БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерінің азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткiзу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 745 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13014 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 139-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерінің азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткiзу қағидалары мен шарттары (бұдан әрi – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексi 139-бабының 7-тармағына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерінің азаматтық қызметшілерін (бұдан әрi – қызметкерлер) аттестаттаудан өткiзу тәртiбi мен шарттарын айқындайды.";
2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Экономика және қаржы департаментінің бастығы:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерінің азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарында:
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"27. Аттестаттау комиссиясының шешімін әскери бөлімнің (мекеменің) басшысы бір ай мерзімде бекітеді, ол туралы әскери бөлім (мекеме) бойынша бұйрықта жарияланады.".
2. "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі қазыналық кәсіпорындарының басшыларына сыйлықақы беру, лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу және материалдық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2018 жылғы 6 қыркүйектегі № 616 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17438 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі қазыналық кәсіпорындарының басшыларына сыйлықақы беру, лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу және материалдық көмек көрсету қағидаларында:
6-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) оған қатысты құқыққа сыйымсыз іс-қимылдардың жасалуы (тонау, ұрлық), сондай-ақ табиғи зілзала (өрт, су тасқыны, жер сілкінісі) салдарынан мүліктік залал келтірілгенде – бес базалық лауазымдық айлықақыдан аспайтын мөлшерде;";
7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"7. Материалдық көмек еркін нысанда жасалған өтініш негізінде көрсетіледі. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) оның отбасы мүшелері, жақын туыстары (ерлі-зайыптылар, ата-аналары, балалары, асыраушылары, асырап алынғандары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелерi, немерелерi) немесе жекжаттары (ерлі-зайыптылардың аға-інілері, апа-сіңлілері, ата-аналары мен балалары) қайтыс болған жағдайда:
Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
оның отбасы мүшелерінің, жақын туыстарының (ерлі-зайыптылардың, ата-аналарының, балаларының, асыраушыларының, асырап алынғандарының, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілерінің (қарындастарының), аталарының, әжелерiнің, немерелерiнің) немесе жекжаттарының (ерлі-зайыптылар аға-інілерінің, апа-сіңлілерінің, ата-аналары мен балаларының) қайтыс болғанын растайтын құжаттардың көшірмелері;
қайтыс болған адаммен туыстығын растайтын құжаттардың көшірмелері;
2) оған қатысты құқыққа сыйымсыз іс-қимылдар (тонау, ұрлық) жасалу салдарынан мүліктік залал келтірілген жағдайда:
Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
оны жәбірленуші ретінде тану туралы қаулының көшірмесі;
3) табиғи зілзала (өрт, су тасқыны, жер сілкінісі) салдарынан мүліктік залал келтірілген жағдайда:
Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
мүліктік залал келтірілгенін растайтын Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарынан алынған құжаттардың көшірмелері;
4) некеге тұрған кезде:
ерлі-зайыптылардың Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
некеге тұру туралы куәліктің көшірмесі;
5) бала туғанда, ұл немесе қыз бала асырап алған кезде:
Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
баланың (балалардың) туу туралы куәлігінің көшірмесі;
ұл немесе қыз баланы (балаларды) асырап алғанын растайтын құжаттардың көшірмелері;
6) зейнеткерлікке шыққан кезде:
Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
зейнеткерлік жасқа толуына байланысты қызметтен шығару туралы бұйрықтан үзінді.".
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Экономика және қаржы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі |
Р. Жаксылыков |