БҰЙЫРАМЫН:
1. "Ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қалыптастыру, пайдалану және оларды есептен шығару қағидалары мен нормативін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 5 қазандағы № 290 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24696 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қалыптастыру, пайдалану және оларды есептен шығару қағидалары мен нормативінде:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы 1 (бір) жұмыс күні ішінде ветеринариялық препараттарды республикалық қордан бөлу туралы шешім қабылдайды.
Осы Қағидалардың 8-тармағының 2) тармақшасына сәйкес ветеринариялық препараттарды пайдалану кезінде республикалық қордан ветеринариялық препараттарды бөлу Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 85 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32641 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидаларын сақтай отырып, ветеринариялық препараттарды республикалық меншіктен коммуналдық меншікке беру туралы шешім қабылданғаннан кейін жүзеге асырылады.".
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы |
А. Султанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі