Тексерудің басталуы, тексеру мерзімдерін ұзарту және (немесе) тоқтата тұру (қайта бастау) туралы, уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің тексеруші лауазымды адамдары құрамының өзгергені туралы хабарламалардың, тексеру нәтижелері туралы анықтаманың және тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынудың нысандарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының м.а. 2024 жылғы 5 маусымдағы № 90 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 6 маусымда № 34458 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 08.06.2024 бастап қолданысқа енгізіледі

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңның 58-3 - бабы 5 - тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса берілген:

      1) осы бұйрықтың 1 - қосымшасына сәйкес, тексерудің басталуы туралы хабарламаның нысаны;

      2) осы бұйрықтың 2 - қосымшасына сәйкес, тексеру мерзімдерін ұзарту туралы хабарламаның нысаны;

      3) осы бұйрықтың 3 - қосымшасына сәйкес, тексеру мерзімдерін тоқтата тұру (қайта бастау) туралы хабарламаның нысаны;

      4) осы бұйрықтың 4 - қосымшасына сәйкес, уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің тексеруші лауазымды адамдары құрамының өзгергені туралы хабарламаның нысаны;

      5) осы бұйрықтың 5 - қосымшасына сәйкес, тексеру нәтижелері туралы анықтаманың нысаны;

      6) осы бұйрықтың 6 - қосымшасына сәйкес, тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынудың нысаны бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау мәселелеріне жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2024 жылғы 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
төрағасының міндетін атқарушы
С. Муксимов

  Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігі төрағасының
міндетін атқарушы
2024 жылғы 5 маусымдағы
№ 90 Бұйрығына
1 – қосымша

      Нысан

  Тексерілетін мемлекеттік
органның атауы

Тексерудің басталуы туралы хабарлама

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі/

      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық

      бөлімшесі "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңның

      58-3 - бабы 1 - тармағына сәйкес, мемлекеттік органымен мемлекеттік қызмет/

      қызметтік әдеп саласындағы заңнама талаптарын сақталуына байланысты

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (тексеру жүргізудің негізі)

      жоспарлы/жоспардан тыс тексеру жүргізілетіндігі туралы

      _____________________________________________________________________

      (тексерілетін мемлекеттік органның атауы)

      хабарлайды.

      Тексеруді Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің/

      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі аумақтық бөлімшесінің

      лауазымды адамымен (адамдары) келесі құрамда жүргізіледі:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және лауазымы)

      Лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)

      және оның қолы: ______________________________________________________

      орындаушы:____

      телефон:________

  Бұйрығына
2 – қосымша
  Нысан

  Тексерілетін мемлекеттік
органның атауы

Тексеру мерзімдерді ұзарту туралы хабарлама

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі/

      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық

      бөлімшесі "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңның

      58-3 - бабы 3 - тармағына сәйкес,

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (тексеру жүргізудің негізі)

      негізде жүргізілетін тексеру мерзімдері 20__ жылғы "___" ___ дейін

      ұзартылатын __________________________________________________________

      (тексерілетін мемлекеттік органның атауы)

      хабарлайды.

      Лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)

      және оның қолы: ______________________________________________________

      орындаушы:____

      телефон:________

  Бұйрығына
3 – қосымша
  Нысан

  Тексерілетін мемлекеттік
органның атауы

Тексеру мерзімдерін тоқтата тұру (қайта бастау) туралы хабарлама

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі/

      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық

      бөлімшесі "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңның

      58-3 - бабы 3 және 4 - тармақтарына сәйкес,

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (тексеру жүргізудің негізі)

      негізінде жүргізілетін тексеру, 20__ жылдың "___" ____ бастап тоқтатылатынын/

      қайта басталатынын

      _____________________________________________________________________

      (тексерілетін мемлекеттік органның атауы)

      хабарлайды.

      Лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)

      және оның қолы: ______________________________________________________

      орындаушы:____

      телефон:________

  Бұйрығына
4 – қосымша
  Нысан

  Тексерілетін мемлекеттік
органның атауы

Тексеруші лауазымды адамдары құрамының өзгергені туралы хабарлама

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі/

      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық

      бөлімшесі "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңның

      58-3 - бабы 3 - тармағына сәйкес,

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      (тексеру жүргізудің негізі)

      негізінде тексеру жүргізетін лауазымды адамдардың құрамы өзгергенін

      ________________________________________________________________

      (тексерілетін мемлекеттік органның атауы)

      хабарлайды.

      Тексеруші лауазымды адамдардың құрамына келесі өзгерістер енгізілді:

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      (тексеруші адамдардың құрамына енгізілген не оның құрамынан

      шығарылған лауазымды адамдар туралы мәліметтер)

      Лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) және оның қолы:

      ______________________________________________________

      орындаушы:____

      телефон:________

  Бұйрығына
5 – қосымша
  Нысан

Тексеру нәтижелері туралы анықтама

№________________

      ____________________                              "___" _________ 20__ жыл

      (Жасау орны) (күні)

      1. Тексеру жүргізген мемлекеттік органның атауы: ______________________________

      2. Тексеру жүргізген адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      және лауазымы:____________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      3. Тексерілетін мемлекеттік органның атауы және оның орналасқан жерінің мекенжайы,

      _________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      4. Тексеру жүргізу үшін негіздеме:

      __________________________________________________________________

      5. Тексеру жүргізу

      мерзімі:_____________________________________________

      6. Тексеру нысанасы:__________________________________________________

      (тексеруге жататын мемлекеттік қызмет/қызметтік әдеп саласындағы

      заңнаманың талаптары)

      7. Тексеру нәтижелері, оның ішінде анықталған бұзушылықтар, олардың сипаты

      туралы мәліметтер: ________________________________________________________

      ______________________________________________________________________

      8. Тексеру жүргізген лауазымды адамның (адамдардың) қолы:

      _____________________________________________________________________

      9. Тексеру жүргізу үшін тартылған мемлекеттік органдар мен ведомстволық бағынысты

      ұйымдар маманының (дарының), консультантының (тарының) және сарапшысының

      (ларының) қолы (болған жағдайда): ________________________

      _____________________________________________________________________

      10. Тексерілетін мемлекеттік орган өкілінің анықтамасымен танысу немесе танысудан

      бас тарту туралы мәліметтер, оның қолы немесе қол қоюдан бас тарту

      _____________________________________________________________________

      11. Тексеру нәтижелеріне ескертулер және (немесе) қарсылықтар Қосымша "___" парақтарда.

      Тексеру нәтижелері туралы анықтаманың бір данасын тапсыру туралы

      мәліметтер:_________________________________________________________

  Бұйрығына
6 – қосымша
  Нысан

  Тексерілетін мемлекеттік
органның атауы

Тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыну

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі/

      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық бөлімшесі

      _________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      (тексеру жүргізудің негізі)

      негізінде ____________________________________________________________

                        (тексерілетін мемлекеттік органның атауы)

      жоспарлы/жоспардан тыс тексеру жүргізді, оның нәтижелері бойынша заңнаманың

      келесі бұзушылықтары анықталды:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Жоғарыдағыны ескере отырып, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі

      туралы" Заңның 5 - бабы 2 - тармағының 17) тармақшасы және 58-3 –

      бабы 5-тармағының негізінде,

ҰСЫНАМЫН:

      Осы ұсынуды қарастыру және бұзушылықтарды жою бойынша келесі шараларды қабылдау:

      1.______________________________________________________________

      2.______________________________________________________________

      Қабылданған шаралар туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының

      Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне/ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет

      істері агенттігінің аумақтық бөлімшесіне заңда белгіленген мерзімде ұсынуды

      сұраймыз.

      Ұсынуды енгізуге уәкілетті лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты

      (бар болған кезде) және оның қолы:

      __________________________________________

      орындаушы:_____

      телефон:________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады