Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы (бұдан әрі – Жоғары аудиторлық палата) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13647 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) 900. Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын ағымдағы бағалауды жүзеге асыру бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты осы нормативтік қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) 901. Республикалық бюджеттің атқарылуын кейіннен бағалауды жүзеге асыру бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты осы нормативтік қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Жоғары аудиторлық палатаның Заң департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы нормативтік қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы нормативтік қаулының Жоғары аудиторлық палатаның интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы нормативтік қаулының орындалуын бақылау Жоғары аудиторлық палатаның аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы нормативтік қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы Төрағасының міндетін атқарушы |
Р. Ахметов |
2024 жылғы 27 наурыздағы № 6-НҚ Нормативтік қаулыға 1-қосымша |
|
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулысына 6-қосымша |
900. Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын ағымдағы бағалауды жүзеге асыру бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын ағымдағы бағалауды жүзеге асыру бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты (бұдан әрі – Рәсімдік стандарт) Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының (бұдан әрі – Жоғары аудиторлық палата) Қазақстан Республикасының Президентіне және Қазақстан Республикасының Парламентіне Жоғары аудиторлық палатаның жұмысы, сондай-ақ мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары жұмысының көрсеткіштері туралы жедел ақпаратты (бұдан әрі – ақпарат) қалыптастыруына және ұсынуына, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссияларының (бұдан әрі – тексеру комиссиялары) тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мәслихатына және әкіміне ұсынылатын ақпаратты қалыптастыруына және ұсынуына қойылатын рәсімдік талаптарды қамтиды.
2. Рәсімдік стандарттың мақсаты сыртқы мемлекеттік аудит органдарының ақпаратты қалыптастыруына және ұсынуына бірыңғай тәсілдерді және рәсімдерді белгілеу болып табылады.
3. Осы Рәсімдік стандарттың күші сыртқы мемлекеттік аудит органдарының құрылымдық бөлімшелеріне және лауазымды адамдарына қолданылады.
4. Рәсімдік стандарттың негізгі қағидаттарына мыналар жатады:
1) сенімділік – ұсынылатын ақпараттың анықтығы және онда қателердің болмауы;
2) толықтық және ашықтық – жүргізілген мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шараларының көрсетілуі, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелерін баяндаудың анықтығы;
3) салыстырмалылық – түрлі кезеңдегі және түрлі сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының (бұдан әрі – мемлекеттік аудит органдары) ақпаратын салыстыру мүмкіндігі;
4) уақтылылық – анық ақпаратты жедел жинау, есеп пен ақпаратты белгіленген мерзімдерде дайындау және ұсыну.
2-тарау. Сыртқы мемлекеттік аудит органының қызметі туралы ақпаратты дайындау және ұсыну
1-параграф. Жоғары аудиторлық палатаның есепті кезеңдегі қызметі туралы ақпаратты қалыптастыру тәртібі мен Қазақстан Республикасының Президентіне, Қазақстан Республикасының Парламентіне ұсыну мерзімдері
5. Ақпаратты дайындау үшін мыналар:
1) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі (бұдан әрі – Қаржы министрлігі), сондай-ақ бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар ұсынатын бюджеттік мониторингтеу нәтижелері бойынша республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы тоқсан сайынғы талдамалық есептер;
2) Қаржы министрлігінің ақпараттық жүйелерінің деректері;
3) Жоғары аудиторлық палатаның мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шараларының қорытындылары;
4) осы Рәсімдік стандартқа 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8 және 9-қосымшаларға сәйкес Жоғары аудиторлық палатаға тексеру комиссияларының өз жұмысы туралы ақпарат ұсынуы бойынша мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартына сәйкес ұсынылатын есепті кезеңдегі сыртқы мемлекеттік аудит органдары, тексеру комиссиялары қызметінің түйінді көрсеткіштері, тексеру комиссиялары мемлекеттік аудитпен қамтыған объектілер саны мен қаражат көлемі, тексеру комиссиялары анықтаған Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілері актілері бұзушылықтарының көлемі, тексеру комиссиялары анықтаған қаржылық бұзушылықтардың көлемі, аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша қалпына келтірілген (өтелген) және қалпына келтіруге (өтеуге) жататын сомалардың көлемі, аудиторлық және сараптамалық-талдау іс-шараларының қорытындысы бойынша ұсынымдардың (ұсыныстардың) және тапсырмалардың орындалуы, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган қызметінің түйінді көрсеткіштері, облыстық бюджетке, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетіне, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетіне түскен түсімдер туралы ақпарат;
5) Есеп комитетінің 2015 жылғы 28 қарашадағы № 9-НҚ нормативтік қаулысымен және Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 589 бұйрығымен бірлесіп бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12577 болып тіркелген) Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарымен өзара іс-қимыл қағидаларына сәйкес ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің, орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының, орталық мемлекеттік органдар ведомстволарының ішкі аудит қызметтерінің жұмыс көрсеткіштері туралы ұсынылатын ақпарат;
6) Жоғары аудиторлық палатаның интеграцияланған ақпараттық жүйесі;
7) тиісті мемлекеттік органдардың, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің электрондық нысандағы, соның ішінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі бірыңғай дерекқор арқылы жедел есептілігі мен ақпараты дереккөздер болып табылады.
Осы Рәсімдік стандарт бойынша ұсынылатын есептік деректердің толықтығын, анықтығын және уақтылылығын тексеру комиссияларының төрағалары қамтамасыз етеді.
6. Жоғары аудиторлық палата аппаратының құрылымдық бөлімшелері есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей талдауға және есептілікке жауапты құрылымдық бөлімшеге (бұдан әрі – Департамент) жұмыстың негізгі қорытындылары және қол жеткізілген нәтижелер туралы ақпарат ұсынады. Ұсынылатын ақпарат: сандық және сапалық көрсеткіштерді, жетекшілік ететін салалар бойынша проблемалық мәселелерді, Жоғары аудиторлық палатаның қызметін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды, алдағы міндеттерді, сондай-ақ өзге де ұсыныстарды қамтиды. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің немесе Жоғары аудиторлық палата Төрағасының тапсырмасы (сұрауы) бойынша Департамент ақпарат ұсынудың өзге де мерзімдерін белгілейді.
7. Департамент тексеру комиссияларынан алынған ақпараттың негізінде есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей, тексеру комиссиялары қызметінің негізгі көрсеткіштері бойынша жиынтық ақпарат қалыптастырады.
8. Департамент құрылымдық бөлімшелерден, тексеру комиссияларынан және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органнан алынған ақпарат негізінде есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 2-күнінен кешіктірмей ақпарат жобасын қалыптастырады және құрылымдық бөлімшелерге, аппарат басшысына, Жоғары аудиторлық палата мүшелеріне келісуге жібереді.
9. Ақпаратты ұсыну мерзімінен бес жұмыс күні бұрын Департамент Жоғары аудиторлық палатаның есепті кезеңдегі қызметі туралы ақпараттың жобасын Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталары төрағаларының атына ілеспе хаттармен бірге Жоғары аудиторлық палата Төрағасының қарауына енгізеді.
Жоғары аудиторлық палатаның есепті кезеңдегі қызметі туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Ақпарат беру кестелерімен бекітілген мерзімдерде, Парламентке есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 25-күнінен кешіктірілмей ұсынылады.
2-параграф. Тексеру комиссиясының облыс, республикалық маңызы бар қалалар, астана, облыстық маңызы бар қалалар мәслихатына және әкіміне ақпаратты қалыптастыру тәртібі мен ұсыну мерзімдері
10. Ақпаратты дайындау көздері:
1) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар ұсынатын бюджеттік мониторингтеу нәтижелері бойынша жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы тоқсан сайынғы талдамалық есептер;
2) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің деректері;
3) тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шараларының қорытындылары;
4) тексеру комиссиясының ақпараттық жүйесі;
5) тиісті мемлекеттік органдардың, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің электрондық нысандағы, соның ішінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі бірыңғай дерекқор арқылы жедел есептілігі мен ақпараты дереккөздер болып табылады.
11. Тексеру комиссиясы аппаратының құрылымдық бөлімшелері есептілікті дайындауға жауапты құрылымдық бөлімшеге есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей жұмысының негізгі қорытындылары және қол жеткізген нәтижелері туралы ақпаратты (бұдан әрі – ақпарат) ұсынады. Ұсынылатын ақпарат: сандық және сапалық көрсеткіштерді, жетекшілік ететін салалар бойынша проблемалық мәселелерді, тексеру комиссиясының қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстарды, алдағы міндеттерді, сондай-ақ өзге де ұсыныстарды қамтиды. Тексеру комиссиясы төрағасының тапсырмасы бойынша есептілікті дайындауға жауапты құрылымдық бөлімше ақпарат ұсынудың басқа да мерзімдерін белгілейді.
12. Ақпаратты ұсыну мерзімінен бес жұмыс күні бұрын есептілікті дайындауға жауапты құрылымдық бөлімше облыс, астана, республикалық маңызы бар қала мәслихаты хатшысының және әкімінің атына ілеспе хатпен тексеру комиссиясының есепті кезеңдегі қызметі туралы ақпараттың жобасын тексеру комиссиясы төрағасының немесе мүшесінің қарауына енгізеді.
13. Құжат айналымына жауапты құрылымдық бөлімше тиісті мәслихатқа және әкімге тексеру комиссиясы төрағасының немесе мүшесінің қолы қойылған ілеспе хат пен ақпаратты тексеру комиссиясы төрағасының шешімі бойынша есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 20-күнінен кешіктірмей енгізеді.
Тексеру комиссиясы төрағасының шешімі бойынша ағымдағы бағалау нәтижелері облыстық маңызы бар қалалардың және аудандардың мәслихаттары мен әкіміне ұсынылуы мүмкін.
3-параграф. Ақпараттың құрылымы мен мазмұны
14.Ақпарат тоқсан сайынғы негізде ұсынылады және сыртқы мемлекеттік аудит органының есепті кезеңдегі қызметін сипаттайтын деректерді, есепті кезеңдегі мемлекеттік аудиттің және сараптамалық-талдау іс-шараларының нәтижелері туралы жалпыланған қорытындыларды қамтиды және мынадай бөлімдерден тұрады:
I. Кіріспе.
II. Есепті кезеңдегі бюджеттің атқарылуын талдау.
III. Сыртқы мемлекеттік аудит органының есепті кезеңдегі мемлекеттік аудитінің және сараптамалық-талдау іс-шараларының негізгі нәтижелері.
IV. Сыртқы мемлекеттік аудит органдарының қызметін жетілдіру туралы ақпарат.
Қосымшалар (қажет болған жағдайда).
Қажет болған жағдайда қосымша мәліметтерді тоқсан сайынғы ақпаратқа енгізуге жол беріледі.
15. Ақпараттың құрылымы, мазмұны мен көлемі осы Рәсімдік стандарттың 17-тармағын ескере отырып, сондай-ақ есепті кезеңде өзекті және маңызды мәселелердің болуына және қалыптастырылатын ақпараттың ерекшелігіне қарай нақтылануы немесе кеңейтілуі мүмкін.
16. "Кіріспе" деген бөлімде ақпарат ұсынудың негізі мен мақсаты, сыртқы мемлекеттік аудит органдарының есепті кезеңдегі қызметінің негізгі бағыттары бойынша қысқаша мазмұны көрсетіледі.
17. "Есепті кезеңдегі бюджеттің атқарылуын талдау" деген бөлімде мыналарды:
1) бюджет түсімдері мен кірістерінің атқарылуын талдауды, соның ішінде:
бюджеттің кірісіне түсетін салықтық және салықтық емес түсімдердің толықтығын;
орындалмауына ықпал еткен себептер, соның ішінде елдің дамуының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерін және әлемдік тауар нарығындағы жағдайды көрсете отырып, жоспарлы көрсеткіштері орындалмаған салықтарды, алымдарды және міндетті төлемдерді;
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түскен салықтық түсімдер көлемдерін.
2) есепті кезеңде бюджеттің шығыс бөлігінің атқарылуын талдауды, соның ішінде:
бекітілген көрсеткіштермен салыстырғанда ауытқу себептерін;
бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бөлінісінде бюджеттің атқарылуын;
жергілікті атқарушы органдардың нысаналы трансферттер мен кредиттерді атқаруын көрсете отырып, бюджеттің түсімдері, салықтық алымдар мен себептерін көрсете отырып, жоспарлы көрсеткіштері орындалмаған міндетті төлемдер, бюджет шығыстарының атқарылуы және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджет қаражатын пайдалануы туралы талдамалық ақпарат қамтылады.
18. "Сыртқы мемлекеттік аудит органының есепті кезеңдегі мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шараларының негізгі нәтижелері" деген бөлімде:
1) осы Рәсімдік стандартқа 1-қосымшаға сәйкес алдыңғы жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда есепті кезеңдегі сыртқы мемлекеттік аудит органы қызметінің түйінді көрсеткіштері;
2) мыналарды:
есепті кезеңде жүргізілген мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шараларының санын, тексерілген мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінің санын;
мемлекеттік аудитпен қамтылған қаражат көлемін;
республикалық бюджет қаражатын жұмсау кезіндегі және республикалық бюджетке түсу кезіндегі бұзушылықтар сомасын;
Қазақстан Республикасының заңнамасы нормаларының, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілері актілерінің (қаржылық бұзушылықтар, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар, Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын іске асыру үшін қабылданған квазимемлекеттік сектор субъектілерінің актілерін бұзу, тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты, мемлекет активтері, тиімсіз жоспарлау) белгіленген барлық бұзушылықтарын;
мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша қабылданған шараларды, соның ішінде:
есепті кезеңде қалпына келтіруге жататын және қалпына келтірілген сомалар;
сыртқы мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүргізу кезінде анықталған құқық бұзушылықтар бойынша құқық қорғау органдарына берілген мемлекеттік аудит материалдарының саны бойынша, жауаптылыққа (әкімшілік, тәртіптік, қылмыстық) тартылған лауазымды адамдардың саны бойынша ақпаратты көрсете отырып, мемлекеттік аудит нәтижелері;
сыртқы мемлекеттік аудит органы берген және орындалған ұсынымдар мен нұсқамалардың (тапсырмалардың) санын қамтитын жиынтық ақпарат;
3) анықталған бұзушылықтар сомаларын, негізгі жүйелік кемшіліктерді және қалыптастырылған ұсынымдарды көрсете отырып, әрбір іс-шара бөлінісінде есепті кезеңде жүргізілген мемлекеттік аудиттің және сараптамалық-талдау іс-шараларының негізгі қорытындылары көрсетіледі.
19. "Сыртқы мемлекеттік аудит органдарының қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы ақпарат" деген бөлімде:
әдіснамалық және құқықтық қызметтің (мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласында әзірленген әдіснамалық құжаттар және нормативтік құқықтық актілер бойынша);
халықаралық ынтымақтастық саласындағы қызметтің;
мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарымен және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылдың;
сыртқы мемлекеттік аудит және басқа да мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың қорытындылары туралы ақпарат көрсетіледі.
20. Қосымшада тексеру комиссиялары (осы Рәсімдік стандартқа 2-қосымшаға сәйкес) және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган (осы Рәсімдік стандартқа 8-қосымшаға сәйкес) қызметінің түйінді көрсеткіштері көрсетіледі.
4-параграф. Ұсыну нысаны
21. Ақпарат:
1) титулдық парақтан;
2) мазмұнынан;
3) негізгі мәтіннен тұрады.
Қажет болған жағдайда ақпаратқа қосымша мәліметтер қоса беріледі.
Ақпараттың жалпы көлемі жүргізілген аудиторлық және сараптамалық-талдау іс-шараларының санына, сондай-ақ талдаудың күрделілігі мен мазмұндылығына сүйене отырып айқындалады.
22. Титулдық парақта ақпараттың атауы, сондай-ақ оны дайындауға және ұсынуға жауапты мемлекеттік органның атауы көрсетіледі.
23. Ақпаратта нәтижелері бойынша сыртқы мемлекеттік аудит органының қаулылары қабылданған, аяқталған мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шаралары бойынша ғана ақпарат көрсетіледі.
24. Ақпаратта барлық сомалар бірінші ондық белгіге дейінгі дәлдікпен миллион немесе миллиард теңгемен көрсетіледі.
25. Ақпарат мемлекеттік және орыс тілдерінде қалыптастырылады.
26. Құпия режимде жүргізілген мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шаралары туралы ақпарат Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптары сақтала отырып ұсынылады.
27. Ақпараттың мәтіндік форматы мынадай талаптарға сәйкес ресімделеді:
қаріп - Times New Roman, қажет болған жағдайда Arial пайдаланылуы мүмкін;
қаріп өлшемі – 14, қажет болған жағдайда 16,
кесте материалдарында – 12,
қажет болған жағдайда 8 және 10 пайдаланылуы мүмкін;
жоларалық интервал – 1,5 қажет болған жағдайда 1,0 пайдаланылуы мүмкін;
бет жиектері: сол, жоғарғы және төменгі – 2,5 сантиметр, оң - 1,5 сантиметр;
абзац шегінісі - 1,27 сантиметр;
сөздер тасымалданбайды;
беттердің нөмірленуі – жоғарғы жағынан ортасында, бірінші бетте нөмір көрсетілмейді.
28. Ақпараттың құрылымы мен мазмұнына сыртқы мемлекеттік аудит органы төрағасының шешімі бойынша өзгерістер енгізілуі мүмкін.
Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын ағымдағы бағалауды жүзеге асыру бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартына 1-қосымша |
Сыртқы мемлекеттік аудит органдарының _____ жылғы ____ тоқсандағы (жартыжылдықтағы, 9 айдағы, жылғы) қызметінің түйінді көрсеткіштері
Р/с № | Көрсеткіштер атауы | Өлшем бірлігі | Алдыңғы жылғы ұқсас кезеңде _____ жылғы ____ тоқсан (жартыжылдық, 9 ай, жыл) | Есепті кезеңде _____ жылғы ____ тоқсан (жартыжыл-дық, 9 ай, жыл) | ауытқу %-бен, есе |
---|---|---|---|---|---|
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
I. Сандық көрсеткіштер | |||||
1 | Мемлекеттік аудиттің және сараптамалық-талдау іс-шараларының саны | бірлік | |||
2 | Мемлекеттік аудитпен қамтылған объектілердің саны | бірлік | |||
3 | Мемлекеттік аудитпен қамтылған қаражат көлемі | миллион теңге | |||
4 | Қазақстан Республикасы заңнамасы нормаларының, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілері актілерінің барлық анықталған бұзушылықтары, соның ішінде | миллион теңге | |||
4.1 | қаржылық бұзушылықтар | миллион теңге | |||
4.2 | Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын іске асыру үшін қабылданған, квазимемлекеттік сектор субъектілері актілерінің бұзушылықтары | миллион теңге | |||
4.3 | тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты, мемлекет активтері | миллион теңге | |||
4.4 | тиімсіз жоспарланғаны | миллион теңге | |||
5 | Анықталған рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар саны | бірлік | |||
6 | Бір объектіге шаққанда анықталған бұзушылықтар сомасы, соның ішінде | миллион теңге | |||
6.1 | бір объектіге шаққанда анықталған қаржылық бұзушылықтар сомасы | миллион теңге | |||
II. Сапалық көрсеткіштер | |||||
7 | Мемлекеттік аудитпен қамтылған қаражат көлеміне шаққанда анықталған бұзушылықтардың үлесі, соның ішінде | пайызбен | |||
7.1 | мемлекеттік аудитпен қамтылған қаражат көлеміне шаққанда анықталған қаржылық бұзушылықтардың үлесі | пайызбен | |||
8 | Сыртқы мемлекеттік аудит органын күтіп-ұстауға бөлінген қаражатқа шаққанда өтелген (қалпына келтірілген, есеп бойынша көрсетілген) сомалардың арақатынасы | рет | |||
9 | Өтеуге (орындау мерзімдері келгендер бойынша) (қалпына келтіруге, есеп бойынша көрсетуге) жататын қаражаттың жалпы көлеміне шаққанда іс жүзінде өтелген (қалпына келтірілген, есеп бойынша көрсетілген) сомалардың үлесі | пайызбен | |||
10 | Өтеуге (қалпына келтіруге, есеп бойынша көрсетуге) жататын қаражаттың жалпы көлеміне шаққанда іс жүзінде өтелген (қалпына келтірілген, есеп бойынша көрсетілген) сомалардың үлесі | пайызбен | |||
11 | Сыртқы мемлекеттік аудит органының тапсырмалары мен ұсынымдарының (орындау мерзімдері келгендер бойынша) орындалу үлесі | пайызбен | |||
12 |
Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша | пайызбен |
Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын ағымдағы бағалауды жүзеге асыру бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартына 2-қосымша |
Тексеру комиссияларының _____ жылғы ____ тоқсандағы (жартыжылдықтағы, 9 айдағы, жылғы) қызметінің түйінді көрсеткіштері
Өңірдің атауы | Аудитпен қамтылған объектілер саны, бірлік | Аудитпен қамтылған қаражат көлемі, миллион теңге | Барлық бұзушылықтар, миллион теңге | Қаржылық бұзушылықтар, миллион теңге | Орындау мерзімдері келгендері бойынша қалпына келтірілді (өтелді), миллион теңге | Пайыз | Орындау мерзімдері келгендер бойынша орындалған ұсынымдар мен тапсырмалар, бірлік | Пайыз |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
Абай облысы | ||||||||
Ақмола облысы | ||||||||
Ақтөбе облысы | ||||||||
Алматы облысы | ||||||||
Атырау облысы | ||||||||
Шығыс Қазақстан облысы | ||||||||
Жамбыл облысы | ||||||||
Жетісу облысы | ||||||||
Батыс | ||||||||
Қарағанды облысы | ||||||||
Қостанай облысы | ||||||||
Қызылорда облысы | ||||||||
Маңғыстау облысы | ||||||||
Павлодар облысы | ||||||||
Солтүстік Қазақстан облысы | ||||||||
Түркістан облысы | ||||||||
Ұлытау облысы | ||||||||
Алматы қаласы | ||||||||
Астана қаласы | ||||||||
Шымкент қаласы | ||||||||
ЖИЫНЫ: |
Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын ағымдағы бағалауды жүзеге асыру бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартына 3-қосымша |
Тексеру комиссияларының _____ жылғы ____ тоқсанда (жартыжылдықта, 9 айда, жылы) мемлекеттік аудитпен қамтыған объектілер саны және қаражат көлемі
Өңірдің атауы | Мемлекеттік аудитпен қамтылған объектілер саны, бірлік | Мемлекеттік аудитпен қамтылған қаражат көлемі, миллион теңге | соның ішінде: | Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары бойынша мемлекеттік аудитпен қамтылған қаражат көлемі, миллион теңге | ||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|
жергілікті бюджет | Республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер | Республикалық бюджеттен берілген нысаналы даму трансферттері | Республикалық бюджеттен берілген ағымдағы нысаналы трансферттер | мемлекет активтері | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
Абай облысы | ||||||||
Ақмола облысы | ||||||||
Ақтөбе облысы | ||||||||
Алматы облысы | ||||||||
Атырау облысы | ||||||||
Шығыс Қазақстан облысы | ||||||||
Жамбыл облысы | ||||||||
Жетісу облысы | ||||||||
Батыс Қазақстан облысы | ||||||||
Қарағанды облысы | ||||||||
Қостанай облысы | ||||||||
Қызылорда облысы | ||||||||
Маңғыстау облысы | ||||||||
Павлодар облысы | ||||||||
Солтүстік | ||||||||
Түркістан облысы | ||||||||
Ұлытау облысы | ||||||||
Алматы қаласы | ||||||||
Астана қаласы | ||||||||
Шымкент қаласы | ||||||||
ЖИЫНЫ: |
Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын ағымдағы бағалауды жүзеге асыру бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартына 4-қосымша |
Тексеру комиссиялары _____ жылғы ____ тоқсанда (жартыжылдықта, 9 айда, жылы) анықтаған Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілері актілері бұзушылықтарының көлемі
миллион теңге
Өңірдің атауы | Барлық анықталған бұзушылықтар | соның ішінде | |||
---|---|---|---|---|---|
қаржылық бұзушылықтар | Қазақстан Республикасы заңнамасы нормаларын іске асыру үшін қабылданған квазимемлекеттік сектор субъектілері актілерінің бұзушылықтары | тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты, мемлекет активтері | тиімсіз жоспарлау | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Абай облысы | |||||
Ақмола облысы | |||||
Ақтөбе облысы | |||||
Алматы облысы | |||||
Атырау облысы | |||||
Шығыс Қазақстан облысы | |||||
Жамбыл облысы | |||||
Жетісу облысы | |||||
Батыс Қазақстан облысы | |||||
Қарағанды облысы | |||||
Қостанай облысы | |||||
Қызылорда облысы | |||||
Маңғыстау облысы | |||||
Павлодар облысы | |||||
Солтүстік Қазақстан облысы | |||||
Түркістан облысы | |||||
Ұлытау облысы | |||||
Алматы қаласы | |||||
Астана қаласы | |||||
Шымкент қаласы | |||||
ЖИЫНЫ: |
Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын ағымдағы бағалауды жүзеге асыру бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартына 5-қосымша |
Тексеру комиссиялары _____ жылғы ____ тоқсанда (жартыжылдықта, 9 айда, жылы) анықтаған қаржылық бұзушылықтардың көлемі
миллион теңге
Өңірдің атауы | Анықталған қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасы | соның ішінде | |||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
бағыттар бойынша: | қаржыландыру көздері бойынша: | ||||||||
бюджет қаражатын пайдалану кезінде | активтерді пайдалану кезінде | бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жүргізу кезінде | бюджетке түсетін түсімдер бойынша | жергілікті бюджет | Республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер | Республикалық бюджеттен берілген нысаналы даму трансферттері | Республикалық бюджеттен берілген ағымдағы нысаналы трансферттер | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
Абай облысы | |||||||||
Ақмола облысы | |||||||||
Ақтөбе облысы | |||||||||
Алматы облысы | |||||||||
Атырау облысы | |||||||||
Шығыс Қазақстан облысы | |||||||||
Жамбыл облысы | |||||||||
Жетісу облысы | |||||||||
Батыс Қазақстан облысы | |||||||||
Қарағанды облысы | |||||||||
Қостанай облысы | |||||||||
Қызылорда облысы | |||||||||
Маңғыстау облысы | |||||||||
Павлодар облысы | |||||||||
Солтүстік Қазақстан облысы | |||||||||
Түркістан облысы | |||||||||
Ұлытау облысы | |||||||||
Алматы қаласы | |||||||||
Астана қаласы | |||||||||
Шымкент қаласы | |||||||||
ЖИЫНЫ: |
Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын ағымдағы бағалауды жүзеге асыру бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартына 6-қосымша |
_____ жылғы ____ тоқсандағы (жартыжылдықта, 9 айда, жылы) аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша қалпына келтірілген (өтелген) және қалпына келтіруге (өтеуге) жататын сомалар көлемі
миллион теңге
Өңірдің атауы | Қалпына келтіруге және өтеуге жататын сома | Өтелген және қалпына келтірілген қаражат сомасы | Орындалу пайызы | соның ішінде (орындау мерзімі келгендері): | |||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
барлығы | орындау мерзімі келгендері | барлығы | орындау мерзімі келгендері | өтеуге жататын сома | оның ішінде өтелді | қалпына келтіруге жататын сома | оның ішінде қалпына келтірілді | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
Абай облысы | |||||||||
Ақмола облысы | |||||||||
Ақтөбе облысы | |||||||||
Алматы облысы | |||||||||
Атырау облысы | |||||||||
Шығыс Қазақстан облысы | |||||||||
Жамбыл облысы | |||||||||
Жетісу облысы | |||||||||
Батыс Қазақстан облысы | |||||||||
Қарағанды облысы | |||||||||
Қостанай облысы | |||||||||
Қызылорда облысы | |||||||||
Маңғыстау облысы | |||||||||
Павлодар облысы | |||||||||
Солтүстік Қазақстан облысы | |||||||||
Түркістан облысы | |||||||||
Ұлытау облысы | |||||||||
Алматы қаласы | |||||||||
Астана қаласы | |||||||||
Шымкент қаласы | |||||||||
ЖИЫНЫ: |
Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын ағымдағы бағалауды жүзеге асыру бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартына 7-қосымша |
_____ жылғы ____ тоқсандағы (жартыжылдықта, 9 айда, жылы) аудиторлық және сараптамалық-талдау іс-шараларының қорытындысы бойынша ұсынымдардың (ұсыныстардың) және тапсырмалардың орындалуы
Өңірдің атауы | Ұсынымдардың (ұсыныстардың) және тапсырмалардың саны, бірлік | Орындалған ұсынымдардың (ұсыныстардың) және тапсырмалардың саны, бірлік | Орындалу пайызы | соның ішінде (орындау мерзімі келгендері): | |||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
барлығы | орындау мерзімі келгендері | барлығы | орындау мерзімі келгендері | ұсынымдардың (ұсыныстардың) саны, бірлік | оның ішінде орындалды | тапсырмалардың саны, бірлік | оның ішінде орындалды | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
Абай облысы | |||||||||
Ақмола облысы | |||||||||
Ақтөбе облысы | |||||||||
Алматы облысы | |||||||||
Атырау облысы | |||||||||
Шығыс Қазақстан облысы | |||||||||
Жамбыл облысы | |||||||||
Жетісу облысы | |||||||||
Батыс Қазақстан облысы | |||||||||
Қарағанды облысы | |||||||||
Қостанай облысы | |||||||||
Қызылорда облысы | |||||||||
Маңғыстау облысы | |||||||||
Павлодар облысы | |||||||||
Солтүстік Қазақстан облысы | |||||||||
Түркістан облысы | |||||||||
Ұлытау облысы | |||||||||
Алматы қаласы | |||||||||
Астана қаласы | |||||||||
Шымкент қаласы | |||||||||
ЖИЫНЫ: |
Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын ағымдағы бағалауды жүзеге асыру бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартына 8-қосымша |
Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның_____ жылғы ____ тоқсандағы (жартыжылдықта, 9 айда, жылы) қызметінің түйінді көрсеткіштері
Р/с № | Көрсеткіштер атауы | Өлшем бірлігі | Алдыңғы жылғы ұқсас кезеңде _____ жылғы ____ тоқсан (жартыжылдық, 9 ай, жыл) | Есепті кезеңде _____ жылғы ____ тоқсан (жартыжылдық, 9 ай, жыл) | Ауытқу (+,-) |
---|---|---|---|---|---|
Аудиторлық іс-шара | |||||
1. | Жүргізілген тексерулер саны | бірлік | |||
2. | Аудитпен қамтылған қаражат көлемі | миллион теңге | |||
3. | Анықталған қаржылық бұзушылықтар сомасы | миллион теңге | |||
4. | Қалпына келтірілген, есепке алу бойынша көрсетілген және өтелген қаражат сомасы | миллион теңге | |||
5. | Рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар саны | бірлік | |||
6. | Бұзушылықтар мен кемшіліктерге жол бермеу бойынша жолданған ұсыныстар саны | бірлік | |||
7. | Бұзушылықтарды жоюға және оларға жол берген тұлғалардың жауаптылығын қарау туралы берілген нұсқамалардың саны | бірлік | |||
8. | Құқық қорғау органдарына аудит материалдарын беру | бірлік | |||
8.1. | сомаға | миллион теңге | |||
9. | Әкімшілік жауаптылыққа тартылған аудит объектілері лауазымды тұлғаларының саны | бірлік | |||
9.1. | салынған айыппұлдар сомасы | миллион теңге | |||
9.2. | келіп түскен айыппұлдар сомасы | миллион теңге | |||
10. | Тәртіптік жауаптылыққа тартылған лауазымды тұлғалар | бірлік | |||
Камералдық бақылау | |||||
1. | Мемлекеттік сатып алу рәсімдері қамтылды | бірлік | |||
1.1. | сомаға | миллион теңге | |||
2. | Анықталған бұзушылықтар, рәсімдер саны | бірлік | |||
3. | Жойылған бұзушылықтар | бірлік | |||
4. | Шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шығарылған үкімдер | бірлік |
Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын ағымдағы бағалауды жүзеге асыру бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартына 9-қосымша |
_____ жылғы ____ тоқсанда (жартыжылдықта, 9 айда, жылы) облыстық бюджетке, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетіне, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетіне түскен түсімдер туралы ақпарат
миллион теңге
Көрсеткіштер атауы | Өткен жылдың ұқсас кезеңіндегі есеп | Есепті қаржы жылына бекітілген бюджет | Есепті қаржы жылына нақтыланған (түзетiлген) бюджет | Есепті кезең ___жылғы ____ тоқсан (жартыжылдық, 9 ай, жыл) | Нақтыланған (түзетiлген) бюджетке шаққанда атқар. пайызы | Өткен жылдың ұқсас кезеңіндегі фактімен салыстырғанда есепті кезеңдегі факті | ||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
жоспар | іс жүзінде | (+,-) | пайыз | (+,-) | пайыз | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
Түсімдер | ||||||||||
Қарыздардың түсiмдері | ||||||||||
Кірістер, соның ішінде | ||||||||||
Салықтық түсімдер, соның ішінде: | ||||||||||
Жеке табыс салығы | ||||||||||
Әлеуметтік салық | ||||||||||
Мүлік салығы | ||||||||||
Жер салығы | ||||||||||
Көлік құралы салығы | ||||||||||
Акциздер | ||||||||||
Табиғи ресурстарды пайдаланудан түсетін түсімдер | ||||||||||
Кәсіпкерлік және кәсіби қызметті жүргізу үшін алымдар | ||||||||||
Өзге де салықтық түсімдер | ||||||||||
Салықтық емес түсімдер | ||||||||||
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер | ||||||||||
Трансферттер түсімдері | ||||||||||
Жоғары тұрған бюджеттен берілетін трансферттер | ||||||||||
Субвенциялар | ||||||||||
Бюджеттік кредиттерді өтеу | ||||||||||
Қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер |
Нормативтік қаулыға 2-қосымша |
|
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулысына 7-қосымша |
901. Республикалық бюджеттің атқарылуын кейіннен бағалауды жүзеге асыру бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Республикалық бюджеттің атқарылуын кейіннен бағалауды жүзеге асыру бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты (бұдан әрі – Рәсімдік стандарт) Қазақстан Республикасының Парламентіне ұсынылатын Қазақстан Республикасы Үкіметінің есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жыл сайынғы есебіне Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы (бұдан әрі – Жоғары аудиторлық палата) беретін қорытындыға (бұдан әрі – Қорытынды) қойылатын бірыңғай тәсілдерді қамтамасыз ету бойынша рәсімдік талаптарды қамтиды.
2. Осы Рәсімдік стандарттың күші Жоғары аудиторлық палатаның құрылымдық бөлімшелеріне және мүшелеріне қолданылады.
3. Рәсімдік стандарттың негізгі қағидаттарына мыналар жатады:
1) сенімділік – Жоғары аудиторлық палатаның Қазақстан Республикасының Парламентіне ұсынатын Қорытындысының анықтығы және онда қателердің болмауы;
2) толықтық және ашықтық – жүргізілген мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шараларының көрсетілуі, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелерін баяндаудың анықтығы;
3) уақтылылық – анық ақпаратты жедел жинау, есеп пен ақпаратты белгіленген мерзімдерде дайындау және ұсыну.
4) салыстырмалылық – түрлі кезеңдегі есептік ақпаратты салыстыру мүмкіндігі;
5) жариялылық – құпиялылық режимін, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияның қамтамасыз етілуін ескере отырып, Қорытындының Жоғары аудиторлық палатаның ресми интернет-ресурсында міндетті түрде жариялануы.
2-тарау. Қазақстан Республикасының Парламентіне Қорытындыны дайындау және ұсыну
1-параграф. Қорытындыны қалыптастыру және ұсыну тәртібі
4. Қорытындыны қалыптастыру үшін Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 125-бабының 2-тармағына, 127-бабының 1 және 4-тармақтарына сәйкес есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің (бұдан әрі – Үкімет) жылдық есебі және Үкімет пен бюджетті атқару жөніндегі орталық мемлекеттік орган Жоғары аудиторлық палатаға ұсынатын республикалық бюджеттің атқарылуы туралы тоқсан сайынғы есептері, сондай-ақ Жоғары аудиторлық палатаның мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шараларының нәтижелері, Жоғары аудиторлық палатаның интеграцияланған ақпараттық жүйесі, Қаржы министрлігінің ақпараттық жүйелерінің деректері, республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің есептері, Жоғары аудиторлық палатаның сұрау салуы бойынша ұсынылған жергілікті атқарушы органдардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ақпараты, әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы статистикалық деректер, елдің есепті кезеңдегі ақша-кредит саясатының, төлем балансының және сыртқы борышының көрсеткіштері және құқық қорғау органдарының деректері негіз болып табылады.
5. Қорытындыны дайындау бойынша жұмыстарды үйлестіру Жоғары аудиторлық палатаның Төрағасы бекіткен Жоғары аудиторлық палата мүшелерінің арасындағы міндеттерді бөлуге сәйкес Жоғары аудиторлық палатаның мүшесіне жүктеледі.
6. Қорытындыны қалыптастыруды талдауға және есептілікке жауапты құрылымдық бөлімше (бұдан әрі – Департамент) жүзеге асырады.
Жоғары аудиторлық палатаның мүшелері мен құрылымдық бөлімшелер жетекшілік ететін бағыттары бойынша Қорытындының бөлімдерін (кіші бөлімдерін) әзірлеуге қатысады.
7. Мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері негізінде Қорытындыда көрсетілген тарихи мәліметтердің анықтығын және өзектілігін қамтамасыз етеді.
8. Мемлекеттік тілді дамытуға жауапты құрылымдық бөлімше мемлекеттік тілдегі Қорытындының уақтылылығын және сапасын қамтамасыз етеді.
9. Департамент есепті кезең ішінде мемлекеттік аудиттің және сараптамалық-талдау іс-шараларының аяқталуына қарай республикалық бюджеттің атқарылуына және мемлекет активтерінің пайдаланылуына бағалау жүргізу үшін Жоғары аудиторлық палатаның, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың тексеру комиссияларының (бұдан әрі – тексеру комиссиялары) мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шараларының нәтижелері бойынша талдамалық ақпарат қалыптастырады.
Жоғары аудиторлық палата қажет болған жағдайда тексеру комиссияларынан және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органнан мемлекеттік аудиттің тиісті материалдарын сұратады.
10. Қорытындыны қалыптастыру үшін көрсеткіштердің нысандары мен тізбесі тиісті қаржы жылындағы есептің ерекшелігіне қарай жыл сайын жасалады.
11. Департамент Жоғары аудиторлық палатаның мүшелеріне және Қорытындыны қалыптастыруға қатысатын құрылымдық бөлімшелерге:
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 сәуірінде ұсынған;
Үкіметтің есепті кезеңнен кейінгі жылдың 20 сәуірінде ұсынған есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Үкіметтің есебін жібереді.
12. Департамент Жоғары аудиторлық палатаның мүшелерімен және Қорытындыны қалыптастыруға қатысатын құрылымдық бөлімшелермен бірге есепті кезеңнен кейінгі жылдың 25 сәуіріне дейін Қорытындының жобасын қалыптастырады және оны Жоғары аудиторлық палатаның Төрағасына қарауға жібереді.
13. Жоғары аудиторлық палатаның Қорытындыны дайындауға және ұсынуға жауапты мүшесі Департаментпен бірлесіп, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 5 мамырынан кешіктірмей, Қорытындының және оны мақұлдау туралы Жоғары аудиторлық палата қаулысының жобаларын Жоғары аудиторлық палатаның отырысына енгізеді.
14. Департамент есепті кезеңнен кейінгі жылдың 14 мамырынан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Парламентіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне жіберу үшін Жоғары аудиторлық палатаның қаулысымен бекітілген Қорытындымен бірге ілеспе хатты Жоғары аудиторлық палатаның Төрағасына қол қоюға ұсынады.
15. Құпия режимде жүргізілген мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шаралары туралы ақпаратты жауапты орындаушылар қалыптастырады және Жоғары аудиторлық палатаның мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі жұмысын ұйымдастыруға жауапты Жоғары аудиторлық палатаның құрылымдық бөлімшесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптарын сақтай отырып жібереді.
16. Департамент Қазақстан Республикасының Парламентінде Қорытындыны таныстыру және негіздеу үшін материалдарды үйлестіруді және дайындауды қамтамасыз етеді.
17. Қорытынды Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысында бекітілгеннен кейін Департамент он жұмыс күні ішінде Қорытындының негізгі ережелерін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялау және Жоғары аудиторлық палатаның интернет-ресурсына орналастыру үшін жібереді.
2-параграф. Қорытындының құрылымы мен мазмұны
18. Қорытынды Қазақстан Республикасы Үкіметінің есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебіне беріледі.
19. Қорытындының үлгілік құрылымы:
КІРІСПЕ
I БӨЛІМ. РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫНЫҢ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ
1.1. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамы көрсеткіштерінің орындалуын бағалау
1.2. Мемлекеттік борыштың деңгейі мен құрылымын бағалау
1.3. Ұлттық қор активтерінің түсімдері мен пайдаланылуын бағалау
II РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ НЕГІЗГІ ПАРАМЕТРЛЕРІНІҢ ОРЫНДАЛУЫН БАҒАЛАУ
2.1. Республикалық бюджеттің кіріс бөлігінің атқарылуын бағалау
2.2. Республикалық бюджеттің шығыс бөлігінің атқарылуын бағалау
2.2.1. Орталық мемлекеттік органдарға, соның ішінде бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде бөлінген бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін бағалау
2.3. Республикалық бюджет тапшылығын және оны қаржыландыру көздерін бағалау
2.4. Өңірлерге бөлінген республикалық бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігін бағалау
2.5. Квазимемлекеттік сектор субъектілері активтерінің басқарылу тиімділігін бағалау
III БӨЛІМ. ҰЛТТЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ
IV. РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ ШОҒЫРЛАНДЫРЫЛҒАН ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІГІН АЛДЫН АЛА БАҒАЛАУ
V. ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ
ЕСЕПКЕ ҚОСЫМШАЛАР
20. "Кіріспе" бөлімінде ақпаратты ұсынудың негізі мен мақсаты, қызметтің негізгі бағыттары бойынша қысқаша мазмұны көрсетіледі.
21. "Республикалық бюджеттің атқарылуының макроэкономикалық шарттары" бөлімі:
республикалық бюджетті қалыптастыру үшін негіз болып табылатын Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамының негізгі параметрлерінің орындалуын;
ағымдағы жағдайды талдауды және анықталған әлеуметтік-экономикалық даму проблемаларының бюджет параметрлеріне әсерін бағалауды;
есепті қаржы жылында мемлекеттік борыштың деңгейі мен құрылымын бағалау бойынша тиімділікке тақырыптық аудит жүргізілген жағдайда, мемлекеттік борыштың деңгейі мен құрылымын бағалауды;
есепті қаржы жылында Ұлттық қордың түсімдерін бағалау және активтерін пайдалану бойынша тиімділікке тақырыптық аудит жүргізілген жағдайда, Ұлттық қор активтерінің түсімдері мен пайдаланылуын бағалауды қамтиды.
22. "Республикалық бюджеттің негізгі параметрлерінің орындалуын бағалау" бөлімінде:
1) бюджетке жүргізілген түзетулер санын және Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына, Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына, әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарына сәйкестігін көрсете отырып, есепті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның орындалуын бағалауды;
2) республикалық бюджетке түсетін кірістер түсімдерінің болжамында көзделген көрсеткіштердің орындалуын ескере отырып, сондай-ақ есепті кезеңнің алдындағы жылмен салыстырғанда түсімдерді сыныптау бойынша республикалық бюджет кірістерінің атқарылуы туралы ақпаратты;
кедендік және салықтық әкімшілендірудің және жалпы салық-бюджет саясатының тиімділігін бағалауды;
3) бюджет қаражатының атқарылмау себептерін және қолма-қол ақшаны бақылау шоттарында пайдаланылмайтын қалдықтардың пайда болуын көрсете отырып, негізгі экономикалық және функционалдық топтар бойынша бюджеттің шығыс бөлігінің атқарылуын бағалауды;
орталық мемлекеттік органдардың республикалық бюджет қаражатын пайдалануын және олардың қызметінің тиімділігін бағалауды (әрбір мемлекеттік орган бөлінісінде), оның ішінде:
орталық мемлекеттік органдардың есепті қаржы жылында республикалық бюджетті атқаруын бағалауды;
орталық мемлекеттік органдардың тікелей және түпкілікті нәтижелерге, бюджеттік бағдарламада, Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көзделген әлеуметтік-экономикалық әсерге қол жеткізу тиімділігін бағалауды;
бюджет қаражатын пайдалану кезінде мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шараларымен анықталған бұзушылықтар мен жүйелік кемшіліктерді талдауды;
аудиторлық және сараптамалық-талдау қызметінің нәтижелері бойынша анықталған Үкіметтің республикалық бюджеттің атқарылуы мен бюджеттік бағдарламалардың нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу жөніндегі есеп деректеріндегі алшақтықтарды (болған жағдайда);
4) бюджет тапшылығы және оны қаржыландыру көздері туралы ақпаратты;
5) өңірлерге бөлінген республикалық бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігін бағалауды, соның ішінде:
өңірлердің дамуын талдауды (бюджеттік қамтамасыз ету, бөлінетін трансферттердің тиімділігі)
өңірлер бөлінісінде мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шараларының нәтижелері бойынша белгіленген бұзушылықтарды талдауды;
6) республикалық бюджет қаражатын және квазимемлекеттік сектор субъектілері активтерін пайдалану тиімділігін бағалауды, соның ішінде:
республикалық бюджет қаражатын пайдалану және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін басқару кезінде мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шараларының нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды талдауды;
квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаржы-шаруашылық қызметін және бюджетке түсетін түсімдерді талдауды қамтиды;
23. "Ұлттық жобаларды іске асырудың тиімділігін бағалау" бөлімінде ұлттық жобалар бойынша жасалған талдау көрсетіледі.
24. "Республикалық бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігін алдын ала бағалау" бөлімі.
25. "Қорытынды бөлім" бөлімінде әрбір бағаланған бағыт бөлінісінде, оның ішінде:
есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептің Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкестігіне (республикалық бюджеттің ақша және материалдық қаражатын басқарудың заңдылығы, дұрыстығы, тиімділігі мен үнемділігі туралы);
бюджеттік құжаттарда белгіленген ковенанттардың сақталуына;
жасалған операциялар бойынша Қорытындыда көрсетілген ақпараттың анықтығы мен толықтығына және бұзушылықтардың бар-жоғына;
республикалық бюджеттің атқарылу тиімділігін арттыруға, Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іске асырылуына;
қаржылық тәртіпті нығайту жөніндегі шараларға;
мемлекеттік сектордағы қаржы қызметін республикалық бюджет қаражатын ұтымды және тиімді пайдалануға бағытталған басқаруды жетілдіру тетіктеріне қатысты республикалық бюджетті атқару кезінде анықталған проблемаларды сипаттайтын және жүйелендіретін қорытындылар мен ұсынымдар қамтылады.
26. Қорытындыға қосымшаларға Жоғары аудиторлық палатаның, тексеру комиссияларының және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган қызметінің негізгі нәтижелері енгізіледі.
27. Қорытындының құрылымы, мазмұны мен көлемі есепті кезеңде өзекті және маңызды мәселелердің болуына, есепті жылдағы мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шараларының нәтижелеріне, сондай-ақ қалыптастырылатын ақпараттың ерекшелігіне қарай нақтылануы немесе кеңейтілуі мүмкін.
3-параграф. Қорытындыны ұсыну нысаны
28. Қорытынды:
титулдық парақтан;
мазмұнынан;
негізгі мәтіннен;
қосымшалардан тұрады.
29. Титулдық парақта Қорытындының атауы, сондай-ақ оны дайындауға және ұсынуға жауапты мемлекеттік органның атауы көрсетіледі.
30. Қорытындыда сомалар миллиард немесе миллион теңгемен көрсетіледі.
31. Қорытындының мәтіндік форматы мынадай талаптарға сәйкес ресімделеді:
қаріп – Times New Roman;
қаріп өлшемі – 14, кестедегі материалдарда – 8-12.
32. Қорытынды мемлекеттік және орыс тілдерінде қалыптастырылады.
4-параграф. Қорытындыны Қазақстан Республикасының Парламентінде талқылау тәртібі
33. Қорытындыны Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен Сенатында таныстыруды Жоғары аудиторлық палатаның Төрағасы немесе оған уәкілетті адам жүзеге асырады.
34. Жоғары аудиторлық палатаның Қорытындыны дайындауға және ұсынуға жауапты мүшесі Жоғары аудиторлық палата аппаратымен бірлесіп Жоғары аудиторлық палата Төрағасының сөйлейтін сөзінің тиісті жобаларын, оны Парламентте таныстыруға қажетті слайдтар мен басқа да материалдарды қалыптастырады.
35. Бюджет кодексінің 128-бабының 2-тармағына сәйкес республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Қорытындыны талқылау кезінде Парламент Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде және Сенатында, сондай-ақ Парламенттің қос палатасының бірлескен отырысында Жоғары аудиторлық палата Төрағасының баяндамасын тыңдайды.
36. Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары жұмыс топтары отырыстарының кестесіне сәйкес бейінді комитеттерде Қорытындыны қарау кезінде олардың жұмысына мемлекеттік аудит учаскелерінің бөлінуі негізінде Жоғары аудиторлық палатаның мүшелері қатысады.
37. Қорытындыға қатысты депутаттық сауалдар туындаған жағдайда Жоғары аудиторлық палатаның мүшелері мемлекеттік аудит учаскелерінің бөлінуіне сәйкес тиісті ақпарат ұсынуды қамтамасыз етеді.