Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2024 жылғы 5 сәуірдегі № 184 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 5 сәуірде № 34230 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiне есепке алу объектiлерi деректерiн енгiзудің, сондай-ақ мемлекеттiк мүлiкке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргiзудің бірыңғай әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 636 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7375 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 200-бабының 6-тармағын және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасын іске асыру үшін БҰЙЫРАМЫН:";

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiне есепке алу объектiлерi деректерiн енгiзудің, сондай-ақ мемлекеттiк мүлiкке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргiзудің бірыңғай әдістемесінде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiне есепке алу объектiлерi деректерiн енгiзудің, сондай-ақ мемлекеттiк мүлiкке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргiзудің бірыңғай әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) Мемлекеттік мүлік тізіліміне (бұдан әрі - Тізілім) қосу үшін есепке алу объектiлерi деректерiн және мемлекеттiк мүлiкке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргiзу мерзімдерін енгiзу тәртібін анықтайтын "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 200-бабының 6-тармағын және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасын іске асыру мақсатында әзірленді.";

      5-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) электрондық есеп Сервис арқылы жасалады. Сервиспен жұмыс істеу нәтижесінде оған ұлттық куәландыру орталығы берген мемлекеттік заңды тұлғаның электрондық сандық қолтаңбасы қойылатын осы Әдістеменің 1, 2, 3 және 4-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша мүлікке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргізу нәтижелері жөніндегі ақпараты және № 468 бұйрықтың 1, 2, 3, 4, 5 және 6-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша мемлекеттік мекемелердің жылдық қаржылық есептілігі бар файлдар қалыптастырылады;";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу және мемлекеттік техникалық тексеру саласында мемлекеттік саясат пен қызметті мемлекеттік реттеуді жүргізуді жүзеге асыратын мемлекеттік органның деректерімен жылжымайтын мүлікке қатысты мемлекеттік заңды тұлғаның электрондық есебінің деректерін салыстыру нәтижелері бойынша жылжымайтын мүлік анықталады:

      "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 4-тарауымен белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркеуден өтпеген, соның ішінде жаңадан құрылған;

      Заңның 4-тарауымен белгіленген тәртіпте тіркелген, оған қатысты реконструкциялау, жаңадан жоспарлау, объектінің құрамының өзгерісі немесе мақсаты жүзеге асырылған және кейіннен мемлекеттік техникалық тексеруден өтпеген;

      балансында тұрған және мемлекеттік заңды тұлғаларға одан әрі бекітіп беру үшін құқық орнатушы құжаттары жоқ (қаржылық жалдауға алынғанды қоспағанда) жылжымайтын мүлік айқындалады.";

      11-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік кәсіпорындар құнның қайта бағалау бойынша есептеу моделін есеп саясатында таңдаған жағдайда "Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен анықталған қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес мүлікті қайта бағалауды жүргізеді.";

      көрсетілген Мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiне есепке алу объектiлерi деректерiн енгiзудің, сондай-ақ мемлекеттiк мүлiкке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргiзудің бірыңғай әдістемесіне 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Мемлекеттік мүлік тізіліміне деректерді беру нысанын, көлемін және кезеңділігін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 267 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11054 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 200-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақ мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "12-1) осы бұйрыққа 12-1-қосымшаға сәйкес электрондық ақпараттық ресурстар түрінде мемлекетке тиесілі ақпараттандыру объектілерінің мемлекеттік мүлік тізіліміне деректерді беру нысаны мен көлемі;";

      2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:";

      осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес 12-1-қосымшамен толықтырылсын;

      көрсетілген бұйрыққа 13-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қаржы министірінің міндетін атқарушы
Е. Биржанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Әділет министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мәдениет және ақпарат министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

  2024 жылғы 5 сәуірдегі
№ 184 Бұйрыққа
1-қосымша
  Мемлекеттік мүлік тізіліміне
есепке алу объектілері
деректерін енгізудің, сондай-ақ
мемлекеттік мүлікке түгендеу,
паспорттау және қайта бағалау
жүргізудің бірыңғай
әдістемесіне
1-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан "20 ___ жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша мүлікті түгендеу, паспорттау және қайта бағалау нәтижелері бойынша жиынтық ақпарат"

      20___ жылғы есепті кезең

      Индекс: 1-ЖА

      Кезеңділігі: жыл сайын

      Тапсырады: мемлекеттік заңды тұлғалар

      Алушы: мемлекеттік мүлік тізілімі

      Тапсыру мерзімі: жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей

      Нысан

      Мемлекеттік заңды тұлғаның атауы:______________________________

      Ұйымның бизнес-сәйкестендіру нөмірі:___________________________

      Ұйымның заңды мекенжайы:____________________________________

  мың теңге

Мүлік түрі

Саны

Алғашқы құн

Жинақталған амортизация

Құнсызданудан шығындар

Теңгерім құны (3-баған - 4- баған 5- баған)

Қайта Бағалау сомасы (+/-)

Қайта бағалаудан кейінгі теңгерім құны (6-баған + 7-баған)

Техникалық паспорттары бар объектілер саны

Есепті жылда паспорттау жүргізілген объектілер саны

Паспорттау жүргізілуі қажет объектілер саны

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

1. Ғимараттар, жерлер**











Тұрғын емес ғимараттар











Тұрғын ғимараттар











Жер



х


***






2. Құрылыстар** (су тартқыштар, стадиондар, бассейндер, жолдар, көпірлер, ескерткіштер, саябақтар, скверлер, қоғамдық бақтар қоршаулары, бұрғы скважиналары, штольнялар)











3. Беру қондырғылары











Электр беру және байланыс қондырғылары











Трансмиссиялар және құбыр өткізгіштері











4. Көлік құралдары











Теміржол көлігінің жылжымалы құрамы











Су көлігі











Автомобиль көлігі











Әуе көлігі











Ат көлігі











Өндірістік көлік











Спорттық көлік











5. Машиналар және жабдық











Күш машиналары және жабдық











Жұмыс машиналары және жабдық











Өлшеу аспаптары











Реттеуші аспаптар және қондырғылар











Лабораториялық жабдық











Компьютерлік жабдық











Медициналық жабдық











Кеңсе жабдығы











Өзге де машиналар және жабдық











6. Құралдар, өндірістік және шаруашылық мүк- әммал*











Құралдар











Өндірістік мүкәммал және керек-жарақтар











Шаруашылық мүкәммал











Өзге де өндірістік және шаруашылық мүкәм- мал











7. Өзге де негізгі құралдар






















Көгалдандыратын, сәндік отырғызулар жасанды көп жылдық отырғызулар











Жерлерді жақсарту бойынша күрделі шығындар











Өзге де мүкәммал











Жұмыс малы











Өзге де негізгі құралдар











8. Инвестициялық жылжымайтын мүлік**











Тұрғын емес ғимараттар











Тұрғын ғимараттар











Жер



х








9. Биологиялық активтер











Жануарлар











Көп жылдық отырғызулар











10. Материалдық емес активтер











Бағдарламалық қамтамасыз ету











Авторлық құқықтар











Лицензиялық келісім











Патенттер











Өзге де материалдық емес активтер











11. Мемлекетке тиесілі ақпараттандыру объектілері








х

х

х

Электрондық ақпараттық ресурстар








х

х

х

Бағдарламалық қамтамасыз ету








х

х

х

Интернет-ресурс және ақпараттық-коммуника циялық инфрақұрылым








х

х

х

12. Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер











      Ескертпе:

      1 осы тармақты мемлекеттік кәсіпорындардың толтыруы міндетті емес;

      2 * жүргізілген паспорттау бойынша ақпаратты көрсете отырып;

      3 ** "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - ААҮ) анықтаған немесе мемлекеттік мүлік тізілімінде ААҮ белгіленген тәртіппен автоматты түрде есептелген жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны көрсетіледі;

      x бұл жайғасым толтыруға жатпайды.

      Бірінші басшы___________________________ ____________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) (қолы)

      Бас бухгалтер__________________________ ______________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) (қолы)

      Мөр орны

"20 ___ жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша мүлікті түгендеу, паспорттау және қайта бағалау нәтижелері бойынша жиынтық ақпарат" Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме 20 ___ жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша мүлікті түгендеу, паспорттау және қайта бағалау нәтижелері бойынша жиынтық ақпараттың нысанын (бұдан әрі - Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды анықтайды.

      2. Нысанға мемлекеттік заңды тұлғаның бірінші басшысы, ал оның жоқ болған жағдайында оның қызметін атқаратын тұлға қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      3. Нысанның 1-бағанында мүлік түрі көрсетілген.

      4. Нысанның 2-бағанында мүліктің саны көрсетіледі.

      5. Нысанның 3-бағанында мүліктің алғашқы құны, теңгерімге қойған кездегі алғашқы қабылданғаны көрсетіледі.

      6. Нысанның 4-бағанында қолдану кезеңінде жинақталған мүліктің тозуы көрсетіледі.

      7. Нысанның 5-бағанында мүліктің баланстық құны оның қайтару құнынан артық болған құны көрсетіледі.

      8. Нысанның 6-бағанында жинақталған амортизация мен құнсызданудың шығындарын алғаннан кейін мүлік есепке алынатын құны көрсетіледі (3-баған - 4- баған - 5-баған).

      9. Нысанның 7-бағанында қайта бағалау сомасы көрсетіледі.

      10. Нысанның 8-бағанында қайта бағалаудан кейінгі теңгерімдік құны көрсетіледі (6-баған + 7-баған).

      11. Нысанның 9-бағанында техникалық паспорттары бар объектілер саны көрсетіледі.

      12. Нысанның 10-бағанында есепті жылда паспорттау жүргізілген объектілер саны көрсетіледі.

      13. Нысанның 11-бағанында паспорттау жүргізілуі қажет объектілер саны көрсетіледі.

  2024 жылғы 5 сәуірдегі
№ 184 Бұйрыққа
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 10 сәуірдегі
№ 267 бұйрығына
12-1-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан "Электрондық ақпараттық ресурстар түрінде мемлекетке тиесілі ақпараттандыру объектілері бойынша мемлекеттік мүлік тізіліміне деректерді беру нысаны мен көлемі бойынша мәліметтер"

      20___ жылғы есепті кезең

      Индекс: 1-ЭАР

      Кезеңдлігі: сұрау салу бойынша

      Ақпаратты ұсынатын адамдар аясы: барлық мемлекеттік органдар (және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары)

      Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті

      Ұсыну мерзімі: сұрау салу келіп түскеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде

      1. Мемлекетке тиесілі ақпараттандыру объектісі бойынша мәліметтерді электрондық ақпараттық ресурстар түрінде көрсетіңіз (бұдан әрі – мемлекеттік деректер базасы):

      1.1. Бастапқы код бойынша бастапқы деректер, пайдаланылатын кітапханалар және бағдарламалық платформа(лар):

Меншік иесінің атауы

Меншік иесінің БСН-і

Иесінің атауы

Иесінің БСН-і

АЖ атауы

АЖ мақсатының қысқаша сипаттамасы

Дискіні таңбалау

Дискідегі каталог атауы

Кітапхана / бағдарламалық платформа/ Файл атауы

Мөлшері, Мегабайт

Бағдарламалау тілі

Кітапхана нұсқасы

Хэш-сома

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

      1.2. Деректер базасының толық резервтік көшірмесі бар алынбалы тасығышқа төлқұжат деректері

Меншік иесінің атауы

Меншік иесінің БСН-і

Иесінің атауы

Иесінің БСН-і

Дискіні таңбалау

Каталогтың атауы диске

Файл атауы

Мөлшері, Мегабайт

Мәліметтер базасын басқару жүйесі

Дерекқорды басқару нұсқасы

Сақтық көшірме жасалған күн

Хэш-сома

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

      1.3. Интеграция деректері

Интеграциялық байланыстың атауы

Интеграцияланатын объектінің меншік иесі

Қолданыстағы / жоспарланған

Интеграция модулінің болуы

Қосылу нүктесінің мекенжайы

Қосылу хаттамасы

Секундына сұраныстардың (пакеттердің) максималды саны

Сұраулар арасындағы максималды күту уақыты

1

2

3

4

5

6

7

8

      Қысқартылған сөздерді таратып жазу:

      АЖ – ақпараттық жүйелер;

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі.

"Электрондық ақпараттық ресурстар түрінде мемлекетке тиесілі ақпараттандыру объектілері бойынша мемлекеттік мүлік тізіліміне деректерді беру нысаны мен көлемі бойынша мәліметтер" Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме (Индекс: 1-ЭАР)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Мемлекеттік мүлік тізілімі" ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – МемТізілім) мен мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арасындағы ақпараттық алмасу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

      Мемлекеттік деректер базасының бастапқы резервтік көшірмесі алынбалы тасығыштарда ұсынылады.

      Мемлекеттік дерекқордың резервтік көшірмесін жаңарту тіркеу куәлігі бар жүйе иесінің электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдалана отырып, "сұрау-жауап" режимінде электрондық хабарламалар арқылы мемлекеттік орган пайдаланатын тиісті ақпараттық жүйемен МемТізілімнің тікелей интеграциясы арқылы жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік құпияларды құрайтын және құпия мәліметтерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстар МемТізілімге ұсынылмайды.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      Бастапқы код бойынша бастапқы деректерге, пайдаланылатын кітапханаларға және бағдарламалық платформаға(ларға) қатысты:

      1) 1-бағанда меншік құқығында мемлекеттік деректер базасын иеленетін меншік иесінің атауы көрсетіледі;

      2) 2-бағанда меншік иесінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі мемлекеттік деректер базасымен көрсетіледі;

      3) 3-бағанда меншік иесі мемлекеттік дерекқорды иелену және пайдалану құқығын берген иесінің атауы көрсетіледі;

      4) 4-бағанда мемлекеттік деректер базасы иесінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;

      5) 5-бағанда ақпараттық жүйенің атауы көрсетіледі;

      6) 6-бағанда ақпараттық жүйенің қысқаша сипаттамасы мақсаты көрсетіледі;

      7) 7-бағанда дискінің таңбалануы көрсетіледі;

      8) 8-бағанда дискідегі каталогтың атауы көрсетіледі;

      9) 9-бағанда кітапханалардың/бағдарламалық платформаның/файлдың атауы көрсетіледі;

      10) 10-бағанда мөлшері, Мегабайт көрсетіледі;

      11) 11-бағанда бағдарламалау тілі көрсетіледі;

      12) 12-бағанда кітапхананың нұсқасы көрсетіледі;

      13) 13-бағанда хэш-сома көрсетіледі.

      Деректер базасының толық резервтік көшірмесі бар алынбалы тасығышқа паспорттық деректерге қатысты:

      1) 1-бағанда меншік құқығында мемлекеттік деректер базасын иеленетін меншік иесінің атауы көрсетіледі;

      2) 2-бағанда меншік иесінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі мемлекеттік деректер базасымен көрсетіледі;

      3) 3-бағанда меншік иесі мемлекеттік дерекқорды иелену және пайдалану құқығын берген иесінің атауы көрсетіледі;

      4) 4-бағанда мемлекеттік деректер базасы иесінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;

      5) 5-бағанда дискінің таңбалануы көрсетіледі;

      6) 6-бағанда дискідегі каталогтың атауы көрсетіледі;

      7) 7-бағанда файлдың атауы көрсетіледі;

      8) 8-бағанда мөлшері, Мегабайт көрсетіледі;

      9) 9-бағанда деректер базасын басқару жүйесі көрсетіледі;

      10) 10-бағанда деректер базасын басқару нұсқасы көрсетіледі;

      11) 11-бағанда резервтік көшірменің жасалған күні көрсетіледі;

      12) 12-бағанда хэш-сома көрсетіледі.

      Интеграция деректеріне қатысты:

      1) 1-бағанда интеграциялық байланыстың атауы көрсетіледі;

      2) 2-бағанда интеграцияланатын объектінің меншік иесі немесе иесі көрсетіледі;

      3) 3-бағанда қолданыстағы не жоспарланатын интеграция көрсетіледі;

      4) 4-бағанда интеграция модулінің болуы көрсетіледі;

      5) 5-бағанда қосылу нүктесінің мекенжайы көрсетіледі;

      6) 6-бағанда қосылу хаттамасы көрсетіледі;

      7) 7-бағанда секундына сұраулардың (пакеттердің) ең көп саны көрсетіледі;

      8) 8-бағанда сұраулар арасындағы күтудің ең ұзақ уақыты көрсетіледі.

  2024 жылғы 5 сәуірдегі
№ 184 Бұйрыққа
3-қосымша
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 10 сәуірдегі
№ 267 бұйрығына
13-қосымша

Мемлекеттік мүлік тізіліміне деректерді беру кезеңділігі

Нысан мен көлемнің атауы

Мемлекеттік мүлік тізіліміне нысандар мен көлем бойынша деректерді беруді және (немесе) олардың қолжетімділігін қамтамасыз ететін мемлекеттік орган

Ұсыну нысаны

Ұсыну мерзімі

1

2

3

4

5

1

Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітілген мүлік объектілері бойынша мемлекеттік мүлік тізіліміне деректерді беру нысаны мен көлемі

Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітілген мүлік объектілері бойынша мемлекеттік мүлік тізіліміне деректерді беру нысаны мен көлемі

Электрондық форматта

Сұрау келіп түскеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде

2

Жер пайдаланудағы жер учаскелері бойынша деректерді мемлекеттік мүлік тізіліміне беру нысаны мен көлемі

Жер пайдаланудағы жер учаскелері бойынша деректерді мемлекеттік мүлік тізіліміне беру нысаны мен көлемі

3

Мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың акциялары мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестері бойынша мемлекеттік мүлік тізіліміне деректерді беру нысаны мен көлемі бойынша мәліметтер:



1) облыстық коммуналдық мүлікке жатқызылған;

1) облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы облыстық коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілеттік берген мемлекеттік орган; облыстық коммуналдық мүлікке билік ету;


2) аудандық коммуналдық мүлікке жатқызылған

2) ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы аудандық коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілеттік берген мемлекеттік орган

Электрондық форматта

Сұрау келіп түскеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде

4

Мемлекетке тиесілі ұлттық мәдени игілік объектілері бойынша мемлекеттік мүлік тізіліміне деректерді беру нысаны мен көлемі

Мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын мемлекеттік орган

Электрондық форматта

Сұрау келіп түскеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде

5

Мемлекетке тиесілі зияткерлік меншік объектілері бойынша мемлекеттік мүлік тізіліміне деректерді беру нысаны мен көлемі

Зияткерлік қызмет құқықтарын қорғау және сақтау саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын мемлекеттік орган

Электрондық форматта

Сұрау келіп түскеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде

6

Мемлекеттік заңды тұлғалар бойынша мемлекеттік мүлік тізіліміне деректерді беру нысаны мен көлемі

Коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган

7

Мемлекеттік заңды тұлғаларға, олардың филиалдары мен өкілдіктеріне тіркелген шағын көлемді және өзен кемелері бойынша мемлекеттік мүлік тізіліміне деректерді беру нысаны мен көлемі

Көлік және коммуникация салаларында басшылық жасауды, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган

8

Мемлекеттік заңды тұлғаларға, олардың филиалдары мен өкілдіктеріне тіркелген көлік құралдары бойынша мемлекеттік мүлік тізіліміне деректерді беру нысаны мен көлемі

Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында өз құзыреті шегінде басшылық жасауды салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган

9

Мемлекеттік заңды тұлғаларға, олардың филиалдары мен өкілдіктеріне тіркелген ауыл шаруашылығы көлік құралдары бойынша мемлекеттік мүлік тізіліміне деректерді беру нысаны мен көлемі

Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласында мемлекеттік техникалық инспекция функцияларын жүзеге асыратын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары

Электрондық форматта

Сұрау салу келіп түскеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде

10

Мемлекеттік заңды тұлғалар мен ұйымдарға берілген лицензиялар және рұқсаттар бойынша мемлекеттік мүлік тізіліміне деректерді беру нысаны мен көлемі

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиялануға жататын қызметтің жекелеген түрлерін лицензиялауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган

Электрондық форматта

Сұрау салу келіп түскеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде

11

Мемлекеттік заңды тұлғаларға, олардың филиалдары мен өкілдіктеріне тіркелген табиғи ресурстар кадастрларының объектілері бойынша мемлекеттік мүлік тізіліміне деректерді беру нысаны мен көлемі

Қоршаған ортаны қорғау, "жасыл экономиканы" дамыту, қалдықтармен жұмыс істеу (коммуналдық, медициналық және радиоактивті қалдықтарды қоспағанда), табиғат ресурстарын қорғау, оларды ұтымды пайдаланылуын бақылау және қадағалау, жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеу, минералдық-шикізат базасын өндіру, су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру, орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында басқару процесін үйлестіру, мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру саласын басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік орган

Электрондық форматта

Сұрау салу келіп түскеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде

12

Заңды тұлғалардың банкроттығы туралы істер қозғау туралы шешімдер (шешімдердің көшірмесі) бойынша және жекелеген негіздер бойынша мүлікті мемлекет кірісіне айналдыруды көздейтін соттардың заңды күшіне енген шешімдері (үкімдері, қаулылары) туралы мемлекеттік мүлік тізіліміне деректерді беру нысаны мен көлемі

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, облыстардағы, астанадағы және республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшелері (соттар әкімшілері) бар жергілікті және басқа да соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган – заңды тұлғалардың банкроттығы туралы істер қозғау туралы шешімдерге (шешімдердің көшірмесі) және жекелеген негіздер бойынша мүлікті мемлекет кірісіне айналдыруды көздейтін соттардың заңды күшіне енген шешімдеріне (үкімдеріне, қаулыларына) қатысты

Электрондық форматта

Сұрау салу келіп түскеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде

13

Электрондық ақпараттық ресурстар түрінде мемлекетке тиесілі ақпараттандыру объектілері бойынша мемлекеттік мүлік тізіліміне деректерді берудің нысаны мен көлемі

Барлық мемлекеттік органдар-электрондық ақпараттық ресурстар (мемлекеттік деректер базасы) түрінде мемлекетке тиесілі ақпараттандыру объектілеріне қатысты

Электрондық форматта

Сұрау салу келіп түскеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады