Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, діни білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 473 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 10 мамырдағы № 102 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 13 мамырда № 34357 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, діни білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 473 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30721 болып тіркелді) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, діни білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы, көрсетілген бұйрықпен бекітілген осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
Г. Бейсембаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мәдениет және ақпарат министірлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Төтенше жағдайлар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
2024 жылғы 10 мамырдағы
№ 102 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
2022 жылғы 24 қарашадағы
№ 473 бұйрығымен
бекітілген

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, діни білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі

Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары

Біліктілік талаптарына сәйкестікті растайтын құжаттар

Ескертпе

1. Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметі үшін

1

Оқу жұмыс жоспарларының "Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 500 бұйрық) бекітілген үлгілік оқу жоспарларына және "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 348 бұйрық) бекітілген Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкестігі.

Білім беру ұйымының басшысы бекіткен үлгілік оқу жоспарларына сәйкес әзірленген оқу жұмыс жоспарларының көшірмелері.


2

Оқу жұмыс жоспарының пәндеріне сәйкес тиісті бейіні бойынша педагогикалық білімі немесе педагогикалық қайта даярлаудан өткен кәсіптік білімі бар педагогтердің болуы.
Шағын жинақталған мектептерді қоспағанда негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын педагогтердің үлесі кемінде 90% құрауы.
Негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын педагог-сарапшылардың, педагог-зерттеушілердің, педагог-шеберлердің педагогтердің жалпы санынан үлесі: шағын жинақталған мектептер, арнайы мектептер үшін кемінде 20 %; жалпы білім беретін мектептер үшін кемінде 25 %.
Білім беру ұйымы басшысының және педагогтерінің білімі, жұмыс өтілі "Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5750 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 338 бұйрық) талаптарына сәйкестігі.

Педагог, оқытушы және басшы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер осы біліктілік талаптарына 1-ші қосымшаға сәйкес нысан бойынша.

Бұл ретте педагогтердің жалпы санынан штаттық педагогтердің үлесі кемінде 90%.

2-1

"Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының кітапханалар қорын қалыптастыру, пайдалану және сақтау жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 44 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13070 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 44 бұйрық) бекітілген және "Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 216 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20708 болып тіркелген) (бұдан әрі – 216 бұйрық) бекітілген оқулықтарға сәйкес оқу және көркем әдебиет кітапханалық қорының болуы.
Болжамды білім алушылар контингентіне арналған оқу жұмыс жоспарына сәйкес бір оқушыға арналған оқулықтар жиынтығының болуы.

Оқу, көркем және ғылыми әдебиет қорының болуы туралы мәліметтер осы біліктілік талаптарына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша.

Шағын жинақталған мектептер, оқу-сауықтыру орталықтары жанындағы мектептер жеке кітапхана қоры болмаған жағдайда шарт/акт бойынша өзге білім беру ұйымы пайдалануға берген оқу және көркем әдебиетті пайдаланады.

3

Ғимараттардың (оқу корпустарының) жабдықталған медициналық пункттермен қамтамасыз етілуі. "Орта білім беру ұйымдарында медициналық көмек көрсету стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы 2023 жылғы 14 наурыздағы № 37 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32069 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 37 бұйрық) сәйкес медициналық қызметке лицензияның немесе балаларға медициналық қызмет көрсету құқығымен медициналық қызметке лицензиясы бар денсаулық сақтау ұйымымен шарттың болуы.
Балаларға медициналық қызмет көрсету құқығымен медициналық қызметке лицензиясы бар денсаулық сақтау ұйымымен шарт жасалған жағдайда, білім беру ұйымын өндірістік база ретінде көрсете отырып, лицензияға қосымшаның болуы.

Ғимараттардың (оқу корпустарының) медициналық пункттермен қамтамасыз етілуі және білім беру немесе денсаулық сақтау ұйымының медициналық қызметке лицензиясының болуы туралы мәліметтер осы біліктілік талаптарына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша.
Білім алушыларға медициналық қызмет көрсетуге денсаулық сақтау ұйымымен жасалған шарттың көшірмесі.

Оқу корпустарын ішкі өткелдермен қосқан жағдайда бір медициналық пункттің болуына жол беріледі. Шағын жинақталған мектептер үшін медициналық пункті болмаған жағдайда медициналық қызмет көрсетуді алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымы "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23890 болып тіркелген) бекітілген Санитариялық қағидаларға (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-76 бұйрығы) сәйкес денсаулық сақтау ұйымымен жасалған шарт негізінде жүзеге асырады.

4

№ ҚР ДСМ-76 бұйрығы және "Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы № ҚР ДСМ-16 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26866 болып тіркелген) (бұдан әрі - № ҚР ДСМ 16 бұйрық) бекітілген халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органның санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы бар тамақтандыру объектісінің (оқу корпустарында) болуы.
Білім алушыларды тамақпен қамтамасыз етуге арналған шарттың болуы.

Санитариялық қағидаларға сәйкес келетін тамақтандыру объектісінің және тамақтану объектісіне санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының болуы туралы мәліметтер осы біліктілік талаптарына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша. Білім алушыларды тамақпен қамтамасыз ету шартының көшірмесі.

Оқу корпустарын ішкі өткелдермен қосқан жағдайда бір тамақтану объектісі болуына жол беріледі.
Тамақтану объектісі жалға берілген жағдайда жалға алушының тамақтану объектісіне санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысының болуы.

5

№ ҚР ДСМ-76-бұйрығына сәйкес бекітілген санитариялық қағидаларға және "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 55 бұйрық) бекітілген өрт қауіпсіздігі талаптарына, сондай-ақ жалпы білім беру мекемелеріне арналған сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтеріне сәйкес келетін меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару не сенімгерлік басқару құқығында тиесілі материалдық активтердің болуы немесе оқу үй-жайларымен білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ететін, кемінде 10 жыл қолданылу мерзімімен материалдық активтерді жалға алу. Спорт залының және/ немесе спорт объектісінің білім беру ұйымы ғимаратынан 1000 метрден астам қашықтықта, сондай-ақ объектіге автомагистральдардың, теміржол жолдарының қиылысында және жүріс бөлігінің қиылысын қамтитын қашықтықта болмағанда, спорт залын және/немесе спорт объектісін жалға алуға рұқсат етіледі, санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесі болуы тиіс.

Пайдалы оқу алаңы, материалдық-техникалық базасының болуы, ерекше білім беруді қажет ететін адамдар (балалар) үшін жасалған жағдайлар туралы мәліметтер осы біліктілік талаптарына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша. Меншік немесе шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімгерлік басқару құқығын растайтын құжаттардың немесе ғимаратты жалға алу шартының көшірмелері, оның ішінде объектіні пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесі.
Әрбір ғимаратқа (оқу корпусына), санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесі. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес объектінің (әрбір оқу корпусына) өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігіне бақылау объектісіне бару арқылы профилақтикалық бақылау немесе тексеру нәтижелері туралы актінің көшірмесі.
Жаңадан ашылатын білім беру ұйымдары үшін өрт аудитінің қорытындысы (біржолғы қорытынды), объектіні пайдалануға беру актісі, оның ішінде № 55 бұйрықтың 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамдарды тағайындау туралы бұйрықтың, өртке қарсы қауіпсіздік шаралары туралы нұсқаулықтың көшірмелері, эвакуациялау жоспары, бастапқы өрт сөндіру құралдарының қажетті ең аз көлемі.


6

"Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 70 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13272 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 70 бұйрық) бекітілген нормаларына сәйкес келетін компьютерлік сыныптармен, Интернет желісіне қосылған компьютерлермен жабдықталуы;
№ 348 бұйрыққа және "Тиісті типтердегі және түрлердегі мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29329 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 385 бұйрық) бекітілген Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкес оқу кабинеттерімен, спорт залдарымен жабдықталуы;
edu. kz аймағында үшінші деңгейдегі домендік атаудың болуы;
№ 70 бұйрықпен бекітілген жабдықтар мен жиһаздардың болуы;
№ 385 бұйрықпен бекітілген жеке пайдалану үшін жабдықталған шкафтардың болуы;
№ ҚР ДСМ-76 бұйрықпен бекітілген санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес ауыз су режимін ұйымдастыру;
400 оқушыға дейін интернеттің ең аз жылдамдығы кемінде 20 Мбит/с, оған қосымша бір ауысымдағы контингент санын ескере отырып, әрбір 20 оқушыға 1 Мбит/с .
Ғимаратта № ҚР ДСМ-76-бұйрығына сәйкес келетін санитариялық тораптардың (унитаздар, қол жуатын раковиналар) болуы.
Білім беру ұйымдары үшін "Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 30 наурыздағы № 117 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27414 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 117 бұйрық) сәйкес білім беру ұйымдарының үй-жайларында және (немесе) іргелес аумақтарында бейнебақылаудың болуы.

Білім беру процесін материалдық-техникалық қамтамасыз ету туралы, оның ішінде компьютерлік сыныптардың, компьютерлердің, оқу зертханаларының, оқу пәндері кабинеттерінің, техникалық оқу құралдарының, білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесінің, ҰБДҚ-нің, білім беру ұйымдарының үй-жайларында және аумағында бейнекамералардың болуы туралы мәліметтер осы біліктілік талаптарына 5, 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша.

Интернет желісіне қосылған компьютерлік сыныптармен жарақтандыру туралы біліктілік талабы қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды.
Компьютерлік сыныптармен, оқу кабинеттерімен жарақтандырылуы туралы, edu.kz аймағында үшінші деңгейдегі домендік атаудың болуы, іргелес аумақтарда бейнебақылаудың болуы біліктілік талаптары шағын жинақталған мектептерге қолданылмайды.
Шағын жинақталған мектептерде бейімделген спорт залының болуына рұқсат беріледі; кәрізсіз жерлерде жылы санитариялық тораптарды орнатуға (75 адамға 1) және құймалы қолжуғыштарды орнатуға (30 адамға 1) рұқсат беріледі.
Жаңадан құрылған білім беру ұйымдарында жеке пайдалануға арналған жабдықталған шкафтардың саны болжамды қабылдау бойынша, жұмыс істеп тұрған білім беру ұйымдарында контингенті бойынша айқындалады.

6-1

"Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 4-тармағына және "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 1-тармағына сәйкес білім беру ұйымдары педагогтерінің тиісті бейіні бойынша біліктілігін арттыруды 3 жылда кемінде 1 рет 36 сағаттан кем емес көлемінде қамтамасыз ету.
Білім беру ұйымдарының басшылары үшін тиісті бейіні және білім беру саласында менеджмент бойынша біліктілікті арттыру 3 жылда кемінде 1 рет.

Педагогтер мен басшы кадрлардың пәннің бейініне, білім беру бағдарламаларына сәйкес біліктілігін арттырудан және қайта даярлаудан өткені туралы мәліметтер осы біліктілік талаптарына 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша.

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары үшін оқытушылардың біліктілігін арттыру оқытылатын пәндердің бейініне сәйкес немесе оқыту әдістемесі бойынша жүргізіледі. Біліктілік талаптары жұмысқа орналастырылғаннан кейін кемінде 3 жыл еңбек қызметін жүзеге асыратын педагогтерге қолданылмайды.
Менеджмент саласында біліктілікті арттыру курстарының болуы білім беру ұйымын басқару ерекшелігіне байланысты шағын жинақталған мектептерге қолданылмайды.

7

"Білім беру мониторингінің шеңберінде әкімшілік деректер нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 27 желтоқсандағы № 570 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8369 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 570 бұйрық) бекітілген білім беру мониторингі шеңберінде әкімшілік деректер нысандарына сәйкес өзекті дерекқорлары бар "Ұлттық білім беру деректер қоры" (бұдан әрі – ҰБДҚ) және әкімшілік деректері ҰБДҚ-мен сәйкес келетін білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесінің болуы.

Білім беру процесін материалдық-техникалық қамтамасыз ету туралы, оның ішінде компьютерлік сыныптардың, компьютерлердің, оқу зертханаларының, оқу пәндері кабинеттерінің, техникалық оқу құралдарының, білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесінің, ҰБДҚ-нің, білім беру ұйымдарының үй-жайларында және аумағында бейнекамералардың болуы туралы мәліметтер осы біліктілік талаптарына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша.


7-1

"Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдап отыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 6 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26513 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 6 бұйрық) ғимараттарда (оқу корпустарында) ерекше білім беруді қажет ететін адамдар (балалар) үшін жағдайлар құру.

Пайдалы оқу алаңы, материалдық-техникалық базасының болуы, ерекше білім беруді қажет ететін адамдар (балалар) үшін жасалған жағдайлар туралы мәліметтер осы біліктілік талаптарына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша.


2. Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметі үшін

8

Оқу жұмыс жоспарларының № 500 бұйрықпен бекітілген үлгілік оқу жоспарларына және № 348 бұйрықпен бекітілген Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкестігі.

Білім беру ұйымының басшысы бекіткен үлгілік оқу жоспарларына сәйкес әзірленген оқу жұмыс жоспарларының көшірмелері.


9

Оқу жұмыс жоспарының пәндеріне сәйкес тиісті бейіні бойынша педагогикалық білімі немесе педагогикалық қайта даярлаудан өткен кәсіптік білімі бар педагогтердің болуы.
Шағын жинақталған мектептерді қоспағанда негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын педагогтердің үлесі кемінде 90% құрауы.
Педагогтердің жалпы санынан негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын педагог-сарапшылардың, педагог-зерттеушілердің, педагог-шеберлердің үлесі шағын жинақталған мектептер, арнайы мектептер үшін кемінде 25 %;
жалпы білім беретін мектептер, мектеп-гимназиялар, мектеп-лицейлер үшін кемінде 35 %;
лицей үшін кемінде 40 %, оның ішінде жаратылыстану-математикалық бағыттағы педагогтердің үлесі кемінде 30 %;
гимназиялар үшін кемінде 40 %, оның ішінде қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы педагогтердің үлесі кемінде 30 %; дарынды тұлғаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдары үшін кемінде 45 %, оның ішінде аудандық және/немесе облыстық конкурстар мен жарыстар кезеңдерінің жеңімпаздарын және/немесе білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен соңғы бес жылдағы республикалық конкурстар мен жарыстардың қатысушылары мен жеңімпаздарын дайындаған педагогтер (болған жағдайда).
Білім беру ұйымы басшысының және педагогтерінің білімі, жұмыс өтілі № 338 бұйрық талаптарына сәйкестігі.

Педагог, оқытушы және басшы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер осы біліктілік талаптарына 1-ші қосымшаға сәйкес нысан бойынша.

Бұл ретте педагогтердің жалпы санынан штаттық педагогтердің үлесі кемінде 90%.

9-1

№ 44 бұйрықпен бекітілген нормаларға және № 216 бұйрықпен бекітілген оқулықтар тізбесіне сәйкес оқу және көркем әдебиеттің кітапханалық қорының болуы.
Болжамды білім алушылар контингентіне арналған оқу жұмыс жоспарына сәйкес бір оқушыға арналған оқулықтар жиынтығының болуы.

Оқу, көркем және ғылыми әдебиет қорының болуы туралы мәліметтер осы біліктілік талаптарына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша.

Шағын жинақталған мектептер, оқу-сауықтыру орталықтары жанындағы мектептер жеке кітапхана қоры болмаған жағдайда шарт/акт бойынша өзге білім беру ұйымы пайдалануға берген оқу және көркем әдебиетті пайдаланады.

10

Ғимараттардың (оқу корпустарының) жабдықталған медициналық пункттермен қамтамасыз етілуі. Медициналық қызметке лицензияның немесе № 37 бұйрыққа сәйкес балаларға медициналық қызмет көрсету құқығымен медициналық қызметке лицензиясы бар денсаулық сақтау ұйымымен шарттың болуы.
Балаларға медициналық қызмет көрсету құқығымен Медициналық қызметке лицензиясы бар денсаулық сақтау ұйымымен шарт жасалған жағдайда, білім беру ұйымын өндірістік база ретінде көрсете отырып, лицензияға қосымшаның болуы.

Ғимараттардың (оқу корпустарының) медициналық пункттермен қамтамасыз етілуі және білім беру немесе денсаулық сақтау ұйымының медициналық қызметке лицензиясының болуы туралы мәліметтер осы біліктілік талаптарына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша.
Білім алушыларға медициналық қызмет көрсетуге денсаулық сақтау ұйымымен жасалған шарттың көшірмесі.

Оқу корпустарын ішкі өткелдермен қосқан жағдайда бір медициналық пункттің болуына рұқсат беріледі. Шағын жинақталған мектептер үшін медициналық пункті болмаған жағдайда медициналық қызмет көрсетуді алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымы № ҚР ДСМ-76 бұйрығымен бекітілген Санитариялық қағидаларға сәйкес денсаулық сақтау ұйымымен жасалған шарт негізінде жүзеге асырады. Біліктілік талабы қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды.

11

№ ҚР ДСМ-76 бұйрығы және № ҚР ДСМ-16 бұйрығымен бекітілген халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органның санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы бар тамақтандыру объектісінің (оқу корпустарында) болуы.
Білім алушыларды тамақпен қамтамасыз етуге арналған шарттың болуы.

Санитариялық қағидаларға сәйкес келетін тамақтандыру объектісінің және тамақтану объектісіне санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының болуы туралы мәліметтер осы біліктілік талаптарына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша. Білім алушыларды тамақпен қамтамасыз ету шартының көшірмесі.

Оқу корпустарын ішкі өткелдермен қосқан жағдайда бір тамақтану объектісі болуына жол беріледі.
Тамақтану объектісі жалға берілген жағдайда жалға алушының тамақтану объектісіне санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысының болуы.
Біліктілік талабы қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды.

12

№ ҚР ДСМ-76-бұйрығына сәйкес бекітілген санитариялық қағидаларға сондай-ақ жалпы білім беру мекемелеріне арналған сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтеріне және № 55 бұйрықпен бекітілген өрт қауіпсіздігі талаптарына, сондай-ақ жалпы білім беру мекемелеріне арналған сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтеріне сәйкес келетін меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару не сенімгерлік басқару құқығында тиесілі материалдық активтердің болуы немесе оқу үй-жайларымен білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ететін, кемінде 10 жыл қолданылу мерзімімен материалдық активтерді жалға алу. Спорт залының және/ немесе спорт объектісінің білім беру ұйымы ғимаратынан 1000 метрден астам қашықтықта, сондай-ақ объектіге автомагистральдардың, теміржол жолдарының қиылысында және жүріс бөлігінің қиылысын қамтитын қашықтықта болмағанда, спорт залын және/немесе спорт объектісін жалға алуға рұқсат етіледі, санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесі болуы тиіс.

Пайдалы оқу алаңы, материалдық-техникалық базасының болуы, ерекше білім беруді қажет ететін адамдар (балалар) үшін жасалған жағдайлар туралы мәліметтер осы біліктілік талаптарына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша. Меншік немесе шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімгерлік басқару құқығын растайтын құжаттардың немесе ғимаратты жалға алу шартының көшірмелері, оның ішінде объектіні пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесі.
Әрбір ғимаратқа (оқу корпусына), санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесі. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес объектінің (әрбір оқу корпусына) өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігіне бақылау объектісіне бару арқылы профилақтикалық бақылау немесе тексеру нәтижелері туралы актінің көшірмесі.
Жаңадан ашылатын білім беру ұйымдары үшін өрт аудитінің қорытындысы (біржолғы қорытынды), объектіні пайдалануға беру актісі, оның ішінде № 55 бұйрықтың 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамдарды тағайындау туралы бұйрықтың, өртке қарсы қауіпсіздік шаралары туралы нұсқаулықтың көшірмелері, эвакуациялау жоспары, бастапқы өрт сөндіру құралдарының қажетті ең аз көлемі.


13

№ 70 бұйрықпен бекітілген нормаларға сәйкес келетін компьютерлік сыныптармен, Интернет желісіне қосылған компьютерлермен жабдықталуы;
348, № 385 және № 500 бұйрықтарға сәйкес пәндік кабинеттермен, зертханалармен, спорт залдарымен жабдықталуы;
шағын жинақталған мектептер, арнайы мектептер, оқу-сауықтыру орталықтары жанындағы мектептер үшін-физика, химия, биология пәндері бойынша ұсынылатын оқу-зертханалық жабдықтардың болуы жеткілікті;
edu. kz аймағында үшінші деңгейдегі домендік атаудың болуы;
№ 70 бұйрықпен бекітілген жабдықтар мен жиһаздардың болуы;
№ ҚР ДСМ-76 бұйрығымен бекітілген санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес ауыз су режимін ұйымдастыру;
400 оқушыға дейін интернеттің ең аз жылдамдығы кемінде 20 Мбит/с, оған қосымша бір ауысымдағы контингент санын ескере отырып, әрбір 20 оқушыға 1 Мбит/с.
Ғимаратта № ҚР ДСМ-76-бұйрығына сәйкес келетін санитариялық тораптардың (унитаздар, қол жуатын раковиналар) болуы.
Білім беру ұйымдары үшін № 117 бұйрығына сәйкес білім беру ұйымдарының үй-жайларында және (немесе) іргелес аумақтарында бейнебақылаудың болуы.

Білім беру процесін материалдық-техникалық қамтамасыз ету туралы, оның ішінде компьютерлік сыныптардың, компьютерлердің, оқу зертханаларының, оқу пәндері кабинеттерінің, техникалық оқу құралдарының, білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесінің, ҰБДҚ-нің, білім беру ұйымдарының үй-жайларында және аумағында бейнекамералардың болуы туралы мәліметтер осы біліктілік талаптарына 5, 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша.

Интернет желісіне қосылған компьютерлік сыныптармен жарақтандыру туралы біліктілік талабы қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды.
Компьютерлік сыныптармен, оқу кабинеттерімен жарақтандырылуы туралы, edu.kz аймағында үшінші деңгейдегі домендік атаудың болуы, іргелес аумақтарда бейнебақылаудың болуы біліктілік талаптары шағын жинақталған мектептерге қолданылмайды.
Шағын жинақталған мектептерде бейімделген спорт залының болуына рұқсат беріледі; кәрізсіз жерлерде жылы санитариялық тораптарды орнатуға (75 адамға 1) және құймалы қолжуғыштарды орнатуға (30 адамға 1) рұқсат беріледі.

13-1

"Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 4-тармағына және "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 1-тармағына сәйкес білім беру ұйымдары педагогтерінің тиісті бейіні бойынша біліктілігін арттыруды 3 жылда кемінде 1 рет 36 сағаттан кем емес көлемінде қамтамасыз ету.
Білім беру ұйымдарының басшылары үшін тиісті бейіні және білім беру саласында менеджмент бойынша біліктілікті арттыру 3 жылда кемінде 1 рет.

Педагогтер мен басшы кадрлардың пәннің бейініне, білім беру бағдарламаларына сәйкес біліктілігін арттырудан және қайта даярлаудан өткені туралы мәліметтер осы біліктілік талаптарына 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша.

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары үшін оқытушылардың біліктілігін арттыру оқытылатын пәндердің бейініне сәйкес немесе оқыту әдістемесі бойынша жүргізіледі. Біліктілік талаптары жұмысқа орналастырылғаннан кейін 3 жыл ішінде еңбек қызметін жүзеге асыратын педагогтерге қолданылмайды.
Менеджмент саласында біліктілікті арттыру курстарының болуы білім беру ұйымын басқару ерекшелігіне байланысты шағын жинақталған мектептерге қолданылмайды.

14

№ 570 бұйрықпен бекітілген білім беру мониторингі шеңберінде әкімшілік деректер нысандарына сәйкес өзекті дерекқорлары бар ҰБДҚ және әкімшілік деректері ҰБДҚ-мен сәйкес келетін білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесінің болуы.

Білім беру процесін материалдық-техникалық қамтамасыз ету туралы, оның ішінде компьютерлік сыныптардың, компьютерлердің, оқу зертханаларының, оқу пәндері кабинеттерінің, техникалық оқу құралдарының, білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесінің, ҰБДҚ-нің, білім беру ұйымдарының үй-жайларында және аумағында бейнекамералардың болуы туралы мәліметтер осы біліктілік талаптарына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша.

Біліктілік талабы қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды.

14-1

№ 6 бұйрыққа сәйкес ғимараттарда (оқу корпустарында) ерекше білім беруді қажет ететін адамдар (балалар) үшін жағдайлар құру.

Пайдалы оқу алаңы, материалдық-техникалық базасының болуы, ерекше білім беруді қажет ететін адамдар (балалар) үшін жасалған жағдайлар туралы мәліметтер осы біліктілік талаптарына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша.

Біліктілік талабы қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды.

3. Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметі үшін

15

Оқу жұмыс жоспарларының № 500 бұйрықпен бекітілген үлгілік оқу жоспарларына және № 348 бұйрықпен бекітілген Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкестігі.

Білім беру ұйымының басшысы бекіткен үлгілік оқу жоспарларына сәйкес әзірленген оқу жұмыс жоспарларының көшірмелері.


16

Оқу жұмыс жоспарының пәндеріне сәйкес тиісті бейіні бойынша педагогикалық білімі немесе педагогикалық қайта даярлаудан өткен кәсіптік білімі бар педагогтердің болуы.
Шағын жинақталған мектептерді қоспағанда негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын педагогтердің үлесі кемінде 90% құрауы.
Негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын педагог-сарапшылардың, педагог-зерттеушілердің, педагог-шеберлердің үлесі: шағын жинақталған мектептер, арнайы мектептер үшін кемінде 25 %;
жалпы білім беретін мектептер, мектеп-гимназиялар, мектеп-лицейлер үшін кемінде 35 %;
лицей үшін кемінде 40 %, оның ішінде жаратылыстану-математикалық бағыттағы педагогтердің үлесі кемінде 30 %;
гимназиялар үшін кемінде 40 %, оның ішінде қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы педагогтердің үлесі кемінде 30 %;
дарынды тұлғаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдары үшін кемінде 45 %, оның ішінде аудандық және/немесе облыстық конкурстар мен жарыстар кезеңдерінің жеңімпаздарын және/немесе білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен соңғы бес жылдағы республикалық конкурстар мен жарыстардың қатысушылары мен жеңімпаздарын дайындаған педагогтер (болған жағдайда).
Білім беру ұйымы басшысының және педагогтерінің білімі, жұмыс өтілі № 338 бұйрық талаптарына сәйкестігі.

Педагог, оқытушы және басшы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер осы біліктілік талаптарына 1-ші қосымшаға сәйкес нысан бойынша.

Бұл ретте штаттық педагогтардың үлесі педагогтердің жалпы санының кемінде 90% құрауы тиіс.

16-1

№ 44 бұйрықпен бекітілген нормаларға және № 216 бұйрықпен бекітілген оқулықтар тізбесіне сәйкес оқу және көркем әдебиеттің кітапханалық қорының болуы.
Болжамды білім алушылар контингентіне арналған оқу жұмыс жоспарына сәйкес бір оқушыға арналған оқулықтар жиынтығының болуы.

Оқу, көркем және ғылыми әдебиет қорының болуы туралы мәліметтер осы біліктілік талаптарына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша.

Шағын жинақталған мектептер, арнайы мектептер, оқу-сауықтыру орталықтары жанындағы мектептер жеке кітапхана қоры болмаған жағдайда шарт/акт бойынша өзге білім беру ұйымы пайдалануға берген оқу және көркем әдебиетті пайдаланады.

17

Ғимараттардың (оқу корпустарының) жабдықталған медициналық пункттермен қамтамасыз етілуі. Медициналық қызметке лицензияның немесе № 37 бұйрығына сәйкес балаларға медициналық қызмет көрсету құқығымен медициналық қызметке лицензиясы бар денсаулық сақтау ұйымымен шарттың болуы.
Балаларға медициналық қызмет көрсету құқығымен медициналық қызметке лицензиясы бар денсаулық сақтау ұйымымен шарт жасалған жағдайда, білім беру ұйымын өндірістік база ретінде көрсете отырып, лицензияға қосымшаның болуы.

Ғимараттардың (оқу корпустарының) медициналық пункттермен қамтамасыз етілуі және білім беру немесе денсаулық сақтау ұйымының медициналық қызметке лицензиясының болуы туралы мәліметтер осы біліктілік талаптарына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша.
Білім алушыларға медициналық қызмет көрсетуге денсаулық сақтау ұйымымен жасалған шарттың көшірмесі.

Оқу корпустарын ішкі өткелдермен қосқан жағдайда бір медициналық пункттің болуына жол беріледі. Шағын жинақталған мектептер үшін медициналық пункті болмаған жағдайда медициналық қызмет көрсетуді алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымы № ҚР ДСМ-76 бұйрығымен бекітілген Санитариялық қағидаларға сәйкес денсаулық сақтау ұйымымен жасалған шарт негізінде жүзеге асырады.
Біліктілік талабы қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды.

18

№ ҚР ДСМ-76 бұйрығы және № ҚР ДСМ-16 бұйрығымен бекітілген халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органның санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы бар тамақтандыру объектісінің (оқу корпустарында) болуы.
Білім алушыларды тамақпен қамтамасыз етуге арналған шарттың болуы.

Санитариялық қағидаларға сәйкес келетін тамақтандыру объектісінің және тамақтану объектісіне санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының болуы туралы мәліметтер осы біліктілік талаптарына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша. Білім алушыларды тамақпен қамтамасыз ету шартының көшірмесі.

Оқу корпустарын ішкі өткелдермен қосқан жағдайда бір тамақтану объектісі болуына жол беріледі.
Тамақтану объектісі жалға берілген жағдайда жалға алушының тамақтану объектісіне санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысының болуы.
Біліктілік талабы қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды.

19

№ ҚР ДСМ-76-бұйрығына сәйкес бекітілген санитариялық қағидаларға сондай-ақ жалпы білім беру мекемелеріне арналған сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтеріне және № 55 бұйрықпен бекітілген өрт қауіпсіздігі талаптарына, сондай-ақ жалпы білім беру мекемелеріне арналған сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтеріне сәйкес келетін меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару не сенімгерлік басқару құқығында тиесілі материалдық активтердің болуы немесе оқу үй-жайларымен білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ететін, кемінде 10 жыл қолданылу мерзімімен материалдық активтерді жалға алу. Спорт залының және/ немесе спорт объектісінің білім беру ұйымы ғимаратынан 1000 метрден астам қашықтықта, сондай-ақ объектіге автомагистральдардың, теміржол жолдарының қиылысында және жүріс бөлігінің қиылысын қамтитын қашықтықта болмағанда, спорт залын және/немесе спорт объектісін жалға алуға рұқсат етіледі, санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесі болуы тиіс.

Пайдалы оқу алаңы, материалдық-техникалық базасының болуы, ерекше білім беруді қажет ететін адамдар (балалар) үшін жасалған жағдайлар туралы мәліметтер осы біліктілік талаптарына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша. Меншік немесе шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімгерлік басқару құқығын растайтын құжаттардың немесе ғимаратты жалға алу шартының көшірмелері, оның ішінде объектіні пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесі.
Әрбір ғимаратқа (оқу корпусына), санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесі. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес объектінің (әрбір оқу корпусына) өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігіне бақылау объектісіне бару арқылы профилақтикалық бақылау немесе тексеру нәтижелері туралы актінің көшірмесі.
Жаңадан ашылатын білім беру ұйымдары үшін өрт аудитінің қорытындысы (біржолғы қорытынды), объектіні пайдалануға беру актісі, оның ішінде № 55 бұйрықтың 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамдарды тағайындау туралы бұйрықтың, өртке қарсы қауіпсіздік шаралары туралы нұсқаулықтың көшірмелері, эвакуациялау жоспары, бастапқы өрт сөндіру құралдарының қажетті ең аз көлемі.


20

№ 70 бұйрықпен бекітілген нормаларға сәйкес келетін компьютерлік сыныптармен, Интернет желісіне қосылған компьютерлермен жабдықталуы;
348, № 385 және № 500 бұйрықтарға сәйкес пәндік кабинеттермен, зертханалармен, спорт залдарымен жабдықталуы;
шағын жинақталған мектептер, арнайы мектептер, оқу-сауықтыру орталықтары жанындағы мектептер үшін-физика, химия, биология пәндері бойынша ұсынылатын оқу-зертханалық жабдықтардың болуы жеткілікті;
edu. kz аймағында үшінші деңгейдегі домендік атаудың болуы;
№ 70 бұйрықпен бекітілген жабдықтар мен жиһаздардың болуы;
№ ҚР ДСМ-76 бұйрығымен бекітілген санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес ауыз су режимін ұйымдастыру;
400 оқушыға дейін интернеттің ең аз жылдамдығы кемінде 20 Мбит/с, оған қосымша бір ауысымдағы контингент санын ескере отырып, әрбір 20 оқушыға 1 Мбит/с .
Ғимаратта № ҚР ДСМ-76-бұйрығына сәйкес келетін санитариялық тораптардың (унитаздар, қол жуатын раковиналар) болуы.
Білім беру ұйымдары үшін № 117 бұйрығына сәйкес білім беру ұйымдарының үй-жайларында және (немесе) іргелес аумақтарында бейнебақылаудың болуы.

Білім беру процесін материалдық-техникалық қамтамасыз ету туралы, оның ішінде компьютерлік сыныптардың, компьютерлердің, оқу зертханаларының, оқу пәндері кабинеттерінің, техникалық оқу құралдарының, білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесінің, ҰБДҚ-нің, білім беру ұйымдарының үй-жайларында және аумағында бейнекамералардың болуы туралы мәліметтер осы біліктілік талаптарына 5, 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша.

Интернет желісіне қосылған компьютерлік сыныптармен жарақтандыру туралы біліктілік талабы қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды.
Компьютерлік сыныптармен, оқу кабинеттерімен жарақтандырылуы туралы, edu.kz аймағында үшінші деңгейдегі домендік атаудың болуы, іргелес аумақтарда бейнебақылаудың болуы біліктілік талаптары шағын жинақталған мектептерге қолданылмайды.
Шағын жинақталған мектептерде бейімделген спорт залының болуына рұқсат беріледі; кәрізсіз жерлерде жылы санитариялық тораптарды орнатуға (75 адамға 1) және құймалы қолжуғыштарды орнатуға (30 адамға 1) рұқсат беріледі.

20-1

"Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 4-тармағына және "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 1-тармағына сәйкес білім беру ұйымдары педагогтерінің тиісті бейіні бойынша біліктілігін арттыруды 3 жылда кемінде 1 рет 36 сағаттан кем емес көлемінде қамтамасыз ету.
Білім беру ұйымдарының басшылары үшін тиісті бейіні және білім беру саласында менеджмент бойынша біліктілікті арттыру 3 жылда кемінде 1 рет.

Педагогтер мен басшы кадрлардың пәннің бейініне, білім беру бағдарламаларына сәйкес біліктілігін арттырудан және қайта даярлаудан өткені туралы мәліметтер осы біліктілік талаптарына 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша.

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары үшін оқытушылардың біліктілігін арттыру оқытылатын пәндердің бейініне сәйкес немесе оқыту әдістемесі бойынша жүргізіледі. Біліктілік талаптары жұмысқа орналастырылғаннан кейін 3 жыл ішінде еңбек қызметін жүзеге асыратын педагогтерге қолданылмайды.
Менеджмент саласында біліктілікті арттыру курстарының болуы білім беру ұйымын басқару ерекшелігіне байланысты шағын жинақталған мектептерге қолданылмайды.

21

№ 570 бұйрықпен бекітілген білім беру мониторингі шеңберінде әкімшілік деректер нысандарына сәйкес өзекті дерекқорлары бар ҰБДҚ және әкімшілік деректері ҰБДҚ-мен сәйкес келетін білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесінің болуы.

Білім беру процесін материалдық-техникалық қамтамасыз ету туралы, оның ішінде компьютерлік сыныптардың, компьютерлердің, оқу зертханаларының, оқу пәндері кабинеттерінің, техникалық оқу құралдарының, білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесінің, ҰБДҚ-нің, білім беру ұйымдарының үй-жайларында және аумағында бейнекамералардың болуы туралы мәліметтер осы біліктілік талаптарына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша.

Біліктілік талабы қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды.

21-1

№ 6 бұйрықпен бекітілген ғимараттарда (оқу корпустарында) ерекше білім беруді қажет ететін адамдар (балалар) үшін жағдайлар жасау

Пайдалы оқу алаңы, материалдық-техникалық базасының болуы, ерекше білім беруді қажет ететін адамдар (балалар) үшін жасалған жағдайлар туралы мәліметтер осы біліктілік талаптарына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша.

Біліктілік талабы қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды.

4. Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметі үшін

22

№ 348 бұйрықпен бекітілген Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына, кәсіптік стандартқа (болған жағдайда) сәйкес келетін білім беру саласындағы уәкілетті органның білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген білім беру бағдарламасының болуы.
Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар үшін Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодекстің 221-бабының 2-тармағына (бұдан әрі – Денсаулық кодексі), үлгілік оқу жоспарларына (болған жағдайда), кәсіптік стандартқа (болған жағдайда) (қазақ және орыс тілдерінде) сәйкестігі.
"Педагог" кәсіптік стандартына, тәрбие мен оқытудың және/немесе бастауыш, негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын ескере отырып, үлгілік оқу жоспарларына, бағдарламаларына (болған жағдайда) (қазақ және орыс тілдерінде) сәйкес білім беру саласында мамандарды даярлау үшін білім беру саласындағы уәкілетті органның білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген білім беру бағдарламаларының болуы.
Рухани білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін діни қызмет саласындағы уәкілетті органмен келісілген жалпы білім беретін және діни пәндерді қамтитын білім беру бағдарламаның сәйкестігі.

"Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары іске асыратын білім беру бағдарламаларының тізілімін жүргізу қағидалары, сондай-ақ білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізу және алып тастау негіздерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 7 қазандағы № 417 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30099 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 417 бұйрық) қазақ және орыс тілдерінде QR (Кюар) код берілген тіркеу нөмірі.
Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар үшін "Денсаулық сақтау саласындағы білім беру деңгейлері бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 4 шiлдедегi № ҚР ДСМ-63 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28716 болып тіркелген) (бұдан әрі - ДСМ-63), Денсаулық кодекстің 221- бабының 2-тармағына сәйкес оқытудың толық кезеңіне әзірленген мамандықтың даярланатын мамандық бойынша қазақ және орыс тілдеріндегі оқу жұмыс жоспарының көшірмелері.
Білім беру саласында мамандарды даярлау үшін "Педагог" кәсіби стандартына сәйкес №417 бұйрықпен бекітілген QR (Кюар) код берілген тізілімнің тіркеу нөмірі.
Діни білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін жалпы білім беретін және діни пәндерді қамтитын білім беру бағдарламаның көшірмелері және діни қызмет саласындағы уәкілетті органның білім беру бағдарламасына қорытынды-хаттың көшірмесі.көшірмесі

Оқу жоспарының Денсаулық кодекстің 221-бабының 2-тармағына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкестігі туралы біліктілік талабы "Білім беру ұйымдарында эксперимент режимінде іске асырылатын білім беру бағдарламаларын әзірлеу, сынақтан өткізу және енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 139 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10916 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 139 бұйрық) эксперимент режимінде іске асырылатын бағдарламаларға мәлімделген жағдайлар бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық (ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери білім және ғылым департаментімен келісілген оқу жұмыс жоспарының болуы), Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарына, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарында адамдарды оқыту үшін және ерекше білім беруді қажет ететін адамдарды оқыту үшін қолданылмайды.

23

Мәдениет және спорт саласындағы білім беру ұйымдарын, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарын, бітіру жылы ішінде білім беру саласындағы мамандығы бойынша бітірушілердің кемінде 90%-ын жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ететін білім беру ұйымдарын қоспағанда, "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мамандықтары мен біліктіліктерінің сыныптауышын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 500 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17564 болып тіркелген) (бұдан әрі - Сынаптауышы) бекітілген Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мамандықтары мен біліктіліктерінің сыныптауышында көрсетілген білім беру саласында мамандар даярлау үшін білім беру саласында уәкілетті органның кемінде 5 мамандық бойынша лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның болуы. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мамандықтары мен біліктіліктерінің сыныптауышында көрсетілген денсаулық сақтау саласындағы мамандарды даярлау үшін, бітіру жылы ішінде денсаулық сақтау саласындағы мамандық бойынша бітірушілердің кемінде 90%-ын жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ететін білім беру ұйымдарын қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы кемінде 4 мамандық бойынша лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның болуы.

Жұмыс орнынан растайтын құжаттың көшірмесі


24

Жаңадан ашылатын білім беру ұйымдарын қоспағанда, колледждер даярланатын мамандық бойынша білім алушыларды қабылдауды 3 жылда кемінде 1 рет жүзеге асыруы.

Білім беру процесін материалдық-техникалық қамтамасыз ету туралы, оның ішінде компьютерлік сыныптардың, компьютерлердің, оқу зертханаларының, оқу пәндері кабинеттерінің, техникалық оқу құралдарының, білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесінің, ҰБДҚ-нің, білім беру ұйымдарының үй-жайларында және аумағында бейнекамералардың болуы туралы мәліметтер осы біліктілік талаптарына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша.

Біліктілік талаптары әскери арнаулы оқу орындарына, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанынан орналастырылған білім беру ұйымдарына және лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алған кезде қолданылмайды.

25

Даярланатын мамандық бойынша оқу жұмыс жоспарының пәндеріне және (немесе) модульдеріне сәйкес педагогтердің болуы, оның ішінде педагогтер білімінің оқытылатын пәндер бейініне және (немесе) модульдеріне сәйкес болуы немесе білім беру саласындағы заңнамаға сәйкес педагогикалық қайта даярлаудан өткен педагогтердің болуы, сондай-ақ бейіні бойынша соңғы 3 жылда кемінде 36 сағат көлемінде ұйымдарда және/немесе өндірісте тағылымдамадан өткен өндірістік оқыту шеберлерінің болуы. Лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын педагогтер мен өндірістік оқыту шеберлерінің үлесі даярланатын мамандық бойынша педагогтердің жалпы санынан кемінде 70 %, оның ішінде медициналық білім беру бағдарламасын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін, мамандық бойынша педагогтердің жалпы санынан қолданбалы бакалавриат, магистратура деңгейі бар мейіргерлерден педагогтердің үлесі – кемінде 10 %. Даярланатын мамандық бойынша педагогтердің жалпы санынан лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын өнер және мәдениет саласындағы білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін педагогтердің үлесі – кемінде 50 %; даярланатын мамандық бойынша педагогтердің жалпы санынан негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын рухани білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін педагогтердің үлесі – кемінде 50 %.

Педагог, оқытушы және басшы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер осы біліктілік талаптарына 1-ші қосымшаға сәйкес нысан бойынша.

Өндірістік оқыту шеберлеріне қатысты біліктілік талаптары қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына және Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарына қолданылмайды.

26

Даярланатын мамандық бойынша лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын педагогтер санынан педагог-сарапшылардың, педагог-зерттеушілердің, педагог-шеберлердің және (немесе) магистр, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі, ғылым докторы, ғылым кандидаты, философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесі бар адамдардың үлесі – кемінде 30 %. Даярланатын мамандық бойынша лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын педагогтер санынан соңғы 3 жылда ұйымдарда және/немесе өндірісте көлемі кемінде 36 сағат болатын тағылымдамадан өткен арнайы пәндер педагогтері мен өндірістік оқыту шеберлерінің үлесі – кемінде 10 %. Рухани білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін жоғары білімі бар, жалпы білім беретін пәндер бойынша, бейіндік пәндер бойынша – бейіні бойынша жоғары білімі бар және/немесе дін саласындағы жалпы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, дін саласындағы семинарияны немесе медресені бітірген педагогтердің даярланатын мамандық бойынша педагогтер санынан кемінде 50 %.

Педагог, оқытушы және басшы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер осы біліктілік талаптарына 1-ші қосымшаға сәйкес нысан бойынша.

Өндірістік оқыту шеберлеріне қатысты біліктілік талаптары Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарына, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды

27

№ 348 бұйрықпен бекітілген Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес, даярланатын мамандық бойынша оқудың толық кезеңіне білім алушылар контингентіне қатысты, оның ішінде оқыту тілі бойынша оқу жұмыс жоспарына сәйкес баспа және электрондық басылымдар форматында оқу және ғылыми әдебиеттің кітапханалық қорының болуы. Рухани білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін білім беру бағдарламасына сәйкес дінтану сараптамасынан өткен оқу әдебиеті қорының болуы.

Оқу, көркем және ғылыми әдебиет қорының болуы туралы мәліметтер осы біліктілік талаптарына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша.
Цифрлық тасымалдағыштардағы оқу және ғылыми әдебиеттердің болуы туралы мәліметтер осы біліктілік талаптарына 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша. Рухани білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін діни қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның оқу әдебиеті қорының дінтану сараптамасының оң қорытындысының көшірмесі.


28

Медициналық қызметке арналған лицензия негізінде білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің болуы.

Ғимараттардың (оқу корпустарының) медициналық пункттермен қамтамасыз етілуі және білім беру немесе денсаулық сақтау ұйымының медициналық қызметке лицензиясының болуы туралы мәліметтер осы біліктілік талаптарына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша.

Оқу корпустары бір жер учаскесінде орналасқан кезде немесе оларды ішкі өткелдермен жалғаған кезде бір медициналық пункттің болуына жол беріледі.
Біліктілік талабы қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды

29

№ ҚР ДСМ-76 бұйрығы және № ҚР ДСМ-16 бұйрығымен бекітілген халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органның санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы бар тамақтандыру объектісінің (оқу корпустарында) болуы.
Білім алушыларды тамақпен қамтамасыз етуге арналған шарттың болуы.

Санитариялық қағидаларға сәйкес келетін тамақтандыру объектісінің және тамақтану объектісіне санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының болуы туралы мәліметтер осы біліктілік талаптарына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша. Білім алушыларды тамақпен қамтамасыз ету шартының көшірмесі.

Оқу корпустары бір жер учаскесінде орналасқан кезде немесе оларды ішкі өткелдермен жалғаған кезде бір тамақтану объектісінің болуына жол беріледі.
Тамақтану объектісі жалға берілген жағдайда жалға алушының тамақтану объектісіне санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысының болуы.
Біліктілік талабы қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды.

30

Білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ететін меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімгерлік басқару құқығында тиесілі материалдық активтердің (оқу кабинеттерінің, шеберханалардың, зертханалардың, өткізу пункттерінің, санитариялық тораптардың болуы, білім беру ұйымдарының үй-жайларында және (немесе) іргелес аумақтарында бейнебақылаудың болуы), оның ішінде № 55 бұйрықпен бекітілген өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келетін оқу үй-жайларының болуы. Денсаулық кодексінің 24-бабына сәйкес білім беру ұйымының орналасқан жері бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға жіберілген қызметті немесе белгілі бір іс-қимылды жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның болуы.

Пайдалы оқу алаңы, материалдық-техникалық базасының болуы, ерекше білім беруді қажет ететін адамдар (балалар) үшін жасалған жағдайлар туралы мәліметтер осы біліктілік талаптарына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша. Шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімгерлік басқару құқығын растайтын құжаттардың немесе ғимаратқа жалдау шартының көшірмелері. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес әрбір объектіге (оқу корпусына) өрт қауіпсіздігі саласындағы сәйкестікке объектіге барумен профилактикалық бақылау нәтижелері туралы актінің көшірмесі.
Жаңадан ашылатын білім беру ұйымдары үшін өрт аудитінің қорытындысы (бір рет алынады), объектіні пайдалануға беру актісі, оның ішінде бұйрықтың – № 55 1,2,3-қосымшаларына сәйкес өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамдарды тағайындау туралы бұйрықтың, өртке қарсы қауіпсіздік шаралары туралы нұсқаулықтың көшірмелері, эвакуациялау жоспары, бастапқы өрт сөндіру құралдарының қажетті ең аз көлемі.
Эпидемиялық маңыздылығы болмашы объекті қызметінің басталғаны (оларды пайдалану) туралы хабарламаның көшірмесі.


31

№ 385 бұйрығына сәйкес мұқтаж білім алушыларға (Санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес жатақханалармен және/немесе хостелдермен/ және/немесе қонақ үйлермен) тұру үшін жағдай жасау.

Пайдалы оқу алаңы, материалдық-техникалық базасының болуы, ерекше білім беруді қажет ететін адамдар (балалар) үшін жасалған жағдайлар туралы мәліметтер осы біліктілік талаптарына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша.
Біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар жатақхананың болуын, жатақханалардың және/немесе хостелдермен/ және/немесе қонақ үйлермен халықтың санитариялық эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық эпидемиологиялық қорытындысының болуын растайтын, оқудың толық кезеңіне студенттерді орналастыруға арналған, меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімгерлік басқару құқығына жататын немесе оқудың толық кезеңіне жалға алу, немесе шарты бойынша жалдау (жаңадан ашылатын білім беру ұйымдары үшін) құқығындағы құжаттардың көшірмелері болуы. ҰБДҚ мәліметтерінің нақты деректерге сәйкестігі.

Біліктілік талаптары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарына, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды.

32

№ 6 бұйрықпен бекітілген ғимараттарда (оқу корпустарында) ерекше білім беруді қажет ететін адамдар (балалар) үшін жағдайлар жасау.

Пайдалы оқу алаңы, материалдық-техникалық базасының болуы, ерекше білім беруді қажет ететін адамдар (балалар) үшін жасалған жағдайлар туралы мәліметтер осы біліктілік талаптарына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша.

Біліктілік талаптары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарына, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды.

33

"Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 7 наурыздағы № 97 бұйрығымен (бұдан әрі – № 97 бұйрық) бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7574 болып тіркелген) нормаларға сәйкес келетін, даярланатын мамандықтар бойынша оқу-зертханалық жабдықтармен және техникалық оқыту құралдарымен, сондай–ақ интернет желісіне қосылған компьютерлік сыныптармен, компьютерлермен жабдықталуы.
Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары үшін Денсаулық кодекстің 220-бабының 3-тармағына сәйкес білім беру ұйымының құрылымында симуляциялық кабинеттің (орталықтың) болуы.
Қажет болған кезде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары үшін әскери бөлімдер мен басқа да әскери оқу орындарының оқу-материалдық базасын пайдалану туралы ведомстволық бұйрықтың, әскери кафедралардың оқу – материалдық базасын бірлесіп пайдалану жөніндегі өзара іс-қимыл туралы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарымен (бұдан әрі - ЖЖОКББҰ) меморандумдардың болуы.

Білім беру процесін материалдық-техникалық қамтамасыз ету туралы, оның ішінде компьютерлік сыныптардың, компьютерлердің, оқу зертханаларының, оқу пәндері кабинеттерінің, техникалық оқу құралдарының, білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесінің, ҰБДҚ-нің, білім беру ұйымдарының үй-жайларында және аумағында бейнекамералардың болуы туралы мәліметтер осы біліктілік талаптарына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары үшін ЖЖОКББҰ-мен бұйрықтар мен меморандумдар көшірмелерінің болуы.

Интернет желісіне қосылған компьютерлік сыныппен жарақталуы туралы біліктілік талаптары Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарына, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды.

34

"Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 4-тармағына және "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 1-тармағына сәйкес тиісті бейіні бойынша педагогтердің және білім беру ұйымдарының басшы кадрларының 3 жылда кемінде 1 рет, кемінде 36 сағатты құрайтын біліктілігінің артуын қамтамасыз ету. Білім беру ұйымдарының басшылары үшін менеджмент саласындағы біліктілікті арттыру - 3 жылда кемінде 1 рет.

Педагогтер мен басшы кадрлардың пәннің бейініне, білім беру бағдарламаларына сәйкес соңғы 5 жылда біліктілігін арттырудан және қайта даярлаудан өткені туралы мәліметтер осы біліктілік талаптарына 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша.

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдары үшін педагогтердің біліктілік арттыру оқытатын пәндерінің бейініне немесе оқыту әдістемесіне сәйкес өткізіледі. Біліктілік талаптары жұмысқа орналасқаннан кейін еңбек қызметін 3 жылдан кем жүзеге асыратын педагогтерге қолданылмайды.

35

№ 570 бұйрықпен бекітілген білім беру мониторингі шеңберінде әкімшілік деректер нысандарына сәйкес өзекті деректер қоры бар білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесінің болуы және нақты деректердің ҰБДҚ-мен сәйкестігі.
Edu. kz аймағында үшінші деңгейдегі домендік атаудың болуы.

Білім беру процесін материалдық-техникалық қамтамасыз ету туралы, оның ішінде компьютерлік сыныптардың, компьютерлердің, оқу зертханаларының, оқу пәндері кабинеттерінің, техникалық оқу құралдарының, білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесінің, ҰБДҚ-нің, білім беру ұйымдарының үй-жайларында және аумағында бейнекамералардың болуы туралы мәліметтер осы біліктілік талаптарына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша.

Біліктілік талаптары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарына, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды.

36

Азаматтық заңнамаға сәйкес толық оқу кезеңін қамтитын даярланатын мамандық бойынша практика базасы ретінде айқындалған ұйымдармен шарттардың болуы.

Кәсіптік практикадан өтудің толық кезеңін қамтитын даярланатын мамандыққа сәйкес практика базасы ретінде айқындалған ұйымдармен жасалған шарттардың көшірмелері.

Біліктілік талаптары қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне бағынысты білім беру ұйымдарына қолданылмайды.

37

Мамандық бойынша білім беру ұйымының түлектерін жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту туралы мәліметтер, бұл ретте мамандық бойынша бітірушілердің жалпы санынан жұмысқа орналасқандардың және жұмыспен қамтылғандардың үлесі кемінде 75 %.

Жұмыс орнынан растайтын құжаттың көшірмесі.

Біліктілік талаптары лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алған кезде және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне бағынысты білім беру ұйымдарына, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды.

5. Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметі үшін

38

№ 348 бұйрықпен бекітілген Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына, кәсіптік стандартқа (болған жағдайда) сәйкес келетін білім беру саласындағы уәкілетті органның білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген білім беру бағдарламаның болуы.
Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар үшін Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына, Денсаулық кодекстің 221-бабының 2-тармағына, үлгілік оқу жоспарларына (болған жағдайда), кәсіптік стандартқа (болған жағдайда) (қазақ және орыс тілдерінде) сәйкестігі.
"Педагог" кәсіптік стандартына, тәрбие мен оқытудың және/немесе бастауыш, негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын ескере отырып, үлгілік оқу жоспарларына, бағдарламаларына (болған жағдайда) (қазақ және орыс тілдерінде) сәйкес білім беру саласында мамандарды даярлау үшін білім беру саласындағы уәкілетті органның білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген білім беру бағдарламаларының болуы.
Рухани білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін діни қызмет саласындағы уәкілетті органмен келісілген жалпы білім беретін және діни пәндерді қамтитын білім беру бағдарламаның сәйкестігі.

№ 417 бұйрықпен бекітілген қазақ және орыс тілдерінде QR (Кьюар) коды берілген тізілімнің тіркеу нөмірі. Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар үшін № ДСМ-63 бұйрығына, Денсаулық кодекстің 221-бабының 2-тармағына сәйкес оқытудың толық кезеңіне әзірленген қазақ және орыс тілдеріндегі мамандықтың даярланатын мамандық бойынша жұмыс оқу жоспарының көшірмелері. Білім беру саласында мамандарды даярлау үшін "Педагог" кәсіби стандартына сәйкес № 417 бұйрықпен бекітілген QR (Кюар) код берілген тізілімнің тіркеу нөмірі. Діни білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін жалпы білім беретін және діни пәндерді амтитын білім беру бағдарламаның көшірмелері және діни қызмет саласындағы уәкілетті органның білім беру бағдарламасына қорытынды-хаттың көшірмесі.

Оқу жоспарының Денсаулық кодекстің 221- бабының 2-тармағына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкестігі туралы біліктілік талабы № 139 бұйрық бұйрықтарымен бекітілген эксперимент режимінде іске асырылатын бағдарламаларға мәлімделген жағдайлар бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық (ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери білім және ғылым департаментімен келісілген оқу жұмыс жоспарының болуы), Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарына, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарында адамдарды оқыту үшін және ерекше білім беруді қажет ететін адамдарды оқыту үшін қолданылмайды.

39

Мәдениет және спорт саласындағы білім беру ұйымдарын бітіру жылы ішінде мамандығы бойынша бітірушілердің кемінде 90 %-ын жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ететін білім беру ұйымдарын қоспағанда, Сынаптауышы Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мамандықтары мен біліктіліктерінің сыныптауышында көрсетілген білім беру саласында мамандар даярлау үшін білім беру саласында уәкілетті органның кемінде 5 мамандық бойынша лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның болуы. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мамандықтары мен біліктіліктерінің сыныптауышында көрсетілген денсаулық сақтау саласындағы мамандарды даярлау үшін, денсаулық сақтау саласындағы мамандық бойынша бітіру жылы ішінде мамандығы бойынша бітірушілердің кемінде 90 %-ын жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ететін білім беру ұйымдарын қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы кемінде 4 мамандық бойынша лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның болуы.

Жұмыс орнынан растайтын құжаттың көшірмесі


40

Жаңадан ашылатын білім беру ұйымдарын қоспағанда, колледждердің даярланатын мамандық бойынша білім алушыларды қабылдауды 3 жылда кемінде 1 рет жүзеге асыруы.

Мамандықтың даярланатын мамандықтар бойынша контингенттің болуын растайтын ҰББД-дан жүктелген мәліметтер.

Біліктілік талаптары әскери арнаулы оқу орындарымен лицензия алу кезінде қолданылмайды
Біліктілік талаптары әскери арнаулы оқу орындарына, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанынан орналастырылған білім беру ұйымдарына және лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алған кезде қолданылмайды.

41

Даярланатын мамандық бойынша оқу жұмыс жоспарының пәндеріне және (немесе) модульдеріне сәйкес педагогтердің болуы, оның ішінде педагогтер білімінің оқытылатын пәндер бейініне және (немесе) модульдеріне сәйкес болуы немесе білім беру саласындағы заңнамаға сәйкес педагогикалық қайта даярлаудан өткен педагогтердің болуы, сондай-ақ бейіні бойынша соңғы 3 жылда кемінде 36 сағат көлемінде ұйымдарда және/немесе өндірісте тағылымдамадан өткен өндірістік оқыту шеберлерінің болуы. Лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын педагогтер мен өндірістік оқыту шеберлерінің үлесі даярланатын мамандықтар бойынша педагогтердің жалпы санынан кемінде 70 %, оның ішінде медициналық білім беру бағдарламасын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін, мамандық бойынша педагогтердің жалпы санынан қолданбалы бакалавриат, магистратура деңгейі бар мейіргерлерден педагогтердің үлесі – кемінде 10 %.
Даярланатын мамандық бойынша педагогтердің жалпы санынан лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын өнер және мәдениет саласындағы білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін педагогтердің үлесі – кемінде 50 %; даярланатын мамандық бойынша педагогтердің жалпы санынан негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын рухани білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін педагогтердің үлесі – кемінде 50 %.

Педагог, оқытушы және басшы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер осы біліктілік талаптарына 1-ші қосымшаға сәйкес нысан бойынша.

Өндірістік оқыту шеберлеріне қатысты біліктілік талаптары қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды.

42

Даярланатын мамандық бойынша лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын педагогтер санынан педагог-сарапшылардың, педагог-зерттеушілердің, педагог-шеберлердің және (немесе) магистр, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі, ғылым докторы, ғылым кандидаты, философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесі бар адамдардың үлесі – кемінде 40 %. Даярланатын мамандық бойынша лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын педагогтер санынан соңғы 3 жылда ұйымдарда және/немесе өндірісте көлемі кемінде 36 сағат болатын тағылымдамадан өткен арнайы пәндер педагогтері мен өндірістік оқыту шеберлерінің үлесі – кемінде 10 %. Рухани білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін жоғары білімі бар, жалпы білім беретін пәндер бойынша, бейіндік пәндер бойынша – бейіні бойынша жоғары білімі бар және/немесе дін саласындағы жалпы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, дін саласындағы семинарияны немесе медресені бітірген педагогтердің даярланатын мамандық бойынша педагогтер санынан кемінде 50%
Даярланатын мамандық бойынша педагогтердің жалпы санынан магистр, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор, ғылым докторы, ғылым кандидаты, философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесі бар педагогтер мен өндірістік оқыту шеберлерінің үлесі – кемінде 10 %.

Педагог, оқытушы және басшы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер осы біліктілік талаптарына 1-ші қосымшаға сәйкес нысан бойынша.

Өндірістік оқыту шеберлеріне қатысты біліктілік талаптары Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарына, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды.

43

№ 348 бұйрықпен бекітілген орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес, даярланатын мамандық бойынша оқудың толық кезеңіне білім алушылар контингентіне қатысты, оның ішінде оқыту тілі бойынша оқу жұмыс жоспарына сәйкес соңғы он жылда жарияланған баспа және (немесе) электрондық басылымдар форматында оқу және ғылыми әдебиеттің кітапханалық қорының болуы. Рухани білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін білім беру бағдарламаларына сәйкес дінтану сараптамасынан өткен оқу әдебиеті қорының болуы.

Оқу, көркем және ғылыми әдебиет қорының болуы туралы мәліметтер осы біліктілік талаптарына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша.
Цифрлық тасымалдағыштардағы оқу және ғылыми әдебиеттердің болуы туралы мәліметтер осы біліктілік талаптарына 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша. Діни білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін діни қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның оқу әдебиеті қорының дінтану сараптамасының оң қорытындысының көшірмесі.


44

Медициналық қызметке арналған лицензия негізінде білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің болуы.

Ғимараттардың (оқу корпустарының) медициналық пункттермен қамтамасыз етілуі және білім беру немесе денсаулық сақтау ұйымының медициналық қызметке лицензиясының болуы туралы мәліметтер осы біліктілік талаптарына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша.

Оқу корпустары бір жер учаскесінде орналасқан кезде немесе оларды ішкі өткелдермен жалғаған кезде бір медициналық пункттің болуына жол беріледі.
Оқу корпустарын ішкі өткелдермен қосқан жағдайда бір медициналық пункттің болуына жол беріледі.
Біліктілік талабы қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды

45

№ ҚР ДСМ-76 бұйрығы және № ҚР ДСМ-16 бұйрығымен бекітілген халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органның санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы бар тамақтандыру объектісінің (оқу корпустарында) болуы.
Білім алушыларды тамақпен қамтамасыз етуге арналған шарттың болуы.

Санитариялық қағидаларға сәйкес келетін тамақтандыру объектісінің және тамақтану объектісіне санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының болуы туралы мәліметтер осы біліктілік талаптарына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша. Білім алушыларды тамақпен қамтамасыз ету шартының көшірмесі.

Оқу корпустары бір жер учаскесінде орналасқан кезде немесе оларды ішкі өткелдермен жалғаған кезде бір тамақтану объектісінің болуына жол беріледі.
Тамақтану объектісі жалға берілген жағдайда жалға алушының тамақтану объектісіне санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысының болуы.
Біліктілік талабы қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды.

46

Білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ететін меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімгерлік басқару құқығында тиесілі материалдық активтердің (оқу кабинеттерінің, шеберханалардың, зертханалардың, өткізу пункттерінің, санитариялық тораптардың болуы, білім беру ұйымдарының үй-жайларында және (немесе) іргелес аумақтарында бейнебақылаудың болуы), оның ішінде № 55 бұйрықпен бекітілген өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келетін оқу үй-жайларының болуы. Денсаулық кодексінің 24-бабына сәйкес білім беру ұйымының орналасқан жері бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға жіберілген қызметті немесе белгілі бір іс-қимылды жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның болуы.

Пайдалы оқу алаңы, материалдық-техникалық базасының болуы, ерекше білім беруді қажет ететін адамдар (балалар) үшін жасалған жағдайлар туралы мәліметтер осы біліктілік талаптарына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша. Шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімгерлік басқару құқығын растайтын құжаттардың немесе ғимаратты жалдау шартының көшірмелері. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес әрбір объектіге (оқу корпусына) өрт қауіпсіздігі саласындағы сәйкестікке объектіге барумен профилактикалық бақылау нәтижелері туралы актінің көшірмесі.
Жаңадан ашылатын білім беру ұйымдары үшін өрт аудитінің қорытындысы (бір рет алынады), объектіні пайдалануға беру актісі, оның ішінде бұйрықтың – № 55 1,2,3-қосымшаларына сәйкес өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамдарды тағайындау туралы бұйрықтың, өртке қарсы қауіпсіздік шаралары туралы нұсқаулықтың көшірмелері, эвакуациялау жоспары, бастапқы өрт сөндіру құралдарының қажетті ең аз көлемі. Эпидемиялық маңыздылығы болмашы объекті қызметінің басталғаны (оларды пайдалану) туралы хабарламаның көшірмесі.


47

№ 385 бұйрығына сәйкес мұқтаж білім алушыларға (Санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес жатақханалармен және/немесе хостелдермен/ және/немесе қонақ үйлермен) тұру үшін жағдай жасау.

Пайдалы оқу алаңы, материалдық-техникалық базасының болуы, ерекше білім беруді қажет ететін адамдар (балалар) үшін жасалған жағдайлар туралы мәліметтер осы біліктілік талаптарына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша. Біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар жатақхананың болуын, жатақханалардың және/немесе хостелдермен/ және/немесе қонақ үйлермен халықтың санитариялық эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық эпидемиологиялық қорытындысының болуын растайтын, оқудың толық кезеңіне студенттерді орналастыруға арналған, меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімгерлік басқару құқығына жататын немесе оқудың толық кезеңіне жалға алу, немесе шарты бойынша жалдау (жаңадан ашылатын білім беру ұйымдары үшін) құқығындағы құжаттардың көшірмелері болуы.
ҰБДҚ мәліметтерінің нақты деректерге сәйкестігі.

Біліктілік талаптары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарына, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды.

48

№ 6 бұйрықпен бекітілген ғимараттарда (оқу корпустарында) ерекше білім беруді қажет ететін адамдар (балалар) үшін жағдайлар жасау.

Пайдалы оқу алаңы, материалдық-техникалық базасының болуы, ерекше білім беруді қажет ететін адамдар (балалар) үшін жасалған жағдайлар туралы мәліметтер осы біліктілік талаптарына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша.

Біліктілік талаптары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарына, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды.

49

Даярланатын мамандықтар бойынша оқу-зертханалық жабдықтармен және техникалық оқыту құралдарымен, сондай-ақ № 97 бұйрықпен бекітілген нормаларға сәйкес келетін компьютерлік сыныптармен, интернет желісіне қосылған компьютерлермен жабдықталуы.
Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары үшін Денсаулық кодекстің 220-бабының 3-тармағына сәйкес білім беру ұйымының құрылымында симуляциялық кабинеттің (орталықтың) болуы.
Қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары үшін әскери бөлімдер мен басқа да әскери оқу орындарының оқу-материалдық базасын пайдалану туралы ведомстволық бұйрықтың, әскери кафедралардың оқу-материалдық базасын бірлесіп пайдалану бойынша өзара іс-қимыл жасау туралы жоғары ЖЖОКББҰ ұйымдарымен меморандумдардың болуы.

Білім беру процесін материалдық-техникалық қамтамасыз ету туралы, оның ішінде компьютерлік сыныптардың, компьютерлердің, оқу зертханаларының, оқу пәндері кабинеттерінің, техникалық оқу құралдарының, білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесінің, ҰБДҚ-нің, білім беру ұйымдарының үй-жайларында және аумағында бейнекамералардың болуы туралы мәліметтер осы біліктілік талаптарына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары үшін ЖЖОКББҰ-мен бұйрықтар мен меморандумдар көшірмелерінің болуы.

Интернет желісіне қосылған компьютерлік сыныппен жарақталуы туралы біліктілік талаптары Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарына, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды.

50

"Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 4-тармағына және "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 1-тармағына сәйкес тиісті бейіні бойынша педагогтердің және білім беру ұйымдарының басшы кадрларының 3 жылда кемінде 1 рет, кемінде 36 сағатты құрайтын біліктілігінің артуын қамтамасыз ету.
Білім беру ұйымдарының басшылары үшін білім беру саласындағы менеджмент біліктілікті арттыру - 3 жылда кемінде 1 рет.

Педагогтер мен басшы кадрлардың пәннің бейініне, білім беру бағдарламаларына сәйкес соңғы бес жылда біліктілігін арттырудан және қайта даярлаудан өткені туралы мәліметтер осы біліктілік талаптарына 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша.

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдары үшін педагогтердің біліктілік арттыру оқытатын пәндерінің бейініне немесе оқыту әдістемесіне сәйкес өткізіледі. Біліктілік талаптары жұмысқа орналасқаннан кейін еңбек қызметін 3 жылдан кем жүзеге асыратын педагогтерге қолданылмайды.

51

№ 570 бұйрықпен бекітілген білім беру мониторингі шеңберінде әкімшілік деректер нысандарына сәйкес өзекті деректер қоры бар білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесінің болуы және нақты деректердің ҰБДҚ-мен сәйкестігі.
Edu. kz аймағында үшінші деңгейдегі домендік атаудың болуы.

Білім беру процесін материалдық-техникалық қамтамасыз ету туралы, оның ішінде компьютерлік сыныптардың, компьютерлердің, оқу зертханаларының, оқу пәндері кабинеттерінің, техникалық оқу құралдарының, білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесінің, ҰБДҚ-нің, білім беру ұйымдарының үй-жайларында және аумағында бейнекамералардың болуы туралы мәліметтер осы біліктілік талаптарына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша.

Біліктілік талаптары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарына, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды.

52

Азаматтық заңнамаға сәйкес толық оқу кезеңін қамтитын даярланатын мамандық бойынша практика базасы ретінде айқындалған ұйымдармен шарттардың болуы.

Кәсіптік практикадан өтудің толық кезеңін қамтитын даярланатын мамандыққа сәйкес практика базасы ретінде айқындалған ұйымдармен жасалған шарттардың көшірмелері.

Біліктілік талаптары қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды.

53

Мамандық бойынша білім беру ұйымының түлектерін жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту туралы мәліметтер, бұл ретте мамандық бойынша бітірушілердің жалпы санынан жұмысқа орналасқандардың және жұмыспен қамтылғандардың үлесі кемінде 75 %.

Жұмыс орнынан растайтын құжаттың көшірмесі.

Біліктілік талаптары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарына, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды.

6. Діни білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметі үшін

54

Жалпы білім беретін және діни пәндер бойынша білім беру бағдарламаның болуы.

Білім беру ұйымының басшысы бекіткен білім беру бағдарламаның көшірмесі.


55

Жалпы білім беретін пәндер бойынша -жоғары білімі; бейінді пәндер бойынша - жоғары діни білімі және/немесе діни қызметте жалпы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, семинарияны немесе медресені бітірген оқытушылардың болуы.

Педагог, оқытушы және басшы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер осы біліктілік талаптарына 1-ші қосымшаға сәйкес нысан бойынша.


56

Білім беру бағдарламасына сәйкес дінтану сараптамасынан өткен оқу әдебиеті қорының болуы.

Оқу, көркем және ғылыми әдебиет қорының болуы туралы мәліметтер осы біліктілік талаптарына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша.
Цифрлық тасымалдағыштардағы оқу және ғылыми әдебиеттердің болуы туралы мәліметтер осы біліктілік талаптарына 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша.
Діни қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның оқу әдебиеті қорына берген дінтану сараптамасының оң қорытындысының көшірмесі.


57

Медициналық қызметке арналған лицензия негізінде білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің болуы.

Ғимараттардың (оқу корпустарының) медициналық пункттермен қамтамасыз етілуі және білім беру немесе денсаулық сақтау ұйымының медициналық қызметке лицензиясының болуы туралы мәліметтер осы біліктілік талаптарына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша.

Оқу корпустары бір жер учаскесінде орналасқан кезде немесе оларды ішкі өткелдермен жалғаған кезде бір медициналық пункттің болуына жол беріледі.

58

№ ҚР ДСМ-76 бұйрығы және № ҚР ДСМ-16 бұйрығымен бекітілген халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органның санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы бар тамақтандыру объектісінің (оқу корпустарында) болуы.
Білім алушыларды тамақпен қамтамасыз етуге арналған шарттың болуы.

Санитариялық қағидаларға сәйкес келетін тамақтандыру объектісінің және тамақтану объектісіне санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының болуы туралы мәліметтер осы біліктілік талаптарына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша. Білім алушыларды тамақпен қамтамасыз ету шартының көшірмесі.

Оқу корпустары бір жер учаскесінде орналасқан кезде немесе оларды ішкі өткелдермен жалғаған кезде бір тамақтану объектісінің болуына жол беріледі.
Тамақтану объектісі жалға берілген жағдайда жалға алушының тамақтану объектісіне санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысының болуы.
Біліктілік талабы қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды.

59

Меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығына тиесілі білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ететін материалдық активтердің болуы.

Пайдалы оқу алаңы, материалдық-техникалық базасының болуы, ерекше білім беруді қажет ететін адамдар (балалар) үшін жасалған жағдайлар туралы мәліметтер осы біліктілік талаптарына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша. Ғимараттарға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері.


60

Интернет желісіне қосылған компьютерлік сыныптармен жарақталуы. Edu.kz аймағында үшінші деңгейдегі домендік атаудың болуы.

Білім беру процесін материалдық-техникалық қамтамасыз ету туралы, оның ішінде компьютерлік сыныптардың, компьютерлердің, оқу зертханаларының, оқу пәндері кабинеттерінің, техникалық оқу құралдарының, білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесінің, ҰБДҚ-нің, білім беру ұйымдарының үй-жайларында және аумағында бейнекамералардың болуы туралы мәліметтер осы біліктілік талаптарына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша.


61

Мәлімделген діни білім беру бағдарламасына діни қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның сараптама қорытындысының болуы.

Мәлімделген діни білім беру бағдарламасына діни қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның қорытынды хатының көшірмесі.


      Білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын осы біліктілік талаптарында және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесінде пайдаланылатын қысқартулар мен белгілер:

      1) "e-license.kz" – лицензиарлар беретін лицензиялардың сәйкестендіру нөмірін орталықтандырылған түрде қалыптастыратын лицензиаттардың берілген, қайта ресімделген, тоқтатылған, жаңартылған және қолданысын тоқтатқан лицензиялары туралы мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйе;

      2) "Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры" МҚ АЖ – жер және құқықтық кадастрлардың мәліметтерін қамтитын ақпараттық жүйе.

  Білім беру қызметіне қойылатын
біліктілік талаптарына және
оларға сәйкестікті растайтын
құжаттардың тізбесіне
1-қосымша
  Нысан

Педагог, оқытушы және басшы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер

      ________________________________________________________________

      (білім беру ұйымының атауы) (____________ жағдай бойынша)

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Туған жылы мен жері

Жоғары және/немесе техникалық және кәсіптік және/немесе орта білімнен кейінгі білімі туралы, педагогикалық қайта даярлау туралы мәліметтер, диплом бойынша мамандығы, біліктілігі, білім беру ұйымы, бітірген жылы, өндірістік оқыту шеберлері үшін–тағылымдамадан өткені туралы мәліметтер (ұйымның, өндірістің атауы, Оқу, тағылымдама кезеңі), маман сертификаты

Негізгі жұмыс орны (ұйым ның мекен жайы)

Оқытылатын пәндер бейіні бойынша практикалық жұмыс туралы мәлімет, жұмыс өтілі

Сотталмағандығы (сотталғандығы) туралы мәлімет*

Санаты, берілген күні, санат берілгені туралы бұйрықтың нөмірі* педагог - сарапшылар, педагог-зерттеушілер, педагог -шеберлер туралы мәлімет. Конкурстар мен жарыстардың жеңімпаздарын дайындаған педагогтер туралы мәліметтер

Медициналық тексеруден өткені туралы мәлімет (жеке медициналық кітапшаның болуы) *

1

2

3

4

5

6

7

8

9










      кестенің жалғасы

Магистр дәрежесі туралы мәлімет (мамандығы, берілген жылы) *

"Философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" академиялық дәрежесі туралы мәлімет, мамандығы, берілген жылы

"Философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" дәрежесі туралы мәлімет, мамандығы, берілген жылы

"Ғылым кандидаты" немесе "ғылым докторы" немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" ғылыми дәрежесі туралы мәлімет, мамандығы,берілген жылы

"Қауымдастырылған профессор (доцент)" немесе "профессор" ғылыми атағы туралы мәлімет, мамандығы, берілген жылы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаттарымен және құрметті атақтары, "Еңбек сiңiрген жаттықтырушы" спорттық атақтары немесе жоғары мен бірінші дәрігерлік санаты туралы мәлімет, берілген жылы

Тану туралы куәліктің болуы туралы мәлімет

Оқытатын пәні

10

11

12

13

14

15

16

17









      Ескертпе: * бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін.

  Білім беру қызметіне қойылатын
біліктілік талаптарына және
оларға сәйкестікті растайтын
құжаттардың тізбесіне
2-қосымша
  Нысан

Оқу, көркем және ғылыми әдебиет қорының болуы туралы мәліметтер

      _____________________________________________________________

      (білім беру ұйымының атауы) (______________ жағдай бойынша)

Р/с №

Оқу пәні, кәсіп бойынша, даярланатын мамандық біліктілігі бойынша, кадрларды даярлау бағыты бойынша оқу пәні, қызмет түрі, тәрбиелеу және оқыту бағдарламасының бөлімі

Пәнді оқитын білім алушылардың саны (болжамды жинақталуы)

Оқу әдебиеті (атауы, басылып шыққан жылы, авторлары)

Оқу-әдістемелік, көркем, ғылыми әдебиеттер (атауы, басылып шыққан жылы, авторлары)*

Саны кемінде 1 дана

1

2

3

4

5

6







Барлығы:

  Білім беру қызметіне қойылатын
біліктілік талаптарына және
оларға сәйкестікті растайтын
құжаттардың тізбесіне
3-қосымша
  Нысан

Ғимараттардың (оқу корпустарының) медициналық пункттермен қамтамасыз етілуі және білім беру немесе денсаулық сақтау ұйымының медициналық қызметке лицензиясының болуы туралы мәліметтер

      _________________________________________________________________

      (білім беру/денсаулық сақтау ұйымыныңатауы) (________ жағдай бойынша)

Білім беру процесі жүргізілетін құрылыстың нақты мекенжайы

Медициналық қызметке берілген лицензия туралы мәлімет (нөмірі)

Ескертпе

1

2

3




      Лицензияның мәртебесі "e-license.kz" МҚ АЖ-ны пайдалана отырып тексеріледі.

  Білім беру қызметіне қойылатын
біліктілік талаптарына және
оларға сәйкестікті растайтын
құжаттардың тізбесіне
4-қосымша
  Нысан

Санитариялық қағидаларға сәйкес келетін тамақтандыру объектісінің және тамақтану объектісіне санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының болуы туралы мәліметтер

      _________________________________________________________

      (білім беру ұйымының атауы) (_____________ жағдай бойынша)

Білім беру процесі жүргізілетін құрылыстың нақты мекенжайы

Тамақтандыру объектісінің атауы (асхана, буфет, дәмхана)

Тамақтандыру объектісінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының болуы (күні және нөмірі)

Ескертпе (тамақтандыру объектісін жалға берген жағдайда жалға алушылар туралы мәліметтерді көрсету)

1

2

3

4





  Білім беру қызметіне қойылатын
біліктілік талаптарына және
оларға сәйкестікті растайтын
құжаттардың тізбесіне
5-қосымша
  Нысан

Пайдалы оқу алаңы, материалдық-техникалық базасының болуы, ерекше білім беруді қажет ететін адамдар (балалар) үшін жасалған жағдайлар туралы мәліметтер

      _________________________________________________________

      (білім беру ұйымының атауы) (______________ жағдай бойынша)

Құрылыстың типі (типтік жоба, ыңғайластырылған, өзге) білім беру процесі жүргізілетін құрылыстың нақты мекенжайы

Материалдық-қаржылық активтердің болуы (меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімгерлік басқару құқығына тиесілі), материалдық активтерді жалға алу туралы мәлімет

Меншік үй-жайлардың түрі (кабинеттер, дәрісхана аудиториялары, практикалық сабақтарға арналған үй-жайлар, нақты мамандықтар, кәсіптер бойынша зертханалар мен шеберханалар, мәжіліс және спорт залдары), әлеуметтік-тұрмыстық (өткізу пункттерінің, санитариялық тораптардың болуы (унитаздар, қол жуғыштар), білім беру ұйымының үй-жайларында және іргелес жатқан аумақтарында бейнебақылаудың болуы, ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар (балалар) үшін жағдайлардың болуы

Жалпы алаңы (м2)

1

2

3

4





      Ескертпе: *жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және оның техникалық сипаттамалары туралы ақпарат "Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры" МҚ АЖ-дан деректерді алу мүмкіндігі болған жағдайда ұсынылмайды.

  Білім беру қызметіне қойылатын
біліктілік талаптарына және
оларға сәйкестікті растайтын
құжаттардың тізбесіне
6-қосымша
  Нысан

Білім беру процесін материалдық-техникалық қамтамасыз ету туралы, оның ішінде компьютерлік сыныптардың, компьютерлердің, оқу зертханаларының, оқу пәндері кабинеттерінің, техникалық оқу құралдарының, білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесінің, ҰБДҚ-нің, білім беру ұйымдарының үй-жайларында және аумағында бейнекамералардың болуы туралы мәліметтер

Жалпы және пайдалы алаңының ауданы (м2) көрсетілген ғимараттың (құрылыстың) нақты мекенжайы

Жарақтандырылуы туралы мәлеметтер

Атауы мен ауданы көрсетіл ген аудиториялар, пән кабинет тері*

Оқу-өндірістік шеберханалар, оқу-тәжірибелік учаскелер, оқу шаруашылыктары, оқу полигондары*

Атауы көрсетілген оқу зертханалары* (м2)

Түрі көрсетілген оқу және оқу-зертхана жабдықтарының, техникалық оқу құралдарының тізбесі

Мәжіліс залы, спорт залы (м2), кітапхана

Компьютерлік сыныптар, компьютерлер, жабдықтар, жиһаз, жеке қолдануға арналған шкафтар, бейнекамералар

Онлайн-оқыту бойынша жабдықтардың болуы туралы мәліметтер

Білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесінің және ҰБДҚ болуы, аймақтағы үшінші деңгейлі домендік атау edu. kz туралы мәліметтер.
Интернеттің болуы туралы ақпарат

1

2

3

4

5

6

7

8

9










      Ескертпе: * техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін сұратылып отырған мамандық бойынша ақпарат ұсынылады.

      Компьютерлік сыныптардың болуы туралы біліктілік талаптары шағын жинақталған мектептерге қолданылмайды.

  Білім беру қызметіне қойылатын
біліктілік талаптарына және
оларға сәйкестікті растайтын
құжаттардың тізбесіне
7-қосымша
  Нысан

Цифрлық тасымалдағыштардағы оқу және ғылыми әдебиеттердің болуы туралы мәліметтер

      ___________________________________________________________

      (білім беру ұйымының атауы) (______________ жағдай бойынша)

Р/с №

Кәсіп бойынша, кадрларды даярлау бағыты бойынша, даярланатын мамандық біліктілігі бойынша оқу пәні

Атауы, жасалған жылы

Авторлары

Халықаралық, ұлттық дерекқорларға жазылу туралы мәлімет

Сілтемелер

1

2

3

4

5

6







  Білім беру қызметіне қойылатын
біліктілік талаптарына және
оларға сәйкестікті растайтын
құжаттардың тізбесіне
8-қосымша
  Нысан

Педагогтер мен басшы кадрлардың пәннің бейініне, білім беру бағдарламаларына сәйкес соңғы бес жылда біліктілігін арттырудан және қайта даярлаудан өткені туралы мәліметтер

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Тақырыптың атауы

Оқыған орны мен кезеңі

Оқыған ұйымның атауы

Сағаттар саны және жұмыс өтілі

Аяқталу нысаны

1

2

3

4

5

6

7








      Білім беру ұйымының басшысы ___________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады