БҰЙЫРАМЫН:
1. "Өлім-жітім көрсеткіштерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2018 жылғы 21қыркүйектегі № 1 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17555 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағы 20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
бұйрықтың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.";
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген өлім-жітім көрсеткіштерін есептеу әдістемесінде:
1-тармақ пен 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Өлім-жітім көрсеткіштерін есептеу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) халықаралық стандарттарға сәйкес қалыптастырылатын және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітілетін статистикалық әдіснамаға жатады.
2. Осы Әдістемені Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы және оның аумақтық бөлімшілері өлім-жітім көрсеткіштерін есептеу кезінде қолданады.";
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
"4-1. 14 және одан үлкен жастағы халықтың өлім-жітімі туралы статистикалық ақпаратты қалыптастыру қайтыс болған адамның тұрақты тұрғылықты жері бойынша жүргізіледі. 14 жасқа толмаған адамдардың (жас балалардың) немесе қорғаншылықта болған азаматтардың өлім-жітімі туралы статистикалық ақпаратты қалыптастыру олардың заңды өкілдерінің тұрақты тұрғылықты жері бойынша жүргізіледі. Күнтізбелік жыл кезеңіндегі өлім-жітім туралы статистикалық ақпарат қайтыс болуды тіркеу күні бойынша қалыптастырылады. Соңғы халық санағынан кейін орын алған, бірақ есепті жылы тіркелген өлім оқиғалары есепті жылдың статистикасында есепке алынады.";
5-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Осы Әдістемеде келесі ұғымдар қолданылады:";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Халықтың өлім-жітімі туралы ақпарат көздері азаматтық хал актілерін тіркеу органдарының әкімшілік деректері болып табылады.".
2. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Халық статистикасы департаменті Заң департаментімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Халық статистикасы департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының құрылымдық және аумақтық бөлімшелеріне басшылыққа және жұмыста пайдалану үшін жеткізсін.
бұйрықтың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы |
М. Турлубаев |