Ауыл шаруашылығы саласында табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар нәтижесінде жеке және заңды тұлғаларға келтірілген залалды өтеу қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 17 мамырдағы № 167 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 17 мамырда № 34383 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 508-122) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1358 қаулысымен бекітілген Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккендерге келтірілген зиянды (нұқсанды) өтеу қағидаларының 3-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Ауыл шаруашылығы саласында табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар нәтижесінде жеке және заңды тұлғаларға келтірілген залалды өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағида) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Егіншілік және Мал шаруашылығы департаменттері заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қағидалардың 7-тармағының бірінші бөлігі 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін: "7. Өтінімдерді қабылдау табиғи сипаттағы төтенше жағдай туындаған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде жүзеге асырылады.".

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Сапаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Су ресурстары және ирригация

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Төтенше жағдайлар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы Экология

      және табиғи ресурстар министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2024 жылғы 17 мамырдағы
№ 167 бұйрығымен
бекітілген

Ауыл шаруашылығы саласында табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар нәтижесінде жеке және заңды тұлғаларға келтірілген залалды өтеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ауыл шаруашылығы саласында табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар нәтижесінде жеке және заңды тұлғаларға келтірілген залалды өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 508-122) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1358 қаулысымен (бұдан әрі – Қаулы) бекітілген Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккендерге келтірілген зиянды (нұқсанды) өтеу қағидаларының 3-1-тармағына сәйкес әзірленді және ауыл шаруашылығы саласында табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар нәтижесінде жеке және заңды тұлғаларға келтірілген залалды өтеу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағида жеке және заңды тұлғалардың табиғи сипаттағы төтенше жағдай туындаған сәтте сақтандыру объектісі (бұдан әрі – сақтандырылған мүлік) болып табылатын жеке және заңды тұлғаның мүлкіне қолданылмайды. Сақтандырылған мүлік Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен сақтандырушының қаражаты есебінен өтелуге жатады.

      3. Ауыл шаруашылығы саласында табиғи сипаттағы төтенше жағдай нәтижесінде жеке және заңды тұлғаларға келтірілген залалды өтеу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жергілікті атқарушы органдардың ауыл шаруашылығы саласында табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарын жоюға көзделген біржолғы бюджет қаражаты есебінен және/немесе ұйымдардың, азаматтардың ерікті жарналарының, қорлар мен қоғамдық бірлестіктердің, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін өзге де көздер (бұдан әрі – бюджеттен тыс қаражат) есебінен жүзеге асырылады.

2-тарау. Өсімдік шаруашылығы саласындағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай нәтижесінде жеке және заңды тұлғаларға келтірілген залалды өтеу тәртібі

      4. Табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланған кезде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының, ішкі істер органдарының (келісу бойынша), қоғамдық ұйымдардың, "Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдері және жергілікті қоғамдастықтар өкілдерінің қатарынан комиссия (бұдан әрі – өсімдік шаруашылығы саласындағы комиссия) құрады.

      Өсімдік шаруашылығы саласындағы комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрайды, жеті адамнан аспайды.

      Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі өсімдік шаруашылығы саласындағы комиссияның жұмыс органы (бұдан әрі – жұмыс органы) болып табылады.

      5. Өсімдік шаруашылығы саласындағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай нәтижесінде жеке және заңды тұлғаларға келтірілген залалдың өтелетін құнының мөлшерін айқындауды өсімдік шаруашылығы саласындағы комиссия жүзеге асырады.

      6. Жұмыс органы табиғи сипаттағы төтенше жағдай туындаған кезде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының ресми интернет-ресурсында өсімдік шаруашылығы саласындағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай нәтижесінде жеке және заңды тұлғаларға келтірілген залалды өтеуге арналған өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыруды (бұдан әрі – хабарландыру) орналастырады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      01.01.2025 бастап 7-тармағының бірінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген бұйрықтың 4-тармағына сәйкес.

      7. Өтінімдерді қабылдау табиғи сипаттағы төтенше жағдай туындаған күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде жүзеге асырылады.

      Хабарландыру мынадай мәліметтерді қамтиды:

      1) орналасқан жері, почталық мекенжайы, телефон нөмірлері, электрондық почта мекенжайы көрсетілген облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының атауы;

      2) құжаттарды қабылдаудың басталған және аяқталған күні мен уақыты;

      3) осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген қажетті құжаттардың тізбесі;

      4) өсімдік шаруашылығы саласындағы комиссия отырысының өткізілген күні, уақыты және орны.

      8. Өсімдік шаруашылығы саласындағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайдың нәтижесінде зардап шеккен жеке және заңды тұлғалар осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өсімдік шаруашылығы саласындағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайдың нәтижесінде жеке және заңды тұлғаларға келтірілген залалды өтеуге арналған туралы өтінім (бұдан әрі – залалды өтеу туралы өтінім) береді.

      Залалды өтеу туралы өтінімге мыналар қоса беріледі:

      1) жер учаскесіне сәйкестендіру құжатының көшірмесі;

      2) жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі.

      Жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттарын, құқық белгілейтін құжаттарды ұсыну мүмкін болмаған жағдайда (табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарынан немесе табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою кезеңінде мұндай құжат жоғалған, бүлінген немесе жойылған жағдайларда), жұмыс органы жер учаскесі бойынша деректерді жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесінен алуды дербес жүзеге асырады.

      9. Залалды өтеу туралы өтінім және өтінімге қоса берілетін құжаттар облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының кеңсесі арқылы қолма қол не электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында "Электрондық өтініштер" ақпараттық талдау жүйесі арқылы электрондық түрде беріледі.

      Залалды өтеу туралы өтінімді жеке тұлға не заңды тұлғаның басшысы не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес сенімхат негізінде әрекет ететін сенім білдірілген адам беруі мүмкін.

      Залалды өтеу туралы өтінімнің көшірмесінде оны қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, лауазымы, күні көрсетіле отырып, тіркелгені туралы белгі облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының кеңсесінде қағаз тасығыштағы өтінімнің қабылданғанын растау болып табылады.

      "Электрондық өтініштер" ақпараттық талдау жүйесінде жеке немесе заңды тұлғалардың залалды өтеу туралы өтінімдеріне тіркеу нөмірін (индексін) беру автоматты түрде жасалады және әріптерден тұратын индекстен, сондай-ақ тіркеу жылы мен сегіз таңбадан тұратын тізбекті реттік нөмірден тұратын бірегей нөмірден тұрады.

      Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының кеңсесі залалды өтеу туралы өтінімді және оған қоса берілетін құжаттарды жұмыс органына жібереді.

      10. Жұмыс органы құжаттарды алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде оларды қарайды және толықтығын тексереді.

      Ұсынылған мәліметтердің толық еместігі анықталған кезде, жұмыс органы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде құжаттарды одан әрі қараудан бас тартудың нақты себептерін көрсете отырып, жеке немесе заңды тұлғаға уәжді бас тартуды жібереді.

      Құжаттарды одан әрі қараудан уәжді бас тарту "Электрондық өтініштер" ақпараттық талдау жүйесі арқылы не облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының кеңсесі арқылы жіберіледі.

      Құжаттарды одан әрі қараудан уәжді бас тартылған жағдайда, жеке немесе заңды тұлға осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген мерзім ішінде құжаттарды қайта тапсырады.

      11. Осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген құжаттарды қарау мерзімдері өткеннен кейін жұмыс органы бір жұмыс күні ішінде жеке немесе заңды тұлғаның құжаттарын өсімдік шаруашылығы саласындағы комиссияның қарауына береді.

      12. Өсімдік шаруашылығы саласындағы комиссия он жұмыс күні ішінде залалды өтеу туралы өтінімде қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыстығын тексереді, жеке немесе заңды тұлғаның жер учаскелерін қарап-тексеруді, табиғи сипаттағы төтенше жағдай нәтижесінде зардап шеккен ауыл шаруашылығы дақылдарының егістерін зерттеп-қарауды жүзеге асырады.

      Зерттеп-қарау жеке немесе заңды тұлғаның немесе Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес сенімхат негізінде әрекет ететін жеке немесе заңды тұлғаның сенім білдірілген адамының қатысуымен жүзеге асырылады және нәтижелері бойынша растайтын фотосуреттер мен бейнематериалдарды міндетті түрде қоса бере отырып, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша табиғи сипаттағы төтенше жағдай нәтижесінде зардап шеккен ауыл шаруашылығы дақылдарының егістіктерін зерттеп-қарау актісі ресімделеді.

      Залалды өтеуден бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда, өсімдік шаруашылығы саласындағы комиссия жеке немесе заңды тұлғаға бас тарту себептерін көрсете отырып, жазбаша хабарлама жібереді.

      Бас тарту себептері көрсетілген жазбаша хабарлама "Электрондық өтініштер" ақпараттық талдау жүйесі арқылы не облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының кеңсесі арқылы жіберіледі.

      13. Табиғи сипаттағы төтенше жағдай нәтижесінде жеке немесе заңды тұлғаға келтірілген залалды мамандандырылған егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтымен келісілген ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің технологиялық картасына сәйкес 1 (бір) гектарға нақты ауыл шаруашылығы дақылын өсіруге жұмсалған шығындарға қарай өсімдік шаруашылығы саласындағы комиссия айқындайды.

      Егер жеке немесе заңды тұлға субсидия алушы болып табылса (басым дақылдар, оның ішінде көпжылдық екпелер өндірісін дамыту; тұқым шаруашылығын дамыту; тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) құнын арзандату; саны зияндылықтың экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және карантиндік объектілерге қарсы өңдеуді жүргізуге арналған пестицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) құнын арзандату; ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құны), залалдың мөлшері алынған субсидия сомасын шегеру арқылы айқындалады.

      Бұл ретте өсімдік шаруашылығы саласындағы комиссия ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің технологиялық картасын тәлімі және суармалы егістіктерге, оның ішінде ауыл шаруашылығы дақылдарын жабық және ашық топырақта өсіретін алаңдар бойынша бөлек жасайды.

      14. Табиғи сипаттағы төтенше жағдай нәтижесінде жеке немесе заңды тұлғаларға келтірілген залалды өсімдік шаруашылығы саласындағы комиссия мынадай формула арқылы анықтайды:

      U = T *Р – S,

      мұндағы:

      U – келтірілген залал мөлшері, теңге;

      T – ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруге арналған технологиялық картаға сәйкес 1 (бір) гектарға ауыл шаруашылығы дақылын өсіруге жұмсалған шығын мөлшері;

      Р – ауыл шаруашылығы дақылдары жойылған, дақылдар өсірілетін алаң;

      S – тиісті жылы ауыл шаруашылығы дақылдары жойылған, дақылдар өсірілетін алаңға алынған субсидиялар көлемі, теңге.

      15. Ауыл шаруашылығы дақылдары егістіктеріне жүргізілген зерттеп-қараулар қорытындысы бойынша өсімдік шаруашылығы саласындағы комиссия осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша табиғи сипаттағы төтенше жағдайдан зардап шеккен және ауыл шаруашылығы дақылдарының жойылуы нәтижесінде зиян келтірілген жеке және заңды тұлғалардың тізбесін қалыптастырады және жұмыс органына жолдайды.

      Өсімдік шаруашылығы саласындағы комиссияның өтеу туралы шешімі қабылданғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде табиғи сипаттағы төтенше жағдайдан зардап шеккен және ауыл шаруашылығы дақылдарының жойылуы нәтижесінде зиян келтірілген жеке және заңды тұлғалардың тізбесі облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының ресми интернет-ресурсында орналастырылады.

      16. Жұмыс органы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша табиғи сипаттағы төтенше жағдайдан зардап шеккен және ауыл шаруашылығы дақылдарының жойылуы нәтижесінде зиян келтірілген жеке және заңды тұлғалардың жиынтық тізбесін (бұдан әрі – өсімдік шаруашылығы саласындағы жиынтық тізбе) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының бірінші басшысының қолын қойдырып, қалыптастырады.

      17. Жұмыс органы бекітілген өсімдік шаруашылығы саласындағы жиынтық тізбені (есептеулерді) қаражат бөлу туралы шешім қабылдау үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органына жолдайды.

      18. Қаражат бөлу туралы шешім қабылданғаннан кейін жұмыс органы жеке ай сайынғы қаржыландыру жоспарлары бекітілгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде "Қазынашылық-Клиент" ақпараттық жүйесіне жүктелетін қаражатты өтеуге арналған төлем шоттарын қалыптастырады.

      Қаражат аудару туралы хабарлама "Электрондық өтініштер" ақпараттық талдау жүйесі арқылы не облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының кеңсесі арқылы жіберіледі.

3-тарау. Мал шаруашылығы саласындағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай нәтижесінде жеке және заңды тұлғаларға келтірілген залалды өтеу тәртібі

      19. Жеке және заңды тұлғаларға бюджет қаражаты есебінен және/немесе бюджеттен тыс қаражат есебінен мыналар белгіленген өлген ауыл шаруашылығы жануарлары үшін залалды өтеу жүзеге асырылады:

      1) өлген ауыл шаруашылығы жануарында сәйкестендіру белгілерінің (құлақ сырғасы, тавро, микрочип) болуы;

      2) өлген ауыл шаруашылығы жануарының сәйкестендіру белгілері жоқ, бірақ ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқорында болғанының расталуы;

      3) өлген ауыл шаруашылығы жануарының орналасқан жерінің болмауы, бірақ ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқорында болғанының расталуы.

      20. Жеке және заңды тұлғаларға бюджеттен тыс қаражат есебінен мыналар белгіленген өлген ауыл шаруашылығы жануарлары үшін залалды өтеу жүзеге асырылады:

      1) сәйкестендіру белгілері жоқ өлген ауыл шаруашылығы жануарының болуы және ауыл шаруашылығы жануарларының бірдейлендіру дерекқорында болмауы;

      2) өлген ауыл шаруашылығы жануарының орналасқан жерінің болмауы және ауыл шаруашылығы жануарларының бірдейлендіру дерекқорында болмауы.

      21. Табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланған кезде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның,облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, ішкі істер органының (келісім бойынша), қоғамдық ұйымдардың, "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдері мен жергілікті қоғамдастық өкілдері қатарынан комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрады.

      Комиссия мүшелерінің жалпы саны жеті адамнан кем емес тақ санды құрайды.

      Өлген ауыл шаруашылығы жануарларының залалын өтеу құнының мөлшерін анықтауды комиссия жүзеге асырады.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 02.08.2024 № 266 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      22. Өлген ауыл шаруашылығы жануарлары үшін келтірілген залалды өтеу туралы өтінімді қабылдау табиғи сипаттағы төтенше жағдай туындаған күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде жүзеге асырылады.

      23. Өлген ауыл шаруашылығы жануарлары үшін келтірілген залалдың құнын өтеу үшін жеке және заңды тұлғалар комиссияға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өлген ауыл шаруашылығы жануарлары үшін келтірілген залалды өтеуге арналған өтінімді береді.

      24. Жеке тұлғалардың өлген ауыл шаруашылығы жануарлары үшін келтірілген залалды өтеу туралы өтінімі облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының кеңсесі арқылы қолма қол не электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында "электрондық үкіметтің" веб-порталындағы мобильді қосымша арқылы электронды түрде беріледі.

      Заңды тұлғалардың өлген ауыл шаруашылығы жануарлары үшін келтірілген залалды өтеу туралы өтінімі облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының кеңсесі арқылы қолма қол не электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында "Электрондық өтініштер" ақпараттық талдау жүйесі арқылы электронды түрде беріледі.

      Өлген ауыл шаруашылығы жануарлары үшін залалды өтеу туралы өтінімді жеке тұлға не заңды тұлғаның басшысы не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес сенімхат негізінде әрекет ететін сенім білдірілген адам беруі мүмкін.

      Өлген ауыл шаруашылығы жануарлары үшін залалды өтеу туралы өтінімнің көшірмесінде оны қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, лауазымы, күні көрсетіле отырып, тіркелгені туралы белгі облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының кеңсесінде қағаз тасығыштағы өтінімнің қабылданғанын растау болып табылады.

      "Электрондық өтініштер" ақпараттық талдау жүйесінде заңды тұлғалардың өлген ауыл шаруашылығы жануарлары үшін залалды өтеу туралы өтінімдеріне тіркеу нөмірін (индексін) беру автоматты түрде жасалады және әріптерден тұратын индекстен, сондай-ақ тіркеу жылы мен сегіз таңбадан тұратын тізбекті реттік нөмірден тұратын бірегей нөмірден тұрады.

      Жеке тұлға "электрондық үкіметтің" веб-порталындағы мобильді қосымша арқылы жүгінген жағдайда, жеке тұлғаның "жеке кабинетінде" сұранымның қабылдануы туралы мәртебе, сондай-ақ нәтиженің алынған күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетіледі.

      Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының кеңсесі өлген ауыл шаруашылығы жануарлары үшін залалды өтеуге арналған өтінімді жұмыс органына жолдайды.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 02.08.2024 № 266 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      25. Комиссия өлген ауыл шаруашылығы жануарлары үшін залалды өтеуге арналған өтінімді алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде оны қарайды және толықтығын тексереді.

      Ұсынылған мәліметтердің толық еместігі анықталған кезде, жұмыс органы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде өтінімді одан әрі қараудан бас тартудың нақты себептерін көрсете отырып, жеке немесе заңды тұлғаға уәжді бас тартуды жібереді.

      Өтінімді одан әрі қараудан уәжді бас тарту "электрондық үкіметтің" веб-порталындағы мобильді қосымша арқылы не "Электрондық өтініштер" ақпараттық талдау жүйесі арқылы не облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының кеңсесі арқылы жіберіледі.

      Құжаттарды одан әрі қараудан уәжді бас тартылған жағдайда, жеке немесе заңды тұлға осы Қағидалардың 22-тармағында көрсетілген мерзім ішінде құжаттарды қайта тапсырады.

      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 02.08.2024 № 266 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      26. Осы Қағидалардың 25-тармағында көрсетілген өтінімді қарау мерзімдері аяқталған соң жұмыс органы бір жұмыс күні ішінде өлген ауыл шаруашылығы жануарлары үшін залалды өтеуге арналған өтінімді комиссияның қарауына береді.

      27. Комиссия он бес жұмыс күні ішінде өлген ауыл шаруашылығы жануарлары үшін залалды өтеуге арналған өтінімде қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыстығын тексереді.

      Осы Қағидалардың 19-тармағында көрсетілген жағдайларда комиссия ауыл шаруашылығы жануарларының иелері туралы мәліметтерді ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқорындағы ауыл шаруашылығы жануарларының бірдейлендіру нөмірлері бойынша тексеруді жүзеге асырады.

      Осы Қағидалардың 20-тармағында көрсетілген жағдайларда комиссия ауыл шаруашылығы жануарларының иелері туралы мәліметтерді әр шаруашылық бойынша электрондық есепке алу деректері бойынша тексеруді жүзеге асырады.

      Осы Қағидалардың 19-тармағының 3) тармақшасына және 20-тармағының 2) тармақшасына сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларының орналасқан жерінің жоқтығы анықталған кезде ауылдық округ әкімінің, учаскелік полиция инспекторының және ветеринариялық қызмет өкілінің қатысуымен кемінде 3 куәгерді – елді мекен тұрғындарын тарта отырып, ауыл шаруашылығы жануарларының өлімінің комиссиялық актісі жасалады.

      Өлген ауыл шаруашылығы жануары болған кезде оны кәдеге жарату аяқталғаннан кейін кәдеге жарату актісі жасалады.

      Құс басы бойынша келтірілген залалды өтеуді комиссия шаруашылықтардың санатына қарамай тиісті жою актілерінің қорытындылары бойынша жүзеге асырады.

      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 02.08.2024 № 266 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      28. Залалды өтеу мөлшері ауыл шаруашылығы жануарларының түрлері және жастық-жыныстық тобы кесіндісінде ауыл шаруашылығы жануарларының нарықтағы бағасы бойынша Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы қалыптастырған ресми статистикалық ақпараттың деректері негізінде айқындалады.

      29. Жұмыстың қорытындылары бойынша комиссия осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша табиғи сипаттағы төтенше жағдайдан зардап шеккен және ауыл шаруашылығы жануарларының өлімі нәтижесінде зиян келтірілген жеке және заңды тұлғалардың тізбесін қалыптастырады және жұмыс органына жібереді.

      Комиссия өтеу туралы шешім қабылдағаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде табиғи сипаттағы төтенше жағдайдан зардап шеккен және ауыл шаруашылығы жануарларының өлімі нәтижесінде зиян келтірілген жеке және заңды тұлғалардың тізбесі облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының ресми интернет-ресурсында орналастырылады.

      Өлген ауыл шаруашылығы жануарлары үшін залалды өтеуден бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда, комиссия бас тарту себептерін көрсете отырып, жеке немесе заңды тұлғаларға жазбаша хабарлама жібереді.

      Бас тарту себептері көрсетілген жазбаша хабарлама "электрондық үкіметтің" веб-порталындағы мобильді қосымша арқылы не "Электрондық өтініштер" ақпараттық талдау жүйесі арқылы не облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының кеңсесі арқылы жіберіледі.

      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 02.08.2024 № 266 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      30. Жұмыс органы осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша табиғи сипаттағы төтенше жағдайдан зардап шеккен және ауыл шаруашылығы жануарларының өлімі нәтижесінде зиян келтірілген жеке немесе заңды тұлғалардың жиынтық тізбесін (бұдан әрі – мал шаруашылығы саласындағы жиынтық тізбе) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының бірінші басшысының қолын қойдырып, қалыптастырады.

      Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 02.08.2024 № 266 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      31. Жұмыс органы бекітілген мал шаруашылығы саласындағы жиынтық тізбені (есептеулерді) қаражат бөлу туралы шешім қабылдау үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, жергілікті атқарушы органына жолдайды.

      Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 02.08.2024 № 266 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      32. Қаражат бөлу туралы тиісті шешім қабылданғаннан кейін күнтізбелік отыз күн ішінде жеке және заңды тұлғаларға төлем жүзеге асырылады.

      Қаражат аудару туралы хабарлама "электрондық үкіметтің" веб-порталындағы мобильді қосымша арқылы не "Электрондық өтініштер" ақпараттық талдау жүйесі арқылы не облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының кеңсесі арқылы жіберіледі.

      Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 02.08.2024 № 266 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      33. Ауыл шаруашылығы саласындағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай нәтижесінде жеке және заңды тұлғаларға келтірілген залалды өтеу мәселелері бойынша шағымдарды қарау Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабына сәйкес жүргізіледі.

  Ауыл шаруашылығы
саласындағы табиғи сипаттағы
төтенше жағдай
нәтижесіндежеке және
заңды тұлғаларға келтірілген
залалды өтеу қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

  _____________________ атынан
(облыстың, республикалық
маңызы бар қаланың, астананың,
ауданның, облыстық маңызы
бар қаланың жергілікті
атқарушы органының
толық атауы)
____________________________
(жеке тұлғаның не заңды тұлға
басшысының не өкілеттігін
растайтын тиісті құжаттың
негізінде уәкілетті
адамның аты, әкесінің аты
(бар болса), тегі)

Өсімдік шаруашылығы саласындағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайдың нәтижесінде жеке және заңды тұлғаларға келтірілген залалды өтеуге арналған өтінім

      Маған өсімдік шаруашылығы саласындағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай нәтижесінде келтірілген шығынды өтеп беруіңізді сұраймын.

      1. Өтінім беруші туралы мәліметтер:

      заңды тұлға үшін:

      атауы ________________________________________________________

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) ____________________

      басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі _____________

      мекенжайы: __________________________________________________

      телефон нөмірі, электрондық почтасы: _____________________________

      жеке тұлға үшін:

      аты, әкесінің аты (бар болса), тегі _______________________

      жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) _____________________

      жеке басын куәландыратын құжат:

      нөмірі _______________________________________________________

      берген орган__________________________________________________

      берілген күні__________________________________________________

      мекенжайы: __________________________________________________

      телефон нөмірі, электрондық почтасы: _____________________________

      Дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы хабарлама – жеке тұлға үшін:

      орналасқан жері_______________________________________________

      хабарлама берілген күн__________________________________________

      2. Жер учаскесі туралы мәліметтер:

Р/с №

кадастрлық нөмірі

жалпы алаңы, га

оның ішінде, егістік жерлер

зардап шеккен ауыл шаруашылығы дақылының атауын көрсете отырып, ауыл шаруашылығы дақылдары жойылған, дақылдар өсірілетін алаң

жер учаскесінің меншік иесінің немесе жер пайдаланушының атауы

тәлімі

суармалы

1

2

3

4

5

6







      3. Жеке немесе заңды тұлғаның екінші деңгейдегі банктегі ағымдағы шоты туралы мәліметтер:

      ЖСН/БСН____________________________________________________

      банктің деректемелері: ________________________________________

      банктің атауы: _______________________________________________

      банктік сәйкестендіру коды _____________________________________

      жеке сәйкестендіру коды _______________________________________

      БСН _________________________________________________________

      бенефициар коды ______________________________________________

      Өтінімге мынадай құжаттарды қоса беремін:________________________

      ______________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, жүктеп алуға және пайдалануға келісім беремін.

      Басшы

      ____________________             __________________________________________

      (қолы)                         (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Күні: 20__ жылғы "____" __________

  Ауыл шаруашылығы
саласындағы табиғи сипаттағы
төтенше жағдай нәтижесінде
жеке және заңды тұлғаларға
келтірілген залалды өтеу
қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

Табиғи сипаттағы төтенше жағдай нәтижесінде зардап шеккен ауыл шаруашылығы дақылдарының егістіктерін зерттеп-қарау актісі

      _____________________________________________________________

      Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атауы

      Заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның (дара кәсіпкердің) аты, әкесінің аты (бар болса), тегі:

      _____________________________________________________________

      Тәлімі/суармалы жер учаскесінің орналасқан жері:

      _______________________________________________________________

      20__ жылғы №___________, ____________________________ негізінде құрылған мынадай құрамдағы комиссия:

      1._________________________________

      2._________________________________

      табиғи сипаттағы төтенше жағдай нәтижесінде зардап шеккен ауыл шаруашылығы дақылдарының егістіктерін зерттеп-қарау негізінде мыналарды анықтады:___________________________________________________________

      Табиғи сипаттағы төтенше жағдай нәтижесінде мынадай ауыл шаруашылығы дақылдары жойылды:

Ауыл шаруашылығы дақылының атауы

Шаруашылықтағы ауыл шаруашылығы дақылының алаңы

Жойылған алаң

Кадастрлық нөмірі

1

2

3

4

      Комиссия мүшелері.

      ___________________________________                   _____________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)                   (қолы)

      ___________________________________                   _____________

      (жеке тұлғаның аты, әкесінің аты                               (қолы)

      (бар болса), тегі/заңды тұлғаның атауы

      не оның өкілінің аты, әкесінің аты

      (бар болса), тегі

  Ауыл шаруашылығы
саласындағы табиғи сипаттағы
төтенше жағдай нәтижесінде
жеке және заңды тұлғаларға
келтірілген залалды өтеу
қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайдан зардап шеккен және ауыл шаруашылығы дақылдарының жойылуы нәтижесінде зиян келтірілген жеке және заңды тұлғалардың тізбесі

Р/с №

Жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі немесе щаңды тұлғаның атауы

Ауыл шаруашылығы дақылының атауы

Залал келтірілген алаң, га

1 гектарға жұмсалған шығындар, теңге

Қаражат көлемі, теңге

  Ауыл шаруашылығы
саласындағы табиғи сипаттағы
төтенше жағдай нәтижесінде
жеке және заңды тұлғаларға
келтірілген залалды өтеу
қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

  _____________________ атынан
(ауданның, облыстық маңызы
бар қаланың жергілікті
атқарушы органының толық
атауы)
____________________________
(жеке тұлғаның не заңды тұлға
басшысының не өкілеттігін
растайтын тиісті құжаттың
негізінде уәкілетті
адамның аты, әкесінің аты
(бар болса), тегі)

Өлген ауыл шаруашылығы жануарлары үшін келтірілген залалды өтеуге арналған өтінім

      Маған жануардың жеке нөмірі (бар болса) көрсетілген келесі жануарларға ауыл шаруашылығы саласындағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай нәтижесінде келтірілген шығынды өтеп беруіңізді сұраймын:

      ________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      1. Өтініш беруші туралы мәліметтер:

      заңды тұлға үшін:

      атауы ________________________________________________________

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) ____________________

      басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі _____________

      мекенжайы: __________________________________________________

      телефон нөмірі, электрондық почтасы: _____________________________

      жеке тұлға үшін:

      аты, әкесінің аты (бар болса), тегі _______________________

      жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) _____________________

      жеке басын куәландыратын құжат:

      нөмірі _______________________________________________________

      берген орган__________________________________________________

      берілген күні__________________________________________________

      мекенжайы: __________________________________________________

      телефон нөмірі, электрондық почтасы: _____________________________

      Дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы хабарлама - жеке тұлға үшін:

      орналасқан жері_____________________________________________

      хабарланған күні____________________________________________

      2. Жеке немесе заңды тұлғаның екінші деңгейдегі банктегі ағымдағы шоты туралы мәліметтер:

      ЖСН/БСН____________________________________________________

      банктің деректемелері: ________________________________________

      банктің атауы: _______________________________________________

      банктік сәйкестендіру коды _____________________________________

      жеке сәйкестендіру коды _______________________________________

      БСН _________________________________________________________

      бенефициар коды ______________________________________________

      Өтінімге мынадай құжаттарды қоса беремін:

      ________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, жүктеп алуға және пайдалануға келісім беремін.

      Өтінім беруші

      ______________________ ____________________________________

      (қолы)             (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Күні: 20__ жылғы "____" __________

  Ауыл шаруашылығы
саласындағы табиғи сипаттағы
төтенше жағдай нәтижесінде
жеке және заңды тұлғаларға
келтірілген залалды өтеу
қағидаларына
5-қосымша

      Нысан

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайдан зардап шеккен және ауыл шаруашылығы жануарларының өлімі нәтижесінде зиян келтірілген жеке және заңды тұлғалардың тізбесі

Р/с №

Жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі немесе заңды тұлғаның атауы

Жануарлар мен құстардың жастық-жыныстық топ бойынша атауы

Жануарлар саны, бас

Материалдық залал сомасы, теңге

      Комиссия мүшелері:

      ____________________________________                  _____________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)                   (қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады