Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 6 ақпандағы № 10 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 7 ақпанда № 33976 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Бағалы қағаздар нарығын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.

      2. Бағалы қағаздар нарығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің
Басқармасының
2024 жылғы 6 ақпандағы
№ 10 Қаулыға
қосымша

Бағалы қағаздар нарығын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. "Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 10 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9248 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаларында:

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Шарт жасасқан кезде клиент инвестициялық портфельді басқарушыға мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) клиент-жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі не цифрлық құжаттар сервисінен (идентификаттау үшін) электрондық құжат;

      2) заңды тұлға - клиенттер (Қазақстан Республикасының резиденттері) үшін:

      жарғының (бар болса), заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың көшірмелері;

      қол қою (оның ішінде заңды тұлғаның клиенттің атынан шартқа өзгерістер мен толықтыруларға, активтерді инвестициялық басқаруға қабылдау-өткізу актілеріне және клиент пен инвестициялық портфельді басқарушының өзара іс-әрекеті барысындағы құжаттарға қол қою құқығы бар өкілдерінің) үлгілері бар нотариат куәландырған құжат;

      3) заңды тұлға - клиенттер (Қазақстан Республикасының бейрезиденттері) үшін:

      жарғының көшірмесі (бар болса);

      Қазақстан Республикасының бейрезиденті мемлекетінің уәкілетті органы берген заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

      қол қою (оның ішінде заңды тұлғаның шартқа өзгерістер мен толықтыруларға, активтерді инвестициялық басқаруға қабылдау-өткізу актілеріне және клиент пен инвестициялық портфельді басқарушының өзара іс-әрекеті барысындағы құжаттарға қол қою құқығы бар өкілдерінің) үлгілері бар құжат;

      заңды тұлғаның шарт жасасатын және (немесе) іс-әрекеттерді жүзеге асыратын өкіліне қатысты заңды тұлғаның уәкілетті органының сенімхаты немесе шешімі;

      инвестициялық портфельді басқарушының ішкі құжаттарында көзделген құжаттар.

      Клиент Қағидалардың осы тармағының 3) тармақшасында көрсетілген құжаттарды қазақ және (немесе) орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аудармасымен ұсынады.";

      40-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "40-1. Инвестициялық портфельді басқарушы зейнетақы активтеріне инвестициялайтын зейнетақы активтерін есепке алу және қаржы құралдарын бағалау тәртібі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32997 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 26 маусымдағы № 58 қаулысымен бекітілген Зейнетақы активтерін есепке алу мен бағалауды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.";

      41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "41. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтын-валюта активтерін және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық басқаруға берілген активтерін есепке алу мен сақтауды қоспағанда, инвестициялық портфельді басқарушының клиенттеріне тиесілі ақшаны есепке алу және сақтау инвестициялық портфельді басқарушы өзімен үлестес емес, бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар банктерде ашқан банк шоттарында немесе Бағалы қағаздар рыногы туралы заңда белгіленген жағдайларда шетелдік қадағалау органы берген осыған ұқсас лицензиясы бар шетелдік есеп айырысу ұйымдарында жүзеге асырылады.".

      2. "Эмиссиялық бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді, эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі эмитенттердің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын беруді орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде тіркеу, орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде және (немесе) номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде тіркелген тұлғаның жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының номиналды ұстауындағы бағалы қағаздары бар клиенттер туралы ақпаратты орталық депозитарийдің және эмитенттің талап етуі бойынша табыс ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 22 қазандағы № 210 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9876 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Эмиссиялық бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді, эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі эмитенттердің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын беруді номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде және бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімі жүйесінде тіркеу, орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде және (немесе) номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде тіркелген тұлғаның жеке шотынан үзінді- көшірмені беру және номиналды ұстаушының номиналды ұстауындағы бағалы қағаздары бар клиенттер туралы ақпаратты орталық депозитарийдің және эмитенттің талап етуі бойынша табыс ету қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Эмиссиялық бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді, эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі эмитенттердің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын беруді номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде және бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімі жүйесінде тіркеу, орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде және (немесе) номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде тіркелген тұлғаның жеке шотынан үзінді- көшірмені беру және номиналды ұстаушының номиналды ұстауындағы бағалы қағаздары бар клиенттер туралы ақпаратты орталық депозитарийдің және эмитенттің талап етуі бойынша табыс ету қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Эмиссиялық бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді, эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі эмитенттердің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын беруді орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде тіркеу, орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде және (немесе) номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде тіркелген тұлғаның жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының номиналды ұстауындағы бағалы қағаздары бар клиенттер туралы ақпаратты орталық депозитарийдің және эмитенттің талап етуі бойынша табыс ету қағидаларында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Эмиссиялық бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді, эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі эмитенттердің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын беруді номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде және бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімі жүйесінде тіркеу, орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде және (немесе) номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде тіркелген тұлғаның жеке шотынан үзінді- көшірмені беру және номиналды ұстаушының номиналды ұстауындағы бағалы қағаздары бар клиенттер туралы ақпаратты орталық депозитарийдің және эмитенттің талап етуі бойынша табыс ету қағидалары";

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Эмиссиялық бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді, эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі эмитенттердің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын беруді номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде және бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімі жүйесінде тіркеу, орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде және (немесе) номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде тіркелген тұлғаның жеке шотынан үзінді- көшірмені беру және номиналды ұстаушының номиналды ұстауындағы бағалы қағаздары бар клиенттер туралы ақпаратты орталық депозитарийдің және эмитенттің талап етуі бойынша табыс ету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" (бұдан әрі - Бағалы қағаздар рыногы туралы заң), "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және эмиссиялық бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді тіркеу, номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде және бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесінде эмитенттердің эмиссиялық бағалы қағаздары бойынша міндеттемелері жөнінде талап ету құқықтарын басқаға беру тәртібін және орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде және (немесе) номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде тіркелген тұлғаның жеке шотынан үзінді- көшірме беру тәртібін, сондай-ақ, орталық депозитарийдің және эмитенттің талап етуі бойынша номиналды ұстаушыларға бағалы қағаздары оның номиналды ұстауындағы клиенттер туралы ақпаратты беру тәртібін белгілейді.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Эмиссиялық бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді тіркеу, эмитенттердің номиналды ұстауды есепке алу жүйесіндегі және бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімі жүйесіндегі эмиссиялық бағалы қағаздары бойынша міндеттемелері жөнінде талап ету құқықтарын басқаға беру тәртібі. Орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде және (немесе) номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде тіркелген тұлғаның жеке шотынан үзінді- көшірме беру тәртібі";

      22-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22-1. Кастодианның есепке алу жүйесінде зейнетақы активтерін есепке алу Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32997 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2023 жылғы 26 маусымдағы № 58 қаулысымен бекітілген Зейнетақы активтерін есепке алуды және бағалауды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.";

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Номиналды ұстаушы бұйрықтың орындалмау себептерін көрсете отырып, Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып жазбаша түрде немесе электрондық құжат нысанында бас тартуды мынадай:

      1) бұйрықтардағы қолтаңбалардың нотариатта куәландырылған үлгілерге сәйкес келмеген;

      2) операцияны жасауға бұйрықты алған күннен кейін күнтізбелік 2 (екі) күн ішінде қарсы бұйрықты ұсынбаған;

      3) бұйрықтар деректемелерінің Қағидаларда белгіленген деректемелерге немесе жеке шоттың (қосалқы шоттың) деректемелеріне сәйкес келмеген;

      4) бағалы қағаздардың (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелер бойынша талап ету құқығы) және (немесе) клиенттердің шоттарында (қосалқы шоттарында) ақшаның қажетті саны болмаған;

      5) мәміле мазмұнының Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес келмеуі;

      6) клиент мәмілені тіркеу үшін белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда уәкілетті орган ірі қатысушы мәртебесін иеленуге берген келісімді растайтын құжатты ұсынбаған;

      7) тиісінше мемлекеттік органдардың не соттың бағалы қағаздардың айналысқа жіберілуін тоқтата тұру және тоқтату туралы шешімі болған;

      8) "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Атқарушылық іс жүргізу туралы заң) 65-бабының 6-1-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, бұйрықта көрсетілген бағалы қағаздар және (немесе) жеке шот (қосалқы шот) оқшауланған;

      9) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Банктер туралы заң) сәйкес банктердің біреуіне қатысты қайта құрылымдау жүргізілген банктер біріктіру нысанында қайта ұйымдастырылған кезде тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан (шоттарына) (қосалқы шоттарынан (қосалқы шоттарына) бағалы қағаздарды есептен шығару (есепке жазу) операцияларын жүргізуді қоспағанда, бұйрықта көрсетілген бағалы қағаздарға (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқығына) ауыртпалық салынған;

      10) бұйрық қабылданған сәтте және (немесе) осы бұйрықтың қолданылу кезеңінде клиенттің жеке басын куәландыратын құжаттың қолданылу мерзімі өткен;

      11) номиналды ұстаушының ішкі құжатында көзделген жағдайларда рәсімдейді.";

      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Орталық депозитарийден айналыстағы мерзімі өткен және эмитент оларды өтеу бойынша міндеттемелерді орындамаған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша эмитент жіберген дефолт туралы, осындай эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі эмитенттің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарына берілген сәйкестендіргіш туралы және айналыстағы мерзімі өткен эмиссиялық бағалы қағаздарды депоненттердің және олардың клиенттерінің қосалқы шоттарынан есептен шығару және эмитенттің осындай эмиссиялық бағалы қағаздары бойынша міндеттемелері жөніндегі талап ету құқығын есепке жатқызу бойынша номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде және бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесінде жүргізілген операциялар туралы хабарлама алғаннан кейін номиналды ұстаушы бір жұмыс күні ішінде айналыстағы мерзімі өткен (номиналды ұстаушының есепке алу жүйесінде Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасына сәйкес осындай құқығы бар мемлекеттік органдардың актілері негізінде оқшаулау операциясын жүргізген эмиссиялық бағалы қағаздарды қоспағанда) эмиссиялық бағалы қағаздарды есептен шығару және осы бағалы қағаздар бойынша туындаған міндеттемелерді (ауыртпалық салу, сенімгерлік басқару) сақтай отырып, мұндай эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша талап ету құқығын есепке жатқызу бойынша өз клиенттерінің қосалқы шоттары бойынша ұқсас операцияларды жүргізеді.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген барлық операцияны жүргізген күннен кейін күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде номиналды ұстаушы эмитентке, сенімгерлік басқарушыларға, сондай-ақ айналыстағы мерзімі өткен және эмитент оларды өтеу бойынша міндеттемелерді орындамаған бағалы қағаздардың ауыртпалығы пайдасына жүзеге асырылған тұлғаларға хабарлама (есептер) жібереді.

      Егер айналыстағы мерзімі өткен эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша номиналды ұстаушы бұрын Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасына сәйкес осындай құқығы бар мемлекеттік органдардың актілері негізінде оларды оқшаулау операциясын жүзеге асырса, номиналды ұстаушы орталық депозитарийден осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген хабарламаны алған күннен бастап күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде тиісті мемлекеттік органға айналыстағы мерзімі өткен және эмитент оларды өтеу бойынша міндеттемелерді орындамаған осындай бағалы қағаздар бойынша және осы бағалы қағаздар эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша эмитенттің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарына ауыстыруға жататыны туралы бағалы қағаздарды оқшаулау бойынша операциялар жүргізілген актінің негізінде хабарлама жібереді.

      "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл туралы заң) көзделген негіздер бойынша бұғаттауды жүзеге асыру кезінде хабарлама қаржылық мониторингті жүзеге асыратын және Кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл туралы заңға сәйкес қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөнінде өзге іс-шараларды қабылдайтын мемлекеттік органға жіберіледі.

      Бұл ретте осындай эмиссиялық бағалы қағаздарды ұстаушылардың жеке шоттарынан оларды есептен шығару және айналыстағы мерзімі өткен эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алу үшін бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдер жүйесінде ашылған эмитентің жеке шотына есепке жатқызу, сондай-ақ осындай эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша эмитенттің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын оларды ұстаушылардың жеке шоттарына есепке жатқызу операциялары Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасына сәйкес эмиссиялық бағалы қағаздарды оқшаудан алу бойынша операцияларды жүргізгеннен кейін осындай құқығы бар мемлекеттік органдардың актілері негізінде номиналды ұстаушы жүргізеді.

      Эмитент айналыстағы мерзімі өткен эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша талап ету құқықтарын номиналды ұстаушы алдындағы міндеттемелерін орындаған кезде, Қағидалардың 31-тармағында белгіленген тәртіппен бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде ашылған, осындай эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша талап ету құқықтарын оларды ұстаушылардың жеке шотынан есептен шығару және эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша эмитенттің міндеттемелері бойынша сатып алынған талап ету құқықтарын есеп алатын эмитенттің жеке шотына есепке жатқызу операциясын жүргізеді.";

      43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "43. Банктер туралы заңның 47-1-бабының 3-тармағында, "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы заңының (бұдан әрі – Сақтандыру қызметі туралы заң) 53-1-бабының 3-тармағында, Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 72-3-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда қаржы ұйымдарының акцияларын сенімгерлік басқаруды құрған кезде номиналды ұстаушы номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде қаржы ұйымы акцияларының меншік иесі болып табылатын бағалы қағазды ұстаушының жеке шотына сенімгерлік басқарушы туралы жазба енгізу жөнінде уәкілетті органның қаржы ұйымының акцияларын сенімгерлік басқаруды құру жөніндегі шешімдердің және сенімгерлік басқарушының осы бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шотына сенімгерлік басқарушы туралы жазба енгізу туралы бұйрығының негізінде операциялар жүргізеді.

      Сенімгерлік басқаруға берілген қаржы ұйымының акциялары сатылған жағдайда номиналды ұстаушы Банктер туралы заңның 17-1-бабымен, Сақтандыру қызметі туралы заңның 26-бабымен және Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 72-1-бабымен көзделген жағдайларда сенімгерлік басқарушының бұйрығы және уәкілетті органның қаржы ұйымының (банк не сақтандыру холдингінің) ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісімін растайтын құжат негізінде олардың меншік иесі болып табылатын бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шотынан осы акцияларды есептен шығару және осы акцияларды сатып алушының жеке шотына (жеке шоттарына) есепке алу жөніндегі операцияларды жүргізеді.

      Номиналды ұстаушы сенімгерлік басқарушының осы бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шотынан сенімгерлік басқарушы туралы жазбаны жою туралы бұйрығының негізінде сенімгерлік басқаруға берілген қаржы ұйымы акцияларының меншік иесі болып табылатын бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шотынан сенімгерлік басқарушы туралы жазбаны жою жөніндегі операцияны жүргізеді.

      Номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде жүргізілген бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шотына (жеке шотынан) сенімгерлік басқарушы туралы жазбаны енгізу (жою) жөніндегі операциялар осы операция жасалған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде номиналды ұстаушының бұйрығы негізінде орталық депозитарийді есепке алу жүйесінде көрсетіледі.";

      48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "48. Номиналды ұстаушы ақпараттық операцияны жүргізуді бағалы қағаздарды ұстаушының жазбаша өкімдері (бұйрықтары), Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасында көзделген жағдайларда орталық депозитарийдің және (немесе) мемлекеттік органдардың сұратулары негізінде жүзеге асырады.

      Номиналды ұстаушының клиенті электрондық көрсетілетін қызметтер алуға өтініш жасаған жағдайда және номиналды ұстаушының ішкі құжаттарында көзделген жағдайларда бағалы қағаздарды ұстаушының өкімі (бұйрығы) ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, электрондық құжат нысанында немесе клиентті серпінді және (немесе) биометриялық идентификаттау арқылы куәландырылған өзге электрондық-цифрлық нысанда жасалып, беріледі.";

      51-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "51. Қағидалардың 53 және 53-1-тармақтарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, номиналды ұстаушы ақпараттық операцияны бағалы қағазды ұстаушының жазбаша өкімдері (бұйрықтары), орталық депозитарийдің және (немесе) мемлекеттік органдардың сұратулары тіркелген сәттен бастап күнтізбелік үш күн ішінде жүргізеді.";

      53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "53. Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын, жеке шоттарында меншік иелеріне тиесілі бағалы қағаздар (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары) есепте тұратын номиналды ұстаушы уәкілетті органнан, орталық депозитарийден немесе эмитенттен сұратуды алған сәттен бастап жиырма төрт сағат ішінде сұратқан тұлғаға тиісті мәліметтерді ұсынады.

      Бағалы қағаздарды есепке алу үшін Қазақстан Республикасының бейрезиденттері болып табылатын номиналды ұстаушыларға жеке шоттар ашқан депоненттер орталық депозитарийден алынған сұратуда көрсетілген мерзім ішінде, бірақ орталық депозитарийдің сұратуын алған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күннен аспайтын мерзімде акционерлердің жалпы жиналысын өткізуге қатысатын акционерлердің тізімін жасауға қажетті ақпарат ұсынады.

      Осы тармақтың ережелері Қағидалардың 53-1-тармағында белгіленген жағдайларға қолданылмайды.";

      мынадай мазмұндағы 53-1-тармақпен толықтырылсын:

      "53-1. Орталық депозитарий эмитенттен немесе уәкілетті органнан акционерлердің түпкі меншік иелерін көрсете отырып, олардың тізімін алуға сұрау салуды алған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей жария ету талап етілетін ақпаратты:

      бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде ашылған дербес шоттардың иелеріне;

      эмитенттің бағалы қағаздарын есепке алу үшін клиенттерге дербес шоттар ашылған депоненттерге ("Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеуді жүзеге асыратын ұйымды қоса алғанда) сұрау салуды жібереді.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің екінші және үшінші абзацтарында көрсетілген тұлғалар осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген орталық депозитарийдің сұрау салуын алған күннен бастап 12 (он екі) жұмыс күнінен кешіктірмей орталық депозитарийдің сұрау салуында көрсетілген ақпаратты орталық депозитарийге береді.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген орталық депозитарийдің сұрау салуы бойынша ақпаратты беру мақсатында, депоненттер ("Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеуді жүзеге асыратын ұйымды қоса алғанда) орталық депозитарийдің сұрау салуын алған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей осы сұрау салуды:

      эмитенттің бағалы қағаздарының меншік иелері болып табылатын өз клиенттеріне;

      эмитенттің бағалы қағаздарының меншік иелері болып табылатын клиенттерге орталық депозитарийдің сұрау салуын кейіннен қайта жіберу мақсатында дербес шоттарында эмитенттің бағалы қағаздары есепке алынатын номиналды ұстаушылар болып табылатын өз клиенттеріне қайта жібереді.

      Эмитенттің бағалы қағаздарының меншік иелері болып табылатын депоненттердің клиенттері ("Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеуді жүзеге асыратын ұйымды қоса алғанда) депоненттерге ("Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеуді жүзеге асыратын ұйымды қоса алғанда) сұратылған ақпаратты ұсынады.

      Эмитенттің бағалы қағаздарының меншік иелері болып табылатын номиналды ұстаушылардың клиенттері номиналды ұстаушыларға орталық депозитарийдің сұрау салуында көрсетілген ақпаратты ұсынады. Номиналды ұстаушылар эмитенттің бағалы қағаздарының меншік иелері болып табылатын өз клиенттерінен алынған түпкілікті меншік иелерінің тізімін жасау үшін қажетті ақпаратты депоненттерге ("Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеуді жүзеге асыратын ұйымды қоса алғанда) қайта жібереді.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген орталық депозитарийдің сұрау салуы бойынша ұсынылатын ақпаратта:

      эмитенттің бағалы қағаздарының меншік иесі ақпарат берген кезде – түпкі меншік иелері туралы мәліметтер;

      депоненттер және (немесе) депоненттердің клиенттері болып табылатын номиналды ұстаушылар ақпарат берген кезде – эмитенттің бағалы қағаздар иелерінің тізімі түпкі меншік иелері туралы мәліметтер көрсетіле отырып, қамтылады.";

      56-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "56. Акционерлер тізімі Қағидаларға 2 және 3-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша жасалады және оларға тиесілі акциялар санын көрсете отырып, номиналды ұстаудағы акциялары бар меншік иелері туралы ақпаратты, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес акционерге берілген салық салу бойынша жеңілдіктің бар екендігі туралы мәліметтерді, сондай-ақ орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде мәліметтері жоқ меншік иелеріне тиесілі акциялардың саны туралы ақпаратты қамтиды.

      Акционерлер тізіміне номиналды ұстаушының ішкі құжатына сәйкес номиналды ұстаушыға берілген бағалы қағаздардың есебін жүзеге асыратын номиналды ұстаушының құрылымдық бөлімшесінің басшысы қол қояды.

      Акционерлердің тізімі Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді пайдаланумен электрондық құжат нысанында жасалады.".

      1-қосымшада оң жақ жоғары бұрыштағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

  "Эмиссиялық бағалы
қағаздармен жасалған
мәмілелерді, эмиссиялық бағалы
қағаздар жөніндегі
эмитенттердің міндеттемелері
бойынша талап ету құқықтарын
беруді номиналды ұстауды
есепке алу жүйесінде және
бағалы қағаздарды
ұстаушылардың тізілімі
жүйесінде тіркеу, орталық
депозитарийдің есепке алу
жүйесінде және (немесе)
номиналды ұстауды
есепке алу жүйесінде тіркелген
тұлғаның жеке шотынан үзінді-
көшірмені беру және номиналды
ұстаушының номиналды
ұстауындағы бағалы қағаздары
бар клиенттер туралы ақпаратты
орталық депозитарийдің және
эмитенттің талап етуі бойынша
табыс ету қағидаларына
1-қосымша";

      2-қосымшада оң жақ жоғары бұрыштағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

  "Эмиссиялық бағалы
қағаздармен жасалған
мәмілелерді, эмиссиялық бағалы
қағаздар жөніндегі
эмитенттердің міндеттемелері
бойынша талап ету құқықтарын
беруді номиналды ұстауды
есепке алу жүйесінде және
бағалы қағаздарды
ұстаушылардың тізілімі
жүйесінде тіркеу, орталық
депозитарийдің есепке алу
жүйесінде және (немесе)
номиналды ұстауды
есепке алу жүйесінде тіркелген
тұлғаның жеке шотынан үзінді-
көшірмені беру және номиналды
ұстаушының номиналды
ұстауындағы бағалы қағаздары
бар клиенттер туралы ақпаратты
орталық депозитарийдің және
эмитенттің талап етуі бойынша
табыс ету қағидаларына
2-қосымша";

      3-қосымшада оң жақ жоғары бұрыштағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

  "Эмиссиялық бағалы
қағаздармен жасалған
мәмілелерді, эмиссиялық бағалы
қағаздар жөніндегі
эмитенттердің міндеттемелері
бойынша талап ету құқықтарын
беруді номиналды ұстауды
есепке алу жүйесінде және
бағалы қағаздарды
ұстаушылардың тізілімі
жүйесінде тіркеу, орталық
депозитарийдің есепке алу
жүйесінде және (немесе)
номиналды ұстауды
есепке алу жүйесінде тіркелген
тұлғаның жеке шотынан үзінді-
көшірмені беру және номиналды
ұстаушының номиналды
ұстауындағы бағалы қағаздары
бар клиенттер туралы ақпаратты
орталық депозитарийдің және
эмитенттің талап етуі бойынша
табыс ету қағидаларына
3-қосымша";

      4-қосымшада оң жақ жоғары бұрыштағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

  "Эмиссиялық бағалы
қағаздармен жасалған
мәмілелерді, эмиссиялық бағалы
қағаздар жөніндегі
эмитенттердің міндеттемелері
бойынша талап ету құқықтарын
беруді номиналды ұстауды
есепке алу жүйесінде және
бағалы қағаздарды
ұстаушылардың тізілімі
жүйесінде тіркеу, орталық
депозитарийдің есепке алу
жүйесінде және (немесе)
номиналды ұстауды
есепке алу жүйесінде тіркелген
тұлғаның жеке шотынан үзінді-
көшірмені беру және номиналды
ұстаушының номиналды
ұстауындағы бағалы қағаздары
бар клиенттер туралы ақпаратты
орталық депозитарийдің және
эмитенттің талап етуі бойынша
табыс ету қағидаларына
4-қосымша".

      3. "Эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы ресми тізімінің жекелеген санаттарына қойылатын талаптарды бекіту және Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 27 наурыздағы № 54 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15175 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы ресми тізімінің жекелеген санаттарына қойылатын талаптарында:

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. "Негізгі" алаңының "Акциялар" секторы екі санатқа бөлінеді: "премиум" санаты және "стандарт" санаты.

      "Премиум" санаты еркін айналыстағы акцияларының саны (эмитент сатып алғандарды, ауыртпалық салынғандарды және (немесе) оқшауланғандарды қоспағанда) орналастырылған акцияларының жалпы санының кемінде 10 (он) пайызын құрайтын (орналастырғаннан кейін құрайтын) эмитенттерге арналған.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген талап еркін айналыстағы жай акцияларының жиынтық нарықтық құны кемінде 100 (жүз) миллиард теңгені құрайтын (орналастырылғаннан кейін құрайтын) және/немесе еркін айналыстағы акцияларының саны кемінде 5 (бес) миллион дана құрайтын (орналастырылғаннан кейін құрайтын) эмитенттерге қолданылмайды.".

      4. Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне), жеке меморандумға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының күшін жою қағидаларын, Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне), жеке меморандумға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу үшін құжаттарға қойылатын талаптарды, Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының күшін жоюға арналған құжаттардың тізбесін және оларға қойылатын талаптарды, Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының проспектісін (облигациялық бағдарлама проспектісін), мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды жасау және ресімдеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 248 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17884 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне), жеке меморандумға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу үшін құжаттарға қойылатын талаптарда:

      1-қосымша өзгерістер мен толықтыру енгізілетін осы Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің тізбесіне қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      5. "Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 249 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17803 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаларында:

      46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "46. Орталық депозитарий клиентке тізілімдер жүйесінде номиналды ұстаушының клиентіне жеке шот ашуға номиналды ұстаушының бұйрығын алған күннен бастап күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 22 қазандағы № 210 қаулысымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9876 болып тіркелген, Эмиссиялық бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді, эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі эмитенттердің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын беруді орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде тіркеу, орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде және (немесе) номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде тіркелген тұлғаның жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының номиналды ұстауындағы бағалы қағаздары бар клиенттер туралы ақпаратты орталық депозитарийдің және эмитенттің талап етуі бойынша табыс ету қағидаларының (бұдан әрі – № 210 қағидалар) 36-тармағына сәйкес номиналды ұстаушыға оның клиенті номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде жеке шот ашу үшін ұсынған құжаттарды және тізілімдер жүйесінде номиналды ұстаушының клиенті болып табылатын бағалы қағаздардың меншік иесіне жеке шот ашуға бұйрықты қарайды.

      Орталық депозитарий орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ашылған, кейіннен оларды номиналды ұстаушының клиентіне тізілімдер жүйесінде ашылған жеке шотқа есепке жазу мақсатында, номиналды ұстаушының шотынан бағалы қағаздарды (эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша эмитенттің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) есептен шығаруға номиналды ұстаушының бұйрығын алған күннен бастап күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде номиналды ұстаушының клиенті болып табылатын бағалы қағаздардың меншік иесіне оған тиесілі бағалы қағаздарды (эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша эмитенттің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) тізілімдер жүйесінде ашылған жеке шотқа есепке жазады және орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ашылған, онда есепте тұрған бағалы қағаздарды (эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша эмитенттің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) жеке шоттан есептен шығарады.";

      89-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "89. Акционерлердің жалпы жиналысын өткізу үшін акционерлер тізімі орталық депозитарийдің қағидалар жинағын сәйкес жасалады және мынадай мәліметтерді қамтиды:

      1) эмитенттің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі атауы, оның орналасқан жері, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) нөмірі, БСН (бар болса);

      2) жарияланған акциялардың саны;

      3) орналастырылған акциялардың саны;

      4) эмитент сатып алған акциялардың саны;

      5) акциялардың түрі және халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ISIN- коды);

      6) номиналды ұстаушы жүйесінде олар туралы мәліметтер ашып көрсетілген депозитарлық қолхаттар иегерлерін қоса алғанда, мыналар көрсетіле отырып, акционерлердің тізімі:

      заңды тұлғалар - акционерлердің мемлекеттік тіркелу (қайта тіркелу) нөмірін және күнін көрсете отырып, олардың атаулары;

      жеке тұлға - акционердің жеке басын куәландыратын құжаттың атауын және деректемелерін көрсете отырып, жеке тұлғалар - акционерлердің тегі, аты, әкесінің аты (олар бар болса);

      ауыртпалық салынған және (немесе) оқшауланған акциялардың санын көрсете отырып, акционерге тиесілі акциялар саны;

      акционерге тиесілі дауыс беретін жай акциялар саны;

      акционерге тиесілі артықшылықты акциялар саны;

      7) орталық депозитарий тізілімдерінің жүйесінде есепке алынатын, номиналды ұстаудағы және номиналды ұстаушының есепке алу жүйесінде ол туралы мәліметтер жоқ меншік иегеріне тиесілі акциялар саны;

      8) акционерлердің тізімін жасау мақсаты;

      9) акционерлердің тізімі жасалған күні мен уақыты;

      Бағалы қағаздар бойынша кірістерді есептеуге арналған акционерлер тізілімі орталық депозитарийдің қағидалар жинағына сәйкес жасалады және орталық депозитарийда осы мәліметтер болса, акционерлердің банктік деректемелері туралы мәліметтер мен "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес акционерге берілген салық салу бойынша жеңілдіктердің болуы туралы мәліметтерді қамтиды.

      Акционерлердің түпкілікті меншік иелерін көрсете отырып олардың тізіміне орталық депозитарий № 210 қағидалардың 53-1-тармағына сәйкес жіберілген сұратуына жауап ретінде алған ақпарат не аталған сұратуға жауап ретінде ол ақпарат алмаған жағдайда, орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде бар мәліметтер кіреді.

      Акционерлер тізіміне өзге мақсаттар үшін эмитент сұрау жасайтын ақпарат қосымша енгізіледі.

      Акционерлер тізіміне орталық депозитарийдің қағидалар жинағында айқындалған уәкілетті тұлғалар қол қояды және орталық депозитарийдің қазақ және орыс тілдерінде өз атауы бар мөртабанымен расталады.";

      94-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "94. Осы тармақтың екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімін немесе акционерлер тізімін беруді орталық депозитарий, егер бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімін немесе акционерлер тізімін беруге бұйрық бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімі немесе акционерлер тізімі жасалған күннен ерте емес берілу талабымен эмитенттен бұйрықты алған сәттен бастап жиырма төрт сағаттан кеш емес мерзімде жүзеге асырады.

      Егер орталық депозитарий номиналды ұстаушыларға № 210 қағидалардың 52-тармағына сәйкес олардың клиенттері туралы мәліметтерді жария ету туралы сұрау салса, бағалы қағаздар ұстаушылар тізілімін немесе акционерлердің жалпы жиналысын өткізу немесе бағалы қағаздары номиналды ұстауда тұрған акционерлер туралы өзге де ақпарат беру үшін акционерлердің тізімін беруді орталық депозитарий эмитенттің тиісті бұйрығын немесе уәкілетті органның сұратуын алған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде жүзеге асырады.

      Егер орталық депозитарий № 210 қағидалардың 53-1-тармағына сәйкес бағалы қағаздардың түпкілікті меншік иелері туралы мәліметтерді жария ету туралы сұрау салса, олардың түпкілікті меншік иелерін көрсете отырып, тізімін беруді орталық депозитарий уәкілетті органның немесе эмитенттің аталған тізімді беруге сұратуын алған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде жүзеге асырады.

      Егер эмитенттің сұратуында тізімді немесе тізілімді немесе акционерлер туралы өзге де ақпаратты қалыптастырудың болашақ күні көрсетілген жағдайда, мерзім бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімі немесе акционерлердің тізімі жасалатын күннен бастап есептеледі.".

      6. "Орталық депозитарийдің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 307 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17920 болып тіркелген) мынадай өзгеріс және толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Орталық депозитарийдің қызметін жүзеге асыру қағидалар қағидаларында:

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Орталық депозитарий клиенттерінің қаржы құралдарын есепке алу орталық депозитарий клиенттерінің ақшасын қоспағанда, орталық депозитарийдің өзіне тиесілі қаржы құралдарынан бөлек баланстан тыс шоттарда жүзеге асырылады.".

      мынадай мазмұндағы 31-1-тармақпен толықтырылсын:

      "31-1. Клиентпен жасалған шартта орталық депозитарийдің өз меншігіне осы шартта айқындалған операциялардан кіріс алуы көзделуі мүмкін.".

  Қазақстан Республикасының
өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін бағалы қағаздар
нарығын дамыту мәселелері
бойынша нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
қосымша

  Мемлекеттік емес облигациялар
шығарылымын (облигациялық
бағдарламаны) мемлекеттік
тіркеу, мемлекеттік емес
облигациялар шығарылымы
проспектісіне (облигациялық
бағдарлама проспектісіне),
жеке меморандумға өзгерістерді
және (немесе) толықтыруларды
тіркеу үшін құжаттарға
қойылатын талаптарға
1-қосымша

      Жеке меморандумның құрылымы

      Құжаттың атауы: "Жеке меморандум"

      Жазба: "Уәкілетті органның мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекетті тіркеуі инвесторларға мемлекеттік емес облигацияларды сатып алуға қатысты, жеке меморандумда сипатталған қандай да болсын ұсынымдар беруді білдірмейді және осы құжатта қамтылған ақпараттың дәйектілігін растамайды.

      Эмитенттің лауазымды тұлғалары онда берілген барлық ақпараттың дәйектілігін және эмитент пен оның орналастырылатын мемлекеттік емес облигацияларына қатысты инвесторларды жаңылдыруға әкеп соқтырмайтынын растайды.".

      1. Эмитенттің қазақ, орыс және ағылшын (бар болса) тілдеріндегі толық және қысқаша атауы;

      2. Эмитенттің бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      3. Облигациялар шығарылымы туралы мәліметтер:

      1) облигациялардың түрі, облигациялардың саны және облигациялар шығарылымның жалпы көлемі. Егер облигациялар өтеу мерзімі жоқ облигациялар болып табылса, бұл туралы мәліметтер көрсетіледі;

      2) бір облигацияның номиналды құны (егер бір облигацияның номиналды құны индекстелген шама болса, онда бір облигацияның номиналды құнын есептеу тәртібі қосымша көрсетіледі);

      3) облигацияның номиналды құнының, облигациялар бойынша негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша төлем валютасы;

      4) облигациялар бойынша негізгі сыйақы мөлшерлемесінің және ол болған жағдайда қосымша сыйақы мөлшері.

      Қосымша сыйақы төленген жағдайда облигациялар бойынша қосымша сыйақы алудың басталуына немесе басталмауына байланысты болатын оқиғалар туралы ақпарат көздерін көрсете отырып, облигациялар бойынша қосымша сыйақы мөлшерін айқындау тәртібі көрсетіледі.

      Облигацияларды өзге де мүліктік құқықтармен өтеу кезінде сыйақы және номиналды құн төленген жағдайда, осы құқықтардың, олардың сақталуын қамтамасыз ету тәсілдерінің, бағалау тәртібінің және көрсетілген құқықтарды бағалауды жүзеге асыруға құқылы тұлғалардың сипаттамасы, сондай-ақ осы құқықтардың өту тәртібі келтіріледі;

      5) сыйақыны төлеу кезеңділігін және (немесе) сыйақыны төлеу күнін және сыйақыны алу тәсілін көрсете отырып, облигациялар бойынша сыйақы төлеу тәртібі мен талаптары;

      6) облигациялар айналысының басталу күні және мерзімі (облигацияларды өтеу мерзімінсіз шығарған жағдайда айналыс мерзімі көрсетілмейді;

      7) облигацияларды өтеу күні және тәсілі (облигацияларды өтеу мерзімінсіз шығарған жағдайда толтырылмайды);

      8) облигациялар айналысын жүргізу жоспарланып отырған нарық (бағалы қағаздардың ұйымдастырылған және (немесе) ұйымдастырылмаған нарығы).

      4. Облигацияларды мерзімінен бұрын өтеу тәртібі мен шарттары.

      Облигацияларды мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігі көзделген жағдайда, облигацияларды мерзімінен бұрын өтеу құны (құнын айқындау тәртібі), облигацияларды мерзімінен бұрын өтеу тәртібі мен шарттары, эмитент облигацияларды мерзімінен бұрын өтеуі мүмкін не облигациялардың иелері облигацияларды мерзімінен бұрын өтеу туралы талапты, эмитенттің облигацияларды мерзімінен бұрын өтеудің шарттары мен қорытындылары туралы ақпаратты ашу тәртібін, сондай-ақ облигацияларды шығару туралы шешімде көзделген, эмитенттің қалауы бойынша немесе облигациялар иелерінің талап етуі бойынша мерзімінен бұрын өтеу жүзеге асырылатынына қарай облигацияларды мерзімінен бұрын өтеудің өзге де талаптарын қамтитын өтініштер жіберуі (ұсынуы) мүмкін мерзім (мерзімді айқындау тәртібі) көрсетіледі.

      Егер эмитент облигацияларды мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігін көздемесе, бұл мән-жай көрсетіледі.

      5. Арнайы қаржы компаниясының облигациялары шығарылған кезде жобалық қаржыландыру кезінде мыналар қосымша көрсетіледі:

      1) ақшалай талаптардың сипаттамасы, бөлінген активтердің құрамына кіретін талап ету құқықтары бойынша ақша түсімінің талаптары және болжанатын мерзімдері;

      2) облигациялар ұстаушыларға негізгі шарт бойынша жасалған мүліктің меншік иесінің ауысуы туралы ақпаратты беру тәртібі және кредиторлар өкілдерінің арнайы қаржы компаниясының органдарына енгізілуі және олардың өкілеттіктері туралы ақпаратты беру тәртібі;

      3) арнайы қаржы компаниясының жобалық қаржыландыру мәмілесіне қызмет көрсетумен, бөлінген активтер есебінен жүзеге асырылатын инвестициялық басқарумен шығыстарының тізбесі.

      4) бір облигациялық бағдарлама шегінде шығарылған түрлі шығарылымдардың облигацияларын өтеу және сыйақы төлеу тәртібі мен кезектілігі (облигациялық бағдарлама шегінде жеке меморандумда көрсетіледі);

      5) арнайы қаржы компаниясы банкрот болған кезде арнайы қаржы компаниясының облигацияларын ұстаушылардың талаптарын қанағаттандыру тәртібі мен кезектілігі.

      6. Арнайы қаржы компаниясының облигациялары шығарылған кезде секьюритилендіру кезінде мыналар қосымша көрсетіледі:

      1) оригинатордың, кастодиан-банктің, инвестициялық портфельді басқарушының, арнайы қаржы компаниясының және басқаға берілген талап ету құқықтары бойынша төлемдерді жинайтын тұлғаның атауы мен орналасқан жері;

      2) секьюритилендіру мәмілесіндегі оригинатор қызметінің мәні, құқықтары мен міндеттері;

      3) талап ету құқықтарының сипаттамасы, бөлінген активтердің құрамына кіретін талап ету құқықтары бойынша ақша түсімінің талаптары, тәртібі мен мерзімдері және олардың орындалуына бақылау жасау тәртібі;

      4) бөлінген активтер бойынша уақытша бос түсімдерді инвестициялау тәртібі;

      5) талап ету құқықтары біртектілігінің өлшемшарттары;

      6) бір облигациялық бағдарлама шегінде шығарылған түрлі шығарылымдардың облигацияларын өтеу және сыйақы төлеу тәртібі мен кезектілігі (облигациялық бағдарлама шегінде жеке меморандумда көрсетіледі);

      7) арнайы қаржы компаниясы банкрот болған кезде арнайы қаржы компаниясының облигацияларын ұстаушылардың талаптарын қанағаттандыру тәртібі мен кезектілігі.

      7. Шығарылған облигациялар бойынша міндеттемелерді толық немесе ішінара қамтамасыз ету болып табылатын эмитенттің мүлкі туралы мәліметтер:

      1) осы мүліктің құнын көрсете отырып шығарылған облигациялар бойынша қамтамасыз етудің сипаттамасы;

      2) қамтамасыз ету құнының облигациялар шығарылымының жиынтық көлеміне пайыздық арақатынасы;

      3) кепіл затын өндіріп алу тәртібі.

      8. Атауын, орналасқан жерін, кепіл шартының деректемелерін, кепілдік мерзімі мен талаптарын көрсете отырып, кепілдік берген тұлғаның деректері (егер облигациялар кепілдікпен қамтамасыз етілсе).

      9. Облигацияларды орналастырудан алынған ақшаны пайдаланудың нысаналы мақсаты.

      Эмитент облигацияларды орналастырудан алатын ақшаны пайдаланудың нақты мақсаттары көрсетіледі.

      "Жасыл", әлеуметтік облигациялар, орнықты даму облигациялары және орнықты дамуға байланысты облигациялар шығарылған жағдайда эмитентте облигациялар шығару жөніндегі негіздемелік бағдарламаның болуы туралы ақпарат көрсетіледі.

      "Жасыл" облигациялар шығарылған жағдайда, облигацияларды орналастырудан алынған ақшаны пайдаланудың нысаналы мақсатының Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 20-1-бабының 3-тармағында белгіленген жобаларға сәйкестігі туралы ақпарат көрсетіледі.

      Әлеуметтік облигациялар шығарылған жағдайда қаржыландыруға осы облигацияларды орналастырудан алынған ақша пайдаланылатын әлеуметтік міндеттерді іске асыруға бағытталған тиісті жобаның қысқаша сипаттамасы, сондай-ақ оның Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 20-1-бабының 4-тармағында белгіленген жобаларға сәйкестігі туралы ақпарат келтіріледі.

      Орнықты даму облигацияларын шығарған жағдайда қаржыландыруға осы облигацияларды орналастырудан алынған ақша пайдаланылатын "жасыл" және әлеуметтік жобалардың үйлесімінің қысқаша сипаттамасы, сондай-ақ олардың Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 20-1 бабының 3 және 4-тармақтарында белгіленген жобаларға сәйкестігі туралы ақпарат келтіріледі.

      "Жасыл", әлеуметтік облигациялар және орнықты даму облигациялары шығарылған жағдайда мыналар қосымша көрсетіледі:

      қаржыландыру үшін осы облигацияларды орналастырудан алынған ақша пайдаланылған жобаны іске асыру барысы туралы ақпаратты жария етуді эмитент жүзеге асыратын ақпарат көздері;

      егер қаржыландыруға осы облигацияларды орналастырудан алынған ақша пайдаланылған жоба Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 20-1 бабының 3 және 4-тармақтарында белгіленген жобаларға сәйкес келмейтін болса, эмитент қолданатын шаралар.

      Орнықты дамуға байланысты облигациялар шығарылған жағдайда:

      эмитент алдын ала белгілеген оларға қол жеткізу мерзімдерін көрсете отырып, орнықты даму саласындағы қызметтің нақты нәтижелеріне қол жеткізуді бағалау үшін пайдаланылатын тиімділіктің негізгі көрсеткіштері;

      көрсетілген көрсеткіштерді есептеу әдістемесі;

      эмитент оларға қол жеткізген жағдайда қолданысқа енгізілетін орнықты дамуға байланысты облигациялардың қаржылық және (немесе) құрылымдық сипаттамалары;

      эмитент өзі белгілеген маңызды көрсеткіштердің орындалуы туралы ақпаратты жария етуді жүзеге асыратын ақпарат көздері сипатталады.

      Орналастырудан түскен ақшасы жобаны қаржыландыруға жіберілетін инвестициялық облигациялар шығарылған жағдайда, осы жобаның қысқаша сипаты келтіріледі.

      10. Облигация ұстаушыға берілетін құқықтар.

      Облигацияларды өтеу мерзімінсіз шығарған жағдайда мемлекеттік емес облигацияларды ұстаушылардың облигацияларды өтеу мерзімінсіз, оның ішінде Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 15 және 18-4-баптарында көзделген негіздер бойынша сатып алу туралы талап қоя алмайтыны туралы мәліметтер көрсетіледі.

      11. Облигациялар бойынша сыйақы төлеу жөніндегі міндеттемелер орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған кезде облигацияларды ұстаушылардың құқықтарын қорғау рәсімдерін, оның ішінде міндеттемелерді қайта құрылымдау тәртібі мен шарттарын қоса алғанда, облигациялар бойынша дефолт басталған жағдайда эмитент қолданатын шаралар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады