"Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 30 маусымдағы № ҚР ДСМ-61 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2024 жылғы 5 ақпандағы № 5 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 6 ақпанда № 33971 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 30 маусымдағы № ҚР ДСМ-61 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28669 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсету қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):

      2-тармақта:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) дәрігерге дейінгі медициналық көмек - орта медицина қызметкерлері өз бетінше немесе денсаулықты насихаттауды, пациенттің жай-күйін бағалауды, дәрігерге дейін диагнозды қоюды, дәрігерге дейінгі араласу жоспарын тағайындауды, дәрігерге дейінгі манипуляциялар мен емшараларды орындауды және науқастарға, сонымен қатар мүгедектігі бар деп танылған адамдарға және хал үсіндегі адамдарға күтім жасауды қамтитын мультипәндік команда құрамында көрсететін медициналық көмек.";

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі – МӘМС) - Қордың активтері есебінен медициналық қызметтерді тұтынушыларға медициналық көмек көрсету жөніндегі құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық шаралар кешені.";

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:

      "9) медициналық куәландыру – жеке тұлғаны оның ауруы болу немесе болмау фактісін анықтау немесе растау, денсаулық жағдайын айқындау мақсатында зерттеп-қарау.";

      3, 4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. ҚАЖ тергеу изоляторлары мен мекемелерінде амбулаториялық, стационарды алмастыратын, стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсету үшін амбулаториялық жағдайларда медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың құрылымдық бөлімшелері құрылады.

      ҚАЖ мекемелерінде стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсету үшін стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың құрылымдық бөлімшелері (соматикалық, психиатриялық және туберкулезге қарсы ауруханалар (бөлімшелер) құрылады.

      4. Дәрігерге дейінгі медициналық көмек "Дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-223/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21721 болып тіркелген) сәйкес қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерде (қоныс-колониясы) орналасқан медициналық пункттерде көрсетіледі.

      МСАК, амбулаториялық жағдайлардағы мамандандырылған медициналық көмек және станционарды алмастыратын көмек дәрігерлік амбулаторияларда (бұдан әрі – дәрігерлік амбулатория) – кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған қауіпсіздігі орташа, қауіпсіздігі барынша жоғары, төтенше қауіпсіз, толық қауіпсіз және аралас қауіпсіз мекемелерде құрылатын ҚАЖ тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының құрылымдық бөлімшелерінде көрсетіледі.

      Стационарды алмастыратын және стационарлық көмек түріндегі мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек сотталғандарға арналған стационарлық көмек көрсететін ұйымдардың мамандандырылған бөлімшелерінде (соматикалық, психиатриялық және туберкулезге қарсы ауруханалар (бөлімшелер)) не аурулар бейіні бойынша стационарлық көмек көрсететін ұйымдарда көрсетіледі.

      5. ҚАЖ тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсету кезінде дәрігерлік амбулаториялар бастапқы медициналық құжаттаманы жүргізеді және "Бастапқы медициналық құжаттаманы жүргізу және есптерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-244/2020 бұйрығына (бұдан әрі –№ ҚР ДСМ-244/2020 бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21761 болып тіркелген) және "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығына (бұдан әрі –№ ҚР ДСМ-175/2020 бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) сәйкес нысандар бойынша есептер ұсынады.";

      6-тармақтың 1), 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) денсаулық жағдайын бағалау, ауруларды уақтылы анықтау, сондай-ақ инфекциялық және паразиттік аурулардың алдын алу мақсатында ҚАЖ тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарды ҚАЖ тергеу изоляторына және мекемесіне келгенде және кеткен кезде, болған кезеңде (жыл сайын) медициналық зерттеп-қарауды;

      2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілген үй-жайларда болу үшін денсаулық жағдайын айқындау мақсатында карантинге, тәртіптік изоляторға, жалғыз адамдық камераға, уақытша оқшаулау үй-жайына жіберілетін және олардан шыққан кезде ҚАЖ тергеу изоляторларында және мекемелерінде ұсталатын адамдарды медициналық қарап-тексеруді;

      3) ТМККК шеңберінде МСАК көрсетуді, оның ішінде;

      ең көп таралған ауруларды диагностикалау, емдеу және басқаруды;

      аурулардың мінез-құлықтық қауіп факторларын ерте анықтау және мониторингтеу және анықталған қауіп факторларын төмендету дағдыларына оқыту;

      иммундауды;

      инфекциялық аурулар ошақтарындағы санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды;";

      6-тармақ мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:

      10) "Психикалық денсаулық саласында медициналық-әлеуметтік көмек көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 25 қарашадағы № ҚР ДСМ-203/2020 бұйрығына (бұдан әрі - № ҚР ДСМ – 203/2020 бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 21680 болып тіркелген) сәйкес психикалық, мінез-құлық бұзылулары (бұдан әрі – ПМБ аурулары) бар пациенттерді динамикалық байқау;";

      7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. ҚАЖ тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдар аумақтық қызмет көрсету аймағында ҚАЖ тергеу изоляторлары мен мекемелері орналасқан және ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсетуге арналған Қормен медициналық қызметтерді сатып алу шарты бар МСАК көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына бекітіледі.

      ҚАЖ тергеу изоляторларында және мекемелерінде ұсталатын ПМБ бар адамдар да аумақтық қызмет көрсету аймағында ҚАЖ тергеу изоляторлары мен мекемелері орналасқан және ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсетуге арналған Қормен медициналық қызметтерді сатып алу шарты бар психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарға (бұдан әрі- ПДСМКҰ) деректерді "Облыстық психикалық денсаулық орталығы" (Заречный кенті №14 мекемесі жанындағы психиатриялық бөлімше) (бұдан әрі – ҚАЖ ОПДО) медициналық ұйымының медициналық ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – МАЖ) "Наркологиялық науқастар тіркеліміне" (бұдан әрі – ННТ) енгізе отырып, бекітіледі.

      Бекіту ҚАЖ тіркеу тергеу изоляторының және мекемесінің басшысы (не оны алмастыратын адам) бекіткен, жеке басын куәландыратын құжаттарды қоса бере отырып, берілген тізімдердің негізінде жүзеге асырылады.

      ҚАЖ тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға уақтылы медициналық көмек көрсету үшін ҚАЖ тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдардың, МСАК көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына келген және кеткен әрбір жағдайы туралы ақпарат жіберіледі.

      8. ҚАЖ тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға ақылы медициналық қызметтер "Денсаулық сақтау субъектілерінің ақылы қызметтер көрсету қағидаларын және ақылы медициналық көрсетілетін қызметтер (көмек) ұсыну жөніндегі шарттың үлгілік нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 29 қазандағы № ҚР ДСМ-170/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21559 болып тіркелген) сәйкес ҚАЖ тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдарда өздерінің бастамасы бойынша, оның ішінде бірінші және екінші деңгейлердегі мамандардың жолдамасынсыз басқа медициналық ұйымдардың мамандарын тарта отырып медициналық көмек көрсетіледі.";

      10-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) кеуде қуысы ағзаларын флюорографиялық (рентгенологиялық) зерттеуден (әрбір 6 айда) өтеді.";

      10-тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) АИТВ-ны анықтауға арналған қанның иммуноферменттік талдауы (бұдан әрі - ИФТ) (тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне келіп түскен кезде қамауға алынған және сотталған адамдарға 6 айдан соң, босатылар алдында, қалауы бойынша тергеу изоляторында немесе қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде ұстау кезеңінде, АИТВ жұқтырған адаммен жыныстық немесе парентералдық қатынаста болған кезде).";

      мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:

      "10-1. Инфекциялық аурудың болуына күдікті адамдар диагноз қойылғанға дейін оқшауланады және бөлек ұсталады.

      Инфекциялық аурудың (күдіктің), паразиттік аурудың, тамақтан уланудың, профилактикалық екпеге әдеттен тыс реакцияның әрбір жағдайына медицина қызметкері "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға инфекциялық аурулар, улану оқиғалары туралы ақпарат (шұғыл хабархат) беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 26 қазандағы № ҚР ДСМ-153/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21532 болып тіркелген) сәйкес шұғыл хабарлама жібереді.";

      13, 14 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Амбулаториялық қабылдауға алдын ала жазылу журналында дәрігер немесе фельдшер диагнозды, жұмыстан немесе нарядтардан босату туралы қорытындыны, дәрігерге қайта келу күнін жазады.

      Амбулаториялық босатылған тұлғалардың тізімін дәрігерлік амбулатория (медициналық бекеттер) күн сайын мекеме бастығының кезекші көмекшісіне береді.

      Нарядтардан және жұмыстан босатуға арналған қорытындыны дәрігер, ал дәрігер болмаған жағдайда "Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 қарашадағы № ҚР ДСМ- 198/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21660 болып тіркелген) сәйкес фельдшер береді.

      14. Медицина қызметкері амбулаториялық қабылдау басталғанға дейін дәрігердің қабылдауына алдын ала жазылу журналында жазылғандардан амбулаториялық пациенттің медициналық карталарын іріктейді. Пациенттерден шағымдарын анықтау үшін қысқаша сұрау жүргізеді, анамнестикалық деректерді жинауды, антропометриялық өлшеулерді (бойы, дене салмағы), артериялық қысымды өлшеуді жүргізеді және МАЖ-ға деректерді енгізе отырып, оларды дәрігерге жіберу кезектілігін анықтайды.

      15. Пациенттің диагнозын белгілеу және саралау және пациентті емдеу тактикасын әзірлеу қиын жағдайларда комиссия қарайды немесе аурулардың (қызметтер) бейіндері бойынша, оның ішінде қашықтықтан медициналық қызметтерді қолдана отырып, денсаулық сақтау субъектілерінің бейінді мамандарына консультацияға жіберіледі. ҚАЖ мекемесінде жоқ арнайы медициналық жабдықта қарап-тексеру (зерттеп-қарау) қажет болған кезде пациент тиісті денсаулық сақтау субъектісіне зерттеп-қарауға жіберіледі.";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Стационарлық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмекті тәулік бойы байқауды және емдеуді талап ететін жай-күйлер емдеуге жатқызу, оның ішінде шұғыл емдеуге жатқызу үшін көрсетілімдер болып табылады.

      ҚАЖ тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарды емдеуге жатқызу "Қазақстан Республикасында стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсету стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 24 наурыздағы № ҚР-ДСМ-27 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27218 болып тіркелген) сәйкес күзет құралдарымен жабдықталған оқшауланған палаталар бөлінген аумақтық медициналық ұйымдарда жүзеге асырылады.

      Пациентті ҚАЖ мекемесінен шұғыл әкету кезінде әкету қажеттілігі туралы шешім қабылдаған медицина қызметкері алдын ала диагнозды және өзінің деректерін (ұйымның атауы, лауазымы, тегі) көрсете отырып, қарауылдың посттық ведомосына жазба жүргізеді.";

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. ҚАЖ тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық қамтамасыз ету көрсететін медициналық ұйымның басшысы тиісті төсектердің және олардың тиімді пайдаланылуын жүзеге асырады.";

      31, 32, 33, 34, 35, 36, 37 және 38-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Пациентке консультациялар өткізу үшін медициналық ұйымдардың дәрігерлері тартылады, сонымен қатар қашықтықтан медициналық қызметтерді қолдана отырып жүргізіледі. Бейінді мамандардың жоспарлы консультациялары график бойынша жүзеге асырылады.

      32. Хирургиялық араласу, қанды, оның компоненттерін құю және диагностиканың инвазиялық әдістерін қолдану пациенттің жазбаша келісімімен қолданылады.

      Сот әрекетке қабілетсіз деп таныған, психикасының, ПМБ зардап шегетін пациенттерге хирургиялық араласу, қан құю, диагностиканың инвазиялық әдістері олардың заңды өкілдерінің жазбаша келісімімен жүргізіледі.

      Хирургиялық араласуды, қан мен оның компоненттерін құюды, диагностиканың инвазиялық әдістерін орындауды кешіктіру пациенттің өміріне қауіп төндіретін, ал пациенттің немесе оның заңды өкілдерінің келісімін алу мүмкін болмаған жағдайларда, шешімді дәрігер немесе консилиум қабылдап, пациентті немесе оның заңды өкілдерін қабылданған шаралар туралы кейіннен хабардар етеді.

      33. Стационарлық жағдайда мамандандырылған медициналық көмекті көп бейінді ауруханалар дәрігерлік амбулатория немесе ҚАЖ мекемелерінің жанындағы медициналық пункт мамандарының жолдамасы бойынша көрсетеді.

      Қажет болған жағдайда ПМБ бар науқастарды мамандандырылған стационарлық емдеу көрсетілімдер бойынша өңірлік ПДСМКҰ-ға және ҚАЖ ОПДО-ға стационарлық емдеуге жіберіледі.

      Психикалық, мінез-құлықтық бұзылуларынан зардап шегетін пациенттерді ҚАЖ ОПДО жағдайларда емдеуге жіберген кезде ҚАЖ тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымның басшысы ДКК (телемедицина арқылы ПДСМКҰ мен ҚАЖ ОПДО-ның қатысуымен) қарағаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мекеме басшысының атына стационарлық емдеуге өтінім жібереді.

      34. Өтініммен бір мезгілде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пациенттің медициналық құжаттамасынан барлық қосарласқан ауруларды көрсете отырып және ҚАЖ тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға стационарлық жағдайларда емдеу қажеттілігі туралы медициналық көмек көрсететін медициналық ұйым басшысының не оның орнындағы адамның қорытындысымен толық үзінді эпикриз жіберіледі. Қорытындыда аурудың бар екендігін куәландыратын анамнез және клиникалық деректер көрсетіледі.

      ПМБ бар пациенттерді жіберген кезде ПДСМКҰ психиатр дәрігерінің стационарлық жағдайларда емделу қажеттігі туралы қорытындысы, ПДСМКҰ бұрын пациенттің қарап-тексерілгені, бұрын амбулаториялық немесе стационариялық сот психиатриялық сараптауынан өткендігі туралы мәліметтер қосымша жіберіледі.

      Осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша (Кодекстің 137-бабында айқындалған жағдайлардан басқа) емдеуге жатқызуға пациенттің келісімі (қолхаты) қажет.

      Емдеуге жатқызудан бас тартқан жағдайда пациенттен ауру тарихында немесе амбулаториялық пациенттің медициналық картасында сақталатын ҚАЖ тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсететін медициналық ұйым басшысының не оны алмастыратын адамның атына бас тарту туралы өтініш алынады. Егер пациент өзінің жай-күйіне байланысты өзінің жай-күйін дұрыс бағалай алмаса, емдеуге жатқызу медициналық көрсетілімдер бойынша жүзеге асырылады.

      35. ПМБ бар пациентті, туберкулездің белсенді түрімен ауыратын науқастарды стационарлық жағдайларда емдеуге жіберген кезде олармен бір мезгілде амбулаториялық пациенттің міндетті медициналық картасы бар жеке істер жіберіледі.

      ПМБ бар, стационарлық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмекке мұқтаж, белсенді туберкулез анықталған пациенттер психиатриялық аурухананың инфекциялық изоляторында емделу курсынан өтеді, онда олар бір мезгілде туберкулезге қарсы ем жүргізеді. Психикалық бұзылулардың симптомдары жойылғаннан кейін пациент емдеуді жалғастыру үшін фтизиопульмонология орталығына ауыстырылады.

      36. Пациенттерді сотталғандарға арналған медициналық ұйымдарға емдеуге тасымалдау оны тасымалдау мүмкіндігі болған кезде жүзеге асырылады.

      Медицина қызметкерінің алып жүру қажеттілігін ҚАЖ тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымның басшысы не оны алмастыратын адам айқындайды.

      ПМБ бар адамдарды, алты айдан астам жүктілігі бар әйелдерді ҚАЖ тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымның медицина қызметкері алып жүреді.";

      37. Пациенттер мынадай:

      1) ҚАЖ тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсететін медициналық ұйым басшысының не оны алмастыратын адамның стационарлық жағдайларда емдеу қажеттілігі туралы шешімдері;

      2) психиатр дәрігердің (бейінді маманның) ПДСМКҰ-да зерттеп-қарау және емдеу жүргізу қажеттігі туралы ұсынымдары;

      3) ҚАЖ мекемесі бастығының рұқсаты бар болған кезде стационарлық жағдайда емдеуге орналастырылады.

      38. Медициналық ұйымдарға емдеуге жатқызылған пациенттерді шығару Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 1122 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14619 болып тіркелген) бекітілген күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталғандарды айдауылдау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.";

      43 және 44 -тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "43. ҚАЖ тергеу изоляторына және мекемесіне түскен адамдар дене жарақаттарының бар-жоғына қарап-тексеріледі. ҚАЖ тергеу изоляторына және мекемесіне түсетін адамдар келген сәттен бастап 24 сағаттың ішінде дене жарақаттарының, оның ішінде өзіне қандай да бір дене жарақатын қасақана келтірудің (дене мүшесiн зақымдау) бар-жоғына қарап - тексеріледі

      "44. Мекемелер карантинге келген кезде және одан шыққан кезде, сондай-ақ тәртіптік үй-жайларға қамалған және олардан босатылған кезде дене жарақаттарының (өндірістік жарақаттар, жазатайым оқиғалар, ұрып-соғу, азаптау, кесу салдарынан) бар-жоғын медициналық куәландырудың әрбір фактісі туралы медицина қызметкері ҚАЖ тергеу изоляторының және мекемесінің басшысына (бастығына) не оны алмастыратын адамға, олар қызметте болмаған жағдайда, тергеу изоляторы (мекемесі) бастығының кезекші көмекшісіне, №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрықпен бекітілген № 034/е "Хабарлама" нысаны бойынша кезекші прокурорды бір мезгілде хабардар ете отырып, хабарлайды.";

      45-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) барлық цехтарды, дербес учаскелерді, шеберханалар мен объектілерді ҚАЖ басшысының бақылауымен жұмыс беруші алғашқы көмек қобдишаларымен жабдықтайды;

      2) алғашқы көмек көрсету үшін "Алғашқы көмекті медициналық білімі жоқ, оның ішінде тиісті даярлықтан өткен адамдардың көрсету қағидаларын және Алғашқы көмекті көрсету стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-269/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21814 болып тіркелген) тиісті даярлықтан өткен, алғашқы көмек көрсету дағдыларына оқытылған ҚАЖ тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдардың бірі бөлінеді;";

      45-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;

      46 және 47 - тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "46. Жедел медициналық жәрдем көрсету үшін оған мұқтаж адам дәрігерлік амбулаторияға шығарылады. Медициналық көрсетілімдерді ескере отырып, медицина қызметкері тиісті тағайындауларды жүргізеді.

      Жедел медициналық жәрдем жіті аурулар және өмірге қауіп төндіретін жағдайлар кезінде шұғыл және кезек күттірмейтін нысанда көрсетіледі.

      Шұғыл және кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету үшін тәуліктің кез келген уақытында дәрігерлік амбулаторияның емшара және таңу (операциялық) бөлмелері жіті жағдайларда жедел және шұғыл медициналық көмек көрсету үшін дәрілік препараттармен, стерильді хирургиялық құрал-саймандармен, бір рет қолданылатын шприцтермен, стерильді таңу материалдарымен қамтамасыз етіледі.

      Шұғыл жағдайларда, пациенттің өміріне қауіп төнген кезде, жедел медициналық жәрдем бригадасы ұзақ уақыт болмаған немесе келу мүмкін болмаған кезде кезекші пациентті жақын маңдағы медициналық ұйымға жедел жеткізуге шаралар қабылдайды. Барлық шақырулар міндетті түрде осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ҚАЖ тергеу изоляторлары мен мекемелеріндегі медициналық ұйымдарға шақыру журналында тіркеледі.";

      47. ҚАЖ мекемесінде қауіпті инфекциялық аурудың болуына күдікті пациенттер, сондай-ақ ҚАЖ тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын, жедел медициналық көмекке мұқтаж адамдар анықталған кезде медицина қызметкері (ол болмаған кезде кезекші) жедел медициналық жәрдем бригадасын дереу шақырады. Медицина қызметкері "Аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 12 қарашадағы № ҚР ДСМ-114 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25151 болып тіркелген) сәйкес шұғыл хабарлама жібереді.";

      49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "49. ҚАЖ тергеу изоляторы мен мекемесінде ұсталатын адамдарға медициналық зерттеп-қарау жүргізу алдында дәрігер қамауға алынғанға дейін - сот психиатриялық сараптамаға жіберілген немесе одан өткен ПДСМКҰ-да динамикалық байқауда тұрған адамдарды анықтау мәніне жеке іс материалдарымен және медициналық құжаттамамен танысады.

      ПДСМКҰ-дан (бұрынғы тұрғылықты жері бойынша) амбулаториялық және/немесе стационарлық пациенттің медициналық карталарынан үзінділер және осы сараптама жүргізілген мекемелерден сот-психиатриялық сараптамалар актілерінің көшірмелері сұратылады.

      Зерттеп-қаралатын адамда ПМБ болуын немесе болмауын анықтау психиатр дәрігердің ерекше құзыреті болып табылады.

      ПМБ диагнозын тек психиатр дәрігер белгілейді. Динамикалық байқауға қою және диспансерлік байқаудан шығару ПДСМКҰ ДКК-нің комиссиялық шешімімен ғана жүзеге асырылады.

      ПМБ бар адамдарды динамикалық байқау, динамикалық байқауды тоқтату тәртібі № ҚР ДСМ-203/2020 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.";

      50-тармақ алып тасталсын;

      52 және 53 - тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "52. Динамикалық байқауға алынған әрбір пациентке, сондай-ақ сот ПМБ бойынша, оның ішінде ақыл-есінің дұрыстығы жоққа шығарылмайтын психикаға белсенді әсер ететін заттарды (бұдан әрі – ПБЗ) пайдалану салдарынан мәжбүрлеп амбулаториялық байқау мен емдеуді айқындаған адамдарға № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген № 052/е "Амбулаториялық пациенттің медициналық картасы" нысаны бойынша амбулаториялық пациенттің медициналық картасы (бұдан әрі – № 052е амбулаториялық пациенттің медициналық картасы) толтырылады.

      ҚАЖ тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамды ҚАЖ басқа мекемесіне ауыстыру кезінде амбулаториялық пациенттің медициналық картасы жеке іс материалдарына қоса тіркеледі.

      53. ПМБ бар пациентті емдеу ҚАЖ тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымның амбулаториялық немесе стационарлық жағдайларында және ПДСМКҰ жүзеге асырылады.

      Сот-психиатриялық сараптама тағайындалған адамдарға психикасының бұзылуына байланысты емдеу іс-шаралары тек жіті психотикалық жай-күйі, құрысу ұстамалары және ауыр декомпенсациялар болған жағдайда ғана жүзеге асырылады.

      Айқын психикалық жай-күйдегі адамдарға емдеу іс-шаралары ҚАЖ тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымның стационарында оларды міндетті түрде оқшаулай отырып жүзеге асырылады және ҚАЖ мекемесінің психиатр дәрігері күн сайын қарап-тексереді.

      Психиатр дәрігер болмаған жағдайда емдеу іс-шараларын ҚАЖ тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымның басшысы не оны алмастыратын адам немесе ПДСМКҰ психиатр дәрігерінің ұсынымдары бойынша терапевт дәрігер жүзеге асырады. Қарап-тексеру нәтижелері стационарлық пациенттің медициналық картасына енгізіледі.

      Пациентті стационардан шығару кезінде егжей-тегжейлі эпикриз жасалады, ол психикалық (наркологиялық) пациентті байқау картасына көшіріледі.";

      мынадай мазмұндағы 53-1-тармақпен толықтырылсын:

      "53-1. ПМБ-дан зардап шегетін науқастарға мамандандырылған амбулаториялық медициналық көмекті пациентті ұстау орны бойынша медициналық ұйымдарда ПДСМКҰ психиатр дәрігерлері жүзеге асырады.

      Мамандандырылған стационарлық емдеу қажет болған кезде ПМБ бар науқастар стационарлық емделуге өңірлік ПДСМКҰ-ға және/немесе ҚАЖ ОПДО-ға жіберіледі.

      ПМБ-дан зардап шешегтін науқастарды ҚАЖ ОПДО жағдайында емдеуге жіберу тәртібі осы Қағидалардың 33, 34, 35-тармақтарына сәйкес жүргізіледі.";

      54 және 55- тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "54. Ұзақ уақыт тоқтамайтын, жіті психотикалық жай-күйі және аурудың жиі декомпенсациясы бар адамдарға стационарлық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек ҚАЖ ОПДО-да немесе ПДСМКҰ-да көрсетіледі.

      Науқас жіті күйден шыққанға дейін оған жазбалар күн сайын, одан әрі – 3 (үш) күнде кемінде 1 (бір) рет жүргізіледі. Пациент стационарда ұзақ болған кезде әрбір 3 (үш) айда кезеңдік эпикриз жасалады. Пациентті медициналық ұйымнан (бөлімшеден) шығару кезінде оны амбулаториялық бақылау және емдеу мәселелері бойынша міндетті медициналық ұсынымдармен толық қорытынды эпикриз жасалады.

      55. Сотталған адамды ауруына байланысты жазасын өтеуден босату туралы мәселені шешу кезінде пациенттерді стационарда тереңдетілген және жан-жақты зерттеп-қарау міндетті болып табылады. Психиатриялық куәландыруды №ҚР ДСМ-203/2020 бұйрыққа сәйкес ПДСМКҰ және ҚАЖ ОПДО-ның дәрігерлерінен тұратын дәрігерлік комиссия жүргізеді. Комиссияның құрамына кемінде екі психиатр дәрігер енгізіледі.

      Пациенттердің осы санаты стационарлық ем аяқталғаннан кейін ұстау орнына қайтады және бұрынғы ұстау орны бойынша қайтарылмайтын, бірақ сот органдарының түпкілікті шешіміне дейін ҚАЖ ОПДО болатын ҚАЖ ОПДО-да ем алатын науқастарды қоспағанда ҚАЖ тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдарда және ПДСМКҰ-да медициналық байқауда болады.

      ҚАЖ тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адам босатылған және оған соттың шешімі бойынша медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қатаң немесе күшейтілген бақылаумен ауруханада қолданған кезде, ол Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында көзделген емдеуге жіберіледі.";

      мынадай мазмұндағы 55-1-тармақпен толықтырылсын:

      "55-1. ПБЗ қолданудың салдарынан ПМБ бар пациентті емдеуді амбулаториялық немесе стационарлық жағдайларда ПДСМКҰ мамандары жүзеге асырады. Сот-психиатриялық сараптама тағайындалған адамдарға психикалық бұзылуларға байланысты емдеу шаралары жедел психотикалық жай-күйі, ұстамалар мен ауыр декомпенсациялар болған кезде ғана жүзеге асырылады.

      Есі дұрыс емес деп танылған адамдарға емдеу іс-шаралары ПДСМКҰ стационарында жүзеге асырылады.

      Қарап-тексеру нәтижелері № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрыққа сәйкес стационарлық пациенттің медициналық құжаттамасына және МАЖ-ға енгізіледі. Пациент ауруханадан шыққан кезде егжей-тегжейлі эпикриз жасалады, ол амбулаториялық науқастың медициналық картасына көшіріледі.";

      56 және 57-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "56. ПБЗ қолданудың салдарынан ПМБ бар адамдарды мәжбүрлеп емдеуді сот шешімінің негізінде ҚАЖ тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымның амбулаториялық жағдайларында ПДСМКҰ психиатр нарколог дәрігері жүргізеді. "Қазақстан Республикасының халқына психикалық денсаулық саласында медициналық-әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-224/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21712 болып тіркелген) сәйкес медициналық көрсетілімдер бойынша ПДСМКҰ-да ҚАЖ тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға көрсетілетін медициналық ұйымда стационарлық жағдайда емдеу жүргізіледі.

      57. ҚАЖ мекемесіне түскен кезде ПБЗ қолданудың салдарынан мәжбүрлеп емдеу айқындалған адамдарды психиатр нарколог дәрігер қарап-тексереді, ол алғашқы әңгімелесу кезінде пациентті амбулаториялық жағдайларда мәжбүрлеп емдеуді ұйымдастыру мен жүргізудің негізгі ережелерімен таныстырады.

      Бұл сотталғандар динамикалық байқауға қойылады. Әрбір сотталған адамға № 052/е нысан бойынша амбулаториялық пациенттің медициналық картасы ресімделеді.

      Емдеу диагностикалау мен емдеудің клиникалық хаттамаларына және №ҚР ДСМ-224/2020 бұйрыққа сәйкес жүргізіледі.

      ПБЗ қолданудың салдарынан ПМБ бар адамдарды белсенді емдеу курсы аяқталғаннан кейін қолдаушы ем тағайындалады.";

      61, 62, 63 және 64-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "61. ҚАЖ тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын, адамның ағзасында ПБЗ-ны қолданудың салдарынан ПМБ мәжбүрлеп емдеуге жатпайтын есірткі заттары анықталған жағдайда, оған ерікті түрде терапия курсынан өту ұсынылады.

      ҚАЖ тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымның басшысынан не оны алмастыратын адамнан, психиатр дәрігерден (наркологтан) және терапевт дәрігерден тұратын медициналық комиссия ерікті емделуден бас тартқан кезде қорытынды шығарады, соның негізінде ҚАЖ мекемесінің әкімшілігі сотқа медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы өтініш жасайды.

      62. Мәжбүрлеп емдеуді тоқтатуды ҚАЖ мекемесі әкімшілігінің ұсынуы бойынша сот жүргізеді. ПБЗ-ны қолданудың салдарынан ПМБ бар адамдарды мәжбүрлеп емдеу ұзақтығы Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 26-бабына және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 96-бабына сәйкес айқындалады.

      Рецедивтік ауруы болмаған және емдеу курсы бұзылған кезде медициналық комиссия мәселені шешу үшін мәжбүрлеп емдеуді тоқтату туралы сотқа материалдар дайындайды.

      Мәжбүрлеп емдеуді тоқтату туралы мәселені шешу үшін медициналық комиссияның қорытындысы негіз болып табылады.

      Сот мәжбүрлеп емдеуді алып тастағаннан кейін ПБЗ-ны қолданудың салдарынан ПМБ бар адамдар динамикалық байқау, сондай-ақ № ҚР ДСМ-203/2020 бұйрықпен бекітілген Психикасының, мінез-құлықтық бұзылулары (аурулары) бар адамдарды динамикалық байқауды тоқтату қағидаларына сәйкес динамикалық байқауда болады.

      63. ПБЗ-ны қолданудың салдарынан ПМБ мәжбүрлеп емдеуден өткен сотталғандарды жазасын өтеуден босатудың барлық жағдайларында ҚАЖ тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсететін медициналық ұйым босатылғанға дейін бір ай бұрын мерзімінің аяқталуы бойынша және босатылғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде өзге де негіздер бойынша (шартты түрде мерзімінен бұрын босату, жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл түрімен ауыстыру, рақымшылық жасау актісі, босатылған адамның тұрғылықты жері бойынша денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органының медициналық ұйымдарына ПБЗ қолданудың салдарынан ПМБ адамның амбулаториялық картасынан жүргізілген емнің нәтижесі туралы үзінді көшірме жібереді.

      64. Мекемеде ұсталатын адамның қандай да бір масаңдық белгілерінің болуына күдік туған кезде ПБЗ-ны қолдану фактісін және масаңдық жағдайын анықтау үшін № ҚР ДСМ-203/2020 бұйрыққа сәйкес медициналық куәландыру жүргізіледі.";

      68 және 69-тармақтар алып тасталсын;

      72-тармақ алып тасталсын;

      76-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "76. Барлық кәмелетке толмаған сотталғандар карантинде болған уақытта дәрігер психиатрдың (наркологтың) консультациясына жатады.

      Сотталған кәмелетке толмағандармен жұмыс психиатр дәрігер (нарколог) психологпен тығыз қарым-қатынаста жүргізіледі. Олар кәмелетке толмағандар арасында салауатты өмір салтын, ПБЗ-ны қолданудың зиянды салдарын және оның профилактикалық жолдарын насихаттау бойынша кешенді іс-шаралар ұйымдастырады.";

      90-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "90. ҚАЖ тергеу изоляторы мен мекемесінде тамақтан бас тартқан адам мүмкіндігінше басқалардан бөлек ұсталады (ҚАЖ тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымның стационарында денсаулық жағдайына қауіп төнген кезде) және күнделікті медициналық құжаттамада денсаулық жағдайы туралы жазба жасайтын медицина қызметкерінің бақылауында болады. Егер тамақ ішуден бас тартқан адамның денсаулығына, егер оның өміріне қауіп төнсе, оның денсаулығын сақтауға бағытталған шаралар дәрігердің жазбаша қорытындысы негізінде және медицина қызметкерінің қатысуымен (мәжбүрлеп тамақтандыруды қоспағанда) жүзеге асырылады.

      Тамақ ішуден бас тартқан адамның өміріне қауіп төнсе, оның денсаулығын сақтауға бағытталған шаралар, оның ішінде мәжбүрлеу сипатындағы шаралар дәрігердің жазбаша қорытындысы негізінде және медицина қызметкерінің қатысуымен (мәжбүрлеп тамақтандыруды қоспағанда) жүзеге асырылады.";

      көрсетілген бұйрыққа 2 және 3-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушы
А. Ғиният

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Бас прокуратурасы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушы
2024 жылғы 5 ақпандағы
№ 5 бұйрығына
1-қосымша

  Қылмыстық-атқару
(пенитенциарлық)
жүйесінің тергеу изоляторлары
мен мекемелерінде ұсталатын
адамдарға медициналық көмек
көрсету қағидаларына
2-қосымша

ҚАЖ комитетінің № мекеме бастығына

      Атағы ______________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) _____________________________

      Рұқсатқа өтінім (наряд)

      Сізден _________сотталған тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) ____________

      туған жылы, бабы, мерзімі Сізден ҚАЖ-дың тергеу изоляторлары мен мекемелерінде

      ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымға

      стационарлық жағдайда емделуге жіберуіңізді сұраймын.

      Қосымша: __________парақта.

      Медициналық ұйымның басшысы/психиатр дәрігері

      ______________________________________________________________

      атағы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Қолы

      Орындаушы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Телефон

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушы
2024 жылғы 5 ақпандағы
№ 5 бұйрығына
2-қосымша

  Қылмыстық-атқару
(пенитенциарлық)
жүйесінің тергеу изоляторлары
мен мекемелерінде ұсталатын
адамдарға медициналық көмек
көрсету қағидаларына
3-қосымша

Денсаулық жағдайы туралы анықтама

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      __________________________________________________________________________

      туған жылы ______________________________________________________________

      Жасақ ___________________________________________________________________

      Диагноз: __________________________________________________________________

      Еңбекке қабілеттілік туралы қорытынды

      __________________________________________________________________________

      (еңбекке жарамды, еңбекке жарамсыз)

      қауіпсіздігі барынша төмен мекемелеріне, тәртіптік изоляторға, жалғыз адамдық

      камераға жіберіледі (қажеттісінің астын сызу керек)

      _________________________________________________________________________

      (болады, болмайды)

      20 ___ жылғы "____" _______________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (анықтама берген медицина қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты) (бар болған жағдайда)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады