ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Бұйрықтың күшін жою көзделген - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 21.08.2024 № 284 (12.12.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Органикалық өнім өндіру мен оның айналымы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 23 мамырдағы № 230 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13875 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Органикалық өнім өндіру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Органикалық өнім өндіру мен оның айналымы қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Органикалық өнім өндіру және оның айналымы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Органикалық өнім өндіру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және органикалық өнімді өндіру және оның айналымы тәртібін айқындайды.";
119-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"119. Органикалық өнімді буып-түю Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 16 тамыздағы № 769 шешімімен бекітілген "Буып-түю қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 005/2011) Кеден одағының техникалық регламентінің (бұдан әрі – КО ТР 005/2011) талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Органикалық өнімді тасымалдау "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының және КО ТР 005/2011 талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.".
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күнде қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
А. Сапаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі