Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 26 маусымдағы № 80, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 199 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 14 шілдедегі № 675 бірлескен бұйрығымен бекітілген прокуратура органдарына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке және экономикалық тергеу қызметіне кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеудің және оны өткізу шарттарының, сондай-ақ оларды алғашқы кәсіптік даярлықтан шығару негіздерінің қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2024 жылғы 31 қаңтардағы № 15, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 2024 жылғы 1 ақпандағы № 32 және Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2024 жылғы 1 ақпандағы № 1 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 2 ақпанда № 33966 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 26 маусымдағы № 80, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 199 және Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2020 жылғы 14 шілдедегі № 675 "Прокуратура органдарына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке және экономикалық тергеу қызметіне кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеудің және оны өткізу шарттарының, сондай-ақ оларды алғашқы кәсіптік даярлықтан шығару негіздерінің қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20984 болып тіркелген) бірлескен бұйрығына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      Прокуратура органдарына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке және экономикалық тергеу қызметіне кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеудің және оны өткізу шарттарының, сондай-ақ оларды алғашқы кәсіптік даярлықтан шығару негіздерінің қағидаларында, көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген:

      15-тармақтағы екінші және үшінші бөліктер алынып тасталсын;

      25-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Денсаулық жағдайы бойынша қызмет өткеруге жарамсыз деп танылған, психофизиологиялық сараптаманың теріс нәтижелерін алған кандидат одан әрі іріктеу кезеңдеріне жіберілмейді.";

      келесі мазмұндағы 28-1-тармақпен толықтырылсын:

      "28-1. Емтихан комиссияларының, сондай-ақ апелляциялық комиссияның жұмыс тәртібі мен құрамын қалыптастыру Академия ректорының бұйрығымен анықталады.";

      47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "47. Прокуратура органдарына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке, экономикалық тергеу қызметіне кіретін тыңдаушылар үшін Академияда оқудан өту мерзімі – бес айды құрайды.";

      келесі мазмұндағы 47-1-тармақпен толықтырылсын:

      "47-1. Білім беру процесінің нысаны, тәртібі мен мазмұны Академия ректорының бұйрығымен анықталады.";

      52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "52. Прокуратура органдарына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке, экономикалық тергеу қызметіне кіретін тыңдаушылар үшін тағылымдамадан өту мерзімі – бір айға дейін.";

      59-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "59. Қорытынды емтиханның нысаны, тәртібі мен мазмұны Академия ректорының бұйрығымен анықталады.".

      2. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының қызметін ұйымдастыруға жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасарына, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының орынбасарына, Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасы
А. Жұмағали
     
      Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы
Ж. Элиманов
     
      Қазақстан Республикасы
Бас Прокуроры
Б. Асылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады