоры жерлерінде орман пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар мынадай талаптарды орындайды:
1) темір жолдар мен автомобиль жолдарының бойындағы бөлу жолақтарын қураған ағаштан, тез тұтанатын материалдардан тазартып ұстауға міндетті. Ағаш кесу жолдарының бойындағы тазартылған жолақтардың ені әр жағынан кемінде он бес метрді құрайды;
2) қылқан жапырақты екпелерде осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген жол жиектерінің шекарасы бойымен бір бірінен бес метр қашықтықта әрқайсысының ені төрт метр екі минералды жолақ, ал ағаш таситын және басқа да орман жолдарының бойында – жолдың әр қапталында ені төрт метр бір жолақ жасап, оларды өрт қаупі бар маусым бойына тазартылған күйінде күтіп ұстайды;
3) құрғақ топырақты қылқан жапырақты екпелерде жақын маңайдан өтетін жолдардың айналасына, сондай-ақ ағаш көпірлер, тұрақты платформалар, тұрғын үйлер, жол аралаушылардың үйшіктері айналасына шпалдарды текшелеп жинап қоюға және қардан қорғайтын қалқандар орнатуға және ені кемінде төрт метр минералдандырылған жолақты өрт қаупі бар маусым бойына тазартылған күйінде күтіп ұстайды;
4) ықтимал өрттерді дер кезінде байқау және сөндіру мақсатында орман алқаптары арқылы өтетін тепловоздар жүретін темір жол учаскелерінде өрт қаупі бар кезеңде тәулігіне кемінде ұш рет қарауылдау ұйымдастырады;
5) орман учаскелерінде түтін шығару құбырларында жарамсыз ұшқын сөндіргішсіз терсіз тепловоздар мен автокөліктерді пайдаланбайды;
6) бөлінген жол жиектерінде немесе оған жақын жерлерде өрт шыға қалған жағдайда оны сөндіруді дереу ұйымдастырады, бұл туралы мемлекеттік орман иеленушіге не орман шаруашылығын басқарудың мемлекеттік органына және мемлекеттік өртке қарсы қызметке хабарлау талаптарын орындайды.
35. Заңды тұлғалар, кәсіпорындар мен ұйымдар орман қоры аумағында жұмыс жүргізген кезде мынадай іс-шараларды орындайды:
1) өрт қаупі бар маусым бойына бұрғылау ұңғылары мен басқа да қондырғылар үшін бөлінген аумақтарды тез жанатын материалдардан тазартылған күйінде ұстайды, осы аумақтардың шекарасы бойымен ені кемінде төрт метр минералдандырылған жолақ жасап, оны өрт қаупі бар маусым ішінде тазартылған күйінде күтіп ұстайды;
2) бұрғыланатын және пайдаланылатын ұңғылардан елу метр радиустағы алаңды сүректер мен бұталардан толық тазартады (мұнай және газ ұңғымаларын жабық жүйе бойынша жиырма бес метр радиуста пайдаланғанда);
3) мұнайдың ашық ыдыстар мен шұңқыр ұраларда сақталуына, сондай-ақ аумақтың жанармай заттарымен (мұнаймен, мазутпен) ластануына жол бермейді;
4) егер мұнай қалдықтарын жағып жою өндіріс технологиясында көзделген болса, оларды жағу тәртібі мен уақытын орман қоры учаскелерінің иелерімен келісіп алады.
36. Орман қоры аумағында орналасқан электр желілері бар жеке және заңды тұлғалар осы желілер өтетін орман жолдарын өрт қаупі бар маусым бойына өрт шығу тұрғысынан алғанда қауіпсіз жағдайда күтіп ұстайды және осындай желілердің ағаш мұнаралары мен бағаналарын екі метр радиустағы құрғақ жерлерге көмеді.
37. Құбыр жолдары бар заңды тұлғалар орман алқаптары арқылы өтетін құбыржолдардың бойындағы бөлінген жер жолақтары және күзет аймақтарын өрт шығу тұрғысынан алғанда қауіпсіз жағдайда күтіп ұстайды және желіні аралаушылар үйлерінің айналасына, сондай-ақ құбыр жолдардағы құдықтардың айналасына ені бес метр минералдандырылған жолақтар тартады.
38. Жер алқаптары орман қоры жерлерімен жапсарлас немесе оларға тікелей жақын және (немесе) ормандардың күзет аймағында орналасқан жеке және заңды тұлғалар ауыл шаруашылығы егістіктерінде, жайылымдар мен шабындықтарда, шөп-шаламды және өзге де өсімдік қалдықтарын бақылаусыз жағу салдарынан ормандарды және басқа да орманды жерлерді зақымдамайды.
3-тарау. Орман өрттерін сөндіру жөніндегі іс-шаралар
39. Уақытша орман пайдалану құқығы берілген, ормандарда жұмыс жүргізетін немесе осында жолдары, қоймалары, құрылыстары және басқа да объектілері бар орман пайдаланушылар жұмыс орындарында, жолдарда, қоймаларда және объектілерде орман өрттері шыға қалған жағдайда осы өрттерді өз күштерімен және құралдарымен жоюға шаралар қабылдайды және өрт туралы орман қоры учаскелерінің иесіне, жергілікті атқарушы органдарға және өртке қарсы мемлекеттік қызмет орнына хабарлайды.
40. Орман өртін байқап қалған тұлғалар бұл туралы мемлекеттік орман иеленушінің орман шаруашылығы қызметкерлеріне, өртке қарсы мемлекеттік қызмет орнына, жергілікті атқарушы органдарға хабарлайды.
41. Кодекстің 27-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік орман қорымен ортақ шекарасы бар жекеше орман иеленушілер уәкілетті органдар мен ұйымдар орман иеленушінің сұрауы бойынша жұмысшылар мен техникалық құралдарды орман өрттерін сөндіруге жібереді.
42. Орман мекемесінің, ерекше қорғалатын табиғи аумақтың басшысы өрт туралы хабарлама алғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 446 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген құқықтық актілер № 15430 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Өрттерді сөндіруді ұйымдастыру қағидаларының 7-тарауының 6-параграфына сәйкес өртті сөндіруге, оның ішінде өрт пайда болған аумақ бекітілген орман өрт сөндіру станциясының күштерімен шаралар қабылдайды.
43. Өрт туралы хабар түскен жағдайда мемлекеттік орман иеленушінің өртке қарсы қызметінің басшысы мынадай іс-шараларды орындайды:
1) орман мекемесінің басшысының немесе орманшылық басшысы (бағыныстылығына қарай) нұсқауларын орындайды;
2) өрт сөндіру командасының дереу аттануы үшін шаралар қабылдайды;
3) команданың немесе жеке команданың аттануы туралы шешім қабылдайды;
4) ауа райы жағдайлары мен өрт түрін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 446 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген құқықтық актілер № 15430 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Өрттерді сөндіруді ұйымдастыру қағидаларының 5-қосымшасына сәйкес қажетті күштер мен құралдар санын айқындайды.
44. Орманшылық аумағында бір мезгілде бірнеше өрт шыға қалған жағдайда немесе өртті тез сөндіру үшін бір орман өрт сөндіру станциясының күші жетіспеген жағдайда орманшылық басшысы көрші орманшылықтардың орман өрт сөндіру станциясының күштері мен құралдарын өрт сөндіруге жіберу үшін бұл жайында орман мекемесінің басшысына хабарлайды.
45. Орман мекемесінде, ерекше қорғалатын табиғи аумақта жанып тұрған өрттерді тез сөндіруге күштер мен құралдар жетіспеген жағдайда және өрттердің кең алқаптарға таралып кету қатері төнгенде орман мекемесінің, ерекше қорғалатын табиғи аумақтың басшысы бұл туралы жергілікті атқарушы органдарға, өртке қарсы мемлекеттік қызмет орнына хабарлайды және және өрттерді сөндіруге жергілікті ұйымдардың күштері мен техникалық құралдарын және халықты тарту жөнінде шаралар қабылдайды.
Аудандық маңызы бар жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 446 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген құқықтық актілер № 15430 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Өрттерді сөндіруді ұйымдастыру қағидаларының 7-тарауының 6-параграфына, сондай-ақ Мемлекеттік өртке қарсы қызмет құралдарының күштерін тарту тәртібі туралы келісімдерге сәйкес орман өртін сөндіру, орман өртіне бағалау жүргізу үшін күштер мен құралдарды тарту жөнінде шаралар қабылдайды, қажет болған жағдайда жергілікті халықты эвакуациялауды жүргізеді.
46. Орман мекемесі мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жеріндегі орман өрттерін сөндіруге жалпы басшылық орман мекемесі мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың басшысына жүктеледі.
47. Орманшылық аумағындағы жердегі күзет аудандарындағы әрбір орман өртін сөндіру жөніндегі жұмыстарға тікелей басшылық жасауды орманшылық басшысы немесе мемлекеттік орман иеленушінің өртке қарсы қызметінің басшысы не орман пайдаланушының өрт сөндіру бекетінің басшысы (ол орман қорының тиісті учаскелері орман пайдалануға берілген орман пайдаланушыда болған жағдайда) жүзеге асырады.
Орманшылық басшысы және мемлекеттік орман иеленушінің өртке қарсы қызметінің күштері келіп жеткенге дейін орман өртін сөндіруге басшылықты тиісті аумаққа бекітілген мемлекеттік орман иеленушінің қызметкері, ерекше қорғалатын табиғи аумақты қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор (орманшылық басшысының орынбасары, орман шебері не орманшы) жүзеге асырады.
Күрделі жағдай туындаған кезінде орман өртін сөндіруге басшылықты орман немесе табиғат қорғау мекемесінің орманшылық басшысы, оның тапсырмасы бойынша орманшылық басшысының орынбасары, оған жоғары тұрған уәкілетті адам жүзеге асырады.
48. Ормандарды авиациямен күзету аудандарында жету қиын жерлерде орман өрттерін сөндіруге басшылықты өрт сөндіруге келген өрт сөндіруші-парашютшілер немесе өрт сөндіруші-десантшылар командаларының ішінен лауазымы жоғары қызметкер жүзеге асырады.
49. Орман өртін сөндіру жөніндегі басшы:
1) өртті құрықтау іс-шараларымен байланысты емес барлық жұмысты тоқтатады;
2) пилотсыз ұшу аппаратының (квадрокоптер) немесе тікұшақтың көмегімен өртті аэровизуалды барлауды жүргізуге және табиғи-климаттық жағдайларды ескере отырып, өрттің даму ауқымын айқындауға міндетті.
Өрт бес гектардан астамға ұлғайған жағдайда, өртті сөндіру басшысы басқа орманшылықтардан, оның ішінде орман өрт сөндіру станцияларынан күштер мен құралдарды тартуға, ал өрт жиырма бес гектарға дейін ұлғайған кезде жергілікті атқарушы органдар мен мемлекеттік өртке қарсы қызметтің күштері мен құралдарын тартуға міндетті. Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдар мен мемлекеттік өртке қарсы қызметтің күштері мен құралдарын тарту үшін жоғарғы өрттің туындауы, желдің күшеюі немесе өрттің ауданына қарамастан елді мекенге қауіп төнуі негіз болып табылады;
3) өртті сөндіруге қатысып жүрген адамдарды ықтимал жарақаттардан, уланудан, күйіп қалудан қорғауды қамтамасыз етеді;
4) адамдардың өміріне қатер төнген жағдайда қолда бар күштер мен құралдарды тегіс пайдаланып, оларды құтқаруды дереу ұйымдастырады;
5) өрт сөндіруде жұмыс істеп жатқан барлық адамдардың жұмыстардың қауіпсіздік техникасы жөніндегі талаптарды бұлжытпай орындауын қамтамасыз етеді;
6) оқшаулауды және толық жоюды қамтамасыз етеді, сондай-ақ жеке құраммен қарауылдау ұйымдастырады;
7) орман өрті шыққан аумақта жұмыс істейтін ұйым объектісінің басшысын немесе басқа лауазымды адамын өрт орнына шақыру жөнінде шаралар қабылдайды.
50. Орман өртін сөндіру басшысы өрт сөндірудің тиімді ұйымдастырылуын қамтамасыз ету үшін өртке алдын ала жасалған барлау деректерінің негізінде орман өртін сөндірудің тактикалық жоспарын жасайды. Барлау арқылы өрттің түрі мен күші, орманның неғұрлым өрт қауіпі бар және бағалы учаскелері, суаттар, оттың таралуын тоқтата алатын немесе қарсы өрт жіберу үшін тірек жолағы бола алатын тосқауылдар, сондай-ақ осындай тосқауылдарды немесе тірек жолақтарын құру қажет орындар анықталады.
51. Өрт сөндіру мынадай кезеңдерді қамтиды:
1) өртті тоқтату – өрт шетінде оттың лаулап жануын тоқтату;
2) оқшаулау – оның одан әрі таралуы мүмкіндігін жою;
3) толық сөндіру – өрт ішіндегі жану ошақтарын сөндіру;
4) қарауылдау – жасырын жану ошақтарының және өрттің қайта өршуі ықтималдығының жоқтығына көз жеткізу үшін жеткілікті белгілі бір уақыт ішінде өрт сөндіру командалары жұмысшыларының өрт болған алқаптағы кезекшілігі;
5) өртті жою – өрттің барлық жану ошақтарын түпкілікті түрде сөндіру және өрттің қайта шығып кету мүмкіндігінің болмауы.
Өрт сөндіру тактикасын таңдау кезінде орман өртін сөндіру басшысы жергілікті жердің ерекшеліктерін және ауа райы жағдайларын, өрттің түрін, өрт сөндіру күштері мен құрал-саймандардың бар-жоғын ескереді.
52. Орман өрттерін жерден сөндірудің мынадай:
1) төменгі өрттің шеттерін сабалау немесе оған топырақ шашу;
2) жер өңдейтін құралдардың және жарылғыш материалдардың көмегімен минералдандырылған жолақтар тарту және орлар қазу;
3) өртті сумен немесе өрт сөндіргіш химикаттардың ерітінділерімен сөндіру;
4) өртеу немесе қарсы от қою негізгі тәсілдері пайдаланылады.
53. Жету қиын аумақтарда және ірі орман өрттері шыға қалған жағдайда оларды сөндіру үшін ормандарды авиациямен күзету және орман шаруашылығына қызмет көрсету базасының, төтенше жағдайлар жөніндегі қызмет орындарының өрт сөндіруші-десантшы немесе өрт сөндіруші-десанттық командалары тартылады.
54. Орман өрттерін сөндіру жұмыстары басталмай тұрып осы жұмыстарға тартылатын барлық адамдар оларды жүргізу тәртібімен және қауіпсіздік техникасы жөніндегі талаптармен таныстырылады.
Ормандардағы өрт қауіпсіздігі қағидаларына 1-қосымша |
Орман иеленушілер мен орман пайдаланушылар ұзақ мерзімді орман пайдалану кезінде әзірлейтін өртке қарсы іс-шаралар жоспарларына қойылатын талаптар.
1. Орман қоры учаскелері ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген орман пайдаланушылар, ЕҚТА учаскелерін пайдаланушылар жыл сайын өртке қарсы іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі – Жоспар) әзірлейді және іске асырады.
Жоспар:
1) өртке қарсы алдын алу іс-шараларын;
2) орман өрттерін сөндіру жөніндегі іс-шараларды қамтиды.
2. Өртке қарсы алдын алу іс-шараларында шекарасында орман пайдалануға берілген орман қоры учаскесі (учаскелері) орналасқан мемлекеттік орман иеленушінің орман орналастыру материалдарына және ормандарды өртке қарсы жабдықтау жоспарларына негізделген жұмыстардың нақты көлемдері мен оларды өткізу орындары көзделеді. Жоспарланатын іс-шаралар іс-әрекеттің дәйектілігін, бұдан бұрын орындалған жұмыстардың жалғастырылуын көздейді және орман иеленушілер мен орман пайдаланушылардың орман қорының көршілес учаскелерінде атқарып жатқан жұмыстарымен байланыстырылады.
Өртке қарсы алдын алу іс-шараларына сонымен бірге бар өртке қарсы жыралар мен жолақтарға күтім жасау, өрт қадағалау мұнараларын, өртке қарсы жабдықтар мен техниканы, жолдарды жөндеу, уақытша өрт күзетшілерін жалдау жөніндегі жұмыстар енгізіледі.
Өртке қарсы алдын алу іс-шаралары бойынша барлық жұмыстар үшін күнтізбелік орындалу мерзімдері және орындауға жауапты адамдар белгіленеді, сондай-ақ жұмыстардың көлемі көрсетіледі.
3. Орман өрттерін сөндіру жөніндегі іс-шаралар өрттерді өз күштерімен де, бұл өрттерді қандай да бір себептермен өз күштерімен және құралдарымен құрықтау мүмкін емес жағдайлар да сөндіруді ұйымдастыру жөніндегі жұмыстарды көздейді. Соңғы жағдайда мемлекеттік орман иеленушімен келісе отырып орман өртін сөндіруге жіберілетін күштер мен техникалық құралдар, сондай-ақ орман қорының тиісті учаскесінде орналасқан аудандағы елді мекендердегі өзге де ұйымдардың күштері мен техникалық құралдары айқындалады. Орман өрттерін сөндіру жөніндегі іс-шаралар орман өрттерін сөндіру, орман өрттерін сөндірумен айналысып жатқан адамдарды тамақтандыру мен медициналық көмекті, байланысты ұйымдастыру үшін ерікті қоғамдық құрамалар (командалар) құруды, сондай-ақ орман пайдаланушының есебінен өрт қауіпі бар маусымға жанар-жағар май материалдарының резервін құруды көздейді.
4. Әрқайсысында міндетті түрде бекітіле отырып, өрт сөндіру жабдықтары мен орман өрттерін сөндіруге арналған инвентарьды шоғырландыратын өрт пункттерін – патрульдік автомашиналарды (1 бірліктен кем емес) және тіркеме және аспалы жабдығы бар тракторларды (1 бірліктен кем емес) өрт қауіпті маусымда орналастыру орнында тұрақты етіп құру.
5. Шұғыл ден қоюды және өрт пен орман өрттерін сөндіру жөнінде шаралар қабылдауды қамтамасыз ету үшін жедел байланыс және өрт сөндірушілер үшін жалданған орманшылықтар базасында өрт қауіпті маусымға уақытша өрт диспетчерлерін жалдауды қамтамасыз етеді.
6. Орман қорының жалға алынған учаскесінде орман өрті тұтанған жерге орман пайдаланушының күштері мен құралдарының келуі мемлекеттік орман иеленушіден келіп түскен хабарламадан кейін 1 сағаттан аспайтын мерзімде белгіленеді.
7. Орман қоры учаскелері ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген орман пайдаланушылардың жоспарлары ағымдағы жылғы 15 ақпаннан кешіктірілмей келісімдеу үшін мемлекеттік орман иеленушілерге беріледі. Орман пайдаланушының жоспары мемлекеттік орман иеленушімен келісімделеді және оны 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 38-бабының 6) тармақшасына сәйкес орман пайдаланушының өзі бекітеді.
Ормандардағы өрт қауіпсіздігі қағидаларына 2-қосымша |
Орман иеленушілердің өрт қаупі бар маусымға дайындық дәрежесі*
№ | Көрсеткіштер атауы | Дайындық дәрежесі | Балдары |
1 | Өрт сөндіру станциясының болуы** | ||
51%-дан аз | қанағаттанарлықсыз | 0 | |
51-80% | қанағаттанарлық | 5 | |
81-100% | өте жақсы | 10 | |
2 | Орман орналастыру материалдарына сәйкес өрт қадағалау мұнараларының болуы | ||
50%-дан аз | қанағаттанарлықсыз | 0 | |
51-80% | қанағаттанарлық | 5 | |
81-100% | өте жақсы | 10 | |
3 | Өрт сөндіру техникасының болуы** | ||
50%-дан аз | қанағаттанарлықсыз | 0 | |
51-80% | қанағаттанарлық | 5 | |
81-100% | өте жақсы | 10 | |
4 | Жанар-жағар май материалдары қорының болуы | ||
бар | өте жақсы | 10 | |
жоқ | қанағаттанарлықсыз | 0 | |
5 | Өртке қарсы іс-шаралар жоспарының болуы | ||
өртке қарсы іс-шаралар жоспарына қойылатын талаптар бар және сәйкес келеді | өте жақсы | 10 | |
өртке қарсы іс-шаралар жоспарына қойылатын талаптар бар, бірақ сәйкес келмейді | қанағаттанарлық | 5 | |
жоқ | қанағаттанарлықсыз | 0 | |
6 | Радиобайланыс құралдарының болуы** | ||
бар және 100 % жұмыс істеп тұрған жағдайда | өте жақсы | 10 | |
бар және 70%-нан астамы жұмыс істеп тұрған жағдайда | қанағаттанарлық | 5 | |
бар және 50%-нан астамы ақаулы күйде | қанағаттанарлықсыз | 0 | |
7 | Шанц-саймандардың, қорғау құралдарының және өртке қарсы киімдердің болуы** | ||
100 % бар, қанағаттанарлық жағдайда | өте жақсы | 10 | |
100 % бар, 20 %-дан астамы қанағаттанарлықсыз жағдайда | қанағаттанарлық | 5 | |
60 %-дан азы бар | қанағаттанарлықсыз | 0 |
Ескертпе:
*орман иеленушілердің өрт қаупі бар маусымға дайындық дәрежесі орта арифметикалық мәнде:
8-10 балл – қанағаттанарлық;
5-7 балл – орташа;
5 балдан төмен – қанағаттанарлықсыз.
**жарақталу пайызы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 шілдедегі № 18-02/664 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11995 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру бойынша нормалар мен нормативтерге сәйкес айқындалады.
Ормандардағы өрт қауіпсіздігі қағидаларына 3-қосымша |
Өрт қауіптілігінің сыныбы
Ормандардағы өрт қауіптілігін ауа райының жағдайлары бойынша жіктеу ормандардың өрт қауіптілігіне әсер ететін метеорологиялық жағдайларға байланысты тиісті аумақта орман өрттері шығуының және таралуының ықтималдылық (мүмкіндік) дәрежесін анықтайды.
Жіктеу (бағалау) мақсаттары үшін метеорологиялық (ауа райы) жағдайларын сипаттайтын кешенді көрсеткіш қолданылады. Кешенді көрсеткіштің көлеміне қарай ауа райы жағдайлары бойынша Қазақстан Республикасының ормандарындағы өрт қауіптілігінің сыныбы белгіленеді.
Қазақстан Республикасының өңірлік облыстарында ауа райы жағдайларына байланысты ормандардағы өрт қауіптілігінің жергілікті сыныптары (бұдан әрі – жергілікті сыныптар) қолданылады, олар:
кешенді көрсеткішті есептеу әдістемесін;
өрт қауіптілігі сыныптарының шекарасын;
жауын-шашынды есепке алу әдістемесін анықтайды.
Жергілікті сыныптарды қолдану туралы шешім орман шаруашылығы саласындағы аумақтық бөлімшелердің бұйрығымен ресімделеді және әртүрлі уақыт кезеңдері үшін жеке-жеке белгіленуі мүмкін.
Жергілікті шәкілдер белгіленбеген өңірлер үшін 1-кестеде көрсетілген ауа райы жағдайларына байланысты ормандардағы өрт қауіптілігінің ортақ сыныбы қолданылады.
Ормандағы өрт қауіптілігінің сыныбын анықтау
Ауа райы жағдайларына байланысты ормандардағы өрт қауіптілігінің сыныбын (ӨҚС) есептеу формуласы ауа температурасын (t0) жауын-шашын болмаған күндердегі (h) температура мен шық нүктесінің (n) айырмасына көбейту сомасы ретінде жергілікті уақыттың 12-14 сағатындағы метеодеректер бойынша анықталады (3 миллиметрден көп жаңбыр жауған күнді жауынсыз кезеңнің алғашқы (L) күні деп есептейді, бұл орайда тек ақ жауын мен тұтас жауын ғана есепке алынады, нөсер жауындар есепке алынбайды):
КК – кешенді көрсеткіш (миллибар/градус);
– жиынтығы;
n – жауынсыз күндер саны;
t0 – ауа температурасы (градус/Цельсия);
L – жауынсыз алғашқы күн;
-Шық нүктесі (градус);
1-кесте |
Ауа райының жағдайлары бойынша ормандардағы өрт қауіптілігін жіктеу
Ормандардағы өрт қауіптілігінің сыныбы | Кешенді көрсеткіш шамасы, миллибар градус | Өрт қауіптілігінің дәрежесі |
I | 0 – 300 | Жоқ |
II | 301 – 1000 | Әлсіз |
III | 1001 – 4000 | Орташа |
IV | 4001 – 10000 | Жоғары |
V | 10001–ден артық | Төтенше |
Өңірлер бойынша ормандардағы өрт қауіптілігінің сыныбын анықтау (жергілікті сыныптар)
I. Жамбыл, Алматы (Балқаштың жайылма ормандары), Қызылорда, Түркістан облыстары үшін өрт қауіптілігінің сыныбын анықтау (жергілікті шәкіл)
2-кесте |
Ауа райының жағдайлары бойынша ормандардағы өрт қауіптілігін жіктеу
Ормандардағы өрт қауіптілігінің сыныбы | Кешенді көрсеткіш шамасы, миллибарградус | Өрт қауіптілігінің дәрежесі |
I | 0 – 300 | Жоқ |
II | 301 – 500 | Әлсіз |
III | 501 – 1000 | Орташа |
IV | 1001 – 4000 | Жоғары |
V | 4001–ден артық | Төтенше |
Ескертпе: ӨҚС есептеу тәртібі жалпы формула бойынша жүргізіледі. 5 миллиметрден көп ылғал түскен күннен кейін ӨҚС есептеу қайта басталады (бұл орайда ақ жауын мен тұтас жауын ғана есепке алынады, нөсер жауындар есепке алынбайды).
Ақмола, Қостанай облыстары үшін өрт қауіптілігінің сыныбын анықтау
3-кесте |
Ауа райының жағдайлары бойынша ормандардағы өрт қауіптілігін жіктеу
Ормандардағы өрт қауіптілігінің сыныбы | Кешенді көрсеткіш көлемі, миллибарградус | Өрт қауіптілігінің дәрежесі |
I | 0 – 200 | Жоқ |
II | 201 – 800 | Әлсіз |
III | 801 – 1400 | Орташа |
IV | 1401 – 8000 | Жоғары |
V | 8001–ден артық | Төтенше |
Ескертпе: ӨҚС есептеу тәртібі жалпы формула бойынша жүргізіледі. 3 милимметрден көп ылғал түскен күннен кейін ӨҚС есептеу қайта басталады (бұл орайда ақ жауын мен тұтас жауын ғана есепке алынады, нөсер жауындар есепке алынбайды).
Павлодар облысы үшін өрт қауіптілігінің сыныбын анықтау (Ертіс өңірінің жалды ормандары "Ертіс орманы")
4-кесте |
Ауа райының жағдайлары бойынша ормандардағы өрт қауіптілігін жіктеу
Ормандағы өрт қауіптілігі сыныбы | Кешенді көрсеткіш шамасы, миллибарградус | Өрт қауіптілігінің дәрежесі | ||
Көктемгі кезең | Жазғы кезең, 10 маусымнан бастап | Күзгі кезең, 1 қыркүйектен бастап | ||
I | 0 – 150 | 0 – 550 | 0 – 201 | Жоқ |
II | 151 – 700 | 551 – 2000 | 201 – 800 | Әлсіз |
III | 701 – 2000 | 2001 – 5500 | 801 – 1400 | Орташа |
IV | 2001 – 10000 | 5501 – 10000 | 1401 – 10000 | Жоғары |
V | 10001–ден артық | 10001–ден артық | 10001–ден артық | Төтенше |
Ескертпе: ӨҚС есептеу тәртібі жалпы формула бойынша жүргізіледі. 3-5 милимметрден көп жауын-шашыннан кейін ӨҚС бір бірлікке төмендетіледі. 5 милимметрден көп жауын-шашыннан кейін ӨҚС есептеу қайта басталады (бұл орайда ақ жауын мен тұтас жауын ғана есепке алынады, нөсер жауындар есепке алынбайды).
Павлодар облысы үшін өрт қауіптілігінің сыныбын анықтау (Баянауыл өңірі)
5-кесте |
Ауа райының жағдайлары бойынша ормандардағы өрт қауіптілігін жіктеу
Ормандағы өрт қауіптілігі сыныбы | Кешенді көрсеткіш шамасы, миллибарградус | Өрт қауіптілігінің дәрежесі | ||
көктемгі кезең | жазғы кезең, 1 маусымнан бастап | күзгі кезең 1 қыркүйектен бастап | ||
I | 0 – 150 | 0 – 400 | 0 – 200 | Жоқ |
II | 151 – 500 | 401 – 1000 | 201 – 500 | Әлсіз |
III | 501 – 1000 | 1001 – 3000 | 501 – 1000 | Орташа |
IV | 1001 – 4000 | 3001 – 5000 | 1001 – 4000 | Жоғары |
V | 4001–ден артық | 5001–ден артық | 4001–ден артық | Төтенше |
Ескертпе: ӨҚС есептеу тәртібі жалпы формула бойынша жүргізіледі. 4 милимметрден көп ылғал түскен күннен кейін ӨҚС есептеу қайта басталады (бұл орайда ақ жауын мен тұтас жауын ғана есепке алынады, нөсер жауындар есепке алынбайды).
Шығыс Қазақстан облысы үшін өрт қауіптілігінің сыныбын анықтау (Таулы-тайгалы аймақ)
6-кесте |
Ауа райының жағдайлары бойынша ормандардағы өрт қауіптілігін жіктеу
Ормандағы өрт қауіптілігі сыныбы | Кешенді көрсеткіш шамасы, миллибарградус | Өрт қауіптілігінің дәрежесі | ||
Көктемгі кезең | Жазғы кезең, 10 маусымнан бастап | Күзгі кезең, 1 қыркүйектен бастап | ||
I | 0 – 600 | 0 – 1100 | 0 – 300 | Жоқ |
II | 601 – 1300 | 1101 – 2500 | 301 – 1100 | Әлсіз |
III | 1301 – 2650 | 2501 – 5400 | 1101 – 3300 | Орташа |
IV | 2651 – 10000 | 5401 – 10000 | 3301 – 10000 | Жоғары |
V | 10001–ден артық | 10001–ден артық | 10001–ден артық | Төтенше |
Ескертпе: ӨҚС есептеу тәртібі жалпы формула бойынша жүргізіледі. 3-5 милимметр жауын–шашыннан кейін ӨҚС бір бірлікке төмендетіледі. 5 милимметрден көп жауын-шашыннан кейін ӨҚС есептеу қайта басталады (бұл орайда ақ жауын мен тұтас жауын ғана есепке алынады, нөсер жауындар есепке алынбайды).
Шығыс Қазақстан және Абай облысы үшін өрт қауіптілігінің сыныбын анықтау
(Асубұлақ және Самар орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемелері және "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты" РММ)
7-кесте |
Ауа райының жағдайлары бойынша ормандардағы өрт қауіптілігін жіктеу
Ормандағы өрт қауіптілігі сыныбы | Кешенді көрсеткіш шамасы, миллибарградус | Өрт қауіптілігінің дәрежесі | ||
Көктемгі кезең | Жазғы кезең, 10 маусымнан бастап | Күзгі кезең 1 қыркүйектен бастап | ||
I | 0 – 150 | 0 – 550 | 0 – 200 | Жоқ |
II | 151 –500 | 551 – 1700 | 201 – 800 | Әлсіз |
III | 501 – 2000 | 1701 – 3500 | 801 – 1400 | Орташа |
IV | 2001 – 10000 | 3501 – 10000 | 1401 – 10000 | Жоғары |
V | 10001–ден артық | 10001–ден артық | 10001–артық | Төтенше |
Ескертпе: ӨҚС есептеу тәртібі жалпы формула бойынша жүргізіледі. 3-5 милимметр жауын-шашыннан кейін ӨҚС бір бірлікке төмендетіледі. 5 милимметрден көп жауын-шашыннан кейін ӨҚС есептеу қайта басталады (бұл орайда ақ жауын мен тұтас жауын ғана есепке алынады, нөсер жауындар есепке алынбайды).
Алматы және Жетісу облыстары үшін өрт қауіптілігінің сыныбын анықтау (таулы аудандар)
8-кесте |
Ауа райының жағдайлары бойынша ормандардағы өрт қауіптілігін жіктеу
Ормандағы өрт қауіптілігі сыныбы | Кешенді көрсеткіш, миллибарградус | Өрт қауіптілігі дәрежесі | ||
Көктемгі кезең | Жазғы кезең, 10 маусымнан бастап | Күзгі кезең 1 қыркүйектен бастап | ||
I | 0 – 600 | 0 – 1300 | 0 – 300 | Жоқ |
II | 601 – 1300 | 1301 – 3500 | 301 – 1100 | Әлсіз |
III | 1301 – 2650 | 3501 – 7400 | 1101 – 3300 | Орташа |
IV | 2651 – 10000 | 7401 – 10000 | 3301 – 10000 | Жоғары |
V | 10001–ден артық | 10001–ден артық | 10001–ден артық | Төтенше |
Ескертпе: ӨҚС есептеу тәртібі жалпы формула бойынша жүргізіледі. 3-5 милимметр жауын-шашыннан кейін ӨҚС бір бірлікке төмендетіледі. 5 милимметрден көп жауын-шашыннан кейін ӨҚС есептеу қайта басталады (бұл орайда ақ жауын мен тұтас жауын ғана есепке алынады, нөсер жауындар есепке алынбайды).
Қарағанды және Ұлытау облысы үшін өрт қауіптілігінің сыныбын анықтау
9-кесте |
Ауа райының жағдайлары бойынша ормандардағы өрт қауіптілігін жіктеу
Ормандағы өрт қауіптілігі сыныбы | Кешенді көрсеткіш шамасы, миллибарградус | Өрт қауіптілігінің дәрежесі | ||
Көктемгі кезең | Жазғы кезең, 10 маусымнан бастап | Күзгі кезең, 1 қыркүйектен бастап | ||
I | 0 – 150 | 0 – 500 | 0 – 200 | Жоқ |
II | 151 – 450 | 501 – 1000 | 201 – 500 | Әлсіз |
III | 451 – 1000 | 1001 – 3000 | 501 – 1000 | Орташа |
IV | 1001 – 40000 | 3001 – 5500 | 1001 – 4000 | Жоғары |
V | 40001–ден артық | 5501–ден артық | 4001–ден артық | Төтенше |
Ескертпе: ӨҚС есептеу тәртібі жалпы формула бойынша жүргізіледі. 3-5 милимметр жауын-шашыннан кейін ӨҚС бір бірлікке төмендетіледі. 4 милимметрден көп жауын-шашыннан кейін ӨҚС есептеу қайта басталады (бұл орайда ақ жауын мен тұтас жауын ғана есепке алынады, нөсер жауындар есепке алынбайды).
Ормандардағы өрт қауіпсіздігі қағидаларына 4-қосымша |
Орман өрттерін сөндіруге арналған құралдар
1. Ағаш дайындау қызметімен айналысатын орман пайдаланушылардағы орман өрттерін сөндіруге арналған құралдар:
1) алмалы-салмалы цистерналар, соның ішінде көлемі 1500 литр суға арналған қолдан жасалған, резеңке ыдыстар – 1 дана;
2) аспалы тісті дөңгелекті сораптар – 1 дана;
3) өнімділігі минутына 600-800 литр, тасымалданатын өрт сөндіру мотопомпалары – 1 дана;
4) орман соқалары, трактормен топырақ өңдеу құралдары – 1 дана;
5) күрек – 20 дана;
6) балта – 5 дана;
7) тырма – 20 дана:
8) шартылдақ – 20 дана;
9) бензин арасы – 2 дана;
10) арқаға іліп алатын орманда өрт сөндіргіш–бүріккіштер – 5 дана;
11) шелектер, сиымдылығы 12 литр су құятын резеңке ыдыстар – 2 дана;
12) су құюға арналған кружка – 10 дана;
13) алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі–дәрмек қобдишасы – 2 дана.
2. Орман өрттерін сөндіру бекеттеріндегі орман өрттерін сөндіруге арналған құралдар:
1) алмалы-салмалы цистерналар, соның ішінде сыйымдылығы 1500 литр су құюға арналған қолдан жасалған, резеңке ыдыстар – 1 дана;
2) аспалы тісті дөңгелекті сораптар – 1 дана;
3) қысымды өрт сөндіру жеңдері – 100 қума метр, соның ішінде:
Д 51 миллиметр жеңдердің 5 жиынтығы;
4) тасымалданатын радиостансалар (ұйымдастырылған радио байланысы болған жағдайда) – 2 дана;
5) өнімділігі минутына 600–800 литр, тасымалданатын өрт сөндіру мотопомпалары – 1 дана;
6) от жағу аппараттары – 4 дана;
7) НП–1, ұқсас маркалы сулағыштар, көбік түзгіш – 500 килограмм;
8) күрек – 50 дана;
9) балта – 5 дана;
10) кетпен – 20 дана;
11) тырма – 20 дана:
12) шартылдақ – 20 дана;
13) бензин арасы – 1 дана;
14) арқаға іліп алатын орманда өрт сөндіргіш–бүріккіштер – 5 дана;
15) ауыз суға арналған сиымдылығы 10 литр бидондар, канистрлер – 2 дана;
16) алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі–дәрмек қобдишасы – 1 дана;
17) кезекші арнайы киім (етіктер, шалбарлар, кеудеше, қолғаптар), өрт сөндіру командасы тұрақты мүшелерінің санына қарай – жиынтық.
Автомашиналар мен трактор тіркемелері аспалы сораптар орнату үшін жабдықталып, өрт қауіпі бар маусымға өрт сөндіру бекеттеріне бекітіп беріледі. Қалған жабдықтар мен өрт сөндіру құралдары бекетте тұрақты түрде тұрады. Ағаш тасымалдайтын автожолдардың ұзындығы 50 километрден асқан жағдайда (ағаш тасымалданатын қиғаш жолдарды қоса алғанда) алмалы–салмалы цистерналар саны 50 километр жолға бір цистерна есебімен көбейтіледі.
3. Сүрек дайындалатын және жиналатын орындардағы (кеспеағаштар, жоғарғы қоймалар) орман өртін сөндіруге арналған құралдар:
1) күрек – 10 дана;
2) балта – 2 дана;
3) тырма – 2 дана;
4) шартылдақ – 10 дана;
5) бензин арасы – 1 дана;
6) арқаға іліп алатын орманда өрт сөндіргіш–бүріккіштер – 5 дана;
7) шелектер, сиымдылығы 12 литр су құятын резеңке ыдыстар – 2 дана;
8) су құюға арналған кружка – 4 дана.
4. Орман қоры аумағындағы тас, құм, балшық өндіретін орындардағы орман өрттерін сөндіруге арналған құралдар:
1) күрек – 10 дана;
2) балта – 2 дана;
3) кетпен – 2 дана;
4) шартылдақ – 10 дана;
5) бензин арасы – 2 дана;
6) арқаға іліп алатын орманда өрт сөндіргіш–бүріккіштер – 5 дана;
7) ауыз суға арналған сиымдылығы 12 литр бидондар, канистрлар – 5 дана;
8) су құюға арналған кружка – 5 дана;
9) қолғап – 10 жұп;
10) алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі–дәрмек қобдишасы – 1 дана.
5. Орман қоры аумағында жұмыс істеп жатқан мұнай мен газ өндіру кәсіпорындарындағы орман өрттерін сөндіруге арналған құралдар:
1) сиымдылығы 1500 литр суға арналған алмалы-салмалы цистерналар, резеңке ыдыстар – 2 дана (орман өрттерін сөндіретін арнайы автоцистерналар болған жағдайда алмалы–салмалы цистерналардың болуы міндетті емес);
2) аспалы тісті дөңгелекті сораптар – 2 жиынтық;
3) өнімділігі минутына 600-800 литр тасымалданатын өрт сөндіру мотопомпалары – 1 дана;
4) қысымды өрт сөндіру жеңдері – 500 қума метр, соның ішінде: Д 66-77 миллиметр жеңдердің 20 жиынтығы (400 қума метр); Д 51 миллиметр жеңдердің 5 жиынтығы (100 қума метр);
5) бульдозер – 1 дана;
6) аса өтімді қорапты автомашиналар, жол талғамайтын көліктер (адам тасу үшін) – 1 дана;
7) орман соқасы, топырақ өңдеу құралдары – 1 дана;
8) от жағу аппараттары – 5 дана;
9) НП–1, ұқсас маркалы сулағыштар, көбіктүзгіш – 500 килограмм;
10) күрек – 50 дана;
11) балта – 10 дана;
12) кетпен – 20 дана;
13) тырма – 10 дана:
14) шартылдақ – 20 дана;
15) бензин арасы – 5 дана;
16) арқаға іліп алатын орманда от сөндіргіш–бүріккіштер – 10 дана;
17) тасымалданатын радиостансалар (ұйымдастырылған радио байланысы болған жағдайда) – 3 дана;
18) ауыз суға арналған сиымдылығы 10 литр бидондар, канистрлер – 6 дана;
19) кезекші арнайы киім (етіктер, шалбарлар, кеудешелер, қолғаптар), өрт сөндіру командасы тұрақты мүшелерінің санына қарай-жиынтық;
20) алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі-дәрмек қобдишалары –
2 дана.
Учаскенің көлемі 30 мың гектардан асқан жағдайда өрт сөндіру құралдары шоғырланған бекеттер саны әрбір 30 мың гектарға 1 бекет қажет болуы есебімен анықталады. Алмалы-салмалы цистернаға арналған автомашина аспалы тісті дөңгелекті сорап орнатуға лайықталады және өрт қауіпі бар маусым бойына бекетте болады.
6. Орман алқаптары арқылы өтетін тас жолдары бар ұйымдардағы орман өрттерін сөндіруге арналған құралдар (орман өртін сөндіру бекеті):
1) алмалы-салмалы цистерналар, соның ішінде көлемі 1500 литр суға арналған қолдан жасалған, резеңке ыдыстар – 1 дана;
2) аспалы тісті дөңгелекті сораптар – 1 жиынтық;
3) қысымды өрт сөндіру жеңдері – 300 қума метр, соның ішінде: Д 66-77 миллиметр жеңдердің 10 жиынтығы (200 қума метр); Д 51 миллиметр жеңдердің 5 жиынтығы (100 қума метр);
4) от жағу аппараттары – 3 дана;
5) НП-1, ұқсас маркалы сулағыштар, көбік түзгіш – 500 килограмм;
6) күрек – 50 дана;
7) балта – 5 дана;
8) кетпен – 5 дана;
9) тырма – 5 дана:
10) шартылдақ – 10 дана;
11) бензин арасы – 2 дана;
12) арқаға іліп алатын орман өрт сөндіргіш–бүріккіштері – 5 дана;
13) ауыз суға арналған сиымдылығы 10 литр бидондар, канистралар – 2 дана;
14) түтінге қарсы респиратор – 10 дана;
15) қорғаныштық көзілдірік – 10 дана;
16) қолғаптар – 20 жұп;
17) алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі-дәрмек қобдишасы – 2 дана.
Орман өртін сөндіру бекеті тас жолдың әрбір 100 километріне ұйымдастырылады. Өрт қаупі бар маусымда бекет адамдар және аспалы тісті дөңгелекті сораптар орнатуға лайықталған су құйылған цистерналар тасымалдауға арналған автомашинамен қамтамасыз етіледі.
Ормандардағы өрт қауіпсіздігі қағидаларына 5-қосымша |
Орман өрттерін сөндіруге арналған құралдар
Орман қоры жерлерінде жұмыс істейтін желілік объектілердің (мұнай-газ құбырлары, электр, байланыс желілері және тағы басқалар) және ұйымдардың (іздестіру партиялары, жасақтары, экспедициялары, пішен, дәрі-дәрмектік өсімдіктер, техникалық шикізат, жабайы өсетін жемістер, жаңғақтар, саңырауқұлақтар, жидектер және орманның азық өнімдерін дайындау жөніндегі, мал жаюмен, ара ұялары мен омарталар орналастырумен айналысатын бригадалар және басқалар) орман өртін сөндіруге арналған құралдары.
Өрт сөндіру құралдары | Жұмыс істейтіндер саны (дейін) | |||
5 | 6–10 | 11–20 | 21–50 | |
Күрек, дана | 2 | 5 | 10 | 20 |
Балта, дана | 2 | 2 | 2 | 2 |
Кетпен, дана | 1 | 1 | 2 | 5 |
Тырма, дана | 2 | 5 | 10 | |
Шартылдақ, дана | 2 | 4 | 10 | 20 |
Қол ара, бензин арасы, дана | 1 | 1 | 2 | 5 |
Арқаға іліп алатын орманда өрт сөндіргіш–бүріккіштер, дана | 2 | 5 | 5 | |
Суға құюға арналған сиымдылығы 12 литрлік шелектер, резеңке ыдыстар | 2 | 5 | 10 | 20 |
Қолғаптар, жұп | 5 | 10 | 20 | 40 |
Алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі-дәрмек қобдишасы, дана | 1 | 1 | 2 | 2 |
Көрсетілген өрт сөндіру құралдары жекелеген жұмысшылар топтары орналасқан жерлерде шоғырланады. Желілер бойын аралап жүрушілер тұратын жерлерде кестенің соңғы бағанында көрсетілген құрамдағы және мөлшердегі өрт сөндіру құралдары шоғырланады.