Білім беру саласында жеке әріптесті айқындау және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2024 жылғы 14 маусымдағы № 141 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 15 маусымда № 34500 болып тіркелді

      "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 2-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Білім беру саласында жеке әріптесті айқындау және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Инфрақұрылымды дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
оқу-ағарту министрінің
міндетін атқарушы
Н. Жумадильдаева

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  2024 жылғы 14 маусымдағы
№ 141 бұйрығымен
бекітілген

Білім беру саласында жекеше әріптесті айқындау және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Білім беру саласында жеке әріптесті айқындау және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 23-бабының 2-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 қарашадағы № 963 қаулысымен бекітілген "Жайлы мектеп" білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобасының (бұдан әрі – Ұлттық жоба) шеңберінде жеке әріптесті айқындау және білім беру саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) Әлеуетті жекеше 1-әріптес – мемлекеттік заңды тұлғаларды, сондай-ақ жарғылық капиталға қатысу үлестерінің немесе дауыс беретін акцияларының елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді және акционерлік қоғамдарды қоспағанда, жекеше 1-әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа (аукционға) не тікелей келіссөздерге қатысуға үміткер дара кәсіпкер, жай серіктестік, консорциум немесе заңды тұлға;

      2) жекеше 1-әріптес – мемлекеттік заңды тұлғаларды, сондай-ақ жарғылық капиталға қатысу үлестерінің немесе дауыс беретін акцияларының елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді және акционерлік қоғамдарды қоспағанда, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын (бұдан әрі – МЖӘ шарты) жасасқан дара кәсіпкер, жай серіктестік, консорциум немесе заңды тұлға;

      3) жекеше 2-әріптес – Ұлттық жобаны іске асыруға қатысатын ұлттық жобаға сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен жеке орта білім беру ұйымдарының тізбесіне енгізілген білім беру ұйымы.

      Осы Қағидаларда пайдаланылатын барлық терминдер мен анықтамалар Заңда жазылған анықтамаларға сәйкес түсініледі.

      3. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілерін (бұдан әрі – МЖӘ объектісі) салу және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананын жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі-мемлекеттік әріптес) бастамашылық жасайды.

      4. МЖӘ объектілерін салу және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын (бұдан әрі – МЖӘ жобасы) жоспарлау кезінде бір МЖӘ жобасының кезеңдерін бірнеше МЖӘ жобаларына бөлуге жол берілмейді.

      5. МЖӘ жобасы мынадай базалық параметрлерде жүзеге асырылады:

      1) МЖӘ шартына сәйкес орта білім беру ұйымдарында оқу үшін жаңадан енгізілетін оқушы орындарының жалпы саны кемінде 600 оқушы орны болуы тиіс;

      2) бір оқушы орнын салу құны МЖӘ объектісінің жобалық қуатын ескере отырып, ұлттық жобада айқындалған құннан аспайды;

      3) мемлекеттік әріптес жекеше 1-әріптеске Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер учаскесіне уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығын береді және болмаған жағдайда МЖӘ объектісіне тиісті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жүргізеді;

      4) МЖӘ шарты 29 (жиырма тоғыз) жыл мерзімге жасалады;

      5) құрылысқа арналған жер учаскесіне үшінші тұлғалардың ауыртпалығы мен талаптарының болмауы;

      6) жекеше 1-әріптес өзінің атына ашылған эскроу-шотқа Ұлттық жобаның 9-1-қосымшасының 8.1-тармағының 5) тармақшасында көзделген соманы аударады;

      7) жекеше 1-әріптес жекеше 2-әріптеспен консорциум шартын жасасады;

      8) мемлекеттік әріптес жекеше 1-әріптеске Ұлттық жобада көзделген МЖӘ объектісінің құрылысын жобалауға арналған тапсырманы немесе қайта қолданудың жобалау-сметалық құжаттамасын (бұдан әрі – ЖСҚ) жеткізеді;

      9) МЖӘ объектісі тиісті жер учаскесінің нысаналы мақсатының өзгермейтіндігіне мерзімсіз ауыртпалық сала отырып, жекеше 1-әріптес пен жекеше 2-әріптестің үлестік меншігінде қалады;

      10) консорциумдағы жекеше 2-әріптестің үлесін 5 пайыздан төмен емес айқындау;

      11) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде құрылыс жолымен енгізілген әрбір жаңа оқушы орны үшін оның жобалық қуатын және ЖСҚ бойынша осындай объектіні салу құнын ескере отырып, бір оқушы орнының құнын есептеуден, бірақ ұлттық жобада айқындалған бір оқушы орнының құнынан аспайтын мөлшерде ғимараттың амортизациясына арналған шығыстарды төлеу. Орта білімге мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі "Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, орта білім беруге және қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығына сәйкес айқындалады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29323 болып тіркелген);

      12) жекеше 2-әріптес Қазақстан Республикасының азаматтары үшін мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты шеңберінде өтеусіз негізде білім беру қызметтерін ұсынады.

2-тарау. МЖӘ жобасының конкурстық құжаттамасын әзірлеу және бекіту

      6. Конкурсты ұйымдастырушы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша білім беру саласындағы МЖӘ жобасының үлгілік конкурстық құжаттамасын әзірлеуді жүзеге асырады. МЖӘ жобасының үлгілік конкурстық құжаттамасын келісу және сараптау талап етілмейді.

      7. МЖӘ жобасының конкурстық құжаттамасы, оның ішінде оған тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде, Заңда және осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен қазақ және орыс тілдерінде әзірленеді.

      8. МЖӘ жобасының конкурстық құжаттамасы Заңның 37-бабының 2-тармағына сәйкес осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.

      9. Конкурсты ұйымдастырушы МЖӘ жобасының конкурстық құжаттамасын әзірлегеннен кейін МЖӘ жобасының конкурстық құжаттамасын конкурсты ұйымдастырушының бірінші басшысының, оны алмастыратын тұлғаның және ол уәкілеттік берген тұлғаның шешімімен Заңның 37-бабының 1-тармағына сәйкес бекітіледі.

      10. МЖӘ жобасының конкурстық құжаттамасының қолданылу мерзімі бекітілген күннен бастап 3 (үш) жылдан аспайды.

3-тарау. Жекеше 1-әріптесті конкурстық негізде айқындау

1-Параграф. Жекеше 1-әріптесті айқындау бойынша конкурс өткізу

      11. Конкурсты жергілікті атқарушы орган ұйымдастырады.

      12. Конкурсты ұйымдастырушы жекеше 1-әріптесті айқындау үшін конкурстық комиссия (бұдан әрі-Комиссия) құрады.

      13. Комиссия төрағадан және Комиссия мүшелерінің тақ санынан тұрады, бірақ комиссия төрағасын қоса алғанда кемінде 7 (жеті) адамнан тұрады.

      14. Комиссия құрамына мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының өкілдері кіреді.

      15. Комиссия төрағасы конкурсты ұйымдастырушының бірінші басшысы болып табылады.

      16. Комиссия хатшысы құрылымдық бөлімше басшысының орынбасарынан төмен емес конкурсты ұйымдастырушының өкілі болып табылады.

      17. Комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) әлеуетті жекеше 1-әріптесті біліктілік іріктеу нәтижелері бойынша конкурсқа қатысушы деп тану туралы шешім қабылдау, ол осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша МЖӘ жобасы бойынша жекеше 1-әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамамен ресімделеді;

      2) біліктілік іріктеуден өткен конкурсқа қатысушылардың конкурстық өтінімдерін қарау;

      3) үздік конкурстық өтінімді айқындау;

      4) конкурстық өтінімі үздік деп танылған әлеуетті жекеше 1-әріптеспен не жалғыз әлеуетті жекеше 1-әріптеспен МЖӘ шартының талаптарын нақтылау жөнінде келіссөздер жүргізу;

      5) өтініш берушіні жекеше 1-әріптестікті айқындау жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп тану;

      6) конкурсты өткізілмеген деп тану;

      18. Комиссия шешімдері МЖӘ веб-порталында қолданылатын хаттамалармен ресімделеді.

      Комиссияның шешімі дауыс беру арқылы қабылданады және егер оған комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысы берілсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.

      Комиссия шешімімен келіспеген жағдайда осы комиссияның кез келген мүшесі ерекше пікір білдіреді, ол комиссия отырысы өткізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде комиссия хатшысына жібереді және хаттамаға қоса беріледі. Комиссия отырысы, егер оған комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, заңды (кворумы бар). Комиссия отырыстарының хаттамаларына комиссия мүшелері, сондай-ақ комиссия хатшысы электрондық түрде қол қояды.

      Отырыста комиссия төрағасы болмаған жағдайда Комиссия отырысы өткізілмейді.

      19. Жекеше 1-әріптесті айқындау бойынша конкурс өткізу мынадай дәйекті іс шараларды орындауды көздейді:

      1) конкурсты ұйымдастырушының өзінің интернет-ресурсында және МЖӘ веб-порталында осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жекеше 1-әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты және конкурстық құжаттаманы өткізу туралы хабарламаны қазақ және орыс тілдерінде орналастыруы;

      2) біліктілік іріктеуін жүргізу;

      3) әлеуетті жекеше 1-әріптестің конкурстық өтінімді енгізуі, сондай-ақ конкурстық өтінімді қамтамасыз ету;

      4) Комиссияның конкурстық өтінімдерді қарауы;

      5) МЖӘ жобасын және МЖӘ шартының талаптарын нақтылау жөніндегі келіссөздердің тиісті хаттамасын ресімдей отырып, конкурстық өтінімі үздік деп танылған әлеуетті жекеше 1-әріптеспен комиссияның келіссөздер жүргізуі;

      6) Конкурс жеңімпазын анықтау.

2-Параграф. Жекеше 1-әріптесті айқындау бойынша конкурс өткізу туралы хабарлама және конкурстық құжаттаманы ұсыну

      20. Жекеше 1-әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарламаны конкурсты ұйымдастырушы МЖӘ веб-порталында қалыптастырады.

      Хабарлама конкурсты ұйымдастырушының ресми интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жекеше 1-әріптесті айқындау жөніндегі конкурс өткізілетін күнге дейін кемінде 20 (жиырма) жұмыс күні бұрын, ал жекеше 1-әріптесті айқындау жөніндегі қайталама конкурс өткізілген кезде – кемінде 15 (он бес) жұмыс күні бұрын қосымша орналастырылады.

      21. Қайталама конкурс бұрын бекітілген конкурстық құжаттаманың негізінде өтпеді деп танылған жағдайда конкурс өтпеген деп танылған сәттен бастап күнтізбелік бір жылдан кешіктірілмей өткізіледі.

      Бұл ретте көрсетілген мерзімдер МЖӘ веб-порталында хабарлама алғаш жарияланған күннен бастап есептеледі.

      22. Жекеше 1-әріптесті айқындау бойынша конкурс өткізу туралы хабарламаны орналастырумен бір мезгілде конкурсты ұйымдастырушы жүктеуге еркін қол жеткізуді қамтамасыз ете отырып, өзінің интернет-ресурсында және МЖӘ веб-порталында конкурстық құжаттаманы орналастырады.

3-Параграф. Біліктілік іріктеу

      23. Әлеуетті жекеше 1-әріптес Заңның 32-бабында белгіленген біліктілік талаптарына өзінің сәйкестігін растау үшін конкурстық құжаттамада көрсетілген мерзімде конкурсты ұйымдастырушыға растайтын құжаттарды ұсынады.

      24. Әлеуетті жекеше 1-әріптес ұсынған біліктілік талаптарына растайтын құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде конкурсты ұйымдастырушы оларды конкурстық құжаттаманың толықтығы мен сәйкестігі тұрғысынан бағалайды.

      25. Растайтын құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң конкурсты ұйымдастырушы комиссияға біліктілік іріктеудің алдын ала нәтижелерін жібереді.

      Біліктілік іріктеу нәтижелері бойынша комиссия Заңның 32-бабында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін әлеуетті жекеше 1-әріптестерді жекеше 1-әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы ресімдей отырып, МЖӘ жобасы шеңберінде конкурсқа қатысушылар деп таниды.

      Жекеше 1-әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттама МЖӘ веб-порталында және конкурсты ұйымдастырушының интернет-ресурсында орналастырылады және оны комиссия шешімі қабылданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде конкурсты ұйымдастырушы әлеуетті жекеше 1-әріптестерге жібереді.

      26. Құжаттар мен олардағы ақпараттың өзектілігі мен дұрыстығын жекеше 1-әріптес қамтамасыз етеді.

      27. Конкурсты ұйымдастырушы әлеуетті жекеше 1-әріптес біліктілік талаптарына сәйкестігіне дұрыс емес ақпаратты ұсынған жағдайда Заңның 32-бабының 7 және 8-тармақтарына сәйкес шаралар қабылдайды.

4-Параграф. Конкурстық өтінім

      28. Конкурстық өтінім әлеуетті жекеше 1-әріптестің МЖӘ үлгілік шарты талаптарында МЖӘ шартын жасасуға келісімін қоса алғанда, конкурстық құжаттамада белгіленген талаптармен және шарттармен келісімін білдіру нысаны болып табылады.

      29. Конкурстық өтінімдер МЖӘ жобасының конкурстық құжаттамасында көрсетілген оларды ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін енгізіледі.

      30. Конкурстық өтінім растайтын құжаттарды тіркей отырып, МЖӘ веб-порталында толтырылады, электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылады және МЖӘ веб-порталы арқылы конкурсты ұйымдастырушыға беріледі.

      31. Белгіленген мерзім өткеннен кейін ұсынылған конкурстық өтінімдер конкурс шеңберінде қаралмайды.

      32. Әлеуетті жекеше 1-әріптес конкурстық өтінімдерді ұсыну мерзімі аяқталғаннан кешіктірмей:

      1) енгізілген конкурстық өтінімді өзгертуге және (немесе) толықтыруға;

      2) өзі енгізген конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді қайтарып ала отырып, өзінің конкурстық өтінімін кері қайтарып алады.

      33. Әлеуетті жекеше 1-әріптестің конкурстық өтінімі мынадай жағдайларда қабылданбауға жатады:

      1) Әлеуетті жекеше 1-әріптес бұрын жекеше 1-әріптесті айқындау бойынша осы конкурсқа қатысуға конкурстық өтінім берген кезде;

      2) конкурстық өтінім жекеше 1-әріптесті айқындау бойынша осы конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімдерді қабылдау мерзімі өткеннен кейін келіп түскен кезде.

      34. Конкурстық өтінімнің қолданылу мерзімі конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімге сәйкес келеді.

      35. Конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді әлеуетті жекеше 1-әріптес:

      1) конкурстық өтінімдерді ұсыну мерзімі өткеннен кейін өзінің конкурстық өтінімін қайтармайтын не өзгертпейтініне және (немесе) толықтырмайтынына;

      2) жекеше 1-әріптесті айқындау жөніндегі конкурстың жеңімпазы болған жағдайда МЖӘ шартын жасасуға кепілдік ретінде енгізеді.

      36. Жекеше 1-әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімді қамтамасыз ету МЖӘ жобасы құнының оннан бір пайызы мөлшерінде енгізіледі.

      37. Әлеуетті жекеше 1-әріптес конкурстық өтінімді қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің бірін таңдайды:

      1) конкурсты ұйымдастырушы үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілдік ақшалай жарна;

      2) банк кепілдігі.

      Әлеуетті жекеше 1-әріптестің үшінші тұлғаларда енгізілген кепілдік ақшалай жарнаға оның конкурстық өтінімінің қолданылу мерзімі өткенге дейін тұтастай не бір бөлігінде талап ету құқығының туындауына әкеп соғатын іс-әрекеттер жасауына жол берілмейді.

      Осы Қағидалардың 38-тармағында көрсетілген әрекеттерді қоспағанда, конкурсты ұйымдастырушының әлеуетті жекеше 1-әріптестің енгізген кепілдік ақшалай жарнаны пайдалануына жол берілмейді.

      38. Конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді конкурсты ұйымдастырушы мынадай жағдайлардың бірі басталған кезде қайтармайды:

      1) әлеуетті жекеше 1-әріптесті конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткеннен кейін конкурстық өтінімді кері қайтарып алды не өзгертті және (немесе) толықтырды;

      2) конкурстың жеңімпазы болып айқындалған әлеуетті жекеше 1-әріптес МЖӘ шартын жасасудан жалтарған жағдайда.

      39. Осы Қағидалардың 38-тармағында көзделген жағдайлардың бірі басталған кезде конкурстық өтінімді қамтамасыз ету сомасы конкурсты ұйымдастырушының кірісіне есептеледі.

      40. Конкурсты ұйымдастырушы әлеуетті жекеше 1-әріптесті өзі енгізген конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайлардың бірі басталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қайтарады:

      1) осы әлеуетті жекеше 1-әріптес өзінің конкурстық өтінімін конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін кері қайтарып алу;

      2) жекеше 1-әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қою. Аталған жағдай жекеше 1-әріптестің анықтамасы бойынша конкурсқа қатысушылар деп танылған әлеуетті жекеше 1-әріптестерге қолданылмайды;

      3) жекеше 1-әріптесті айқындау жөніндегі конкурстың қорытындылары туралы хаттамаға қол қою. Көрсетілген жағдай жекеше 1-әріптесті айқындау жөніндегі конкурстың жеңімпазы болып айқындалған жекеше 1-әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа қатысушыға қолданылмайды;

      4) МЖӘ шартын жасасу.

5-Параграф. Конкурстық өтінімдерді қарау

      41. Конкурстық өтінімдерді қарауды және іріктеуді комиссия конкурстық құжаттамада белгіленген үздік конкурстық өтінімді іріктеу өлшемшарттарын ескере отырып жүзеге асырады.

      42. Комиссия конкурстық өтінімдерді МЖӘ жобасының конкурстық құжаттамасында көрсетілген мерзімде қарайды.

      43. Конкурсқа қатысушылардың конкурстық өтінімдерін қарау кезінде:

      1) конкурсты ұйымдастырушы осы конкурс бойынша, оның ішінде:

      комиссия құрамын;

      конкурстық құжаттаманы алған әлеуетті жекеше 1-әріптес санын;

      белгіленген мерзімде конкурстық өтінімдер ұсынған әлеуетті жекеше 1-әріптестер туралы ақпаратты қалыптастырады;

      2) конкурстық құжаттамаға 2-қосымшада көрсетілген мерзімде конкурстық өтінімдерді ашуды жүзеге асырады.

      44. Конкурстық комиссия конкурстық өтінімдерді МЖӘ жобасының конкурстық құжаттамасында көрсетілген мерзімде қарайды.

      45. Комиссия барлық конкурстық өтінімдерді, оның ішінде бір ғана конкурстық өтінім берілген жағайда да қарайды.

      46. Конкурсқа қатысушылардың конкурстық өтінімдерін қарау кезінде комиссия:

      1) конкурстық өтінімдерді толықтығы және тиісті ресімделуі тұрғысынан зерделейді;

      2) конкурсқа қатысушыларға конкурстық өтінімдерді қарауды, бағалауды және салыстыруды жеңілдету үшін олардың конкурстық өтінімдеріне байланысты материалдар мен түсініктемелер беру туралы сұрау салулар жібереді;

      3) конкурстық өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында комиссия тиісті мемлекеттік органдарға, жеке және заңды тұлғаларға қажетті ақпарат беру туралы сұрау салулар жібереді;

      4) конкурстық өтінімдер ашылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде МЖӘ веб-порталында жасалған МЖӘ жобасы бойынша конкурстық өтінімдерді алдын ала қарау хаттамасына қол қояды.

      Конкурстық өтінімдерді алдын ала қарау хаттамасы:

      конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес конкурстық өтінімдер берген әлеуетті жекеше 1-әріптестердің тізбесін;

      өтінімдері ресімдеу бөлігінде конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті жекеше 1-әріптестердің тізбесін;

      ұсынылатын және (немесе) конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестендіретін құжаттардың тізбесін;

      құжаттарды ұсынудың 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімін қамтиды.

      Конкурстық өтінімдерді алдын ала қарау хаттамасы МЖӘ веб-порталында жарияланады. Әлеуетті жекеше 1-әріптес хаттамада белгіленген мерзімнен кейін ұсынған құжаттама қабылданбайды. Конкурстық өтінімдерді алдын ала қарау хаттамасының талаптарын орындау барысында енгізілген конкурстық өтінімнің мазмұнын өзгертуге және (немесе) толықтыруға жол берілмейді;

      5) үздік конкурстық өтінімді айқындау критерийлеріне сәйкес 5 (бес) жұмыс күні ішінде конкурстық өтінімдерді бағалайды;

      6) үздік конкурстық өтінімді айқындайды.

      47. Конкурстық өтінімі үздік деп танылған әлеуетті жекеше 1-әріптес пен комиссия МЖӘ жобасын және МЖӘ шартының талаптарын нақтылау бойынша келіссөздер жүргізеді.

      48. Келіссөздер жүргізуге дайындық кезеңінде МЖӘ жобасы мен МЖӘ шарты бойынша ескертулер мен ұсыныстарды комиссия әлеуетті жекеше 1-әріптеске конкурстық өтінімде көрсетілген электрондық мекенжайға жазбаша нысанда жібереді. Келіссөздер жүргізу қорытындысы бойынша комиссия шешім қабылдайды. Келіссөздер барысында жекеше 1-әріптесті айқындау жөніндегі конкурс шарттарына өзгерістер енгізуге жол берілмейді.

      49. Егер конкурстық өтінімі үздік деп танылған әлеуетті жекеше 1-әріптес комиссияның ескертулері мен ұсыныстарына сәйкес конкурстық өтінімді және МЖӘ шартының талаптарын талқылаудан және нақтылаудан бас тартса не оның ұсыныстары жекеше 1-әріптесті айқындау жөніндегі конкурс талаптары тұрғысынан қолайсыз болып табылса, онда комиссия бұл конкурстық өтінімді қарамайды және үздік конкурстық өтінімді қайта таңдайды.

      Бұл ретте комиссияның мұндай конкурстық өтінімді үздік деп тану туралы шешімі жойылады және осы әлеуетті жекеше 1-әріптес конкурстың жеңімпазы болып танылмайды. Комиссия конкурсқа ұсынылған басқа конкурстық өтінімдердің ішінен үздік конкурстық өтінімді қайта таңдайды. Мұндай конкурстық өтінімдер болмаған не қалған конкурстық өтінімдер конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, конкурс өткізілмеді деп танылады.

      50. Конкурс өтпеді деп танылады:

      1) Егер белгіленген мерзімде конкурсты ұйымдастырушыға конкурстық өтінімдер түспеген жағдайда;

      2) Егер барлық ұсынылған конкурстық өтінімдер не жалғыз конкурстық өтінім конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда;

      3) осы Қағидалардың 49-тармағында қарастырылған жағдай орын алғанда.

      51. Жекеше 1-әріптесті айқындау жөніндегі конкурстың қорытындысы бойынша комиссияның шешімімен үздік конкурстық өтінім айқындалады, ал өтініш беруші жекеше 1-әріптесті айқындау жөніндегі конкурстың жеңімпазы болып танылады. Комиссияның шешімі МЖӘ жобасы бойынша жекеше 1-әріптесті айқындау жөніндегі конкурстың қорытындылары туралы хаттамамен ресімделеді.

4-тарау. МЖӘ шартын жасасу тәртібі

1-Параграф. Жалпы ережелер

      52. Жекеше 1-әріптес ұлттық жобаның төртінші тетігін іске асыруға қатысатын жекеше орта білім беру ұйымдарының тізбесінен өзі таңдаған жекеше 2-әріптеспен консорциум шартын жасасады.

      Консорциум шарты МЖӘ шартының ажырамас бөлігі болып табылады, бұл ретте Қағидалардың 5 тармақтын 4), 7), 9), 10), 11) және 12) тармақшалармен және 81-тармақта көзделген міндетті талаптарды қоспағанда, оның талаптарын жекеше 1-әріптес және жекеше 2-әріптес дербес айқындайды.

      53. МЖӘ шартын жасасу кезінде осы Қағидаларға 2-қосымшада көзделген МЖӘ жобасын басқарудың институционалдық схемасын ескеру қажет.

      54. Конкурсты ұйымдастырушы қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша МЖӘ жобасының қаржы-экономикалық моделін толтырады және оны МЖӘ веб-порталына орналастырады..

      55. МЖӘ шарты Қағидаларда белгіленген жағдайларда жекеше 1-әріптесті айқындау жөніндегі конкурс нәтижелерінің негізінде, ол жекеше 2-әріптесті таңдағаннан және Консорциум шартын жасасқаннан кейін жасалады.

      56. МЖӘ шарты Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.

      57. МЖӘ шартын келісу және сараптау талап етілмейді.

      58. МЖӘ шартын жасасу мерзімі жекеше 1-әріптесті айқындау жөніндегі конкурстың қорытындылары шығарылған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспауға тиіс.

      59. МЖӘ шартының тараптары мемлекеттік әріптес, жекеше 1-әріптес және жекеше 2-әріптес болып табылады.

      60. Егер жекеше 1-әріптес Қазақстан Республикасының бейрезиденті болған жағдайда, МЖӘ шарты бойынша қолданылатын құқықты МЖӘ шартының тараптары айқындайды.

      61. МЖӘ шарты қазақ және орыс тілдерінде жасалынады.

      Қосымша МЖӘ шарты МЖӘ шарты тараптарының келісімі бойынша айқындалған өзге тілдерде жасалуы мүмкін.

      62. МЖӘ шартының қолданылу мерзімі МЖӘ шартында айқындалған тәртіппен сот шешімі бойынша мынадай жағдайларда ұзартылуы мүмкін:

      1) МЖӘ шартының тараптарына тәуелді емес мән-жайлар нәтижесінде МЖӘ жобасын кідірту немесе тоқтата тұру;

      2) мемлекеттік әріптестің және (немесе) мемлекеттік органдардың әрекеттері немесе әрекетсіздігі нәтижесінде МЖӘ жобасын тоқтата тұру;

      3) мемлекеттік әріптес МЖӘ шартында көзделмеген талаптарды қою нәтижесінде МЖӘ жобасын іске асыруға байланысты шығыстардың ұлғаюы.

2-Параграф. МЖӘ шартын өзгерту және тоқтату

      63. МЖӘ шарты тараптардың келісімі бойынша өзгертілуі және бұзылуы мүмкін.

      64. МЖӘ шарты:

      1) қолданылу мерзімі өткен;

      2) мерзімінен бұрын бұзылған;

      3) МЖӘ шартын бұзу туралы сот шешімі шыққан;

      4) жекеше 1-әріптес таратылған жағдайларда қолданысын тоқтатады.

      65. Инвестициялық кезеңде мемлекеттік әріптестің талабы бойынша МЖӘ шарты соттың шешімі бойынша тек:

      1) жекеше 1-әріптесМЖӘ шартын елеулі түрде бұзған кезде;

      2) егер жекеше 1-әріптес МЖӘ жобасын оның дәрменсіздігіне (банкроттығына) байланысты жүзеге асыруға қабілетсіз болса;

      3) қоғамның және мемлекеттің мүддесі үшін, оның ішінде мұндай әрекеттер ұлттық қауіпсіздікті, халықтың денсаулығын және адамзаттық қасиеттерін қамтамасыз ету мақсатында жасалған кезде ғана бұзылады.

      66. жекеше 1-әріптес талабы бойынша МЖӘ шарты мемлекеттік әріптес МЖӘ шартын елеулі түрде бұзған жағдайда ғана сот шешімі бойынша бұзылуы мүмкін.

3-Параграф. МЖӘ шартының өзге де талаптары

      67. МЖӘ шарты бойынша жекеше 1-әріптестің және (немесе) жекеше 2-әріптестің талабын басқаға беруге және борышын ауыстыруға, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік әріптестің жазбаша келісімі және жекеше 1-әріптестің немесе жекеше 2-әріптестің құқықтары мен міндеттері ауысатын тұлғаның жалпы және қосымша (арнайы) біліктілік талаптарына сәйкестігі жағдайында ғана жол беріледі.

      68. Жекеше 1-әріптес және (немесе) жекеше 2-әріптес МЖӘ объектісінің нысаналы мақсатының өзгермейтіндігіне ауыртпалық алынбай, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік әріптестің жазбаша келісімімен ғана МЖӘ шарты бойынша өз құқықтарын кепілге береді.

      69. Инвестициялық кезеңде жекеше 1-әріптес МЖӘ шарты бойынша өз міндеттемелерін (МЖӘ жобасын, оның ішінде құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру кестесін бұзу) 3 (үш) айдан аспайтын мерзімде орындамаған жағдайда, жекеше 1-әріптес мемлекеттік әріптеспен келісім бойынша жекеше 1-әріптеске қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін МЖӘ шартының және консорциум шартының талаптарын орындауға жаңа жекеше 1-әріптес тарту арқылы консорциум шартында тарапты ауыстыруды жүзеге асырады. Мемлекеттік әріптес МЖӘ шартындағы жекеше 1-әріптесті жаңа жекеше 1-әріптеске ауыстыруды жүзеге асырады. Жаңа жекеше 1-әріптес консорциум шартында тарапты оның қатысушыларымен ауыстыру туралы консорциум шартына қосымша келісім жасайды.

      70. Инвестициялық кезеңде жекеше 1-әріптес қатарынан (алты) ай ішінде МЖӘ шартының талаптарын орындамаған жағдайда, мемлекеттік әріптес Қағидалардың 81-тармағында көзделген тәртіппен МЖӘ шартындағы тарапты қайта конкурс қорытындылары бойынша айқындалған жаңа жекеше 1-әріптеске ауыстыру арқылы біржақты тәртіппен жекеше 1-әріптес пен МЖӘ шартын мерзімінен бұрын бұзады.

      Инвестициялық кезеңде жекеше 1-әріпте сауыстырылған жағдайда, Қағидалардың 69 және 70-тармақтарына сәйкес МЖӘ шарты бойынша және қонсорциум шарты бойынша жекеше 1-әріптесті ауыстыру туралы келісім жасалған күннен бастап МЖӘ шартына және консорциум шартына тиісті қосымша келісімде айқындалған көлемде МЖӘ шарты бойынша құқықтар мен міндеттер жаңа жекеше 1-әріптеске беріледі.

      71. Пайдалану кезеңінде жекеше 1-әріптес МЖӘ объектісіндегі үлесті иеліктен шығарған жағдайда, жекеше 1-әріптес мемлекеттік әріптеспен келісім бойынша МЖӘ объектісіне техникалық қызмет көрсетуге кепілдік негізінде жекеше 1-әріптеске қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін МЖӘ шартының және консорциум шартының талаптарын орындауға жаңа жекеше 1-әріптес тарту арқылы консорциум шартындағы тарапты ауыстыруды жүзеге асырады. Мемлекеттік әріптес МЖӘ шартындағы жекеше 1-әріптесті жаңа жекеше 1-әріптеске ауыстыруды жүзеге асырады. Жаңа 1-жекеше әріптесконсорциум шартында тарапты оның қатысушыларымен ауыстыру туралы консорциум шартына қосымша келісім жасайды.

      Жекеше 2-әріптес жекеше 1-әріптестің МЖӘ объектісіндегі үлесті сатып алу құқығын үшінші тұлғалар алдында басым пайдаланады. Егер МЖӘ объектісіндегі үлесті жекеше 1-әріптес жекеше 2-әріптеске МЖӘ объектісіндегі үлесті сату туралы хабарлама жіберген күннен бастап бір ай ішінде жекеше 2-әріптес сатып алмаса, жекеше 1-әріптес үлесті үшінші тұлғаға сатады.

      МЖӘ шарты бойынша жекеше 1-әріптесті ауыстыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қағидалардың 82-тармағында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

      72. Жекеше 2-әріптес консорциум шартында көзделген өзінің міндеттемесін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, жекеше 1-әріптес ұлттық жобаны іске асыруға қатысатын жекеше орта білім беру ұйымдарының тізбесіне енгізілген жаңа жекеше 2-әріптестің МЖӘ шартының талаптарын орындауға тартады.

      73. Жекеше 2-әріптестің біреуден артық МЖӘ шартына қатысуына жол беріледі.

      74. Пайдалану кезеңінде жекеше 1-әріптеспен жекеше 2-әріптес мынадай шарттарды орындамағаны үшін ортақ жауаптылықта болады:

      1) Қазақстан Республикасының азаматтары үшін мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты шеңберінде өтеусіз негізде білім беру қызметтерін көрсету;

      2) МЖӘ объектісіне техникалық қызмет көрсету және мүліктің сақталуы;

      3) МЖӘ объектісін ағымдағы жөндеу;

      4) коммуналдық төлемдерді төлеу;

      5) өртке қарсы және санитарлық нормалардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген МЖӘ объектісіне қолданылатын өзге де міндетті талаптардың сақталуын бақылау.

      Мемлекеттік әріптес Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінде көзделген талаптарды бұзған жағдайда, жекеше 1-әріптеспен және жекеше 2-әріптеспен МЖӘ шартын бұзады.

      Қағидалардың осы тармағына сәйкес МЖӘ шарты бұзылған жағдайда, мемлекеттік әріптес жергілікті бюджет қаражаты болған кезде сатып алады, ал жекеше 1-әріптес және жекеше 2-әріптес мұндай жағдайда МЖӘ объектісіндегі үлестерді объектінің құны мен ғимараттың амортизациясына алынған шығыстар арасындағы айырмаға тең баға бойынша сатуға міндетті. Объектінің құны ретінде ұлттық жоба шеңберінде МЖӘ объектісін пайдалануға беру жылына бекітілген Ғимараттар мен құрылыстар салу құнының ірілендірілген көрсеткіштерінің жинағында көзделген МЖӘ объектісінің бағалау құны мен МЖӘ объектісін салу құны арасындағы ең аз сома қабылданады.

      МЖӘ объектісінің бағалау құны жекеше 1-әріптес есебінен төленетін МЖӘ объектісін тәуелсіз бағалау нәтижелері бойынша айқындалады.

      75. Шарт бұзылған жағдайда, жекеше 1-әріптес 270 (екі жүз жетпіс) күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 597 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеуде № 16137 болып тіркелген) Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесінің (бұдан әрі – әдістеме) 6 және 6-1-тармақтарына сәйкес есептелген орта білім беру ұйымын жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландырудың жылдық көлемдері арасындағы айырманы республикалық бюджетке қайтарады.

      76. МЖӘ объектісі пайдалануға берілгеннен және жер учаскесіне уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығын сатып алғаннан не оны заттай грант ретінде сатып алғаннан кейін жекеше 1-әріптес оны консорциум шартының талаптарына сәйкес жекеше 2-әріптеске үлестік меншікке беруге міндетті.

      77. орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға қосылу шарты жасалғаннан кейін жекеше 2-әріптес жекеше 1-әріптеске оларды төлеу жөніндегі міндеттерді бұзған жағдайда жекеше 2-әріптес жекеше 1-әріптеске білім беру саласындағы уәкілетті органның операторынан ғимараттың амортизациясына шығыстарды талап ету мүмкіндігін береді.

      Осы тармақта көзделген жағдайда жекеше 2-әріптеске төленбеген ғимараттың амортизациясына арналған шығыстар берешегінің сомасы жекеше 2-әріптестің мемлекеттік білім беру тапсырысынан ұстап қалуға және жекеше 1-әріптеске Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 370-бабына сәйкес төленуге тиіс.

      78. Жекеше 1-әріптес және жекеше 2-әріптес консорциум шартының талаптарына сәйкес МЖӘ объектісінде заңнамада тыйым салынбаған қосымша өтеулі қызметтерді (оның ішінде, бірақ онымен шектелмей, білім беру қызметтерін, сабақтан тыс және демалыс уақытында мүліктік жалдауды және басқаларын) ұсынады.

      79. Жекеше 1-әріптес мемлекеттік әріптеспен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер учаскесіне жер учаскесін сатып алу не оны заттай грант ретінде сатып алу құқығымен уақытша өтеусіз жер пайдалану шартын жасасады.

      80. Мемлекеттік әріптес жер учаскесін оны жекеше 1-әріптес сатып алғаннан кейін немесе жер учаскесіне уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығы өткеннен кейін жекеше 1-әріптеске заттай грант ретінде меншікке береді.

4 параграф. Жекеше 1-әріптесті ауыстыру тәртібі

      81. Инвестициялық кезеңде жекеше 1-әріптес қатарынан 6 (алты) ай ішінде МЖӘ шартының талаптарын орындамаған жағдайда, МЖӘ шарты бұзылған кезде жекеше 1-әріптесті мемлекеттік әріптеспен ауыстыру мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

      1) мемлекеттік әріптес қатарынан 6 (алты) ай өткеннен кейінгі күні жаңа жекеше 1-әріптесті айқындау жөніндегі конкурс өткізу туралы шешім қабылдайды;

      2) мемлекеттік әріптес Қағидалардың 3-тарауында көзделген тәртіппен конкурс қорытындылары бойынша жаңа жекеше 1-әріптесті айқындайды.

      Мемлекеттік әріптес МЖӘ шарты шеңберінде жаңа жекеше 1-әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты 2 (екі) реттен артық өткізбейді;

      3) жекеше 1-әріптес жер учаскесін мемлекеттік әріптеске қайтаруды жүзеге асырады;

      4) мемлекеттік әріптес жекеше 1-әріптестен эскроу-шотта орналастырған кепілдік сомасын өндіріп алады;

      5) жекеше 1-әріптес Қағидалардың осы тармағының 8) тармақшасына сәйкес шығындары өтелуге жататын аяқталмаған құрылыс объектісін мемлекеттік әріптеске береді;

      6) мемлекеттік әріптес жаңа жекеше 1-әріптеспен МЖӘ шартын жасасады;

      7) жаңа жекеше 1-әріптес өзінің атына ашылған эскроу-шотқа Ұлттық жобаның 9-1-қосымшасының 8.1-тармағының 5) тармақшасында көзделген соманы аударады;

      8) жаңа жекеше 1-әріптес жекеше 2-әріптеспен тарапты ауыстыру туралы консорциумның шартына қосымша келісім жасасады. Консорциум шартында тарапты ауыстыру туралы қосымша келісімнің міндетті шарты болып жаңа жекеше 1-әріптес алдыңғы жекеше 1-әріптеске 270 (екі жүз жетпіс) күнтізбелік күн ішінде, алдыңғы жекеше 1-әріптес МЖӘ объектісін салу бойынша жүргізген және ЖСҚ-ға сәйкес орындалған жұмыстар актісімен расталған күрделі шығындар сомасының 100% төлеу болып табылады;

      9) мемлекеттік әріптес жаңа жекеше 1-әріптеске МЖӘ объектісі бар жер учаскесін береді.

      82. Пайдалану кезеңінде жекеше 1-әріптес МЖӘ объектісіндегі үлесті иеліктен шығарған жағдайда консорциум шартында және МЖӘ шартында тарапты ауыстыру мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

      1) МЖӘ объектісіндегі өз үлесін сатқысы келетін жекеше 1-әріптес болжамды баға мен сату шарттарын көрсете отырып, өзінің ниеті туралы жекеше 2-әріптеске жазбаша хабарлама жібереді;

      2) МЖӘ объектісіндегі өз үлесін сатқысы келетін жекеше 1-әріптес өзінің ниеті және жоспарланатын жекеше 1-әріптесі туралы Мемлекеттік әріптеске жазбаша хабарлама жібереді;

      3) мемлекеттік әріптес 10 (он) жұмыс күні ішінде жекеше 1-әріптесті ауыстыруды келіседі немесе негізді түрде қабылдамайды;

      Жекеше әріптес жекеше 1-әріптесті ауыстырудан бас тартқан жағдайда жекеше 1-әріптесті ауыстыруды қайта келіседі;

      4) жаңа жекеше 1-әріптес консорциум қатысушыларымен мемлекеттік әріптес келіскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде шартта тарапты ауыстыру туралы консорциум шартына қосымша келісім жасасады;

      5) жекеше 1-әріптес сатып алу жолымен не заттай грант ретінде алынған жер учаскесі бар МЖӘ объектісіндегі үлесті жаңа жекеше 1-әріптеске консорциум шарты жасалған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде береді;

      6) мемлекеттік әріптес келіскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жаңа жекеше 1-әріптеспен және алдыңғы жекеше 1-әріптеспен МЖӘ шартында тарапты ауыстыру туралы қосымша келісім жасасады;

      7) жаңа жекеше 1-әріптес мемлекеттік әріптеске МЖӘ объектісіне техникалық қызмет көрсетуге кепілдік береді.

5 Параграф. Консорциум шартының елеулі талаптары

      83. Консорциум шартының маңызды шарттары:

      1) жаңа жекеше 1-әріптес өзінің атына ашылған эскроу-шотқа Ұлттық жобаның 9-1-қосымшасының 8.1-тармағының 5) тармақшасында көзделген соманы аудару;

      2) консорциумдағы жекеше 2-әріптестің үлесін 5 пайыздан төмен емес мөлшерде айқындау;

      3) МЖӘ объектісінің сақталуы объектінің және тиісті жер учаскесінің нысаналы мақсатының өзгермейтіндігіне мерзімсіз ауыртпалық сала отырып, жекеше 1-әріптес пен жекеше 2-әріптестің үлестік меншігінде қалады;

      4) жекеше 2-әріптестің жекеше 1-әріптеске аударуы мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде құрылыс жолымен енгізілген әрбір жаңа оқушы орны үшін оның жобалық қуатын және ЖСҚ бойынша осындай объектіні салу құнын ескере отырып, бір оқушы орнының құны есебінен есептелген, бірақ бір оқушы орнының ұлттық жобамен айқындалған құнынан аспайтын мөлшерде ғимараттың амортизациясына арналған шығыстарды төлеу;

      5) көрсетілетін қосымша өтеулі қызметтердің түрлерін айқындау (оның ішінде, бірақ онымен шектелмей, мүліктік жалдау, білім беру қызметтері және басқалар) және консорциумға қатысушылар арасында таза табысты бөлу;

      6) жекеше 1-әріптестің МЖӘ объектісін пайдалануға беруді және МЖӘ объектісін үлестік меншікке жекеше 2-әріптеске беруді консорциум шартының талаптарына сәйкес жер учаскесін уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығын сатып алғаннан не оны заттай грант ретінде алғаннан кейін қамтамасыз етуі;

      7) орта білімге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға қосылу шартын жасасқаннан кейін, жекеше 2-әріптес жеке 1-әріптеске оларды төлеу жөніндегі міндеттерді бұзған жағдайда жекеше 2-әріптестің жекеше 1-әріптеске білім беру саласындағы уәкілетті орган операторынан МЖӘ шартының 111-тармағының 1) тармақшасында көзделген ғимараттың амортизациясына арналған шығыстарды талап ету құқығын беруі;

      8) жекеше 1-әріптестің жер учаскесін уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығын мерзімінен бұрын сатып алу мүмкіндігімен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер учаскесіне уақытша өтеусіз жер пайдалану шартын жасасуы;

      9) жекеше 2-әріптес Қазақстан Республикасының азаматтары үшін мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты шеңберінде өтеусіз негізде білім беру қызметтерін ұсынады;

      10) консорциум шарты 29 (жиырма тоғыз) жыл мерзімге жасалады.

  Білім беру саласында жеке
әріптесті айқындау және
мемлекеттік-жекешелік
әріптестік шартын
жасасу қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Білім беру саласында мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының үлгілік конкурстық құжаттамасы

      Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының (бұдан әрі - МЖӘ) атауы:

      "Орта білім беру ұйымының объектісін салу және пайдалану

      ________________________________________________________________

      (орта білім беру ұйымының атауын көрсету)

      _____орынға _____________________________________________________

      (елді мекеннің атауы мен орналасқан жерін көрсету)".

      МЖӘ объектісінің орналасқан жері: __________________________________

      (МЖӘ объектісінің орналасқан жері көрсетіледі)

      Орта білім беру ұйымы объектісінің жобалық қуаты: ___________________________

      Мемлекеттік әріптес:

      ____________________________________________________________

      (мемлекеттік әріптестің толық атауын, орналасқан жерін, бизнес-

      сәйкестендіру нөмірін, банк деректемелерін көрсету)

      Конкурсты ұйымдастырушы: _________________________________________________

      (конкурсты ұйымдастырушының толық атауын, орналасқан жерін,

      бизнес-сәйкестендіру нөмірін, банк деректемелерін көрсету)

      Конкурстық құжаттама тегін беріледі.

1-тарау. Анықтамалар

      1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының осы Үлгілік конкурстық құжаттамасында (бұдан әрі - конкурстық құжаттамасы) мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) әлеуетті жекеше 1-әріптес – мемлекеттік заңды тұлғаларды, сондай-ақ жарғылық капиталға қатысу үлестерінің немесе дауыс беретін акцияларының елу және одан да көп пайызы мемлекетке тікелей немесе жанама тиесілі жауапкершілігі шектеулі әріптестіктер мен акционерлік қоғамдарды қоспағанда, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа қатысуға үміткер жеке кәсіпкер, жай әріптестік немесе заңды тұлға;

      2) жекеше 1-әріптес - мемлекеттік заңды тұлғаларды, сондай-ақ жарғылық капиталға қатысу үлестерінің немесе дауыс беретін акцияларының елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасқан жауапкершілігі шектеулі әріптестіктер мен акционерлік қоғамдарды қоспағанда, жеке кәсіпкер, жай әріптестік немесе заңды тұлға;

      3) жекеше 2-әріптес – Ұлттық жобаны іске асыруға қатысатын жекеше орта білім беру ұйымдарының тізбесіне енгізілген білім беру ұйымы;

      4) конкурсты ұйымдастырушы –жекеше 1-әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асыратын мемлекеттік әріптес;

      5) мемлекеттік әріптес – мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасқан жергілікті атқарушы орган;

      6) жер учаскесі – МЖӘ шартының талаптарына сәйкес МЖӘ объектісін салу және пайдалану үшін қажетті жер учаскесі;

      7) көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар – орта білім беру ұйымдарында білім алушылар.

2-тарау. Жалпы ережелер

      2. МЖӘ жобасының үлгілік конкурстық құжаттамасы әлеуетті жекеше 1-әріптеске олардың конкурсқа қатысу шарттары туралы толық ақпарат беру мақсатында әзірленді.

      3. Конкурс МЖӘ жобасын іске асыру үшін жекеше 1-әріптесті айқындау мақсатында өткізіледі.

      4. МЖӘ жобасын сипаттау нысаны білім беру саласындағы МЖӘ жобасының үлгілік конкурстық құжаттамасына 1-қосымшада көрсетілген.

      5. Ұйымдастырушы өткізетін конкурстың негізгі іс-шаралары МЖӘ жобасының үлгілік конкурстық құжаттамасына 2-қосымшада келтірілген.

      6. МЖӘ объектісін салуға және пайдалануға қойылатын талаптар МЖӘ шартының жобасында келтірілген.

      7. Әлеуетті жекеше 1-әріптес МЖӘ жобасын өз қаражатынан және қарыз қаражатын тарту арқылы қаржыландырады.

      8. МЖӘ жобасының үлгілік конкурстық құжаттамасы қазақ және орыс тілдерінде әзірленді.

      МЖӘ жобасының үлгілік конкурстық құжаттамасының қолданылу мерзімі бекітілген күнінен бастап үш жыл.

      9. Конкурсты ұйымдастырушы жекеше 1-әріптесті айқындау үшін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін Білім беру саласында жеке әріптесті айқындау және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу қағидаларында көзделген тәртіппен конкурстық комиссия (бұдан әрі-Комиссия) құрады.

3-тарау. МЖӘ жобасының үлгілік конкурстық құжаттамасы

      10. МЖӘ жобасының үлгілік конкурстық құжаттамасы мынадай ақпаратты қамтиды:

      1) әлеуетті жекеше 1-әріптестің алдымен қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарға қойылатын талаптар МЖӘ жобасының үлгілік конкурстық құжаттамасына 3-қосымшаға сәйкес Тізбеге сәйкес ұсынылады;

      2) МЖӘ жобасының сипаттамасын қамтитын ақпараттық парақ;

      3) МЖӘ объектісінің орналасқан жері;

      4) мемлекеттік қолдаудың болжамды түрлері мен көлемдері, сондай-ақ МЖӘ жобасы бойынша шығындарды өтеу және кірістер алу көздері;

      5) МЖӘ шартының жобасы;

      6) үздік конкурстық өтінімді айқындау өлшемшарттарының сипаттамасы;

      7) МЖӘ жобасының параметрлері көрсетілуі тиіс валютаны (валюталарды) және оларды салыстыру және бағалау мақсатында бірыңғай валютаға келтіру үшін қолданылатын валюта (валюталар) бағамын көрсету;

      8) конкурстық өтінімді ұсыну тіліне қойылатын талаптар;

      9) әлеуетті жекеше 1-әріптестің конкурстық өтінімдерді ұсыну мерзімі өткенге дейін өзінің конкурстық өтінімін өзгерту немесе кері қайтарып алу құқығына нұсқау;

      10) конкурстық өтінімнің мазмұны, конкурстық өтінімдерді ұсыну тәсілі, орны, мерзімі және қолданысы, сондай-ақ конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізу шарттары;

      11) МЖӘ жобасының конкурстық құжаттамасының мазмұны бойынша түсініктемелер алу тәсілдері;

      12) конкурстық өтінімдерді қарау рәсімдері, орны, күні және уақыты;

      13) келіссөздер барысында өзгерістер енгізуге жол берілмейтін конкурс шарттары.

4-тарау. Мемлекеттік қолдаудың түрлері мен көлемдері, сондай-ақ шығындарды өтеу және жекеше 1-әріптестің кірістерін алу көздері

      11. МЖӘ жобасын іске асыру кезеңінде жекеше 1-әріптес білім беру саласындағы МЖӘ жобасының үлгілік конкурстық құжаттамасына 1-қосымшаға сәйкес МЖӘ жобасын сипаттай отырып, ақпараттық парақта көзделген мемлекеттік қолдаудың түрлері мен көлемін алады.

      12. Мемлекеттік қолдау шараларын төлеу және табыс алу мөлшері, тәртібі мен мерзімдері МЖӘ шартында белгіленеді.

5-тарау. Біліктілік іріктеу

      13. Конкурсқа қатысу Заңының 32-бабына сәйкес әлеуетті жекеше 1-әріптес мынадай біліктілік талаптарына сәйкес келеді:

      1) құқық қабілеттілігі (заңды тұлғалар үшін) және азаматтық әрекет қабілеттілігі (дара кәсіпкер үшін) бар;

      2) төлемге қабілетті болып табылады, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегі жоқ;

      3) МЖӘ шарты бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті қаржылық және (немесе) материалдық және (немесе) еңбек ресурстары бар;

      4) баланстық құны тиісті негізгі құралдар құнының он пайызынан асатын мүлкіне тыйым салынбаған, оның қаржы-шаруашылық қызметі заңнамаға сәйкес тоқтатылмаған және банкроттық не тарату рәсіміне жатқызылмаған;

      5) соттың жосықсыз әлеуетті жекеше 1-әріптес деп тану туралы заңды күшіне енген шешімі негізінде соңғы үш жыл ішінде жасалған МЖӘ шарттары бойынша міндеттемелерін орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін жауапқа тартылмаған;

      6) әлеуетті жекеше 1-әріптестің құрылтайшылары, басшылары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне енгізілмеген;

      7) мемлекеттік сатып алулардың жосықсыз қатысушыларының тізіліміне енгізілмеген;

      8) МЖӘ объектісі құнының кемінде жиырма пайызын құрайтын меншікті немесе меншікті және қарыз қаражаты болады.

      Меншікті қаражат деп МЖӘ жобасын іске асыруға тікелей тартылатын әлеуетті жекеше 1-әріптеске тиесілі меншікті капитал, ақша және активтер түсініледі.

      14. Конкурсты ұйымдастырушының жекеше 1-әріптеске заңда көзделмеген біліктілік талаптарын қоймайды. Әлеуетті жекеше 1-әріптес біліктілік талаптарына жатпайтын ақпаратты ұсынбайды.

      15. Әлеуетті жекеше 1-әріптес өзінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін осы конкурстық құжаттамаға 2-қосымшада белгіленген мерзімде білім беру саласындағы МЖӘ жобасының үлгілік конкурстық құжаттамасына 3-қосымшада көзделген құжаттарды конкурсты ұйымдастырушыға ұсынады.

      16. Әлеуетті жекеше 1-әріптес ұсынған біліктілік талаптарына растайтын құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде конкурсты ұйымдастырушы оларды конкурстық құжаттаманың толықтығы мен сәйкестігі тұрғысынан бағалайды.

      17. Біліктілік талаптарына сәйкессіздік анықталған жағдайда, конкурсты ұйымдастырушы 3 (үш) жұмыс күні ішінде әлеуетті жекеше 1-әріптеске құжаттардың біліктілік талаптарына сәйкессіздігі туралы хабарлама жібереді. Хабарлама жіберілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде әлеуетті жекеше 1-әріптес өзінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды қайта ұсынады.

      18. Растайтын құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң конкурсты ұйымдастырушы комиссияға біліктілік іріктеудің алдын ала нәтижелерін жібереді.

      Біліктілік іріктеу нәтижелері бойынша Комиссия Заңның 32-бабында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін әлеуетті жекеше 1-әріптестерді айқындау жөніндегі конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы ресімдей отырып, МЖӘ жобасы шеңберінде жекеше 1-әріптесті конкурсқа қатысушылар деп таниды.

      конкурсты ұйымдастырушы жекеше 1-әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттама МЖӘ веб-порталында және өзінің ресми интернет-ресурсында орналастырылады және комиссия шешімі қабылданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде әлеуетті жекеше 1-әріптеске жібереді.

      19. Құжаттар мен олардағы ақпараттың өзектілігін, дұрыстығын әлеуетті жекеше 1-әріптес қамтамасыз етеді.

      20. Конкурсты ұйымдастырушы әлеуетті жекеше 1-әріптес біліктілік талаптарына сәйкестігі жайлы дұрыс емес ақпаратты ұсынған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шаралар қабылдайды.

6-тарау. Конкурсқа қатысуға байланысты шектеулер

      21. Заңның 33-бабына сәйкес, әлеуетті жекеше 1-әріптес конкурсқа қатыспайды, егер:

      1) осы әлеуетті жекеше 1-әріптес басшыларының жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаттары және (немесе) осы әлеуетті жекеше 1-әріптестің уәкілетті өкілі жекеше 1-әріптесті айқындау туралы шешім қабылдауға құқылы не конкурсты ұйымдастырушының өкілдері болып табылса;

      2) әлеуетті жекеше 1-әріптестің баланстық құны тиісті негізгі құралдар құнының он пайызынан асатын мүлкіне тыйым салынған жағдайда;

      3) әлеуетті жекеше 1-әріптес атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелерге ие және атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізген;

      4) Қазақстан Республикасының заңдарына не мемлекетінің заңнамасына сәйкес әлеуетті жекеше 1-әріптес Қазақстан Республикасының бейрезиденті ретінде оның қаржы-шаруашылық қызметі тоқтатылған жағдайда.

      22. Әлеуетті жекеше 1-әріптес және әлеуетті жекеше 1-әріптестің үлестес тұлғасы жекеше 1-әріптесті айқындау бойынша бір конкурсқа қатысуға құқығы жоқ.

7-тарау. Конкурстық өтінім

      23. Конкурстық өтінім әлеуетті жекеше 1-әріптестің конкурстық құжаттамада белгіленген талаптар мен шарттармен келісімін білдіру нысаны болып табылады.

      24. Конкурстық өтінімдер осы конкурстық құжаттамаға 2-қосымшада көрсетілген оларды ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін енгізіледі.

      25. Конкурстық өтінім растайтын құжаттарды тіркей отырып, МЖӘ веб-порталында толтырылады, электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылады және МЖӘ веб-порталы арқылы конкурсты ұйымдастырушыға беріледі.

      26. Белгіленген мерзім өткеннен кейін ұсынылған конкурстық өтінімдер конкурс шеңберінде қаралмайды.

      27. Әлеуетті жекеше 1-әріптес конкурстық өтінімдерді ұсыну мерзімі аяқталғаннан кешіктірмей:

      1) енгізілген конкурстық өтінімді өзгертуге және (немесе) толықтыруға;

      2) өзі енгізген конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді қайтарып ала отырып өзінің конкурстық өтінімін кері қайтарып алады.

      28. Әлеуетті жекеше 1-әріптес конкурстық өтінімі мынадай жағдайларда қабылданбайды:

      1) әлеуетті жекеше 1-әріптес жекеше әріптесті айқындау бойынша осы конкурсқа қатысуға бұрын конкурстық өтінім берген;

      2) конкурстық өтінім жекеше 1-әріптес айқындау бойынша осы конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімдерді қабылдау мерзімі өткеннен кейін келіп түскен.

8-тарау. Конкурстық өтінімдерді қамтамасыз ету

      29. Жекеше 1-әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімді қамтамасыз ету МЖӘ жобасы құнының оннан бір пайызы мөлшерінде енгізіледі.

      30. МЖӘ жобасының құны конкурстық құжаттамада айқындалады.

      31. Әлеуетті жекеше 1-әріптес конкурстық өтінімді қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің бірін таңдайды:

      1) конкурсты ұйымдастырушы үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілдік ақшалай жарна;

      2) банк кепілдігі.

      Әлеуетті жекеше 1-әріптес үшінші тұлғаларда енгізілген кепілдік ақшалай жарнаға оның конкурстық өтінімінің қолданылу мерзімі өткенге дейін тұтастай не бір бөлігінде талап ету құқығының туындауына әкеп соғатын іс-әрекеттер жасауына жол берілмейді.

      МЖӘ жобасының осы Үлгілік конкурстық құжаттамасының 37-тармағында көрсетілген әрекеттерді қоспағанда, конкурсты ұйымдастырушының әлеуетті жекеше әріптес енгізген кепілдік ақшалай жарнаны пайдалануына жол берілмейді.

      32. Конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді конкурсты ұйымдастырушы мынадай жағдайлардың бірі басталған кезде қайтармайды:

      1) әлеуетті жекеше 1-әріптес конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткеннен кейін конкурстық өтінімді кері қайтарып алған, өзгерткен немесе толықтырған жағдайда;

      2) конкурстың жеңімпазы болып айқындалған әлеуетті жекеше 1-әріптес МЖӘ шартын жасасудан жалтарған жағдайда.

      33. Осы Қағидалардың 37-тармағында көзделген жағдайлардың бірі орын алған кезде конкурстық өтінімді қамтамасыз ету сомасы конкурсты ұйымдастырушының кірісіне есептеледі.

      34. Конкурсты ұйымдастырушы әлеуетті жекеше 1-әріптеске өзі енгізген конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайлардың бірі басталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қайтарады:

      1) осы әлеуетті жекеше 1-әріптес конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін өзінің конкурстық өтінімін кері қайтарып алғанда;

      2) жекеше 1-әріптес айқындау жөніндегі конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қою. Аталған жағдай жекеше 1-әріптес анықтамасы бойынша конкурсқа қатысушылар деп танылған әлеуетті жекеше 1-әріптестерге қолданылмайды;

      3) жекеше 1-әріптесті айқындау жөніндегі конкурстың қорытындылары туралы хаттамаға қол қою. Көрсетілген жағдай жекеше 1-әріптесті айқындау жөніндегі конкурстың жеңімпазы болып айқындалған жекеше 1-әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа қатысушыға қолданылмайды;

      4) МЖӘ шартының күшіне енуі;

      5) әлеуетті жекеше 1-әріптесті конкурстық құжаттамада белгіленген 1-ші конкурстық өтінімінің қолданылу мерзімі өткеннен кейін жүзеге асырылады.

9-тарау. Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттарды ресімдеу және енгізу тәртібі

      35. Конкурстық өтінімді әлеуетті жекеше 1-әріптес жекеше 1-әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарламада көрсетілген тәртіппен электрондық түрде ұсынады.

      36. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурсты ұйымдастырушыға әлеуетті жекеше 1-әріптестер не олардың уәкілетті өкілдері ұсынады.

      37. Конкурсты ұйымдастырушы:

      1) әлеуетті жекеше 1-әріптес атынан конкурстық өтінім берген әлеуетті жекеше 1-әріптес өкілінің өкілеттіктерін құжаттамалық растаудың болуын тексереді;

      2) конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін енгізілген конкурстық өтінімге өзгерістер мен толықтырулар қабылдайды;

      3) конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі өткенге дейін оны қайтарып алған жағдайда, конкурстық өтінімді қайтаруды қамтамасыз етеді.

10-тарау. Конкурстық өтінімді құрайтын құжаттарды және конкурсқа ұсынылатын өзге де құжаттарды жасау тіліне қойылатын талаптар

      38. Әлеуетті жекеше 1-әріптестің конкурстық өтінімі және конкурсқа ұсынылатын барлық өзге де құжаттар Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынылуға тиіс.

      39. Құжаттар мемлекеттік және орыс тілдеріне апостиль қойылған немесе заңдастырылған аударма қоса берілген жағдайда басқа тілде жасалуы және ұсынылуы мүмкін (әйтпесе құжат ұсынылмады деп танылады).

      40. Құжат бойынша ақпаратты түсіндіруге қатысты келіспеушіліктер болған жағдайда қазақ тілдегі құжаттар басымдыққа ие болады.

11-тарау. Конкурстық өтінімде есеп айырысу үшін қолданылатын валютаға қойылатын талаптар

      41. Конкурстық өтінімде көрсетілген барлық қаржылық көрсеткіштер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында есептеледі.

      Егер конкурстық өтінімде немесе конкурстық өтінімге қоса берілген құжаттарда қандай да бір мәліметтер өзге валютада көрсетілсе, Комиссия көрсетілген сомаларды салыстыру және бағалау мақсатында конкурстық өтінімдерді ашу күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің бағамы бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына қайта есептейді.

12-тарау. Конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі

      42. Конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі - Астана қ. (Қазақстан Республикасы) уақыты бойынша сағат__: 00-ге дейін) "___" __________ 20___ж.

13-тарау. Конкурстық өтінімнің қолданылу мерзімі

      43. Конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді қоса алғанда, конкурстық өтінімнің қолданылу мерзімі конкурстық өтінімдер қаралған күннен бастап кемінде күнтізбелік 90 (тоқсан) күнді құрайды.

      44. Конкурстық өтінімнің қолданылу мерзімі конкурстық өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімінен аспауға тиіс. Асып кеткен жағдайда конкурстық өтінім қабылданбайды.

      45. Егер конкурстық өтінімнің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін мемлекеттік әріптес және конкурстық өтінімі үздік деп айқындалған бірінші әлеуетті жекеше әріптес МЖӘ жобасын және МЖӘ шартының талаптарын нақтылау жөніндегі келіссөздерді аяқтамаған жағдайда, бірінші әлеуетті жекеше әріптес комиссия шешімінің негізінде конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді қоса алғанда, өзінің конкурстық өтінімінің қолданылу мерзімін ұзартады.

      46. Конкурстық өтінімнің қолданылу мерзімін ұзарту үшін әлеуетті жекеше 1-әріптес конкурсты ұйымдастырушының атына жаңа кезеңге қамтамасыз етуді (егер кепілдік қамтамасыз ету болып табылса), сондай-ақ онда көрсете отырып, жазбаша хабарлама жібереді:

      1) өзі берген конкурстық өтінімнің қолданылу мерзімін ұзартуға келісімін білдіреді;

      2) конкурстық өтінімнің қолданылу мерзімі ұзартылған мерзім;

      3) осы құжатқа қол қойылған күн;

      4) әлеуетті жекеше 1-әріптестің немесе оның уәкілетті өкілінің қолы және әлеуетті жекеше 1-әріптестің мөрі.

14-тарау. Конкурстық өтінімдерді ашу, қарау және іріктеу

      47. Конкурстық құжаттамаға 2-қосымшада көрсетілген мерзімде конкурстық өтінімдерді ашу (МЖӘ веб-порталында конкурсты ашу) жүзеге асырылады.

      48. Комиссия барлық конкурстық өтінімдерді қарайды.

      Егер бір ғана конкурстық өтінім ұсынылған жағдайда, осы өтінімді комиссия осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес қарайды.

      49. Конкурсқа қатысушылардың конкурстық өтінімдерін қарау кезінде Комиссия:

      1) конкурстық өтінімдерді толықтығы және тиісті ресімделуі тұрғысынан зерделейді;

      2) конкурсқа қатысушыларға конкурстық өтінімдерді қарауды, бағалауды және салыстыруды жеңілдету үшін олардың конкурстық өтінімдеріне байланысты материалдар мен түсініктемелер беру туралы сұрау салулар жібереді;

      3) конкурстық өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында тиісті мемлекеттік органдарға, жеке және заңды тұлғаларға қажетті ақпарат беру туралы сұрау салулар жібереді.

      Конкурстық өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау шеңберінде енгізілген конкурстық өтінімнің мазмұнын өзгертуге немесе толықтыруға жол берілмейді;

      4) конкурстық өтінімдер ашылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде МЖӘ веб-порталында жасалған МЖӘ жобасы бойынша конкурстық өтінімдерді алдын ала қарау хаттамасына қол қояды.

      Конкурстық өтінімдерді алдын ала қарау хаттамасында:

      конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес конкурстық өтінімдер берген әлеуетті жекеше әріптестердің тізбесі;

      өтінімдері ресімдеу бөлігінде конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті жекеше әріптестердің тізбесі;

      конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес ұсынылуы және (немесе) келтірілуі қажет құжаттардың тізбесі;

      құжаттарды ұсыну мерзімі, бірақ 5 (бес) жұмыс күнінен аспайды.

      Конкурстық өтінімдерді алдын ала қарау хаттамасы МЖӘ веб-порталында жарияланады. Әлеуетті жекеше әріптес хаттамада белгіленген мерзімнен кейін ұсынған құжаттама қабылданбайды. Конкурстық өтінімдерді алдын ала қарау хаттамасының талаптарын орындау барысында енгізілген конкурстық өтінімнің мазмұнын өзгертуге және (немесе) толықтыруға жол берілмейді;

      5) конкурстық өтінімдерді ашқан күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде оларды осы конкурстық құжаттамаға 2-қосымшаға сәйкес үздік конкурстық өтінімді айқындау өлшемшарттарына сәйкес бағалайды;

      6) үздік конкурстық өтінімді анықтайды.

15-тарау. Конкурстық өтінімдерді іріктеу критерийлері

      50. Конкурстық өтінімдерді қарауды және іріктеуді МЖӘ жобасының конкурстық құжаттамасына 4-қосымшада келтірілген үздік конкурстық өтінімді іріктеу критерийлері мен бағалау параметрлері ескеріле отырып, комиссия жүзеге асырады.

      Критерийлер олардың әрқайсысы бойынша тиісті балл (үлестік және пайыздық мән) беру арқылы бағаланады.

16-тарау. Бірінші әлеуетті жеке әріптеспен келіссөздер, МЖӘ шартын жасасу

      51. Конкурстық өтінімі үздік деп танылған бірінші әлеуетті жекеше 1-әріптес пен комиссия МЖӘ жобасын және МЖӘ шартының талаптарын нақтылау бойынша келіссөздер жүргізеді.

      52. Келіссөздер жүргізуге дайындық кезеңінде МЖӘ жобасы мен МЖӘ шарты бойынша ескертулер мен ұсыныстарды комиссия бірінші әлеуетті жекеше 1-әріптеске жазбаша нысанда жібереді.

      Келіссөздер жүргізу қорытындысы бойынша комиссия шешім қабылдайды.

      53. Келіссөздер барысында конкурс шарттарына өзгерістер енгізуге жол берілмейді.

      54. Егер конкурстық өтінім үздік деп танылған әлеуетті жекеше 1-әріптес комиссияның ескертулері мен ұсыныстарына сәйкес конкурстық өтінімді және МЖӘ шартының талаптарын талқылаудан және нақтылаудан бас тартса не оның ұсыныстары конкурс талаптары тұрғысынан қолайсыз деп табылса, онда комиссия бұл конкурстық өтінімді қарамайды және үздік конкурстық өтінімді қайта таңдайды.

      Бұл ретте комиссияның мұндай конкурстық өтінімді үздік деп тану туралы шешімі жойылады және осы бірінші әлеуетті жекеше 1-әріптес конкурстың жеңімпазы болып танылмайды.

      55. Конкурстық өтінімі үздік деп танылған конкурсқа қатысушы конкурстың жеңімпазы болып танылады.

      56. Конкурс қорытындысы бойынша комиссияның шешімімен конкурстық өтінім бекітіледі, ал өтініш беруші жекеше 1-әріптесті айқындау жөніндегі конкурстың жеңімпазы болып танылады.

      57. Комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді.

      58. МЖӘ шартын жасасу мерзімі конкурс қорытындылары шығарылған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайды.

  Білім беру саласындағы
МЖӘ жобасының Үлгілік
конкурстық құжаттамасына
1-қосымша

      Нысан

МЖӘ жобасын сипаттайтын ақпараттық парақ

МЖӘ жобасының атауы

"Мектепті салу және пайдалану________________(орта білім беру ұйымының атауын көрсету) __________ (елді мекеннің атауы мен орналасқан жерін көрсету)"

МЖӘ жобасының қысқаша сипаттамасы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 30 қарашадағы қаулысымен бекітілген "Жайлы мектеп" білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде (төртінші механизм) орта білім беру ұйымдарының объектілерін салу және пайдалану

Мемлекеттік әріптес

__________ (мемлекеттік әріптестің толық атауын, орналасқан жерін көрсету)
Бизнес сәйкестендіру нөмірі: __________
Банк деректемелері: __________

Жобаның мақсаттары мен міндеттері

орта білім беру ұйымдарындағы апатты мектептерді, үш ауысымды оқытуды және оқушы орындарының тапшылығын жою

Жобаны іске асыру саласы (Саласы)

орта білім

Жоба деңгейі

жергілікті

Нысанның қуаты

_______________ оқушы орындары

МЖӘ объектісінің орналасқан жері

Қазақстан Республикасы, __________________ (елді мекеннің атауы мен орналасқан жерін көрсету), __________ (мекен-жайы немесе орналасқан жерінің сипаттамасы)

Инвестициялық кезең (МЖӘ объектісін салу мерзімі)

___ ай

Пайдалану кезеңі

_______________ ай

МЖӘ жобасының құны

Инвестициялық шығындар: __________ теңге, оның ішінде:
құрылыс-монтаж жұмыстары - __________ теңге;
жабдық - __________ теңге;
басқа шығындар - __________ теңге.
пайдалану шығындары: ___________________теңге

Мемлекеттік қолдаудың түрлері мен көлемдері және шығындарды өтеу және кіріс көздері

1) ғимаратты амортизациялауға арналған шығыстардың 1-жеке әріптеске төлемдері мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде құрылыс жолымен енгізілген әрбір жаңа оқушы орны үшін есептелген мөлшерде ғимараттың амортизациясына шығыстарды 1-жеке серіктеске төлеу Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 597 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеуде № 16137 болып тіркелген) Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесінің 6 тармағы, 2) тармақшасына сәйкес жобалық қуатын және ЖСҚ бойынша осындай объектіні салу құнын ескере отырып, әрбір жаңа оқушы орны үшін есептелген мөлшерде;
2) жекеше 1-әріптеске жер учаскесіне уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығын беру және МЖӘ объектісіне тиісті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жүргізу.
Осы бөлімнің 1) – 2) тармақшаларында қарастырылған бюджет қаражаты есебінен төленетін төлемдердің жиынтық көлемі объектіні пайдалануға берудің тиісті жылына белгіленген орта білім беру ұйымының тиісті объектісіне Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес есептелген қаражат көлемінен аспауға тиіс.

Байланыс деректері

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), лауазымы, телефоны және электронды поштасы көрсетіледі

  Білім беру саласындағы
МЖӘ жобасының Үлгілік
конкурстық құжаттамасына
2-қосымша

      Нысан

Негізгі іс-шаралар


р/с

Іс-шаралардың атауы

Іс-шараларды өткізу мерзімдері (уақыты мен күні Қазақстан Республикасы, Астана қ., уақыты бойынша белгіленген)

1

Конкурсты ұйымдастырушының жекеше 1-әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарламаны өзінің интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде орналастыруы, сондай-ақ жекеше 1-әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарламаны және МЖӘ веб-порталында қазақ және орыс тілдерінде конкурстық құжаттаманы орналастыруы.

"___" __________ 20___ж.
(конкурс өткізілетін күнге дейін кемінде 20 (жиырма) күн бұрын, ал қайталау конкурсын өткізу кезінде – кемінде 15 (он бес) күн бұрын)

2

Конкурстық құжаттаманы түсіндіру

хабарлама орналастырылған күннен бастап конкурстық өтінімдерді ашу күніне дейін 5 (бес) жұмыс күніне дейінгі мерзімде

3

Әлеуетті жекеше 1-әріптестердің Заңның 32-бабында қарастырылған қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжатты ұсынуы

сағат ___:00-ден кешіктірмей
"___" __________ 20___ ж.
(конкурс жарияланғаннан кейін кемінде 15 (он бес) күн)

4

Конкурсты ұйымдастырушының әлеуетті жекеше 1-әріптестердің біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалауды жүргізу арқылы біліктілік іріктеуді жүзеге асыруы.

құжаттарды ұсыну мерзімі аяқталған сәттен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде

5

Конкурсты ұйымдастырушының әлеуетті жекеше әріптестерді біліктілік іріктеу нәтижелерін жариялауы

біліктілік іріктеу аяқталған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде

6

Әлеуетті жекеше 1-әріптес конкурстық өтінімді әзірлейді және енгізеді, сондай-ақ конкурстық өтінімді қамтамасыз етеді.

МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасының көшірмесін алған сәттен бастап сағат ___:00-ге дейін

7

Комиссияның конкурстық өтінімдерді қарауы

өтінімдер ашылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде

8

Конкурстық өтінімдерді ашу хаттамасын жариялау

Комиссияның тиісті отырысы өтетін күннен кейінгі 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей

9

МЖӘ жобасын және МЖӘ шартының талаптарын нақтылау бойынша конкурстық өтінімі үздік деп танылған әлеуетті жекеше 1-әріптеспен комиссияның келіссөздер жүргізуі, келіссөздердің тиісті хаттамасын ресімдеу

"___" __________ 20___ж. ___: 00 сағат

10

Байқау жеңімпазын анықтау

"___"__________20___ж. кеш емес

11

Конкурсты ұйымдастырушының комиссия шешімі негізінде конкурс жеңімпазымен МЖӘ шартын жасасуы

конкурс қорытындылары шығарылған күннен бастап 30 (отыз) күннен аспайды

12

Конкурсты ұйымдастырушының конкурс нәтижелері туралы мәліметтерді өзінің ресми интернет-ресурсында мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастыруы

МЖӘ шартын жасасқаннан кейін _____________________ (жазумен көрсетілсін) күн ішінде.

  Білім беру саласындағы
МЖӘ жобасының Үлгілік
конкурстық құжаттамасына
3-қосымша

      Нысан

Әлеуетті жекеше 1-әріптестің біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар тізімі

      Әлеуетті жекеше 1-әріптестер Заңның 32-бабында қарастырылған біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) шоттарда ақшаның болуын, әлеуетті жекеше 1-әріптестің меншік құқығын растайтын құжаттардың түпнұсқалары немесе нотариат куәландырған көшірмелері жылжымайтын және жылжымалы мүліктің құны;

      2) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына не халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес жасалған алдыңғы екі толық қаржы жылы үшін қаржылық есептіліктің түпнұсқасы. Еншілес ұйымдары бар ұйымдар негізгі ұйымның қызметі бойынша қаржылық есептілікке қосымша Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына не халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасайды және ұсынады;

      3) әлеуетті жекеше 1-әріптестің бірінші басшысы немесе уәкілетті өкілі қол қойған және әлеуетті жекеше 1-әріптестің мөрімен куәландырылған соңғы есепті күнге (соңғы қаржы жылы үшін) "негізгі құралдар" бухгалтерлік балансының бабын таратып жазу;

      4) әлеуетті жекеше 1-әріптестің бірінші басшысы немесе уәкілетті өкілі қол қойған және әлеуетті жекеше әріптестің мөрімен куәландырылған соңғы есепті күнге (соңғы қаржы жылы үшін) дебиторлық және кредиторлық берешектің толық жазылуы, олардың құрылған күні мен болжамды өтелуі, сондай-ақ берешектің мақсаты (не үшін берешек пайда болған), есептелген резервтердің сомасы көрсетіле отырып, олардың құнсыздануы. Банктік қарыздар болған жағдайда негізгі борыш пен пайыздарды өтеу кестелері бар банктік қарыз шарттарының көшірмелерін қоса беру қажет;

      5) әлеуетті жекеше 1-әріптестің оның төлемге қабілетті екендігі, таратылуға жатпайтындығы, оның мүлкіне тыйым салынбағандығы, оның қаржы-шаруашылық қызметі тоқтатылмағандығы, заңды күшіне енген сот шешімі негізінде соңғы үш жыл ішінде МЖС шарттары бойынша міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылмағандығы туралы кепіл-хаты;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде міндетті аудит жүргізу белгіленген заңды тұлғалар да соңғы қаржы жылындағы аудиторлық есепті ұсынады;

      7) заңды тұлға қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда, заңды тұлға Жарғының нотариат куәландырған көшірмесін ұсынады. Қазақстан Республикасының бейрезиденттері мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріне аудармасымен нотариат куәландырған сауда тізілімінен заңдастырылған үзінді көшірмені ұсынады;

      8) тіркелген заңды тұлға, филиал немесе өкілдік туралы анықтама;

      9) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға дара кәсіпкер ретінде қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарламаны қабылдау туралы талон ұсынады;

      10) әлеуетті жекеше 1-әріптестің оның жекеше 2-әріптеспен консорциум шартын жасасуға, сондай-ақ МЖӘ үлгілік шартының талаптарында МЖӘ шартын жасасу келісімін растайтын хаты;

      11) әлеуетті жекеше 1-әріптеске қызмет көрсетілетін банктің немесе банк филиалының қолы мен мөрі бар анықтамасының түпнұсқасы. Әлеуетті жекеше 1-әріптес міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтаманы беру күнінің алдындағы үш айдан астам уақытқа созылатын, екінші деңгейдегі банктердегі және банктердегі бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарына сәйкес банктің немесе банк филиалының алдында мерзімі өткен берешегінің болмауы туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысымен бекітілген ипотекалық компаниялар. Егер әлеуетті жекеше 1-әріптес бірнеше Екінші деңгейдегі банктердің немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болса, осы анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады.

      "Қазақстан Республикасында кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кредиттік бюро ұсынатын кредиттік есепті ұсынуға жол беріледі.

      Банк анықтамасы (не кредиттік есеп) конкурсты ұйымдастырушыға құжаттарды ұсыну күнінің алдындағы екі айдан ерте берілмейді.

      Жеке және (немесе) заңды тұлғалар бірлестіктерінің конкурсқа жай әріптестік нысанында қатысқан жағдайда, оның қатысушылары өздерінің біліктілік талаптарын растау үшін осы Қағидаларда белгіленген құжаттардан басқа қосымша келесідей құжаттарды ұсынады:

      бірлескен қызмет туралы шарттың нотариат куәландырған көшірмесі;

      қарапайым әріптестік мүшелері арасында жасалған ортақ жауапкершілік туралы шарттың нотариат куәландырған көшірмесі;

      оның атынан сөз сөйлейтін қарапайым әріптестік өкіліне берілген сенімхаттың нотариат куәландырған көшірмесі конкурс шеңберінде келіссөздер мен басқа да іс-шараларды жүзеге асырады.

      Әлеуетті жекеше 1-әріптестер өз қалауы бойынша олардың біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын өзге де құжаттарды ұсынады.

      Әлеуетті жекеше 1-әріптес – Қазақстан Республикасының бейрезиденті оның біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін Қазақстан Республикасының резиденттері сияқты құжаттарды не конкурстық құжаттама тілдеріне нотариат куәландырған аудармасымен Қазақстан Республикасының әлеуетті жекеше әріптесі 1-бейрезидентінің біліктілігі туралы ұқсас мәліметтерді қамтитын құжаттарды, сондай-ақ резиденттіктің апостиль қойылған сертификатын (егер халықаралық шартта басқаша қарастырылмаса) ұсынады.

  Білім беру саласындағы
МЖӘ жобасының Үлгілік
конкурстық құжаттамасына
4-қосымша

      Нысан

Үздік конкурстық өтінімді іріктеу критерийлері және бағалау параметрлері

Өлшем атауы

Критерийдің шекті (базалық) мәні (100% құрайды)

Бағалау әдісі

Көрсеткіштің шартты белгісі

1

іске асырылған жобалардың тәжірибесі (МЖӘ объектісін ұстау пәні бойынша ұқсас объектілерді салу, құру, реконструкциялау, жаңғырту және/немесе пайдалану тәжірибесінің болуы (дербес не қатысушы ретінде өзге тұлғалармен бірлесіп)

іске асырылған жобалар саны

әрбір іске асырылған жоба үшін 1 балл қосылады

К1

2

жекеше 1-әріптес өзіне қабылдайтын тәуекелдер

МЖӘ шартына сәйкес тәуекелдерді бөлу

әлеуетті жеке әріптес қосымша қабылдаған әрбір тәуекел үшін 1 балл қосылады

К2

3

МЖӘ объектісінің құрылысына тартылатын жекеше 1-әріптестің меншікті қаражатының болуын растау (банктік қарыз шарты, банктік кепілдік, банктен хат)

жекеше 1-әріптес оның атына ашылған эскроу-шотқа Ұлттық жобаның 9-1-қосымшасының 8.1-тармағының 5) тармақшасында көзделген соманы аударады

Ұлттық жобаның 9-1-қосымшасының 8.1-тармағының 5) тармақшасында көзделген құрылыс құнының әрбір 1% үшін 2 балл қосылады

К3

4

МЖӘ объектісін салу мерзімдері

___ (санын көрсету) айлар

құрылыс мерзімін қысқартудың әрбір айы үшін 1 балл қосылады

К4

5

кадрлардағы жергілікті қамту үлесі

___ (санын көрсету) персоналдың штат санынан %

жергілікті қамтудың әрбір 10% өсуі үшін 1 балл қосылады

К5

6

тауарлардағы, жұмыстардағы және көрсетілетін қызметтердегі жергілікті қамтудың үлесі

___ (санын көрсету) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің %

жергілікті қамтудың әрбір 10% өсуі үшін 1 балл қосылады

К6

7

білікті мамандардың болуы:



К7

құрылыс қызметі саласында 5 жылдан астам жоғары білімі және жұмыс тәжірибесі бар

___ (санын көрсету) %

үлестің әрбір 10% өсуі үшін 1 балл қосылады

орта арнаулы білімі және 5 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар

___ (санын көрсету) %

үлестің әрбір 10% өсуі үшін 1 балл қосылады


Барлығы



бағалау

      Ескерту:

      "Бағалау" конкурстық өтінім критерийлерінің жалпы бағасы әрбір критерий бойынша алынған балдарды жинақтау жолымен айқындалады:

      бағалау = К1+К2 + К3+К4+К5+К6 + К7,

      мұнда:

      К1-бұл жағдайда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы объектілерді салу бойынша іске асырылған жобалардың тәжірибесі ескеріледі. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында іске асырылған жобалардың тәжірибесі болмаған жағдайда, әлеуетті жекеше 1-әріптес ұсынған конкурстық өтінімді бағалау, осы өлшем бойынша "нөлге" теңестіріледі;

      К2-жекеше әріптес қосымша қабылдаған және (немесе) берген тәуекелдер болмаған жағдайда, әлеуетті жекеше әріптес ұсынған конкурстық өтінімді бағалау осы өлшем бойынша "нөлге" теңестіріледі;

      К3-осы өлшем бойынша базалық көрсеткіш Ұлттық жобаның 9-1-қосымшасының 8.1-тармағының 5) тармақшасында көзделген құрылыс құнының кемінде 5 (бес) пайызы мөлшерінде меншікті қаражаттың болуы болып табылады;

      К4-МЖС объектісін салу мерзімі 1 айға қысқартылған жағдайда, әлеуетті 1-жекеше әріптес ұсынған конкурстық өтінімді бағалау осы өлшем бойынша "1" балға теңестіріледі;

      К5 - әлеуетті жекеше 1-әріптес ұсынған критерийдің мәні критерийдің шекті мәнімен сәйкес келген жағдайда, осы критерий бойынша бағалау "нөлге" теңестіріледі;

      К6 - әлеуетті жекеше 1-әріптес ұсынған критерийдің мәні критерийдің шекті мәнімен сәйкес келген жағдайда, осы критерий бойынша бағалау "нөлге" теңестіріледі;

      К7 - әлеуетті жекеше 1-әріптес ұсынған критерийдің мәні критерийдің шекті мәнімен сәйкес келген жағдайда, осы критерий бойынша бағалау "нөлге" теңестіріледі.

  Білім беру саласында жеке
әріптесті айқындау және
мемлекеттік-жекешелік
әріптестік шартын
жасасу қағидаларына
2-қосымша

МЖӘ жобасын басқарудың институционалдық схемасы

      МЖӘ бағдарламалық жобасын іске асыру жоспары келесі кезеңдерді қамтиды:

      1) инвестициялық кезең;



      2) пайдалану кезеңі.



  Білім беру саласында жеке
әріптесті айқындау және
мемлекеттік-жекешелік
әріптестік шартын
жасасу қағидаларына
3-қосымша

Қаржы-экономикалық модель

Ағындар

Ескерту

1. Шығындар

Құрылыс


% сыйақылар


ҚҚС


Операциялық бөлім, оның ішінде:


1) еңбекақы төлеу қоры


2) пайдалану шығындары (тазалау, инженерлік жүйелер, қорғау)


3) косметикалық жөндеу


4) материалдық-техникалық қордың ағымдағы мазмұны


5) оқыту


6) мүлік салығы


7) жер салығы


8) оқу-әдістемелік кешенді және кітапхана қорын жаңарту


9) басқа шығындар


10) тамақтану


11) жалпы оқыту


2. Кірістер

Мемлекеттік білім беру тапсырысы – операциялық бөлім


Амортизациялық компонент А2


Операциялық қызметтен ақша ағындары


Есепті кезеңнің соңындағы ақша


  Білім беру саласындағы
жекеше әріптесті айқындау
және мемлекеттік-жекешелік
әріптестік шартын
жасасу қағидаларына
4-қосымша

Білім беру саласында мемлекеттік-жекешелік әріптестік консорциум құру арқылы Үлгі шарт

      ____________ (елді мекеннің атауын және орналасқан жерін көрсету) 20__жылғы "___" _____________ (жасалған күнін көрсету) бұдан әрі Мемлекеттік әріптес деп аталатын ____________________ негізінде әрекет ететін (тұлғаның өкілеттіктерін белгілейтін құжаттың атауы мен деректемелерін көрсету) ___________________________________ (уәкілетті тұлғаның лауазымы, Т.А.Ә. (болған жағдайда)) бір тараптан және бұдан әрі жекеше 1-әріптес деп аталатын ________ атынан (заңды, жеке тұлға және басқаларын көрсету) ____________________________________________ (тұлғаның өкілеттіктерін белгілейтін құжаттың атауы мен деректемелерін көрсетун көрсету) негізінде әрекет ететін ______________ екінші тараптан (уәкілетті тұлғаның лауазымы, Т.А.Ә. (болған жағдайда) және бұдан әрі жекеше 2-әріптес деп аталатын ________ атынан (заңды, жеке тұлға және басқаларын көрсету) ____________________________________________ (тұлғаның өкілеттіктерін белгілейтін құжаттың атауы мен деректемелерін көрсетун көрсету) негізінде әрекет ететін ______________ үшінші тараптан (уәкілетті тұлғаның лауазымы, Т.А.Ә. (болған жағдайда), бұдан әрі бірлесіп Тараптар, жеке алғанда Тарап деп аталатындар Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 30 қарашадағы № 963 Үкімет қаулысымен бекітілген "Жайлы мектеп" (бұдан әрі-ұлттық жоба), білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобаны назарға ала отырып Конкурстық комиссияның немесе тікелей келіссөздер қорытындысы бойынша (Келіссөздер
      хаттамасы) ______________________________________ (комиссияның толық атауын көрсету) 20__ жылғы "___"________________________________ № ____ шешіміне сәйкес Білім беру саласында (балабақша) салуға және пайдалануға МЖӘ Үлгілік шартын жасасты.

1-тарау. Шартта қолданылатын ұғымдар

      1. Осы Шартта мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) ағымдық жөндеу – алдын алу іс-шараларын жүргізу және ұсақ зақымдар мен ақаулықтарды жою арқылы ғимараттар мен инженерлік жабдықтың бөліктерін жүйелі және уақытында сақтауға бағытталған, ғимараттардың құрылымдары мен инженерлік жабдықтың жүйелерінің дұрыстығын (жұмысқабілеттілігін) қалпына келтіру бойынша техникалық іс-шаралардың кешені.

      2) ақау – тауарлардың, көрсетілетін қызметтер мен жұмыстардың ақаулық ұпай беруге әкеп соққан шарт талаптарына сәйкес келмеуі;

      3) кепілдік – жекеше 1-әріптес Мемлекеттік әріптеске осы шарттың 5-тарауына сәйкес, Шартты мемлекеттік тіркегеннен кейін ұсынатын кепілдік.

      4) жекеше 1-әріптес – мемлекеттік заңды тұлғаларды, сондай-ақ жарғылық капиталға қатысу үлестерінің немесе дауыс беретін акцияларының елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді және акционерлік қоғамдарды қоспағанда, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасқан дара кәсіпкер, жай серіктестік, консорциум немесе заңды тұлға;

      5) жекеше 2-әріптес – ұлттық жобаны іске асыруға қатысатын ұлттық жобаға сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен жеке орта білім беру ұйымдарының тізбесіне енгізілген білім беру ұйымы.

      6) жер учаскесі – шарт талаптарына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін (бұдан әрі – МЖӘ объектісі) салу үшін қажетті жер учаскесі

      7) жобалау-сметалық құжаттама – МЖӘ объектісін салу үшін сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамаға сәйкес әзірленуі және бекітілуі талап етілетін құжаттама.

      8) жұмыстардағы (көрсетілетін қызметтердегі) жергілікті қамту – жұмыстардағы (қызметтердегі), шарттың және/немесе Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жұмыскерлердің еңбекақысын төлеу құнында, жұмысты орындау кезінде пайдаланылатын тауарлар құнын және қосалқы мердігерлер шарттарының бағаларын шегерумен, жұмысты орындауға немесе қызмет көрсетуге арналған шарт бойынша жұмысты (көрсетілетін қызметті) өндірушінің еңбекақысын төлеу қорында жергілікті қамту құнының жалпы жиынтық үлесі.

      9) қадрлардағы жергілікті қамту – жұмысшылар мен қызметшілерді әрбір санат бойынша бөлумен, келісімшартты орындау кезінде тартылған персоналдың жалпы санына қатысты пайызбен алынған қазақстандық кадрлардың саны.

      10) мемлекеттік әріптес – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы;

      11) тауарлардағы жергілікті қамту – пайдаланылатын жергілікті материалдар құнының және Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын тауарларды өндірушінің тауарды қайта өңдеуге жұмсаған шығындарының тауардың түпкілікті құнындағы пайыздық мазмұны;

      12) техникалық қадағалау – шартқа, Жобалау-сметалық құжаттамаға және заңнамаға сәйкес, жекеше 1-әріптестің құрылыс жұмыстарын орындауы бойынша бақылауды жүзеге асыратын тұлға;

      13) қаржылық жабу – әлеуетті жекеше әріптеспен немесе жекеше 1-әріптеспен Инвестициялық кезеңде МЖӘ жобасын іске асыру үшін қажетті қарыз қаражатын тартуға және олар бойынша қаржыландыруды алудың қолжетімділігіне жеке немесе заңды тұлғалармен, олардың бірлестіктерімен келісімдер, шарттар жасалуы.

2-тарау. Қолданылатын заңнама

      2. Үлгілік шарттың негізінде қол қойылған Үлгілік шарт және басқа да мәмілелер үшін Қазақстан Республикасының заңнамасы қолданылады. Егер жекеше 1-әріптес Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылған жағдайда, онда шарт бойынша қолданылатын заңнаманы шарт тараптары айқындайды.

      3. Үлгілік шарт бойынша құқықты беруге бағытталған мәмілелер бойынша құқықтар мен міндеттерге Қазақстан Республикасының заңнама қолданылады.

      4. Жекеше 1-әріптес Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау саласында қабылдаған халықаралық міндеттемелерді орындау міндеттемесін өзіне алады.

      5. Егер олар Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық Үлгілік шарттарға қайшы келмесе, заңнаманың нормалары қолданылады.

3-тарау. Шарттың нысанасы және МЖӘ объектісі.

      6. Шарттың нысанасы - Тараптардың орта білімнің қолжетімділігі проблемаларын кешенді шешу үшін МЖӘ объектісін нысаналы мақсатына сәйкес салу, техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ пайдалануға бағытталған Тараптардың қатынастарын реттеу болып табылады.

      7. Жекеше 1-әріптес __________ (елді мекеннің атауы мен орналасқан жері) __ _ орындық мектеп салуды жүзеге асырады, оны жекеше 2-әріптестің үлестік меншігіне береді және оған Шартта айқындалған тәртіппен және талаптарға сай техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады. Жекеше 2-әріптес білім беру қызметін жүзеге асырады және консорциум құру арқылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде құрылыс арқылы енгізілген әрбір жаңа оқушы орны үшін есептелген мөлшерде ғимараттардың амортизациясына арналған шығыстар төлемін жекеше 1-әріптеске аударады.

      Консорциум шарты Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады, бұл ретте жекеше әріптесті айқындау және шарт жасасу қағидаларының 5-тармағының 4), 7), 9), 10) және 12) тармақшаларында және 81-тармағында көзделген міндетті талаптарды қоспағанда, оның талаптарын жекеше 1-әріптес пен жекеше 2-әріптес дербес айқындайды.

      8. МЖӘ объектісінің сипаттамасы салынатын МЖӘ объектісінің қуаты, құрылымы және техникалық көрсеткіштері шартқа 1-қосымшада көрсетілген.

      Жекеше әріптес жақсартылған сипаттамаларды ескере отырып, егер бұл МЖӘ объектісінің пайдалану мерзімдерін ұлғайтуға әкеп соқпаса, МЖӘ жобасын іске асыру шеңберінде көрсетілетін қызметтердің көлемін немесе сапасын төмендетпесе, сондай-ақ шартта айқындалған ғимараттарды амортизациялауға арналған шығыстарды төлеу мөлшері мен мерзімдерін ұлғайтпаған жағдайда МЖӘ объектісінің параметрлерін өзгерте алады.

      9. Мемлекеттік әріптес Шарт жасасқан кезде МЖӘ объектісін салу болжанатын, Шартқа сәйкес меншік және пайдалану құқығы жекеше 1-әріптеске берілетін жер учаскесі мемлекеттік мүлік болып табылатынына кепілдік береді, үшінші тұлғалардың құқықтарымен және (немесе) талаптарымен ауыртпалық салынбағанына, нысаналы мақсаты, жер учаскесінің параметрлері осы Шартқа сәйкес келеді (меншік құқығын куәландыратын құжаттардың көшірмелері және (немесе) түпнұсқалары қоса беріледі), МЖӘ объектісін салуды және пайдалануды жүзеге асыру үшін қажетті инжеренерлік коммуникациялар жер учаскесінің шекарасына дейін келтірілген.

      10. Мемлекеттік әріптес туралы мәліметтер:

      ___________________________________________________________

      (уәкілетті мемлекеттік органның атауы)

      Заңды мекенжайы: __________

      Телефон __________

      Пошта мекенжайы __________.

      11. МЖӘ жобасын жүзеге асыру кестесінің нысаны Шартқа 2-қосымшада көрсетілген.

      12. МЖӘ жобасын іске асырудың қаржы-экономикалық жоспарының нысаны Шартқа 3-қосымшада көрсетілген.

      13. Жекеше 1-әріптестің Шарттан туындайтын немесе Шартқа сәйкес берілген барлық құқықтары, өкілеттіктері мен міндеттері Шарттың қолданылуы ішінде жекеше 1-әріптес үшін ерекше болып табылады және мемлекеттік әріптес Шарттың қолданылуы кезеңінде жекеше 1-әріптестің Шарт бойынша осы құқықтарын немесе міндеттемелерін кез келген өзге тұлғаға жекеше 1- әріптестің жазбаша келісімінсіз бермеуге міндеттенеді.

4-тарау. Шарттың айтарлықтай талаптары

      14. Шарттың айтарлықтай талаптары:

      1) МЖӘ объектісінің орналасқан жері;

      2) уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығы актісіне сәйкес МЖӘ жобасы бойынша жер учаскесінің ауданы;

      3) МЖӘ объектісінің қуаты - ___ орын;

      4) құрылыс жұмыстарын көрсету сапасы.

      15. Шарттың айтарлықтай талаптары өзгертуге жатпайды.

5-тарау. Кепілдік

      16. Шартты тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жекеше 1-әріптестің кепілдігін есепке алу үшін оның атына эскроу-шот ашу туралы банк, жекеше 1-әріптес және мемлекеттік әріптес арасында үш жақты шарт жасалады.

      17. Жекеше 1-әріптеске қойылатын кепілдік талаптары:

      1) эскроу-шотқа Ұлттық жобаның 9-1-қосымшасының 8.1-тармағының 5) тармақшасында көзделген соманы аударады;

      2) МЖӘ объектісінің нөлдік құрылыс салу циклі аяқталған күнге дейін немесе Шарттың бұзылған күніне дейін жекеше 1-әріптестің эскроу-шоты бойынша шығыс операцияларын жасау құқығын шектеу;

      3) Жекеше 1-әріптес Шарттың 19-тармағында көрсетілген алдын ала талаптарды бұзуының кез келген жағдайында, сондай-ақ Шарт бойынша құрылыс міндеттемелері тіркелген күннен бастап МЖӘ объектісінің нөлдік құрылыс салу циклі аяқталған күнге дейін немесе Шарттың қайсысы бұрын басталғанына қарай бұзылған күнге дейін мемлекеттік әріптеске кепілдік сомасын аудару;

      4) кепілдік эскроу-шот ашу туралы шарттың қолданылу мерзімі шегінде қолданылады.

      Шарттың осы тармағында көзделген нөлдік цикл деп нөлге қабылданатын шартты жобалық белгіден төмен орналасқан МЖӘ объектісінің бөліктерін салу жөніндегі құрылыс-монтаж жұмыстарының кешені түсініледі.

6-тарау. Алдын ала талаптар

      18. Тараптар Шарттың 19 және 20-тармақтарында көрсетілген алдын ала талаптарды Шарт тіркелген күннен бастап 2 (екі) айдан кешіктірмей орындайды.

      19. Жекеше 1-әріптестің алдын ала талаптары:

      1) қарыз қаражаттарын тарту кезінде қаржыландыру шарттарын жасау және қаржыландыру шарттарында қарастырылған барлық талаптарды сақтау және мемлекеттік әріптеске барлық қосымшаларды, ілеспе құжаттарды қоса алғанда, қол қойылған қаржыландыру шарттарының куәландырылған көшірмелерін, сондай-ақ қаржыландыру шарттары өзгерген кезде барлық қосымшаларды, ілеспе құжаттарды қоса алғанда, жасалған қосымша келісімдердің көшірмелерін тиісті түрде тапсыру;

      2) МЖӘ жобасының параметрлерін ескере отырып, қолда бар ЖСҚ-ны МЖӘ объектісінің нақты алаңына бекіту жүзеге асыру:

      жекеше 1-әріптес заңнамаға және нормативтік-техникалық құжаттамаға сәйкес тиісті лицензиялары бар орындаушыларды тарта отырып, МЖӘ объектісінің құрылысы басталғанға дейін осы құжатқа қатысты қажетті келісімдерді ала отырып, ЖСҚ-ны байланыстыруды жүзеге асырады

      ЖСҚ-да Шарттың 1-қосымшасына сәйкес МЖӘ объектісіне қойылатын талаптар сақталады;

      3) құрылысқа қажетті барлық рұқсаттарды алу және олардың көшірмелерін мемлекеттік әріптеске тапсыру;

      4) Мемлекеттік әріптеске жобалау және құрылыс талаптарына сәйкес құрылыс жұмыстарын бастау және іске асыру үшін қажетті сақтандыру өтемін растайтын сақтандыру шарттарының көшірмелерін тапсыру.

      20. Мемлекеттік әріптестің алдын ала талаптары:

      1) жекеше 1-әріптеске МЖӘ шарты тіркелген күннен кейін 2 (екі) ай ішінде жер учаскесін беру;

      2) 10 жұмыс күні ішінде келісу үшін жекеше 1-әріптес тапсырған ЖСҚ-ны қарау.

      21. Жекеше 1-әріптес тіркеу күнінен кейін бір ай ішінде шарттың 19-тармағында көрсетілген шарттың алдын ала талаптарын орындамаған жағдайда, Тараптар орындалмаған алдын ала талаптарды қалай орындау керектігін шешу мақсатында кездесу өткізуге міндеттенеді.

      Егер Тараптар Тіркеу күнінен 2 ай өткенге дейін келісімге қол жеткізе алмаса:

      1) егер қандай да бір талап жекеше 1-әріптестің, оның ішінде қаржылық ұйымның кінәсі бойынша орындалмаса:

      Мемлекеттік әріптес жекеше 1-әріптеске бұзу күніне дейін 10 күнтізбелік күн бұрын хабарлама жолдап, шартты бұзады, алайда осы кезең ішінде жекеше 1-әріптес мемлекеттік әріптесті орындалмаған талаптардың орындалғаны туралы хабардар етіп, ал мемлекеттік әріптес осыған көз жеткізген жағдайда шарт бұзылмайды;

      осы тармақшаға сәйкес шартты бұзған жағдайда мемлекеттік әріптес шеккен залалдар мен шығыстардың мөлшері кепілдік сомасы болып есептеледі және мемлекеттік әріптес кепілдік бойынша талаптарды қойып толық көлемде өтеп алады;

      2) егер қандай да бір талап мемлекеттік әріптестің кінәсі бойынша орындалмаса:

      жекеше 1-әріптес мемлекеттік әріптеске бұзу күніне дейін 20 күнтізбелік күн бұрын хабарлама жолдап, шартты бұзады, алайда осы кезең ішінде мемлекеттік әріптес жекеше 1-әріптесті орындалмаған талаптардың орындалғаны туралы хабардар еткенде және жекеше 1-әріптес осыған көз жеткізген жағдайда шарт бұзылмайды;

      осы тармақшаға сәйкес шартты бұзған жағдайда мемлекеттік әріптес жекеше 1-әріптеске кепілдікті қайтарады;

      3) егер қандай да бір талап еңсерілмейтін күш (форс-мажор) жағдаяттарымен байланысты орындалмаса:

      кез келген Тарап бұзу күніне дейін 10 күнтізбелік күн бұрын өзге Тарапқа хабарлама жолдап, шартты бұза алады;

      осы тармақшаға сәйкес шартты бұзған жағдайда жекеше 1-әріптеске эскроу-шоттағы кепілдік сомасы қайтарылады.

7-тарау. Жекеше 1-әріптеске жер учаскесін беру тәртібі

      22. Мемлекеттік әріптес Тіркеу күнінен бастап 2 ай ішінде жекеше 1-әріптеске уақытша өтеусіз жер пайдалануға жер учаскесін беру үшін заңнамаға сәйкес барлық қажетті шараларды қабылдауға міндеттенеді. Жер учаскесін беру күніне МЖӘ объектісін салу және пайдалану үшін қажетті инженерлік коммуникациялар жер учаскесінің шекарасына дейін жүргізілуі тиіс.

      23. Тараптар жекеше 1-әріптес МЖӘ объектісін салу үшін жер учаскесі алынған адамның қандай да бір өтемақысын, оңалтуын және қоныс аударуын төлеу бойынша міндеттемелер немесе жауапкершілік көтермейтініне келіседі, ал мемлекеттік әріптес жекеше 1-әріптестің өтініші бойынша осындай жер мәселелеріне қатысты үшінші тұлғалармен қозғалған кез келген талаптар мен сот істері бойынша жекеше 1-әріптестің тарапында болатындығын келіседі.

      24. Мемлекеттік әріптес тарапынан МЖӘ объектісінің құрылысы үшін жер учаскесін беру кідірген жағдайда, жекеше 1-әріптес мемлекеттік әріптеске міндеттемелердің орындалмауы туралы хабарлама жолдайды.

      25. Мемлекеттік әріптес міндеттемелердің орындалмауы туралы хабарлама жолданған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде (немесе міндеттемелердің орындалмауы туралы хабарламада көрсетіледі немесе Тараптармен өзгеше түрде келісілуі мүмкін ең ұзақ мерзімнің өтуі бойынша) жер учаскесін беруді кідіртудің мән-жайын түзетеді.

      26. Жекеше 1-әріптеске шартты орындау мақсатында жер учаскесіне уақытша өтеусіз пайдалану құқығын беру Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      27. Жер учаскесін уақытша өтеусіз пайдалану құқығы заңнамада белгіленген тәртіпте оны мемлекеттік тіркеген сәттен бастап күшіне енеді.

      28. МЖӘ объектісін салу және пайдалану үшін қажетті жер учаскесінің сипаттамасы, оның ішінде оның кадастрлық нөмірі, құны, орналасқан орны, ауданы, шекараларының сипатамасы, мемлекеттік жер кадастрынан көшірме шартқа 4-қосымшада келтірілген.

      29. Шарттың қолданылу мерзімі ішінде жекеше 1-әріптестің жер учаскесіне өзінің құқықтарын өзге тұлғаларға беруге және жер учаскесін қосалқы жалдауға бермейді.

      30. Жекеше 1-әріптеске осы шарт шеңберінде берілген жер учаскесін уақытша өтеусіз пайдалану құқығына қатысты мәмілелер жасауға жол берілмейді.

8-тарау. МЖӘ жобасының инвестициялары

      31. МЖӘ жобасының көздерін және МЖӘ қаржыландыру кестесін жекеше 1-әріптес Шартқа қосымшада көзделген нысан бойынша ұсынады.

      32. Шарт бойынша қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алынған кірістерді алу көздері Шарттың 18-тарауында көрсетілген.

      33. Жекеше 1-әріптес МЖӘ объектісін техникалық қызмет көрсету бойынша есеп айырысулар үшін жеке банктік есепшот ашады.

      34. Бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржылық есептілікті жасау үшін бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнаманың талаптарына, халықаралық немесе ұлттық стандарттарға және бухгалтерлік есепке алудың үлгілік шоттары жоспарына сәйкес, олардың қажеттіліктері мен қызмет ерекшеліктерін негізге ала отырып, жекеше 1-әріптес есепке алу саясатын қабылдайды.

      35. Жекеше 1-әріптес бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнаманың, есепке алу саясатының сақталуын қамтамасыз ету, активтерді сақтау, бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау кезінде жымқыру және қателік жағдайларының алдын алу және оларды анықтау жөніндегі шараларды қоса алғанда, операцияларды тиімді жүргізу мақсатында ішкі бақылау қызметін ұйымдастырады.

9-тарау. МЖӘ жобасын басқаруды ұйымдастыру

      36. МЖӘ жобасын басқарудың институционалдық схемасы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес институционалдық схема негізінде әзірленеді.

      37. МЖӘ объектісінің балансын ұстаушы жекеше 2-әріптес болып табылады.

      38. Құрылыс сатысында жобаны басқару жөніндегі МЖӘ объектісінің техникалық жай-күйін бақылауды техникалық қадағалауға жауаптылар жеке 1-әріптеспен жасалған шарттың негізінде:

      1) жобалық шешімдерді;

      2) құрылыс мерзімдерінің, нормативтік құжаттардың талаптарын;

      3) жұмыстардың сапасыны;

      4) көлемдердің, сапаның сәйкестігін;

      5) жобалау-сметалық құжаттаманың, нормативтерге сәйкестігін;

      6) орындалған жұмыстардың аралық қабылдау кезеңін;

      7) ақауларды уақытында жоюды сақтай отырып жүзеге асырады.

      39. Жекеше 1-әріптес МЖӘ объектісін басқару бойынша, оның ішінде персоналды басқаруды, тәуекелдерді басқаруды, сапаны басқаруды, қаржыларды басқаруды, ресурстарды басқаруды қамтитын жоспарын әзірлейді және бекітеді.

      40. МЖӘ жобасы бойынша техникалық қызмет көрсетуді бақылау шартқа сәйкес және заңнамада белгіленген тәртіпте, мемлекеттік әріптеспен жүзеге асырылады.

10-тарау. МЖӘ объектісін салуға рұқсаттар

      41. Жекеше 1-әріптес заңнамаға сәйкес, МЖӘ объектісін салу мен техникалық қызмет көрсету бақылайтын немесе оған әсер ететін мемлекеттік органдардың сертификаттары мен мақұлдауларын қоса алғанда, МЖӘ объектісін салу және техникалық қызмет көрсету үшін талап етілуі мүмкін барлық рұқсаттарды алады, күшінде ұстайды және ұзартады. Жекеше 1-әріптес рұқсаттарды беру және алу туралы өтініштерді даярлаумен байланысты барлық шығыстарды (баждар мен салықтарды қоса алғанда) өтейді.

      42. Мемлекеттік әріптес жекеше 1-әріптеске рұқсаттарды беру үшін өзінің құзыреті шегінде қажетті көмек көрсетеді. Бұл тармақ мемлекеттік әріптестің жекеше 1-әріптес үшін қандай да бір рұқсат алуына міндеттемесін белгілемейді.

11-тарау. МЖӘ объектісін салуды ұйымдастыру

      43. Жекеше 1-әріптес МЖӘ объектісін заңнамада белгіленген тәртіпте және ЖСҚ-ға сәйкес салады.

      44. Құрылыс міндеттемелері:

      1) құрылыс жұмыстарының ұзақтығы;

      2) ЖСҚ қойылатын талаптар болып табылады.

      45. Жекеше 1-әріптес құрылыс жөніндегі міндеттемелерді бұзған жағдайда, құрылыс жұмыстары басталған күннен бастап 1 ай өткеннен кейін, Тараптар орындалмаған құрылыс міндеттемелерін қалай орындау керектігін шешу үшін жиналыс өткізуге міндеттенеді.

      46. Жоспарланған аяқтау мерзімі кешіктірілген жағдайда мемлекеттік әріптес құрылыс жұмыстарын аяқтау үшін қосымша 2 (екі) ай мерзімін ұсынады.

      Бұл ретте мемлекеттік әріптес жоспарланған аяқтау күнінен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні өткеннен кейін кешіктірілген әрбір күн үшін МЖӘ объектісі құнының 0, 001% мөлшеріндегі айппұлды өндіріп алады. Бұл ретте тұрақсыздық айыбының (өсімпұлдың) жалпы сомасы МЖӘ объектісі құнының 0,1% - нан аспауы тиіс.

      47. Егер Тараптар құрылыс жұмыстары басталғаннан бір ай өткенге дейін келісімге қол жеткізе алмаса:

      1) жекеше 1-әріптестің кінәсінен, оның ішінде қаржы ұйымының кінәсінен құрылыс бойынша міндеттемелер орындалмаса:

      мемлекеттік әріптес 10 (он) жұмыс күн ішінде жекеше 1-әріптеске хабарлама жіберіп, Шартты біржақты тәртіппен бұзады, алайда жекеше 1-әріптес осы кезең ішінде мемлекеттік әріптеске орындалмаған шарттардың орындалғанын хабарлап, мемлекеттік әріптес бұған көз жеткізген жағдайда шарт бұзылмайды.

      МЖӘ объектісін салу мерзімдері 3 (үш) айдан астам уақыт бұзылған жағдайда мемлекеттік әріптес жекеше 1-әріптеске мерзімдерді бұзғаны және МЖӘ шартын орындамағаны жайлы және жаңа жекеше 1-әріптесті өз бетінше тарту және жекеше 1-әріптестің орнын ауыстыру құқығы бар екені туралы хабарлама жібереді

      МЖӘ объектісін салу мерзімдері 6 (алты) айдан астам уақыт бұзылған жағдайда, мемлекеттік әріптес жекеше 1-әріптесті айқындау бойынша қайта конкурс өткізеді;

      2) мемлекеттік әріптестің кінәсінен құрылыс міндеттемелері орындалмаған жағдайда, жекеше 1-әріптес мемлекеттік әріптеске орындалмаған шарттарды орындау үшін қосымша 2 (екі) ай мерзім уақыт береді. Егер Тараптар құрылыс жұмыстары басталған күннен бастап бір ай өткенге дейін келісімге қол жеткізе алмаса, жекеше 1-әріптес мемлекеттік әріптеске шартты бұзу күніне дейін 20 (жиырма) жұмыс күні бұрын хабарлама жіберіп, шартты бұзады, алайда осы кезең ішінде мемлекеттік әріптес жекеше 1-әріптеске орындалмаған шарттардың орындалғанын хабарлаған және жекеше 1-әріптес бұған көз жеткізген жағдайда Шарт бұзылмайды.

      Осы тармақшаға сәйкес шарт бұзылған жағдайда эскроу-шоттағы кепілдік сомасы жекеше 1-әріптеске қайтарылады, ал мемлекеттік әріптес шарт бұзылған күннен бастап күнтізбелік 270 (екі жүз жетпіс) күн ішінде жекеше 1-әріптеске МЖӘ объектісінің құрылысы және ЖСҚ-ға сәйкес актімен расталған орындалған жұмыстар бойынша жұмсалған шығындар сомасының 100%-на тең сомада өтемақы төлеуге міндеттенеді. Бұл ретте жекеше 1-әріптеске берілген жер учаскесі, сондай-ақ МЖӘ жобасының аяқталмаған құрылыс объектісі мемлекеттік әріптеске беріледі;

      3) егер қандай да бір талап еңсерілмейтін күш (форс-мажор) жағдаяттарымен байланысты орындалмаса:

      кез келген Тарап шартты бұзу күніне дейін 10 күнтізбелік күн бұрын өзге Тарапқа хабарлама жолдап, шартты бұза алады;

      Шарт осы тармақшаға сәйкес бұзылған жағдайда эскроу-шоттағы кепілдік сомасы жекеше 1-әріптеске қайтарылады, ал мемлекеттік әріптес шарт бұзылған күннен бастап күнтізбелік 270 (екі жүз жетпіс) күн ішінде жекеше 1-әріптеске МЖӘ объектісін салу және актімен расталған ЖСҚ-ға сәйкес орындалған жұмыстар үшін жұмсалған шығындар сомасының 100% - на тең сомада өтемақы төлеуге міндеттенеді.

      Бұл ретте жекеше 1-әріптеске берілген жер учаскесі, сондай-ақ МЖӘ жобасының аяқталмаған құрылыс объектісі мемлекеттік әріптеске беріледі.

      48. МЖӘ объектісін салу жекеше 1-әріптес және жекеше 2-әріптес тартатын қаражаттар есебінен жүзеге асырылады.

      49. Жекеше 1-әріптес МЖӘ объектісінің техникалық құрамына, ұсынылған материалдар мен жабдықтардың сапасына жауапты болады.

      50. Жекеше 1-әріптес мемлекеттік әріптеске және оның уәкілеттік берген тұлғаларына МЖӘ объектісіне еркін қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

      51. Жекеше 1-әріптес техникалық қадағалауға жауаптылардың келісуі бойынша, МЖӘ объектісін салу бойынша жұмыстарды орындауға, олардың әрекеттері үшін өзінің меншікті әрекеттері ретінде жауап бере отырып, үшінші тұлғаларды (қажет болған жағдайда нақты тартылатын тұлғаларды көрсетуге болады) тартады.

      52. Жекеше 1-әріптес Шарттың әрекет ету мерзімі кезеңінде құрылыс жұмыстарының сапасына жауапты болады.

      53. Жекеше 1-әріптес құрылыс жұмыстарының кезеңінде мемлекеттік әріптеске ай сайын құрылыс жұмыстарының орындалуы және олардың ЖСҚ-ға сәйкестігі туралы мәліметтерден тұратын есеп тапсырады.

      54. Құрылыс барысы туралы есептер жұмыстардың жүргізілу тәртібі, қолданылған құрылыс материалдары және құрылыс шығыстары туралы ақпаратты қамтуы тиіс. Құрылыс барысы туралы есептер жекеше 1-әріптестің бас мердігерлермен немесе кредиторлармен қатынастарында қолданылатын кез келген өзге нысанда берілуі мүмкін.

      55. Мемлекеттік әріптес МЖӘ объектісін салу бойынша жұмыстардың орындалуын ұйымдастыру кезінде жекеше 1-әріптеске көмек көрсетуге міндеттенеді.

      56. Мемлекеттік әріптес ЖСҚ-ның шартта белгіленген талаптарға сәйкес келмеуін анықтаған жағдайда, жекеше 1-әріптес мемлекеттік әріптес шешімінің негізінде ЖСҚ-ға қажетті өзгерістер енгізу сәтіне дейін МЖӘ объектісін салу бойынша жұмысты тоқтата тұруға міндеттенеді.

      57. ЖСҚ-ның шартта белгіленген талаптарға сәйкес келмеуін анықтаған кезде жекеше 1-әріптес Шартта көрсетілген тәртіпте және мөлшерде мемлекеттік әріптес алдында жауапты болады.

      58. Жекеше 1-әріптес Шартта көрсетілген техникалық-экономикалық ерекшеліктерге сәйкес МЖӘ объектісін заңнамада және Шартта белгіленген тәртіпте пайдалануға енгізеді.

      59. Жекеше 1-әріптес Шартта белгіленген мерзімде МЖӘ объектісін салуды және пайдалануға беруді мүмкін емес ететін Тараптарға тәуелді емес мән-жайларды анықтаған кезде, жекеше 1-әріптес Шартты орындау бойынша Тараптардың кейінгі іс-қимылдарын келісу мақсатында аталған жағдаяттар туралы мемлекеттік әріптеске дереу хабарлауға міндеттенеді.

      60. Жекеше 1-әріптес қажет болған жағдайда, МЖӘ объектісін салудың бүкіл кезеңі ішінде көлік құралдарының жүріп өтуін қамтамасыз ететін уақытша айналма жолды жоспарлайды, салады және оған қызмет көрсетеді. Мұндай шығыстар МЖӘ объектісін салу құнына жатады.

      61. Мемлекеттік әріптес Шартта және бастапқы ЖСҚ-да көрсетілмеген, бірақ МЖӘ объектісін салу үшін күтпеген мән-жағдайлар пайда болғанда талап етілетін қосымша жұмыстарды орындауды жекеше 1-әріптеске тапсырады.

      62. Жекеше 1-әріптес тараптардың келісімі бойынша 15 күнтізбелік күн мерзімде жұмыстарды орындау шығыстарының сметасын, сондай-ақ қосымша жұмыстардың орындалу кестесін ұсынады. Бұл ретте мемлекеттік әріптес тиісті құжаттарды алған күннен бастап 10 күннен аспайтын қысқа мерзімде жекеше 1-әріптеске оларды бекіту немесе бас тарту туралы хабарлауға міндеттенеді.

      63. Жобалау кезінде жіберілген қателер немесе жіберілген олқылықтар салдарынсыз туындаған және жекеше 1-әріптес үшін қосымша шығындар алып келетін қосымша жұмыстар шығыстарын, жекеше 1-әріптес жүзеге асыратын үлгілік ЖСҚ-ны жер учаскесіне байланыстыру барысында жіберілген қателер мен қателіктерді қоспағанда, мемлекеттік әріптес өтейді.

      64. Егер қосымша жұмыстарды орындау шартқа 1-қосымшада келтірілген қаржы-экономикалық жоспар көрсеткіштерін бұзуға алып келетін болса, Тараптар белгіленген тәртіпте Шартқа өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізеді.

      65. Жекеше 1-әріптес жұмыскерлердің жұмыс орнындағы қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормаларға сәйкес қауіпсіздік бойынша жауапты жұмыскерді тағайындау және функцияларын атқаруы бойынша жауапты болады.

12-тарау. Археологиялық олжалар

      66. Археологиялық олжалар табылған жағдайда жекеше 1-әріптес:

      1) 10 (он) күнтізбелік күн ішінде мемлекеттік әріптеске осындайлардың табылғаны туралы хабарлауға;

      2) табылған археологиялық олжалардың бүлінуін немесе зақымдалуын болдырмау үшін сақтық шараларын қабылдауға;

      3) МЖӘ объектісін салу кезінде денсаулықты қорғау және қауіпсіздік бойынша кез келген шараларды және учаскеде қауіпсіздік бойынша кез келген нұсқаулықтарды қамтуы тиіс барлық тиісті қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, табылған объектілерді меншікті қаражаттарының есебінен алып шығуға және шығаруға;

      4) табылған объектілерді сақтауға, кез келген әрекеттерді жасауға және қолданылатын процедураларды жүргізуге қатысты заңнаманың барлық талаптарын сақтауға міндеттенеді.

      67. Мемлекеттік әріптес жекеше 1-әріптестен археологиялық олжа туралы хабарламаны алғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн ішінде құрылысты тоқтату туралы шешім қабылдайды және қабылданған шешім туралы жекеше 1-әріптесті және тиісті уәкілетті органды хабардар етеді.

      68. Археологиялық олжалардың табылуы себебі бойынша жұмыстардың тоқтатылуы форс-мажорлық жағдаяттар болып есептеледі.

      69. Құрылыс жұмыстары мемлекеттік әріптестің шешімінің негізінде 10 (он) күнтізбелік күннен көп емес мерзімге тоқтатылады.

      70. Жекеше 1-әріптес мемлекеттік әріптестің кез келген ұсынымдарын есепке алады және кез келген археологиялық зерттеулерге немесе учаскедегі зерттеулерге қатысты заңнаманың ережелерін сақтайды.

      71. Егер тиісті уәкілетті органның зерттеу нәтижесі құрылыс жұмыстарының тоқтатылуын ұзарту қажеттілігін көрсеткен жағдайда, онда шарт тиісті кезеңге ұзартылады.

      72. Жекеше 1-әріптес археологиялық олжаларға байланысты кідіртуді мүмкін болғанша қысқартады. Осы мақсатта ол неғұрлым қолайлы шешімдерді анықтау бойынша сондай-ақ, мемлекеттік әріптес бекітетін археологиялық олжаларды алу жоспарын жасау және оны жаңа мерзімдерге сәйкестендіру үшін МЖӘ жобасын жүзеге асыру кестесін өзгерту бойынша құзыретті органдармен, мемлекеттік әріптеспен ынтымақтасады.

      73. Жер учаскесінде табылған археологиялық олжалар заңнамаға сәйкес мемлекеттің меншігіне беріледі.

13-тарау. Қауіпті қалдықтардың көмулері

      74. Қауіпті қалдықтардың көмулері табылған жағдайда жекеше 1-әріптес:

      1) 10 (он) күнтізбелік күн ішінде мемлекеттік әріптесті және тиісті уәкілетті органды осындайлардың табылғаны туралы хабардар етуге;

      2) қауіпті қалдықтардың көмулерінің теріс салдарларын жою мақсатында, заңнаманың талаптарына сәйкес, тиісті түрде және меншікті қаражаттарының есебінен қауіпті қалдықтардың көмулерін жоюмен, зарарсыздандырумен, кәдеге жаратумен байланысты барлық қажетті шараларды жүргізуге және аяқтауға міндеттенеді.

      75. Мемлекеттік әріптес жекеше 1-әріптестен қауіпті қалдықтардың көмулерінің табылуы туралы хабарламаны алғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн ішінде құрылысты тоқтату туралы шешім қабылдайды және қабылданған шешім туралы жекеше 1-әріптесті және тиісті уәкілетті органды хабардар етеді.

      76. Жекеше 1-әріптес жер учаскесіндегі қауіпті қалдықтардың көмулеріне қатысты заңнаманың ережелерін сақтайды.

      77. Жекеше 1-әріптес қауіпті қалдықтардың көмулерін тапқан жағдайда құрылыс жұмыстары мемлекеттік әріптестің шешімінің негізінде 10 (он) күнтізбелік күннен көп емес мерзімге тоқтатылады.

      78. Егер тиісті уәкілетті органның зерттеу нәтижесі құрылыс жұмыстарының тоқтатылуының ұзартылу қажеттілігін көрсеткен жағдайда, онда Шарт тиісті кезеңге ұзартылады.

14-тарау. МЖӘ объектісіне меншік құқықтары

      79. Жекеше 1-әріптес мемлекеттік әріптесті бұл туралы жоспарлы аяқтау күніне дейін 3 (үш) айдан кешіктірмей жазбаша хабардар етуге міндетті.

      80. Жекеше 1-әріптестің, МЖӘ объектісі құрылысының аяқталғаны туралы хабарламасы келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде, МЖӘ объектісін пайдалануға қабылдау актісі тіркелгеннен кейін жекеше 1-әріптес:

      1) МЖӘ объектісін консорциум шартының және Шарттың талаптарына сәйкес жекеше 2-әріптеске үлестік меншікке береді;

      2) Ұлттық жобаға 9-1-қосымшаның 8.1-тармағының 5) тармақшасында көзделген құрылыс құнының кемінде 1 (бір) пайызы мөлшеріндегі МЖӘ объектісіне техникалық қызмет көрсетуге кепілдік береді. Техникалық қызмет көрсетуге кепілдік Шарттың қолданылу кезеңіне беріледі. Шарттың қолданылу мерзімі аяқталған, сондай-ақ МЖӘ объектісі пайдалануға берілген күннен кейін оны мерзімінен бұрын бұзған жағдайда, техникалық қызмет көрсетуге кепілдік жекеше 1-әріптеске қайтарылуға жатады.

      81. МЖӘ объектісін қарау кезінде тапсырылатын МЖӘ объектісінде Ақаулар анықталған жағдайда МЖӘ объектісін пайдалануға бергеннен кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде мемлекеттік әріптес анықталған ақау туралы оны жою мерзімін көрсете отырып, жекеше 1-әріптесті жазбаша хабардар етеді. МЖӘ объектісін кейінгі тексеруді мемлекеттік әріптес Шарттың орындалуына мониторинг жүргізу барысында жүзеге асырады.

      82. Жекеше 1-әріптес мемлекеттік әріптесті анықталған ақауларды жою туралы хабарламада көрсетілген мерзімнен кешіктірмей хабардар етеді.

      83. Жекеше 1-әріптес анықталған ақауларды жоймаған жағдайда, мемлекеттік әріптес жекеше 1-әріптестің кепілдігінен ақаулардың есебіне сәйкес келетін соманы техникалық қызмет көрсетуге ұстап қалады.

      84. МЖӘ объектісі пайдалануға берілгенге дейін Шарт мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда, жекеше 1-әріптес мемлекеттік әріптеске беретін МЖӘ объектісіне үшінші тұлғалар құқықтарының ауыртпалығы салынбауға тиіс.

      85. МЖӘ объектісі пайдалануға берілген күннен кейін мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда МЖӘ объектісінің жай-күйіне қойылатын талаптар Шартқа 6-қосымшада келтірілген.

МЖӘ объектісі пайдалануға берілген күннен кейін мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда МЖӘ объектісінің жай-күйіне қойылатын талаптар

15-тарау. МЖӘ объектісіне техникалық қызмет көрсету

      86. Жекеше 1-әріптес МЖӘ объектісін пайдалануға қабылдау актісіне қол қойылған күннен бастап:

      1) МЖӘ объектісіне техникалық қызмет көрсету және мүліктің сақталуы;

      2) МЖӘ объектісін ағымдағы жөндеу;

      3) коммуналдық төлемдерді төлеу;

      4) өртке қарсы, санитарлық және заңнамада белгіленген нормалардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады.

      87. МЖӘ объектісінің ақаулары анықталған жағдайда ақаулық ұпайларды есептеу Шартқа 7-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметтер сапасының индикаторларына және МЖӘ объектісін пайдалану өлшемдеріне сәйкес жүзеге асырылады.

      88. Анықталған МЖӘ объектісінің ақауларын жекеше 1-әріптес өз есебінен жояды.

      89. Жекеше 1-әріптес заңнамаға және Шартқа сәйкес МЖӘ объектісін пайдалануға жауап береді.

      90. Мемлекеттік әріптес жекеше 1-әріптеспен және жекеше 2-әріптеспен Шарттың 111-тармағының 7) тармақшасы және 86-тармағының бұзылған жағдайда МЖӘ шартын бұзады.

      Қағидалардың осы тармағына сәйкес МЖӘ шарты бұзылған кезде, мемлекеттік әріптес жергілікті бюджет қаражаты болған жағдайда сатып алады, ал жекеше 1-әріптес және жекеше 2-әріптес мұндай жағдайда МЖӘ объектісіндегі үлестерді объектінің құны мен ғимаратты амортизациялауға жұмсалған шығыстар арасындағы айырмашылыққа тең баға бойынша сатады.

      Объектінің құны ретінде Ұлттық жоба шеңберінде МЖӘ объектісін пайдалануға беру жылына бекітілген ғимараттар мен құрылыстар құрылысы құнының ірілендірілген көрсеткіштерінің жинағында көзделген МЖӘ объектісінің бағалау құны мен МЖӘ объектісі құрылысының құны арасындағы ең аз сома қабылданады.

      91. Егер қандай да бір талап еңсерілмейтін күш (форс-мажор) жағдаяттарымен байланысты орындалмаса, кез келген тарап бұзу күніне дейін 10 (он) күнтізбелік күн бұрын өзге Тарапқа хабарлама жолдап, Шартты бұза алады.

      Осы тармаққа сәйкес шарт бұзылған жағдайда мемлекеттік әріптес жекеше 1-әріптеске техникалық қызмет көрсету кепілдігін қайтарады.

      92. Шарт жекеше 1-әріптес техникалық қызмет көрсетуге кепілдік бермеген жағдайда бұзылады, бұл ретте мемлекеттік әріптес Шарттың 90-тармағында белгіленген тәртіппен МЖӘ объектісін сатып алуды жүзеге асырады.

16-тарау. МЖӘ объектісін жөндеу

      93. Жекеше 1-әріптес МЖӘ объектісі пайдалануға енгізілген сәттен бастап әр 2 (екі) жыл сайын Шарттың әрекет ету мерзімі біткенге дейін ағымдық жөндеу жүргізуге міндеттенеді.

      94. Ағымдағы жөндеу МЖӘ объектісінде каникул кезеңінде жүргізіледі.

17-тарау. Салық салу

      95. Жекеше 1-әріптес Шарт бойынша қызметінің аясында МЖӘ жобасы бойынша салық заңнамасымен реттелетін салықтық міндеттемелерді атқарады.

      96. Шарт аясында жүзеге асырылатын қызмет бойынша бюджетке төленетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдер бойынша салықтық міндеттемелерді есептеу, оларды төлеу бойынша міндеттемелердің туындаған сәтіне, қолданыстағы Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

      97. Шарт аясында жүзеге асырылатын қызмет бойынша салықтық міндеттемелерді орындау жекеше 1-әріптесті және жекеше 2-әріптесті Шарт аясынан тыс қызметті жүзеге асыру бойынша салықтық міндеттемелердің туындаған күніне қолданыстағы Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық міндеттемелерді орындаудан босатпайды.

18. Шығындарды өтеу және кірістер алу көздері

      98. Мыналар:

      1) МЖӘ объектісіндегі жекеше 1-әріптестің үлесі;

      2) орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы құрамындағы ғимаратты амортизациялауға арналған шығыстарды өтеу;

      3) консорциум шартының талаптарына сәйкес МЖӘ объектісінде қосымша ақылы қызметтер көрсету (оның ішінде қосымша білім беру қызметтері, жұмыстан тыс және каникул уақытында мүліктік жалдау) жекеше 1-әріптестің шығындарды өтеу және кірістер алу көздері болып табылады.

      99. МЖӘ объектісінің құны әзірленген ЖСҚ-ға және оған тиісті сараптамаларға сәйкес, Шартқа өзгерістер енгізу жолымен түзетіледі.

      100. Шарттың талаптарына сәйкес қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алынған кірістер консорциум шартының талаптарына сәйкес жекеше 1-әріптестің және (немесе) жекеше 2-әріптестің меншігі болып табылады.

19-тарау. Тұрақсыздық айыбы

      101. Егер Үлгілік шарттың тиісті тармақтарында өзгеше ескертілмесе, Үлгілік шартқа сәйкес есептелген тұрақсыздық айыбы Тараптармен міндеттемелерді орындаудың мерзімін өткізудің әрбір күні үшін МЖӘ объектісінің кұнынан 0, 001% % мөлшерінде төленеді.

      102. Тұрақсыздық айыбының (өсімпұлдың) жалпы сомасы Шарттың жалпы сомасының 0,1% -ынан аспауы тиіс.

20-тарау. Жергілікті қамту

      103. Кадрлардағы жергілікті қамту мыналарды құрауға тиіс:

      1) бірінші санат – басшылық құрам – 20 %;

      2) екінші санат – жоғары және орта кәсіптік білімі бар мамандар – 50 %;

      3) үшінші санат – білікті жұмысшылар – 20%.

      104. Жергілікті қамту:

      1) жекеше 1-әріптес алатын (сатып алатын) жұмыстарда (көрсетілетін қызметтерде) – 60 %;

      2) жекеше 1-әріптес алатын (сатып алатын) тауарларда 60 % құрауға тиіс.

      105. Жекеше 1-әріптес жиһаз өніміне, ЖСҚ-ға сәйкес салынып жатқан объектіні монтаждауға, жарақтандыруға жататын құрылыс материалдарын, бұйымдарын, конструкцияларын, жабдықтарын өнім берушілерді дербес таңдайды. Өнім сапасы мен жеткізілімі тең жағдайда "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының тауар өндірушілер тізіліміндегі және (немесе) отандық өндірушілер тізіліміндегі ("СТ-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификаттың және (немесе) индустриялық сертификаттың негізінде салалық тізілім) "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының тауар өндірушілер тізіліміндегі жеке және заңды тұлғаларға артықшылық беріледі.

21-тарау. Мемлекеттік әріптестің құқықтары мен міндеттері

      106. Мемлекеттік әріптестің:

      1) Жекеше 1-әріптеспен Шарттың талаптары туралы келіссөздер жүргізуге;

      2) Шарт шеңберінде жекеше 1-әріптестің қаржылық-шаруашылық қызметін тексеруді, оның ішінде аудиторлық ұйымды тарту жолымен жүзеге асыруға;

      3) Заңнамаға сәйкес МЖӘ объектісінің мониторингін және салынуы мен пайдалануын бағалауды жүргізуге;

      4) МЖӘ жобасы шеңберінде МЖӘ объектісіне, сондай-ақ қызметті жүзеге асыруға қатысты құжаттамаға кедергісіз қол жеткізуге;

      5) жекеше 1-әріптес Шарт бойынша қабылдаған міндеттемелердің орындалуын растайтын құжаттарды жекеше 1-әріптестен талап етуге және алуға;

      6) Заңнаманың және Шарт талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру шеңберінде жол берілген бұзушылықтарды жоюды талап етуге;

      7) жекеше 1-әріптес міндеттемелерді бұзғаны, оның ішінде қызмет сапасы индикаторларының және толық пайдалану дайындығының өлшемшарттарын бұзғаны үшін айыппұл түрінде тұрақсыздық айыбын өтеп алуға;

      8) инвестициялық кезеңде жекеше 1-әріптес, сондай-ақ пайдалану кезеңінде жекеше 1-әріптес және жекеше 2-әріптес Шарттың талаптарын бұзған жағдайда оны бұзуды талап етуге;

      9) жергілікті бюджет қаражаты болған кезде Шарттың 90-тармағында көзделген жағдайда жекеше 1-әріптестен және жекеше 2-әріптестен МЖӘ объектісіндегі үлестерді сатып алуға;

      10) жекеше 1-әріптесін айқындау жөнінде қайтадан конкурс өткізуге;

      11) шартқа және заңнамаға сәйкес құқықтарды жүзеге асыруға.

      107. Мемлекеттік әріптес:

      1) ұйымдық-әкімшілік құжат негізінде өзінің өкілін тағайындауға;

      2) жекеше 1-әріптеске Шартқа және заңнамаға сәйкес объектіні салу және пайдалану мақсаты үшін үшінші тұлғалардың құқықтарынан еркін жер учаскесін беруді қамтамасыз етуге;

      3) МЖӘ объектісін салу және пайдалану мақсаттары үшін инженерлік желілерді (энергиямен жабдықтау, сумен жабдықтау, телекоммуникацияларға) орнату, жалғау және/немесе пайдалану үшін қол жеткізу бойынша көмек көрсетуге;

      4) Шартпен қарастырылған жағдайларда жекеше 1-әріптестің залалдарын өтеуге;

      5) Шарттың әрекет етуінің бүкіл мерзімінде жекеше 1-әріптестің айрықша құқықтары мен міндеттерін жекеше 1-әріптестің жазбаша рұқсатынсыз кез келген өзге тұлғаға бермеуге;

      6) Заңнамада және осы Шартта белгіленген өзге де талаптар мен Шарттарды сақтауға міндетті.

22-тарау. Жекеше 1-әріптестің және жекеше 2-әріптестің құқықтары мен міндеттері

      108. Жекеше 1-әріптес:

      1) Шарт талаптарына және заңнамаға сәйкес шығындарды өтеуді алуға;

      2) Шарттың талаптарын өзгерту туралы ұсыныстар енгізуге;

      3) Заңнамаға сәйкес салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлегеннен кейін МЖӘ жобасында өз қызметінен алынған таза кірісті өз қалауы бойынша пайдалануға;

      4) Шартқа сәйкес, Мемлекеттік әріптестің келісуі бойынша МЖӘ объектісін салу және пайдалану бойынша жұмыстарды орындауға әрекеттері үшін жекеше 1-әріптес толық жауапкершілік алатын кез келген үшінші тұлғаларды тартуға;

      5) Мемлекеттік әріптес Шарт талаптарын бұзған жағдайда, Шарттың бұзылуын талап етуге;

      6) Шартты мерзімінен бұрын бұзған жағдайда, Шартта белгіленген жағдайлар мен тәртіпте төлемдер мен өтемақыларды талап етуге;

      7) Жекеше 2-әріптестің келісімімен қосымша ақылы қызметтер көрсету үшін МЖӘ объектісін (оның ішінде, бірақ шектелмей, сабақтан тыс және каникул уақытында мүліктік жалдау, қосымша білім беру қызметтерін) беруге;

      8) мемлекеттік әріптес уақытша өтеусіз жер пайдалануға берген жер учаскесіне меншік құқығын мерзімінен бұрын сатып алуға немесе жер учаскесін заттай грант ретінде сатып алуға;

      9) Заңнамаға және Шартқа сәйкес құқықтарды жүзеге асырады.

      109. Жекеше 1-әріптес:

      1) Шарт аясында сенімхат негізінде өзінің өкілін тағайындауға;

      2) Шарт бойынша қаржылық жабуды жүзеге асыруға;

      3) Шартқа, ЖСҚ-ға, заңнамаға сәйкес, МЖӘ объектісін салу бойынша жұмыстарды Шартта белгіленген мерзімде өзінің есебінен дербес немесе өзге тұлғаларды (мердігерлік мекемелерді) тарту арқылы орындауға;

      4) құрылыс аяқталғаннан кейін Шартта белгіленген мерзімдерде және заңнама талаптарына сәйкес МЖӘ объектісін пайдалануға беруді және жер учаскесін уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығын сатып алғаннан не оны заттай грант ретінде алғаннан кейін консорциум шартының талаптарына сәйкес жекеше 2-әріптеске үлестік меншікке беруді қамтамасыз етуге;

      5) орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға қосылу шарты жасалғаннан кейін жекеше 2-әріптес жекеше 1-әріптеске оларды төлеу жөніндегі міндеттерді бұзған жағдайда жекеше 2-әріптестен Шарттың 111-тармағының 1) тармақшасында көзделген білім беру саласындағы уәкілетті органның операторынан ғимараттың амортизациясына шығыстарды талап ету мүмкіндігін қабылдауға;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны мерзімінен бұрын сатып алу мүмкіндігімен жер учаскесіне уақытша өтеусіз жер пайдалану шартын жасасуға;

      7) жер учаскесін оны сатып алғаннан кейін немесе мемлекеттік әріптестен заттай грант ретінде меншікке алуға;

      8) МЖӘ жобасын іске асыру үшін тартылған және бөлінген қаражаттардың мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етуге;

      9) Жекеше 1-әріптес МЖӘ объектісін салу кезеңіне көлік құралдарының, оның ішінде уақытша айналма жолдар бойынша қауіпсіз және үздіксіз жүруін қамтамасыз етуге;

      10) Шарттың сақталуына бақылауды жүзеге асыратын Мемлекеттік әріптеске және оның өкілдеріне, қызметтік функцияларын орындайтын Мемлекеттік органдарға, олар Жекеше 1-әріптес белгілеген қауіпсіздік шараларын сақтаған жағдайда, МЖӘ объектісіне кез келген келу кезінде қажетті құжаттарды, ақпаратты және жұмыс орындарына рұқсат беруге, сондай-ақ, аталған тұлғалармен анықталған Шартты және заңнаманы бұзуларды уақытында, өзінің есебінен және өзінің күштерімен жоюға;

      11) Шартпен және заңнамамен талап етілетін, жүзеге асырылатын қызмет бойынша ақпаратты және есептерді мемлекеттік әріптеске ұсынуға;

      12) өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда инвестициялық кезеңде (Шарт бойынша МЖӘ жобасын, оның ішінде құрылыс-монтаж жұмыстарын жүзеге асыру кестесінің бұзылуы) 3 (үш) айдан аспайтын мерзім ішінде мемлекеттік әріптеспен келісім бойынша жекеше 1-әріптестің кепілдігі негізінде жекеше 1-әріптеске қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін жаңа жекеше 1-әріптесті Шарт пен консорциум шартының талаптарын орындауға тарту арқылы консорциум шартындағы тарапты ауыстыруды жүзеге асыруға;

      13) МЖӘ объектісін салу және пайдалану үшін жұмыскерлерді жалдауды жүзеге асыру кезінде өзге бірдей талаптар жағдайында жергілікті кадрларға артықшылық беруге;

      14) МЖӘ объектісін салу және пайдалану кезінде міндетті түрде қазақстандық мердігерлік ұйымдарды, осындай мердігерлік ұйымдардың қызметтері мемлекеттік және/немесе халықаралық стандарттарға сәйкес келетін жағдайда тартуға;

      15) МЖӘ объектісін салу мен пайдалану кезінде сапа менеджментінің халықаралық стандарттарын енгізуді және оларды сақтауды қамтамасыз етуге;

      16) МЖӘ объектісін салу кезінде тиімді, сапалы әдістер мен технологияларды таңдауға және пайдалануға;

      17) салық заңнамасын, сондай-ақ еңбек және қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнаманы сақтауға;

      18) Шартқа сәйкес кез келген ақауларды және өзге де бұзушылықтарды уақытында жоюға;

      19) әзірленіп жатқан ЖСҚ-ны немесе оның бөлігін мемлекеттік әріптеспен келісусіз үшінші тұлғаларға бермеуге немесе өзге тәсілмен пайдаланбауға, сондай-ақ иеліктен айырмауға;

      20) Үлгілік шартта қарастырылған сақтандырудың барлық түрлерін жүзеге асыруға;

      21) Заңнамаға сәйкес қызметті тұтынушылардың жеке бас мәліметтерінің қорғалуын қамтамасыз етуге;

      22) МЖӘ объектісіндегі үлесті сату кезінде МЖӘ объектісін пайдалану кезеңінде Шарт мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда, белгіленген тәртіппен табиғи тозуды және ол бойынша барлық қажетті құжаттаманы ескере отырып, МЖӘ объектісін жарамды техникалық жай-күйде консорциум шартының талаптарына сәйкес жаңа жекеше 1-әріптеске беруге;

      23) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 945 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 27 қаңтарда № 10151 тіркелді) Азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесін ұйымдастыру, бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар кезінде халықты, мемлекеттік органдарды құлақтандыру қағидаларына сәйкес хабарлау жүйесін орнатуды қамтамасыз етуге;

      24) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2020 жылғы 27 қазандағы № 69-қе бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21693 болып тіркелді) Ұлттық бейнебақылау жүйесінің жұмыс істеу қағидаларында көзделген бейнебақылау жүйелерінің ең төменгі техникалық шарттарына сәйкес келетін бейнебақылау жүйесін полицияның жедел басқару орталықтарына не аумақтық ішкі істер органдарының кезекші бөлімдеріне бейнебақылау бере отырып, бейнебақылау жүйесін орнатуды қамтамасыз етуге;

      25) аумақтық ішкі істер органдарының кезекші бөлімдеріне не күзет қызметі субъектілерінің мамандандырылған бақылау пультіне шығара отырып, дабыл беру құралын (дабыл түймесін) орнатуды қамтамасыз етуге;

      26) кіруді басқару және бақылау жүйесін (турникеттер) орнатуды қамтамасыз етуге;

      27) Шарттың 90-тармағына сәйкес Шарт бұзылған жағдайда МЖӘ объектісін немесе МЖӘ объектісіндегі үлесті мемлекеттік әріптеске беруге;

      28) Әдістеменің 6 және 6-1-тармақтарына сәйкес есептелген орта білім беру ұйымдарын жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландырудың жылдық көлемдері арасындағы айырманы республикалық бюджетке қайтаруға;

      29) Шартта және заңнамада белгіленген өзге талаптар мен шарттарды сақтауға міндетті.

      110. Жекеше 2-әріптестің:

      1) шарт талаптарына және заңнамаға сәйкес шығындарды өтеуді алуға;

      2) шарттың талаптарын өзгерту туралы ұсыныстар енгізуге;

      3) заңнамаға сәйкес салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлегеннен кейін МЖӘ жобасында өз қызметінен алынған таза кірісті өз қалауы бойынша пайдалануға;

      4) жекеше 1-әріптестің келісімімен өтеулі қызметтер көрсету үшін МЖӘ объектісін (оның ішінде, бірақ онымен шектелмей, қосымша білім беру қызметтерін, жұмыстан тыс және каникул уақытында мүліктік жалдау қызметтерін) беруге, сондай-ақ өтеулі қызметтерді өз бетінше көрсетуге;

      5) жекеше 1-әріптес Шарттың айрықша талаптарын бұзған жағдайда, Шарттың бұзылуын талап етуге;

      6) шартты мерзімінен бұрын бұзған жағдайда, Шартта белгіленген жағдайлар мен тәртіпте төлемдер мен өтемақыларды талап етуге;

      7) заңнамаға және Шартқа сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асырады.

      111. Жекеше 2-әріптес:

      1) жекеше 1-әріптеске мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде салынған әрбір жаңа оқушы орны үшін есептелген мөлшерде, оның жобалық қуатын және ЖСҚ бойынша осындай объектіні салу құнын ескере отырып, бір оқушы орнының құны есебінен, бірақ Ұлттық жобада айқындалған бір оқушы орнының құнынан аспайтын мөлшерде ғимаратты амортизациялауға арналған шығыстардың 1 төлемін жіберуге;

      2) жекеше 1-әріптестен МЖӘ объектісін консорциум шартының талаптарына сәйкес үлестік меншікке қабылдауға;

      3) білім беру саласындағы уәкілетті органның операторынан осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген ғимараттың амортизациясына арналған шығыстарды орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға қосылу шарты жасалғаннан кейін, жекеше 2-әріптес оларды төлеу жөніндегі міндеттерді жеке 1-әріптеске қатысты бұзған жағдайда жекеше 1-әріптеске талап ету мүмкіндігін беруге;

      4) Шарттың сақталуына бақылауды жүзеге асыратын Мемлекеттік әріптеске және оның өкілдеріне, қызметтік функцияларын орындайтын Мемлекеттік органдарға, олар жекеше 1-әріптес белгілеген қауіпсіздік шараларын сақтаған жағдайда, қажетті құжаттар мен ақпарат беруге және жұмыс орындарына кіруге рұқсат беруге;

      5) мемлекеттік әріптеске Шартпен және заңнамамен талап етілетін, жүзеге асырылатын қызмет бойынша ақпаратты және есептерді ұсынуға;

      6) Заңнамаға сәйкес қызметті тұтынушылардың жеке бас мәліметтерінің қорғалуын қамтамасыз етуге;

      7) Қазақстан Республикасының азаматтары үшін мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты шеңберінде білім беру қызметін өтеусіз негізде жүзеге асыруға;

      8) Білім беру қызметтерін көрсету кезінде Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасын сақтауға;

      9) Шарттың 90-тармағына сәйкес Шарт бұзылған жағдайда МЖӘ объектісін немесе МЖӘ объектісіндегі үлесті мемлекеттік әріптеске беруге;

      10) Шартта және заңнамада белгіленген өзге талаптар мен шарттарды сақтауға міндетті.

23-тарау. Құқықтар мен міндеттерді беру

      112. Мемлекеттік әріптестің рұқсатымен және Шартта және заңнамада белгіленген талаптарды сақтай отырып, жекеше 1-әріптестің Шарт бойынша өзінің құқықтары мен міндеттерін немесе олардың бір бөлігін өзге тұлғаларға береді.

      113. Шартты тоқтату Шарт бойынша құқықтар мен міндеттерді өзге тұлғаларға беру туралы мәмілелерді тоқтатуға негіз бола алады.

      114. Егер беру Шарттарында өзгеше көзделмесе, құқықтар мен міндеттерді беру бойынша барлық шығыстар, жекеше 1-әріптестің шығыстарына жатқызылады.

      115. Шарт бойынша құқықтар мен міндеттерді беру Шартқа тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттігіне алып әкеледі және осындай өзгерістер және (немесе) толықтырулар сондай-ақ консорциум шартына өзгерістер (немесе) толықтырулар тіркелген сәттен бастап жасалған болып есептеледі және тиісті қосымша келісім жасалған күннен бастап тараптар үшін міндетті болып табылады.

      116. Жекеше 1-әріптес мемлекеттік әріптестің рұқсатынсыз жасаған Шарт бойынша құқықтар мен міндеттерді беруге бағытталған мәмілелер мен өзге де іс-қимылдар оларды жасасу сәтінен бастап жарамсыз деп есептеледі.

      117. Мемлекеттік әріптес Шарт бойынша құқықтар мен міндеттерді үшінші тұлғаларға беруден бас тартады.

24-тарау. Мемлекеттік әріптестің Шарттың орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібі

      118. Мемлекеттік әріптес заңнамада белгіленген тәртіппен жекеше 1-әріптестің Шарттың талаптарын орындауын, Шарт бойынша міндеттемелердің орындалу мерзімін, сондай-ақ МЖӘ объектісін пайдалану бойынша міндеттемелердің Шартта белгіленген мақсаттарға сәйкес орындалуын бақылауды жүзеге асырады.

      Мемлекеттік әріптес Қазақстан Республикасының азаматтары үшін мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты шеңберінде өтеусіз негізде жеке әріптестің 2 білім беру қызметін көрсетуін бақылауды жүзеге асырады.

      119. Бақылаудың негізгі бағыттары:

      1) Шартта айқындалған барлық талаптар мен тәртіптерді сақтау;

      2) қоршаған ортаны қорғау және жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды сақтау болып табылады.

      120. Жекеше 1-әріптес инвестициялық кезеңде мемлекеттік әріптеске Шарт бойынша міндеттемелерді орындауы туралы есепті есепті кезең аяқталған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде ұсынады.

      Жекеше 1-әріптес пайдалану кезеңінде мемлекеттік әріптеске Шарт бойынша міндеттемелерді орындауы туралы есепті жартыжылдықта кемінде 1 рет есепті кезең аяқталған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде ұсынады.

      121. Мемлекеттік әріптес жекеше 1-әріптес қызметін бақылау барысында жекеше 1-әріптестің Шарттың талаптарын сақтауына елеулі әсер ететін бұзушылықтарды анықтаса, мемлекеттік әріптес Шарттың 26-тарауында көрсетілген әрекеттерді жүзеге асырады.

      122. Тараптар Шарт бойынша міндеттерді орындау үшін қажетті ақпаратты бір-біріне уақтылы беруге және Шартта көзделген міндеттерді тиісінше орындауға ықпал етуі мүмкін елеулі оқиғалардың басталғаны туралы бір-біріне дереу хабарлайды.

25-тарау. Тәуекелдерді бөлу және оларды басқару жөніндегі іс-шаралар

      123. Тараптар, Шарттың талаптарына сәйкес, МЖӘ жоба бойынша тәуекелдерге жауапты болады.

      124. Тараптар Шартқа 8-қосымшаға сәйкес мемлекеттік әріптес, жекеше 1-әріптес және жекеше 2-әріптес арасында тәуекелдерді бөлу туралы келісімге келді.

26-тарау. Тараптардың жауапкершілігі

      125. Тараптар Үлгілік шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Үлгілік шартта және заңнамада көзделген жауапкершілікте болады.

      126. Жекеше 1-әріптес мемлекеттік әріптестің алдында МЖӘ объектісін салу кезінде Шартта белгіленген талаптарды, техникалық регламенттерді, ЖСҚ-ның талаптарын, МЖӘ объектісінің сапасына қойылатын өзге де міндетті талаптарды бұзғаны үшін жауапты болады.

      127. Үлгілік шартта көрсетілген талаптар бұзылған жағдайда, Мемлекеттік әріптес бұзушылықтар анықталған күннен бастап 5 (бес) күнтізбелік күн ішінде жекеше 1-әріптеске жазбаша түрде Шарттың және/немесе талаптары бұзылған құжаттың тармағын көрсете отырып, анықталған бұзушылықты өтеусіз жою, сондай-ақ жекеше 1-әріптестің бұзушылығынан туындаған шығындарды мемлекеттік әріптеске өтеу талабын жібереді. Бұл ретте бұзушылықтарды жою мерзімі 10 (он) күнтізбелік күнді құрайды.

      128. МЖӘ объектісінде жекеше 1-әріптестің МЖӘ объектісін сапасыз салуынан туындаған ақаулар анықталған кезде, жекеше 1-әріптес мемлекеттік әріптестен анықталған ақаулар туралы жазбаша хабарламада көрсетілген мерзімде мұндай ақауларды өз есебінен жояды.

      129. Жекеше 1-әріптес мемлекеттік әріптеске, жекеше 1-әріптес Шартта көзделген міндеттемелерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, оның ішінде Шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімдері бұзылған жағдайда, тиісті бюджетке айыппұл түрінде тұрақсыздық айыбын төлейді.

      130. Мемлекеттік әріптес міндеттемелерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, оның ішінде Шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімдерін бұзған жағдайда, мемлекеттік әріптес жекеше 1-әріптеске айыппұл түрінде тұрақсыздық айыбын төлейді.

      131. Егер Шарттың тиісті тармақтарында өзгеше көзделмесе, айыппұл/өсімақы Тараптармен Шартқа сәйкес есептелген, міндеттемелерді орындау мерзімін өткізудің әр күні үшін МЖӘ объектісінің құнынан 0,001 % мөлшерінде төленеді.

      132. Екінші Тараптың Шарт бойынша өз міндеттерін бұзуы Шартта көзделген міндеттерді орындауға кедергі болған жағдайда, Тарап Шарт бойынша өз міндеттерін орындауды бастамауға немесе екінші Тарапты ол туралы дереу хабардар ете отырып, олардың орындалуын тоқтата тұрады.

      133. Жекеше 1-әріптес мемлекеттік әріптес алдында Шарттың қолданылу мерзімі ішінде МЖӘ объектісін салу бойынша жұмыстардың сапасына жауапты болады.

      134. Егер жекеше 1-әріптес осы залалдар еңсерілмес күш салдарынан немесе мемлекеттік әріптестің әрекеттерінен пайда болғанын дәлелдей алмаса, келтірілген залалдар үшін жауапты болады.

      135. МЖӘ объектісін пайдалануға байланысты туындаған міндеттемелер бойынша борыштар жекеше 1-әріптестің мүлкі және оған тиесілі төлемдер есебінен өтеледі.

27-тарау. Дауларды шешу тәртібі

      136. Шартты орындауға және тоқтатуға байланысты даулар келіссөздер арқылы шешіледі.

      Егер Шартты орындауға, өзгертуге немесе тоқтатуға байланысты даулар 2 (екі) айдың ішінде келіссөздер арқылы шешілмейтін болса, онда Тараптар дауларды Қазақстан Республикасы заңнамаға сәйкес шешеді.

28-тарау. Шарт тұрақтылығының кепілдіктері

      137. Жекеше 1-әріптеске заңнамаға сәйкес оның құқықтарын қорғауға кепілдік беріледі.

      Егер Шартта және заңнамада өзгеше көзделмесе, Тараптардың келісімі бойынша Шарттың талаптарын өзгертуге және толықтыруға жол беріледі.

29-тарау. Шартты өзгерту, толықтыру және тоқтату, бұзу Шарттары

      138. Тараптар өзара келісімі бойынша, Шартқа жазбаша нысандағы қосымша келісімдер жасасу жолымен, Шарттың айрықша талаптарын және ондағы бекітілген МЖӘ жобасының бастапқы параметрлері мен сипаттамаларын өзгертпейтін өзгерістер мен толықтыруларды енгізуге құқықтары бар.

      139. Инвестициялық кезеңде жекеше 1-әріптес Шарттың талаптарын қатарынан 6 (алты) ай ішінде орындамаған жағдайда, Шарт бұзылған кезде мемлекеттік әріптес жекеше 1-әріптесті ауыстыруды мынадай тәртіппен жүзеге асырады:

      1) мемлекеттік әріптес қатарынан 6 (алты) ай өткеннен кейін келесі күні жаңа жекеше 1-әріптесті айқындау жөнінде конкурс өткізу туралы шешім қабылдайды;

      2) мемлекеттік әріптес жаңа жекеше 1-әріптесті Қағидалардың 3-тарауында көзделген тәртіппен конкурс қорытындылары бойынша айқындайды.

      Шарт шеңберінде жаңа жекеше 1-әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты мемлекеттік әріптес 2 (екі) реттен артық өткізбейді;

      3) жекеше 1-әріптес жер учаскесін мемлекеттік әріптеске қайтаруды жүзеге асырады;

      4) мемлекеттік әріптес жекеше 1-әріптес эскроу-шотқа орналастырған кепілдік сомасын өндіріп алады;

      5) жекеше 1-әріптес шығындары Шарттың осы тармағының 8)-тармақшасына сәйкес өтеуге жататын аяқталмаған құрылыс объектісін мемлекеттік әріптеске береді;

      6) мемлекеттік әріптес жаңа жекеше 1-әріптеспен шарт жасасады;

      7) жаңа жекеше 1-әріптес өзінің атына ашылған эскроу-шотқа Ұлттық жобаның 9-1-қосымшасының 8.1-тармағының 5) тармақшасында көзделген соманы аударады;

      8) жаңа жекеше 1-әріптес шартта тарапты ауыстыру туралы жекеше 2-әріптесімен консорциум шартына қосымша келісім жасасады. Консорциум шартындағы тарапты ауыстыру туралы қосымша келісімнің міндетті шарты жаңа жекеше әріптестің алдыңғы жекеше 1-әріптеске 270 (екі жүз жетпіс) күнтізбелік күн ішінде МЖӘ объектісінің құрылысы бойынша алдыңғы жекеше 1-әріптес жүргізген және ЖСҚ-ға сәйкес орындалған жұмыстар актісімен расталған күрделі шығындар сомасының 100%-ын төлеуі болып табылады;

      9) мемлекеттік әріптес жаңа жекеше 1-әріптеске МЖӘ объектісі бар жер учаскесін береді.

      140. Жекеше 1-әріптес МЖӘ объектісіндегі үлесті иеліктен шығарған жағдайда пайдалану кезеңінде консорциум шартындағы және МЖӘ шартындағы тарапты ауыстыру мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

      1) МЖӘ объектісіндегі өз үлесін сатуды жоспарлайтын жекеше 1-әріптес жекеше 2-әріптеске болжамды бағаны және сату шарттарын көрсете отырып, өзінің ниеті туралы жазбаша хабарлама жібереді;

      2) МЖӘ объектісіндегі өз үлесін сатуды жоспарлайтын жекеше 1-әріптес мемлекеттік әріптеске өзінің ниеті және жоспарланып отырған жекеше 1-әріптес туралы жазбаша хабарлама жібереді;

      3) мемлекеттік әріптес 10 (он) жұмыс күні ішінде жекеше 1-әріптесті ауыстыруды келіседі немесе негізді түрде қабылдамайды.

      Жекеше 1-әріптес ауыстырудан бас тартқан жағдайда жекеше 1-әріптесті ауыстыруды қайта келіседі;

      4) Жаңа жекеше 1-әріптес мемлекеттік әріптес келіскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде шартта тарапты ауыстыру туралы консорциум қатысушыларымен шартқа қосымша келісім жасасады;

      5) жекеше 1-әріптес сатып алу жолымен не заттай грант ретінде алынған жер учаскесі бар МЖӘ объектісіндегі үлесті жекеше 1-әріптеске консорциум шартын жасасқан күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде береді;

      6) мемлекеттік әріптес жаңа жекеше 1-әріптеспен және алдыңғы жекеше 1-әріптеспен мемлекеттік әріптес келіскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде МЖӘ шартындағы тарапты ауыстыру туралы МЖӘ шартына қосымша келісім жасасады;

      7) жаңа жекеше 1-әріптес мемлекеттік әріптеске МЖӘ объектісіне техникалық қызмет көрсетуге кепілдік береді.

      141. Пайдалану кезеңінде мемлекеттік әріптестің бастамасы бойынша Шартты бұзу Шарттың 90-тармағының негізінде мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

      1) мемлекеттік әріптес 5 (бес) жұмыс күні ішінде жекеше 1-әріптеске және жекеше 2-әріптеске МЖӘ объектісіндегі бұзушылықтар анықталған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде оларды жою туралы хабарлама жібереді;

      2) мемлекеттік әріптес 5 (бес) жұмыс күні ішінде Шарттың осы тармағының 1) тармақшасында белгіленген мерзімде бұзушылықтарды жоймаған жекеше 1-әріптеске және жекеше 2-әріптеске Шартты бұзу туралы хабарлама жібереді;

      3) жекеше 1-әріптес өз есебінен төленетін МЖӘ объектісін тәуелсіз бағалау нәтижелері бойынша МЖӘ объектісінің бағалау құнын айқындайды және бағалау туралы есепті мемлекеттік әріптеске жібереді;

      4) мемлекеттік әріптес жергілікті бюджет қаражаты болған кезде МЖӘ объектісіндегі үлесті объектінің құны мен ғимараттың амортизациясына жұмсалған шығыстар арасындағы айырмашылыққа тең баға бойынша күнтізбелік 270 (екі жүз жетпіс) күн ішінде жекеше 1-әріптестен және жекеше 2-әріптестен сатып алады. Объектінің құны ретінде МЖӘ объектісін пайдалануға беру жылына бекітілген ғимараттар мен құрылыстар құнының ірілендірілген көрсеткіштерінің жинағында көзделген МЖӘ объектісінің бағалау құны мен МЖӘ объектісі құрылысының құны арасындағы ең аз сома қабылданады;

      5) мемлекеттік әріптес МЖӘ объектісін сатып алған жағдайда Шартты бұзу туралы келісім жасалады, ол уәкілетті органда мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді;

      6) мемлекеттік әріптес МЖӘ объектісін сатып алмаған жағдайда Шартты бұзу туралы келісім жасалады, ол уәкілетті органда тіркелген күнінен бастап күшіне енеді;

      7) жекеше 1-әріптес 270 (екі жүз жетпіс) күнтізбелік күн ішінде республикалық бюджетке Әдістеменің 6 және 6-1-тармақтарына сәйкес есептелген орта білім беру ұйымын жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландырудың жылдық көлемдері арасындағы айырманы қайтарады.

      142. Шарт:

      1) Шарттың әрекет ету мерзімі өткен;

      2) мерзімінен бұрын бұзылған;

      3) сот шешімі;

      4) жекеше 1-әріптес таратылған әрекет етуін тоқтатады.

      Мемлекеттік әріптес білім беру саласындағы уәкілетті органның операторын Шартты алдағы уақытта мерзімінен бұрын бұзу күніне дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей және Шартты іс жүзінде мерзімінен бұрын бұзу күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде хабардар етеді.

      143. Алдын ала талаптарды орындау кезеңінде Тараптардың бірінің бастамасы бойынша мерзімінен бұрын бұзу Шарттың 6-тарауына сәйкес жүргізіледі.

      144. МЖӘ объектісін инвестициялық кезеңінде Тараптардың бірінің бастамасы бойынша мерзімінен бұрын бұзу Шарттың 11-тарауына сәйкес жүргізіледі.

      145. МЖӘ объектісін пайдалану кезеңінде Тараптардың бірінің бастамасы бойынша мерзімінен бұрын бұзу Шарттың 15-тарауына сәйкес жүргізіледі.

      146. Шарт іс-қимыл тоқтатылған жағдайда, жұмыстардың тоқтатылуы мынадай тәртіпте жүзеге асырылады:

      1) жекеше 1-әріптес Шарттың әрекет етуінің тоқтатылуы бойынша дереу:

      МЖӘ объектісінің сақталуын қамтамасыз ету үшін қажеттілерді қоспағанда, барлық жұмыстарды тоқтатады;

      құрылыс алаңының қауіпсіз күйін ұстау үшін қажеттілерді қоспағанда, құрылыс алаңынан барлық тауарлар мен материалдарды жояды.

      2) құрылыс алаңында жұмыстардың тоқтатылуы жұмыстардың тоқтатылуы туралы актпен рәсімделеді, онда міндетті түрде:

      оны жасау орны,

      жасау күні мен уақыты,

      Тараптардың деректемелері,

      құжаттаманың, Жекеше 1-әріптес төлем алған және осы тармақтың 1)-тармақшасының талаптарына сәйкес құрылыс алаңында қалдыруға міндетті материалдар мен тауарлардың нақты сипаттамасы көрсетіледі.

      Жұмыстардың тоқтатылуы туралы актқа міндетті түрде Шарттың екі Тараптары қол қоюы және Тараптардың әрқайсысының мөрімен басылуы тиіс.

      147. Шарт бұзылған жағдайда, жекеше 1-әріптес Әдістеменің 6 және 6-1-тармақтарына сәйкес есептелген орта білім беру ұйымын жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландырудың жылдық көлемдері арасындағы айырманы республикалық бюджетке қайтарады.

      148. МЖӘ объектісіне техникалық қызмет көрсету кезеңінде Шарт бұзылған жағдайда қызметтер көрсету жаңа жекеше 1-әріптеске ауысады.

30-тарау. Шарттың тілі

      149. Шарт қазақ және орыс тілдерінде, сондай-ақ қажет болған кезде Тараптар үшін қолайлы басқа тілде Тараптардың әрқайсысы үшін бір-бір данадан бірдей заңды күші бар үш түпнұсқа данада жасалды.

      150. Шарттың мазмұнын айқындау және түсіндіру кезінде келіспеушіліктер немесе даулар туындаған жағдайда мемелекеттік тілдегі мәтін нұсқасының күші басым болады.

      151. Тараптар мемлекеттік және орыс тілдері қарым-қатынас тілі ретінде қолданылатыны жөнінде уағдаласады.

      152. Шарт күшіне енген күннен бастап, Шартты орындауға қатысты техникалық құжаттама мен Шартты орындауға қатысты ақпарат мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалады.

31-тарау. Шарттың әрекет ету мерзімдері

      153. Шарт тиісті тіркеу органында заңнамада қарастырылған тәртіпте мемлекеттік тіркелген сәттен бастап күшіне енеді және 29 (жиырма тоғыз) жыл ішінде әрекет етеді.

      154. Егер осындайлар заңнамамен қарастырылатын болса, жекеше 1-әріптес Шартқа қол қою және оны тіркеу кезіндегі алымдар мен төлемдер төлеу бойынша шығыстарды өтейді.

32-тарау. Сақтандыру

      155. Тараптар сақтандыруға жататын тәуекелдерді айқындайды, оларды жекеше 1-әріптес заңнамада белгіленген тәртіппен сақтандырады.

      156. Сақтандыру мүліктік тәуекелдер үшін және мыналарға:

      1) құрылыс жүргізу орнына жеткізілетін жүктерді тасымалдауға және қоймаға орналастыруға;

      2) жалға алынған немесе лизинг бойынша пайдаланылатын мүлікті қоса алғанда, жекеше 1-әріптестің құрылыста және техникалық қызмет көрсетуде пайдаланылатын мүлкіне;

      3) Шарт бойынша оған иеленуге және пайдалануға берілген мемлекеттік мүліктің, сондай-ақ Шартты орындау нәтижелері бойынша туындайтын мүліктің кездейсоқ жойылуы мен кездейсоқ бүлінуінің тәуекелі;

      4) жерді қоса алғанда, қоршаған ортаны ластауға және қоршаған табиғи ортаға келтірілген залалдың салдарын жоюға арналған шығыстарға;

      5) үшінші тұлғалар алдындағы жалпы азаматтық-құқықтық жауапкершілікке байланысты жауапкершілік тәуекелдері үшін көзделеді.

      157. МЖӘ объектісін және жекеше 1-әріптестің жабдығын сақтандыру:

      1) жекеше 1-әріптес заңнамаларға сәйкес, МЖӘ объектісінің зақымдалуы немесе жойылуы салдарынан оны иеленумен, пайдаланумен, билік етумен байланысты мүліктік мүдделерге келтірілген зардаптан сақтандыру шартын жасайды. Сақтандыру шарты Шарттың әрекет ету кезеңінде жарамды;

      2) жекеше 1-әріптес МЖӘ объектісін салу және оған техникалық қызмет көрсету үшін сатып алынған жабдықты, тетіктерді, көлік және құралдарды жекеше 1-әріптестің жабдығын иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты оның бүлінуі немесе жойылуы салдарынан келтірілген залалдан сақтандырады. Жекеше әріптес жабдығының кез келген заты үшін сақтандыру шарты осы жабдықты құрылыс алаңына тасымалдау сәтінен оны жабдық ретінде пайдалану қажеттілігі болмайтын сәтке дейін қолданыста болады;

      3) жекеше 1-әріптес жасайтын барлық сақтандыру шарттары, жоғалтуды немесе зақымдалуды өтеудің бір ғана мақсатында Тараптар арасында бөлінуі тиіс сақтандыру төлемдерін алуға ортақ құқыққа ие Тараптардың топтық Шарттары ретінде рәсімделуі тиіс.

      158. Жеке тұлғаларға және мүлікке зиян келтіргені үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру:

      1) жекеше 1-әріптес, Шартты орындау салдарынан туындауы және Шарттың әрекет етуі біткенше орын алуы мүмкін, кез келген мүлікке (Үлгілік шарттыңа сәйкес сақтандырылған заттарды қоспағанда) келтірілген кез келген зиян және/немесе зақым, сондай-ақ кез келген жеке тұлғаға (Үлгілік шарттыңа сәйкес сақтандырылған тұлғаларды қоспағанда) келтірілген дене зақымы немесе өлім үшін өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыруы тиіс;

      2) сақтандыру шарттары жекеше 1-әріптестің атынан жасалады.

      159. Жекеше 1-әріптестің құрылыс және техникалық қызмет көрсету кезеңінде жұмысқа тартылған персоналын сақтандыру:

      1) жекеше 1-әріптес заңнамаға сәйкес, қызметкерлерге келтірілген жарақат, ауру, сырқат немесе өлім нәтижесінде туындаған талаптардан, залалдардан, жоғалтулардан және шығыстардан (сот шығындары мен төлемдерді қоса алғанда) сақтандыру шартын жасауға міндетті;

      2) сақтандыру шарты жекеше 1-әріптестің персоналы МЖӘ объектісінің құрылысын орындауға және оған техникалық қызмет көрсетуге байланысты функцияларды орындағанда, оның ішінде қызметтер көрсету кезінде бүкіл уақыт бойы күшінде болады.

      160. Жекеше 1-әріптес заңнамаға сәйкес сақтандыру компанияларын қалауы бойынша таңдайды.

33-тарау. Құпиялылық

      161. Шарттың ережелері, Шартты орындау процесінде қандай да бір Тарап алған немесе сатып алған ақпарат құпия болып табылады.

      162. Тараптар құпия ақпаратты қажетті есептерді жасау үшін пайдалана алады.

      163. Тараптардың мына жағдайларды:

      1) азаматтық-процессуалдық және қылмыстық-процессуалдық заңнамада көзделген тәртіппен сот немесе құқық қорғау органдарының сұрау салуларына ақпарат беруді;

      2) ақпарат бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамаға сәйкес қаржылық және өзге де есептілікті алуға құқылы мемлекеттік органдарға берілгенде;

      3) үшінші тұлға осындай ақпаратты құпия ретінде қарау және оны Шартта көзделген, Тараптар белгілеген мақсаттарда ғана пайдалану міндеттемесін өзіне алған жағдайда, жекеше 1-әріптеске қызмет көрсететін үшінші тұлғаға ақпарат берілгенде;

      4) инвестор осындай ақпаратты құпия ретінде қарау және оны МЖӘ жобасында көзделген мақсаттарда ғана пайдалану міндеттемесін өзіне алған жағдайда, жекеше 1-әріптес МЖӘ жобасына қаржы қаражатын тарту туралы келіссөздер жүргізетін инвесторға ақпарат берілгенді қоспағанда, құпия ақпаратты екінші Тараптың келісімінсіз үшінші тұлғаларға беруге құқығы жоқ.

      164. МЖӘ объектісін салу және пайдалануға қатысты барлық құжаттар, ақпараттар мен есептер бойынша Шарттың әрекет ету мерзіміне құпиялылықты сақтау мерзімі белгіленеді.

34-тарау. Еңсерілмейтін күш жағдаяттары (форс-мажор)

      165. Еңсерілмейтін күш жағдаяттарына:

      1) Нақты жағдайда қайтару мүмкін емес және төтенше жағдайлар салдарынан қандай да бір Тараптың Шарт бойынша жағдайларына сәйкес орындау мүмкін емес болуы;

      2) Тарап олар туындаған кезде алдын ала болжай алмайтын, құтыла алмайтын немесе еңсере алмайтын;

      3) Тараптардың бірінің бұзушылығының тікелей салдары болып табылмайтын ерекше оқиға немесе жағдаят жатады.

      166. Еңсерілмейтін күш жағдаяттары (форс-мажор) мынадай ерекше оқиғадан немесе жағдаяттан (бірақ олармен шектеліп қалмай), Шарттың талаптар сақталған жағдайда) тұруы мүмкін:

      1) әскери іс-әрекеттер;

      2) террористік акт, төңкеріс, көтеріліс;

      3) жекеше 1-әріптестің персоналы болып табылмайтын тұлғалармен алдын ала қамдалған тәртіпсіздіктер мен ереуілдер;

      4) табиғи апаттар мен қиратушы құбылыстар, оның ішінде жер сілкінісі, дауыл, су тасқыны, көшкіндер, техногендік және экологиялық апаттар, катаклизмдер, өрт, індет, сондай-ақ МЖӘ объектісін қауіпсіз пайдаланудың мүмкін еместігіне алып келетін қолайсыз климаттық жағдайлар.

      167. Тараптар мынадай оқиғалар:

      1) Тараптар жол берген абайсыз немесе қасақана әрекет, қателіктер, әрекетсіздік, Шартты бұзу немесе заңнаманы сақтамау;

      2) тек жекеше 1-әріптестің персоналына немесе қандай да бір аралық мердігерге қатысты ереуілдер, жұмыс қарқынының төмендеуі;

      3) жекеше 1-әріптестің күрделі экономикалық жағдайы немесе нарықтық жағдайлардың өзгеруі еңсерілмейтін күш жағдаяттары (форс-мажор) болмайды деп келіседі.

      168. Еңсерілмейтін күш жағдаяттарының орын алу фактісі, мүмкіндігінше, тиісті еңсерілмейтін күш жағдаяттарының орын алуын тіркеуге уәкілетті органдардың қорытындыларымен және анықтамаларымен расталуы тиіс.

      169. Еңсерілмейтін күш жағдаяттарының (форс-мажор) орын алуы туралы хабарлама:

      1) Еңсерілмейтін күш жағдаяттары (форс-мажор) әсер еткен Тарап бұл туралы өзге Тарапты бірінші Тарап мұндай жағдаяттардың орын алуы туралы білгеннен немесе білуге тиіс сәттен бастап 5 (бес) күнтізбелік күн ішінде жазбаша нысанда хабарлауға міндетті.

      2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген жазбаша хабарлама Еңсерілмейтін күш жағдаяттарының (форс-мажор) орын алу күніне, оның әрекет етуінің болжамды мерзімін көрсетуі, мұндай жағдаятты немесе оның Еңсерілмейтін күш жағдаяттарынан (форс-мажор) зардап шеккен Тараптың Үлгілік шартты орындауына әсерін егжей-тегжейлі сипаттауы, сондай-ақ Еңсерілмейтін күш жағдаяттарының (форс-мажор) әсеріне ұшыраған Тарап қамдануға ниетті әрекеттердің сипаттамасынан тұруы тиіс. Аталған хабарламаға Еңсерілмейтін күш жағдаяттарының (форс-мажор) орын алуының құжаттық растаулары қоса берілуі тиіс.

      3) Тарап өзге Тарапқа осындай хабарламаны жолдағаннан кейін, осы Еңсерілмейтін күш жағдаятының (форс-мажор) әрекет ету уақытына Шарт бойынша көрсетілген міндеттемелерді орындаудан босатылады.

      170. Шарттың уақытылы орындалмау ықтималдығын азайту міндеті:

      1) Еңсерілмейтін күш жағдаятының (форс-мажор) әсеріне ұшыраған Тарап мұндай жағдаяттан туындаған жағдайды түзету үшін барлық саналы күшін салуы және оның салдарларын азайтуы тиіс;

      2) кез келген Тарап Шартты орындау барысында, кез келген уақытта Еңсерілмейтін күш жағдаяттарының (форс-мажор) орын алуымен туындаған кез келген кідірістерді азайту үшін, кез келген мүмкіндікті пайдаланады.

      171. Еңсерілмейтін күш жағдаяттарының (форс-мажор) салдары:

      1) Еңсерілмейтін күш жағдаяттары (форс-мажор) зардап шеккен Тарапқа әсер етуін тоқтатқаннан кейін және оған Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін орындауға ары қарай кедергі келтірмейтін болса, онда мұндай Тарап бұл туралы өзге Тарапты дереу хабардар етеді және Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін орындауды қолға алады;

      2) егер Тараптарға Шарт бойынша өздерінің міндеттемелерін орындауға қандай да бір әсер ететін еңсерілмейтін күш жағдаяттары (форс-мажор) 30 (отыз) күнтізбелік күннен көп жалғасатын жағдайда, онда кез келген Тарап өзге Тараптан кездесу өткізуді талап етеді және қалыптасқан жағдайдан шығуды іздестіру туралы мәселені талқылайды;

      3) Шарттың әрекет ету мерзімі және Тараптардың Шарт бойынша белгілі бір міндеттемелерді орындау мерзімі, Еңсерілмейтін күш жағдаяттарының (форс-мажордың) әсеріне ұшыраған Тарап Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін және тиісті әрекеттерді толық көлемде орындай алмаған уақыт кезеңіне тең кезеңге ұзартылуы тиіс. Егер Еңсерілмейтін күш жағдаяттарының (форс-мажордың) әсеріне ұшыраған Тараптың міндеттемелері мен әрекеттері тек ішінара тоқтатылған жағдайда, Тараптар барлық ілеспе жағдаяттарды есепке ала отырып, осындай кезеңнің (немесе этаптың) тиісті ұзартылуын талқылау және келісу үшін кездеседі.

35-тарау. Қоршаған ортаны қорғау және жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігі жөніндегі талаптар

      172. Қауіпсіздікті және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету мақсатында жекеше 1-әріптес:

      1) МЖӘ объектісін салу, пайдалану жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде жекеше 1-әріптес персоналының қауіпсіздігі жөніндегі заңнаманың нормалары мен талаптарын сақтайды;

      2) жұмыстарды жүргізудің оң тәжірибесін басшылыққа ала отырып, адамдардың өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға, сондай-ақ меншікті жоюға қауіп төндіретін апаттар мен өзге де қауіпті жағдайлардың алдын алу бойынша қажетті барлық шараларды қолдайды;

      3) МЖӘ объектісін пайдалану кезінде жекеше әріптестің қызметімен экологияға келтірілген зиянды барынша азайтуға бағытталған экологияны қорғау саласындағы экологиялық заңнамаға және Қазақстан Республикасының халықаралық Шарттарына сәйкес өзге іс-шараларды өткізуді қамтамасыз етеді.

      173. Егер МЖӘ объектілерін салу және пайдалану адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп туғызатын болса, аталған жұмыстар жүргізілмейді.

      174. Үлгілік шарт бойынша жұмысты қауіпсіз жүргізуді қамтамасыз ету жөніндегі негізгі талаптар:

      1) жұмыстарға арнайы даярлығы мен біліктілігі бар адамдарды, құрылыс жұмыстарына басшылық етуге тиісті арнайы білімі бар, заңнамаға сәйкес міндетті медициналық тексеруден өткен адамдарды жіберу;

      2) құрылыс жұмыстарында істейтін адамдарды арнайы киімдермен, жеке және ұжымдық қорғау құралдарымен қамтамасыз ету;

      3) қауіпсіздік талаптары мен санитариялық ережелерге және гигиеналық нормативтерге сәйкес келетін машиналарды, жабдықтар мен заттарды қолдану;

      4) техникалық құжаттаманы және апаттарды жою жоспарларын жұмыстарды қауіпсіз жүргізу аймақтарының шектерін нақтылайтын деректермен уақтылы толықтыру;

      5) ғимараттарды әзірлеу мен жайластырудың жобалау жүйелерін, жобалары мен технологиялық схемаларын сақтау болып табылады.

      175. Жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төнген жағдайда, жекеше 1-әріптес жұмыстарды дереу тоқтатып, адамдарды қауіпсіз жерге тасымалдауды қамтамасыз етеді.

      176. Халықтың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төнген жағдайда жекеше 1-әріптес бұл туралы тиісті саладағы жергілікті атқарушы дереу хабарлайды.

      177. Шарт бойынша қызмет ықпал ететін аймақтағы халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жағдайда, жекеше 1-әріптес жұмыстарды тоқтатады және халықтың денсаулығы мен өмірі үшін қауіпсіз жағдай жасалмайынша және төнген қауіп жойылмайынша жұмыстарды бастамайды. Қауіпті болдырмау үшін өзге де шараларды қолдану мүмкін болмаған кезде, жекеше 1-әріптес Шарт бойынша жұмыстарды халық қауіпті аймақтан көшірілгеннен кейін ғана қайта бастайды.

      178. Жекеше 1-әріптес, заңнамаға сәйкес, оның кінәсі бойынша жекеше 1-әріптес персоналының денсаулығына келтірілген зиянды өтейді.

      179. Жекеше 1-әріптес апаттар мен өзге де қауіпті жағдайларды болдырмау жөніндегі іс-шаралардың бағдарламаларын әзірлейді және оларды жобалық құжаттардың құрамында бекітеді.

      180. Жекеше 1-әріптес заңнамаға сәйкес техника қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тиісті шаралар қабылдайды және есептіліктің уақытында тапсырылуын қамтамасыз етеді.

36-тарау. Хабарламалар

      181. Шарт аясындағы барлық хабарламалар мемлекеттік және/немес орыс тілінде жазбаша нысанда жасалуы тиіс.

      182. Кез келген хабарламаны, егер ол жеткізілгенін автоматты түрде растай отырып, алушының мекенжайына электрондық поштамен жіберілсе, келесі Тарап алған болып есептеледі.

      183. Шарт ережелеріне сәйкес мемлекеттік әріптес жекеше 1-әріптеске және жекеше 2-әріптеске жолдаған кез келген хабарлама немесе хат жекеше 1-әріптеске және жекеше 2-әріптеске және/немесе жекеше әріптес өкіліне жолданады.

      184. Шарт ережелеріне сәйкес жекеше 1-әріптес мемлекеттік әріптеске жолдаған кез келген хабарлама немесе хат мемлекеттік әріптеске және/немесе мемлекеттік әріптес өкіліне, сондай-ақ жекеше 2-әріптеске жолданады.

      185. Мемлекеттік әріптес және мемлекеттік әріптес өкілі Шартқа сәйкес жекеше 1-әріптес өкілінің кез келген әрекетін жекеше 1-әріптес тікелей мақұлдаған әрекет ретінде қарастырады.

      186. Жекеше 1-әріптес және жекеше 1-әріптес өкілі Шартқа сәйкес Мемлекеттік әріптес өкілінің кез келген әрекетін Мемлекеттік әріптес тікелей мақұлдаған әрекет ретінде қарастырады.

37-тарау. Қорытынды ережелер

      187. Шартқа барлық қосымшалар мен толықтыруларға Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қоюлары тиіс.

      188. Шарт бойынша кез келген хат алмасу мынадай мекен-жайлар бойынша жіберіледі:

      Мемлекеттік әріптес: __________;

      жекеше 1-әріптес: _________

      жекеше 2-әріптес: _________.

      Тараптардың Шарттың талаптарын өзгерту бойынша бойынша хат алмасуларының заңды күші жоқ.

      189. Тараптардың заңды мәртебесін не ұйымдық-құқықтық нысанын өзгерту Шарттың қолданылуын тоқтатпайды және Тараптар Шартты бұзуға, оны өзгертуге ниет білдірген не құқық нормалары оны қайта рәсімдеуді талап еткен жағдайларды қоспағанда, барлық құқықтар мен міндеттер тиісті құқықтық мирасқорға көшеді. Бұл ретте Тараптар құқықтық мәртебесінің, орналасқан орнын және өзге де деректемелерінің өзгеруі туралы бірін-бірі жазбаша түрде 10 (он) күнтізбелік күн ішінде хабардар етуге міндетті.

      190. Шарт Тараптар арасындағы толық келісім болып табылады және ол Шарт нысанына қандай да бір қатысы бар бұрын болған барлық ауызша немесе жазбаша, айтылған немесе топшыланған келісімдерді, өтініштерді немесе мәмілелерді ауыстырады.

      191. Тараптардың ешқайсысы Шартта баяндалмаған қандай да бір ауызша немесе жазбаша, айтылған немесе топшыланған келісімдермен, өтініштермен немесе мәмілелермен байланысты немесе оларға қатысты жауапты емес.

      192. Тараптардың әрқайсысы осы Шарт жасалған кезде ол Шартта баяндалмаған қандай да бір ауызша немесе жазбаша, айтылған немесе топшыланған келісімдерге, өтініштерге немесе мәмілелерге ешқандай сүйенбегендігін және қандай да бір түрде сүйенбейтіндігін мойындайды және онымен келіседі.

      193. Үлгілік шарт бойынша Тараптардың құқықтары мен құқық қорғау құралдары қолданылатын құқықпен қарастырылған қандай да бір құқықтарға немесе құқық қорғау құралдарына қосымша болып табылады, бірақ оны ауыстыра алмайды.

      194. Шартқа және заңнамаға сәйкес рәсімделетін барлық актілер міндетті түрде төрт түпнұсқалық данада, әр Тарап үшін мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде екі данадан жасалуы тиіс.

      195. Шарттың барлық қосымшалары және оған қосымша келісімдер Шарттың әрекет ету мерзімі кезеңінде заңды күшке ие және оларға Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қоюы тиіс.

38-тарау. Тараптардың мекен-жайы және банктік деректемелері:

Мемлекеттік әріптес

Жекеше 1-әріптес

Жекеше 2-әріптес

  Білім беру саласындағы
мемлекеттік-жекешелік
әріптестіктің үлгілік шартына
1-қосымша

      Нысан

МЖӘ объектісінің сипаттамасы

      МЖӘ объектісі __________ (елді мекеннің атауын және орналасқан жерін көрсету) ___ орынға арналған мектеп болып табылады.

      ___ орынға арналған мектеп салуға арналған алаң __________ (тиісті саланың нормативтік-құқықтық құжаттарын және/немесе нормативтік-техникалық құжаттаманы көрсету) талаптарына сәйкес іргелес жатқан аумақпен үйлестіре отырып таңдалды.

      Негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштер:

№ р/с

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі


1

сыйымдылығы

орын


2

жер учаскесінің ауданы

га


3

құрылыс алаңы

м2


4

ғимараттың жалпы ауданы

м2


5

пайдалы аудан

м3


6

құрылыс көлемінің барлығы

м3


7

техникалық көрсеткіштер:

7.1

жылу қуаты (жылу, желдету, ыстық сумен қамтамасыз ету)

Гкал/жыл


7.2

сумен жабдықтау

м3/ тәулік


7.3

кәріздендіру

м3/ тәулік


7.4

ҚТҚ

м3


7.5

электр энергиясының тұтынылатын қуаты

кВт


7.6

өзгелер (байланыс қызметтері)



8

құрылыстың ұзақтығы

ай


      МЖӘ объектісінің сипаттамасы (үй-жайлардың экспликациясын көрсету)

№ р/с

Атауы

Ауданы

Бірінші қабат

1



2



3





n



Екінші қабат

1



2



3





n



n қабат

1



2



3





n



Тараптардың қолдары

______________________________

______________________________

Мемлекеттік әріптестің атынан

Жекеше 1-әріптестің атынан





  Білім беру саласындағы
мемлекеттік-жекешелік
әріптестіктің үлгілік шартына
2-қосымша

      Нысан

МЖӘ жобасын жүзеге асыру кестесі*

МЖӘ шартының алдын ала талаптары

МЖӘ шарты тіркелген күннен бастап 2 (екі) айдан кешіктірмей

МЖӘ объектісін салу кезеңі

20__–20__ ( ___ ай);

Жекеше 2-әріптестің МЖӘ объектісін пайдалану кезеңі

20__ – 20__ жж. ( ___ жыл)

МЖӘ объектісін Үлгілік шартта белгіленген техникалық-экономикалық көрсеткіштерге дейін жеткізу мерзімдері

қаржылық жабу сәтінен ___ айдан кешіктірмей

Қызметтерді іске асырудың басталу мерзімдері

МЖӘ объектісін пайдалануға енгізу сәтінен ___ айдан кешіктірмей

Үлгілік шарттың әрекет ету мерзімі

29 жыл

      *Ескертпе: МЖӘ жобасын жүзеге асыру кестесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу мемлекеттік әріптеспен келісіледі.

  Білім беру саласындағы
мемлекеттік-жекешелік
әріптестіктің үлгілік шартына
3-қосымша

      Нысан

Қаржы-экономикалық жоспар

      Мектептің жұмыс істеуі үшін барлығы ___ қызметкер тартылатын болады.

      Мектепке арналған штат бірліктерінің саны, адам

Атауы

Саны

Әкімшілік басқару персоналы


Өндірістік персонал


Қызмет көрсету персоналы


Үй-жайларды тазалаушы


әртүрлі жұмысты атқаратын адам;


Көмекші персонал


Сантехник


Электрик


Ағаш ұстасы


Барлығы


      Жобамен жекеше 1-әріптестің МЖӘ жобасының бүкіл кезеңіне жобаны салу және пайдалану кезеңдерінде басқару үшін ___ адам санымен (лауазымдарын көрсету) басқарушы компанияны тартуы жоспарланады.

      МЖӘ жобасын іске асырудың қаржы-экономикалық көрсеткіштері:

№ р/с

Көрсеткіштердің атауы

Өлшем бірлігі

Саны

1

МЖӘ объектісінің құны



1.1

Құрылыс құны



1) құрылыс-монтаждау жұмыстары



2) жабдық



3) өзге шығыстар



1.2

МЖӘ объектісін пайдалануға бергенге дейін лицензияларды, патенттерді, рұқсаттарды және де қолданыстағы заңнамаға сәйкес көзделген басқа да құжаттарды алу шығыстары



1.3

Жұмысшылардың жұмыстар мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына (БТБА) және Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне сәйкес МЖӘ объектісін құру және (немесе) реконструкциялау кезеңінде нормативтік мәндер шегіндегі техникалық және әкімшілік шығыстарды қоса алғанда, МЖӘ объектісін құру (салу) кезеңіндегі компанияны басқаруға жұмсалатын шығыстар.



1.4

Қарыз капиталының нарығында белгіленген нарықтық сыйақы мөлшерлемесі бойынша есептелетін қысқа және ұзақ мерзімге тартылатын қарыздар бойынша сыйақылар төлеуге жұмсалатын шығыстар.



1.5

Сақтандыру қызметтері нарығын зерттеу нәтижелері бойынша сақтандыру қызметтерінің нарықтық бағасына сәйкес МЖӘ объектісін құруға байланысты сақтандырудың барлық түрлеріне арналған шығыстар.



1.6

Салық заңнамасында көзделген нормалар шегінде жаңа объектіні құруда (салуда) тікелей қолданылатын негізгі құралдар мен материалдық емес активтерге есептелетін амортизация



2

МЖӘ жобасының қаржылық көрсеткіштері



2.1

МЖӘ жобасының таза келтірілген құны



2.2

Қарыз тарту мерзімі



2.3

жекеше 1-әріптестің кіріс көздері



1) __________



2) __________



3) __________





n



2.4

жекеше 1-әріптестің шығыс түрлері



1) __________



2) __________





n



      * барлық шығыстар МЖӘ объектісін салу (құрылысы) кезеңіне қабылданады

  Білім беру саласындағы
мемлекеттік-жекешелік
әріптестіктің үлгілік шартына
4-қосымша

      Нысан

Жер учаскесінің сипаттамасы

№ р/с

Сипаттамасы

Көсерткіш

1

Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына акт

№___, "___"_________, 20__ж.

2

Кадастрлық нөмірі

№ ___-___-___-___

3

Жер учаскесін өтеусіз жер пайдалану мерзімі

___ жыл

4

Ауданы

___ га

5

Жерлердің санаты


6

Жер учаскесін мақсатты тағайындау


7

Жер учаскесін пайдаланудағы шектеулер мен ауыртпалықтар


8

Жер учаскесінің бөлінуі


      Тараптардың қолдары

      ______________________________ ______________________________
      Мемлекеттік әріптестің атынан Жекеше 1-әріптес атынан

  Білім беру саласындағы
мемлекеттік-жекешелік
әріптестіктің үлгілік шартына
5-қосымша

      Нысан

МЖӘ жобасының көздері және МЖӘ қаржыландыру кестесі

МЖӘ жобасын қаржыландыру көздері

жекеше 1-әріптестің меншікті қаражаттары – МЖӘ объектісін салу құнынан ___%.
Қарыз қаражаттары – МЖӘ объектісін салу құнынан ___%.

Қаржыландыру мерзімдері

__ жыл мерзімге қарыз қаражаттары.
Жеңілдікті кезең (құрылыс кезеңінде) – ___ ай.

Қаржыландыру кестесі


      Тараптардың қолдары

      ______________________________ ______________________________
      Жекеше 1-әріптестің атынан Мемлекеттік әріптестің атынан

  Білім беру саласындағы
мемлекеттік-жекешелік
әріптестіктің үлгілік шартына
6-қосымша

МЖӘ объектісі пайдалануға берілген күннен кейін мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда МЖӘ объектісінің жай-күйіне қойылатын талаптар

      1. Тараптар келіскен мерзімде, бірақ мұндай жағдай басталғанға дейін 1 (бір) айдан аспайтын мерзімде шарт мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, Тараптар МЖӘ объектісінің жай-күйін бағалау жөніндегі комиссия құруды қамтамасыз етеді.

      2. Комиссия құрамына жекеше 1-әріптес, жекеше 2-әріптес және мемлекеттік әріптес өкілдер кіруге тиіс. Тараптар комиссия жұмысына сарапшыларды тартады.

      3. МЖӘ объектісінде жекеше 1-әріптес оның міндеттемелерін тиісінше орындамау себептері бойынша берілетін мүлікті одан әрі пайдалануға мүмкіндік бермейтін қандай да бір ақаулар немесе кемшіліктер анықталған жағдайда, жекеше 1-әріптес Мемлекеттік әріптестің жазбаша талабы бойынша МЖӘ объектісін одан әрі оған жарамды күйге келтіру үшін жеткілікті техникалық қызмет көрсетуге кепілдік төлеуге міндеттенеді пайдалану. Техникалық қызмет көрсетуге кепілдік мөлшерін және оны төлеу мерзімдерін тараптар белгілейді.

      4. МЖӘ объектісіне оның бейініне сәйкес пайдалануға жарамдылық талаптары және үшінші тұлғалардың құқықтарына ауыртпалықтардың болмауы қойылады.

  Білім беру саласындағы
мемлекеттік-жекешелік
әріптестіктің үлгілік шартына
7-қосымша

Көрсетілетін қызметтердің сапа индикаторларын және МЖӘ объектісін пайдалану өлшемшарттарын бұзудың ақаулы нүктелерін есептеу

      1. Есеп

      1) жекеше 1-әріптес осы қосымшаның 2-тармағына (ақауы бар көзілдірік) сәйкес мемлекеттік әріптеске қандай да бір ақаудың немесе өзге де бұзушылықтың болуы/болмауы туралы ілеспе хатпен тоқсан сайын/жыл сайын жазбаша есеп беруге міндетті;

      2) есепте ақаудың немесе өзге де бұзушылықтың жеткілікті толық сипаттамасы және бұзушылықты жоюдың тиісті мерзімі болуы тиіс;

      3) мемлекеттік әріптес есепті алған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң жекеше 1-әріптеске кемшіліктердің бар/жоқтығын растайтын хабарлама жібереді. Есептің дұрыстығын мемлекеттік әріптестің өкілі тексереді;

      4) жекеше 1-әріптес келесі есепті кезеңнің нәтижелері бойынша анықталған кемшіліктерді жоюға немесе болдырмауға міндетті;

      5) келесі есепті кезеңнің нәтижелері бойынша анықталған кемшіліктер жойылмаған немесе оларға жол берілмеген жағдайда мемлекеттік әріптес ақаулық ұпайларды белгілейді және бұл туралы жекеше 1-әріптеске хабарлайды.

      2. Ақаулық ұпайлар

      1) егер жекеше 1-әріптес келесі есепті кезеңнің соңында анықталған кемшіліктерді жоймаса, мемлекеттік әріптес ақаулық ұпайларды береді;

      2) егер болмашы ақау анықталса, мұндай ақау үшін айыппұл мөлшері 5 (бес) ақаулық ұпайды құрайды;

      3) елеулі ақау анықталса, мұндай ақау үшін өсімпұл мөлшері 10 (он) ақаулық ұпайды құрайды;

      4) қауіпті ақау анықталса, мұндай ақау үшін айыппұл мөлшері 15 (он бес) ақаулық ұпайды құрайды;

      5) ақаулық ұпайлардың саны бір бұзушылыққа қатысты төленуі мүмкін ең жоғарғы сан болып табылады;

      6) ақаулық ұпайлар ақы төлеуге арналған есепте тиісті бөлшектерді көрсетумен барлық есептелген ақаулық ұпайларды қосу жолымен есептелетін болады;

      7) жекеше 1-әріптес ақаулық ұпайлардың есептелуі туралы хабарламаны немесе ақы төлеу мөлшерін немесе тиісті ақаулық ұпайлардың санын осындай хабарлама алғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн ішінде мемлекеттік әріптеске дәлелді наразылық жолдап даулай алады;

      8) егер мемлекеттік әріптес пен жекеше 1-әріптес, жекеше 1-әріптес тарапынан осындай наразылық болған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде кез келген осындай мәселе бойынша мәмілеге келе алмаса, тараптардың кез келгені дауларды шешу тәртібін пайдалана алады.

Қызмет көрсету сапасының индикаторлары

Индикаторлар дың атауы

Ақпараттың кезеңділігі

Ақпарат көзі

Шекті мәні

Ақаулық мәні

1

2

3

4

5

6

1

МЖӘ объектісінде қызмет көрсету сапасын тексеру есебі белгіленген, қызмет көрсету сапасына шағымдарды тіркеу кітабы (журнал) бар

ай сайын

жекеше 1-әріптестің Шарт бойынша міндеттемелерді орындауы туралы есеп

МЖӘ объектісі әкімшілігінің мөрі бар шағымдар кітабының болуы (беттері нөмірленген және тігілген болуы керек)

азғантай

2

тиісті қызметтердің МЖӘ объектісіне техникалық қызмет көрсету жөніндегі санитарлық, басқа да нормалар мен талаптарды бұзу фактісі

тоқсан сайын

шарт бойынша міндеттемелерді орындау туралы есеппен бірге жекеше 1-әріптес ұсынған тиісті қызметтердің есебі

индикатор мәні 2 (екі) фактіден аспайды

елеулі

3

Жекеше 1-әріптестің МЖӘ объектісіне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізбеуі

тоқсан сайын

жекеше 1-әріптес көрсететін тиісті қызметтер туралы есеп

индикатор мәні 1 (бір) фактіден аспайды

қауіпті

4

МЖӘ объектісінің материалдық-техникалық қорының жабдықталмауы

тоқсан сайын

жекеше 1-әріптес көрсететін тиісті қызметтер туралы есеп

индикатор мәні 1 (бір) фактіден аспайды

елеулі

5

тиісті қызметтермен МЖӘ объектісін пайдалану кезінде ақаулардың немесе бұзушылықтардың болуы фактісі

тоқсан сайын

жеке 1-әріптес ұсынған тиісті қызметтер туралы есеп

индикатор мәні 2 (екі) фактіден аспайды

қауіпті

      Ескерту: МЖӘ – мемлекеттік-жекеменшік әріптестік

Ақаулық ұпай

негіздеме

ақаулық ұпайлардың саны

қандай да бір ақаудың немесе өзге де бұзушылықтың болуы/болмауы туралы есеп беру мерзімін бұзу

әрбір кешіктірілген күн үшін, әрбір тапсырылмаған есеп үшін 10 (он) ақаулық ұпай

мемлекеттік әріптеске немесе уәкілетті органдарға мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісіне рұқсат беруден бас тарту

Уәкілетті органдардың өкілдерінің қызметіне рұқсат бермеудің немесе кедергі келтірудің әр күні үшін күніне 20 (жиырма) ақаулық ұпай

жекеше 1-әріптестің Мемлекеттік әріптеске анық емес ақпаратты әдейі тапсыруы

әрбір анықталған анық емес ақпаратты беру жағдайы үшін 20 (жиырма) ақаулық ұпай

ағымдағы жөндеуді тиісті мерзімінде орындамау

әрбір анықталған бұзушылық жағдайы үшін 50 (елу) ақаулық ұпай

      Тараптардың қолдары

      ______________________________ ______________________________
      Мемлекеттік әріптестің атынан Жекеше 1-әріптес атынан

  Білім беру саласындағы
мемлекеттік-жекешелік
әріптестіктің үлгілік шартына
8-қосымша

Мемлекеттік әріптес, жекеше 1-әріптес және жекеше 2-әріптес арасында тәуекелдерді бөлу

тәуекелдер атауы

тәуекелдерді бөлу

азайту шаралары

мемлекеттік әріптес

жекеше 1-әріптес

жекеше 2-әріптес


дайындық кезеңі

заңды тәуекел

құрылыс жұмыстары басталғанға дейін мемлекеттік әріптестің бастамасы бойынша шартты бұзу



мемлекеттік әріптес Шарттың талаптарын адал сақтауға тиіс

құрылыс жұмыстары басталғанға дейін жекешелік 1-әріптестің бастамасы бойынша Шартты бұзу


жекеше 1-әріптестің Шарттың талаптарын адал сақтауға тиіс

жекешелік 1-әріптестің немесе жекешелік 2-әріптестің консорциум шартын жасасудан бас тартуы


жаңа жекешелік 1-әріптесті немесе жекешелік 2-әріптесті табу және оны ауыстыру

қаржылық тәуекел

МЖӘ объектісін құру үшін қаржы көзін тартпау немесе уақтылы тартпау



жекеше 1-әріптес МЖӘ жобасын іске асыру үшін қажетті қаржыландыру мөлшерін бөлу туралы банкпен келісім жасасу қажет

техникалық тәуекел

МЖӘ объектісін салу аймағында инженерлік коммуникацияларды уақтылы жүргізбеу



мемлекеттік әріптес МЖӘ объектісін салу үшін барлық инженерлік коммуникацияларды учаскеге уақтылы жеткізуді қамтамасыз етуге тиіс

МЖӘ объектісін салуға рұқсат беру және өзге де құжаттарды уақтылы алмау



мемлекеттік әріптес жекеше 1-әріптеске МЖӘ объектісін салуға барлық рұқсат құжаттарын тезірек алуға жәрдемдесуі тиіс.
жекеше 1-әріптеске рұқсат беру құжаттарын алу үшін тиісті мемлекеттік орган талап ететін құжаттама пакетімен алдын ала танысуы тиіс

құрылыс кезеңі

заңды тәуекелдері

құрылыс жұмыстары басталғаннан кейін жеке/мемлекеттік әріптестің бастамасы бойынша шартты бұзу


Тараптар:
1) проблемаларды шешу бойынша кездесулер өткізуге;
2) қандай да бір ақпаратты беру барысында қате ақпаратты жоюға;
3) үлгі шартқа және ЖСҚ-ға сәйкес барлық талаптарды адал сақтауға міндетті.

қаржылық тәуекел

құрылыс құнының өсуі (құрылыс материалдары, тасымалдау бағасының, жабдық бағасының өсуі)



жекеше 1-әріптестің тиісті нарықтардағы бағалар конъюнктурасының өзгеру мүмкіндігін ескере отырып, өзінің ақша ағындарын, сонымен қатар қажетті тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің жеткізілуін жоспарлауы.
Жұмыстарды/қызметтерді көрсетуге және тауарларды (құрылыс материалдарын) жеткізуге алдын ала Үлгілік шарттар жасау, оның ішінде аванс төлемінің үлесі жоғары емес (жұмыстардың/қызметтердің/тауарлардың құнынан 30%-ға дейін) орындалған жұмыстар/қызметтер/ тауарлар жеткізу фактісі бойынша есептесуді қарастыратын төлем схемасын жасау.
Құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін құрылыста тәжірибесі бар, оң имиджі бар, білікті кадрлары бар және қажетті техникалық құрал-жабдықтары бар құрылыс компаниясын тарту.
Құрылыс кестесін сақтау, тауарлар мен қызметтерді уақытында төлеу.
жекеше 1-әріптес тарапынан құрылыс барысы мен сапасына уақытылы бақылауды қамтамасыз ету.
Құрылыс-мердігерлік келісімшартын тиісті деңгейде орындауды сақтандыру, шикізаттар мен материалдарды жеткізуді қоса алғанда тұрақты бағалармен келісім Үлгілік шарттар жасау секілді құралдарды қолдануды қарастыру.
жекеше 1-әріптес атынан құрылыс барысы мен сапасына бақылауды қамтамасыз ететін тәуелсіз инженерді тарту. Сақтау орындарында, оның ішінде күзет ұйымдарымен шарт жасасу арқылы тауарлық-материалдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ету.

Салықтық мөлшерлемелердің ұлғаюы



жекеше 1-әріптес болжанбаған шығыстарды жабу үшін резерв құруды қарастыруы тиіс.

Жекеше әріптестің немесе Субмердігерлердің банкротқа ұшырауы



жекеше 1-әріптес компаниясының тәуекелдерін төмендету мақсатында бизнесті сақтандыруды және арнайы резервтік қорларды құруды қолдануы қажет.

Шарт жасасқаннан кейін қарыздың пайыздық мөлшерлемесінің артуы



жекеше 1-әріптестің қаржылық ұйымымен қолайлы шартарда, оның ішінде белгіленген пайыздық мөлшерлемемен қарыз шартын жасасуы.

МЖӘ объектісіне залал келтірілген жағдайда сақтандырушының сақтандыру төлемін жүргізуінің мүмкін болмауы



Сақтандыруға жатпайтын шығындардан қауіп туындауы мүмкін, сондықтан жеке әріптес барлық қажетті тәуекелдерді жабатын полистің шарттарымен мұқият танысуы керек. жекеше 1-әріптес МЖӘ жобасын іске асырудың барлық мерзіміне сақтандыру туралы шарт жасасуы қажет.

Инфляцияның өсуі



жекеше 1-әріптес тарапынан:
1) болжанбаған шығыстарды жабу үшін резерв құру;
2) аталған тәуекелді сақтандыру;
3) кезең шығыстарын оңтайландыру

техникалық тәуекел

Мердігердің жұмыстарды уақтылы орындамауына байланысты құрылыс мерзімдерінің созылуы



Оң мәртебесі, құрылыс жұмыстарында тәжірибесі бар, білікті кадрлары мен қажетті техникалық жабдықтары бар құрылыс компаниясын тарту.
Мердігерлермен/субмердігерлермен Үлгілік шарттың талаптарын тиянақты пысықтау.
Айыппұл санкцияларын қолдануды және МЖӘ объектіснің құрылысы бойынша міндеттемелердің орындалуының қамтамасыз етілуін қарастыру.
Құрылыс барысы мен сапасының және кестесінің сақталуына уақтылы бақылауды ұйымдастыру.
Құрылыстың ауқымын, құрылыс кестесін сақтауды ескере отырып, жобалық жұмыстарды тиянақты пысықтау.
Сақтау орындарында, оның ішінде күзет ұйымдарымен шарт жасасу арқылы тауарлық-материалдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ету.

Мемлекеттік әріптестің Жер учаскесін уақытында бермеуімен байланысты құрылыс мерзімдерінің созылуы



Жер учаскесінің уақытылы бөлінуін және оны пайдалану құқытарын тиісті рәсімдеуді қамтамасыз ету.

Сапасыз жабдықтар мен құрылыс материалдарының жеткізілуі



Жабдықтарды жеткізу шартында жеткізуші сапасыз жабдықтарды және/немесе құрылыс материалдарын ауыстыруы не өз есебінен дұрыстауы тиіс кепілдікті қарастыру қажет.
Қабылдау-беру және жабдықты орнату актісіне қол қойғаннан кейін ғана төлем бөлігінің төленуін көздеу.
Жабдықты жеткізу кезінде оның паспортына сәйкестігін тексеру.

Үшінші тұлғалардың қатысуымен немесе қатысуынсыз құрылыс барысында өрттің туындауы



Жекеше 1-әріптес:
1) өрт қауіпсіздігін, сондай-ақ техника қауіпсіздігін сақтауы;
2) жұмысшыларға техника қауіпсіздігі бойынша нұсқаулық жүргізуі;
3) мүлікті, салынып жатқан МЖӘ объектісін және құрылыс материалдарын сақтандыруы тиіс

экологиялық тәуекел

Материалдар мен жабдықтардың экологиялық стандарттар мен нормаларға сәйкес келмеуі



Рұқсат етілген, қолжетімді, сертификатталған, стандартталған материалдар мен жабдықтарды пайдалану және/немесе қолдану.
МЖӘ объектісінің құрылыс ерекшелігін ескере отырып жекеше 1-әріптестің немесе Субмердігердің, құрылысқа арналған материалдарды сатып алуы.

апаттық жағдайлар тәуекелі

Табиғи апаттар мен қиратушы құбылыстар, оның ішінде жер сілкінісі, дауыл, су тасқыны, көшкіндер, техногендік және экологиялық апаттар, катаклизмдер, өрт, індет, сондай-ақ МЖӘ объектісін қауіпсіз пайдаланудың мүмкін еместігіне алып келетін қолайсыз климаттық жағдайлардың туындауы


Еңсерілмейтін күш жағдаятының (форс-мажор) әсеріне ұшыраған Тарап мұндай жағдаятпен туындаған жағдайды түзету үшін барлық саналы күшін салуы және оның салдарларын азайтуы тиіс.
Әр Тарап Үлгілік шартты орындау барысында, кез келген уақытта Еңсерілмейтін күш жағдаяттарының (форс-мажор) орын алуымен туындаған кез келген кідірістерді азайту үшін, кез келген мүмкіндікті пайдалануға міндетті.
жекеше 1-әріптес мүлікті, салынып жатқан МЖӘ объектісін және құрылыс материалдарын сақтандыруы тиіс.

операциялық тәуекел

Жекеше 1-әріптес персоналының тарапынан өндірістік шиеленіс (Еңбек заңнамасын бұзу, жаппай жұмыстан шығару, шерулер және т.б.)



Еңбек заңнамасын қатаң сақтау, қызметкерлер кәсіподағын құру.

МЖӘ объектісін материалдық-техникалық қамтамасыз етудің ұлттық жобаға сәйкес келмеуі


Жекеше 1-әріптес
және жекеше 2-әріптес МЖӘ объектісін материалдық-техникалық қамтамасыз етуді ұлттық жобаға сәйкес келтіру жөнінде қажетті шаралар қабылдайды

әлеуметтік-саяси тәуекел

Террористік акт, төңкеріс, көтерілістің туындауы


Еңсерілмейтін күш (форс-мажор) жағдайына ұшыраған тарап осы жағдайдан туындаған жағдайды түзету және оның салдарын азайту үшін барлық ақылға қонымды күш салуы керек.
жекеше 1-әріптес мүлікті, салынып жатқан МЖӘ объектісін, жабдықтар мен құрылыс материалдарын сақтандыруы қажет.

Әскери іс-әрекеттердің туындауы


Жекеше 1-әріптестің персоналы болып табылмайтын тұлғалармен алдын ала қамдалған тәртіпсіздіктердің, ереуілдердің туындауы


пайдалану кезеңі

заңды тәуекел

Қызмет көрсетудің басталу күнінен кейін Мемлекеттік/жекеше 1-әріптестің бастамасымен Үлгілік шартты бұзуы


Тараптар:
1) проблемаларды шешу бойынша кездесулер өткізуі;
2) қандай да бір ақпаратты беру барысында қате ақпаратты жоюы;
3) Үлгілік шартқа және Жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес барлық талаптарды әділ сақтауы тиіс.

Қызмет көрсетудің басталу күнінен кейін жекеше 2-әріптестің бастамасымен Үлгілік шартты бұзуы


Тараптар:
1) туындаған мәселелерді шешу бойынша кездесулер өткізу;
2) МЖӘ шартына және Консорциум шарттарына сәйкес барлық талаптарды адал сақтауға міндетті;
3) МЖӘ шартында және Консорциум шартында Тараптар ауыстыруды жүргізеді.

қаржылық тәуекел

Салықтық мөлшерлемелердің ұлғаюы



Жекеше 1-әріптес болжанбаған шығыстарды жабу үшін резерв құруды қарастыруы тиіс.

Инфляцияның өсуі



Жекеше 1-әріптес тарапынан:
1) болжанбаған шығыстарды жабу үшін резерв құру;
2) аталған тәуекелді сақтандыру;
3) кезең шығыстарын оңтайландыру.

техникалық тәуекел

МЖӘ жобасын басқару кезінде жекеше 1-әріптес пен жекеше 2-әріптес өкілеттіктерінің аражігін ажыратудың болмауы


жекеше 1 және 2- әріптестердің жауапкершілік аймақтарын нақты бөлумен жекеше 1 және 2-әріптестердің арасындағы өзара іс қимыл схемасын келісу және бекіту

МЖӘ объектісіне сапасыз техникалық қызмет көрсету



Ғимараттың, оның ішінде ғимараттың жекелеген конструктивті элементтерінің, материалдардың және инженерлік жабдық, энергетика, сумен қамту және суды бұру, байланыс және т.б. жүйелерінің жарамды күйін ұстау.
Ғимарат бойынша қосалқы жұмыстарды, оның ішінде үй-жайларды жинау мен тазалауды ұйымдастыру

Үшінші тұлғалардың қатысуымен немесе қатысуынсыз пайдалану барысында өрттің туындауы



жекеше 1-әріптес:
1) өрт қауіпсіздігін, сондай-ақ техника қауіпсіздігін сақтауы;
2) жұмысшыларға техника қауіпсіздігі бойынша нұсқаулық жүргізуі;
3) мүлікті, салынып жатқан МЖӘ объектісін және құрылыс материалдарын сақтандыруы тиіс.

операциялық тәуекел

Жекеше 1-әріптес персоналының тарапынан өндірістік шиеленіс (Еңбек заңнамасын бұзу, жаппай жұмыстан шығару, шерулер және т.б.)



еңбек заңнамасын қатаң сақтау, қызметкерлер кәсіподағын құру.

Санитарлық-гигиеналық ережелер мен нормаларды сақтамау



санитарлық-гигиеналық ережелер мен нормаларды қатаң сақтау

жеке 2- әріптестің МЖӘ объектісіне білім беру қызметіне
лицензия алмауы / уақтылы алмауы



мемлекеттік әріптес жеке 2-әріптеске МЖӘ объектісіне білім беру қызметіне лицензия алу мәселелері бойынша консультация беруді жүзеге асырады

МЖӘ объектісін материалдық-техникалық қамтамасыз етудің Ұлттық жобаға сәйкес келмеуі


жекеше 1-әріптес және жекеше 2-әріптес МЖӘ объектісін материалдық-техникалық қамтамасыз етуді Ұлттық жобаға сәйкес келтіру жөнінде қажетті шаралар қабылдайды

МЖӘ объектісінің жүктемесінің оның өндірістік қуатына сәйкес келмеуі


жекеше 1-әріптес:
және жекеше 2-әріптес:
2 тұтынудың қажетті көлемін қамтамасыз ету үшін сапалы қызмет көрсету бойынша қажетті шараларды қабылдайды

әлеуметтік-саяси тәуекел

Террористік акт, төңкеріс, көтерілістің туындауы


еңсерілмейтін күш (форс-мажор) жағдайына ұшыраған тарап осы жағдайдан туындаған жағдайды түзету және оның салдарын азайту үшін барлық ақылға қонымды күш салуы керек.
жекеше 1-әріптес мүлікті, салынып жатқан МЖӘ объектісін, жабдықтар мен құрылыс материалдарын сақтандыруы қажет.

Әскери іс-әрекеттердің туындауы


жекеше 1-әріптестің персоналы болып табылмайтын тұлғалармен алдын ала қамдалған тәртіпсіздіктердің, ереуілдердің туындауы


апаттық жағдайлар тәуекелі

Табиғи апаттар мен қиратушы құбылыстар, оның ішінде жер сілкінісі, дауыл, су тасқыны, көшкіндер, техногендік және экологиялық апаттар, катаклизмдер, өрт, індет, сондай-ақ МЖӘ объектісін қауіпсіз пайдаланудың мүмкін еместігіне алып келетін қолайсыз климаттық жағдайлардың туындауы


Еңсерілмейтін күш жағдаятының (форс-мажор) әсеріне ұшыраған Тарап мұндай жағдаятпен туындаған жағдайды түзету үшін барлық саналы күшін салуы және оның салдарларын азайтуы тиіс.
Әр Тарап Үлгілік шартты орындау барысында, кез келген уақытта Еңсерілмейтін күш жағдаяттарының (форс-мажор) орын алуымен туындаған кез келген кідірістерді азайту үшін, кез келген мүмкіндікті пайдалануға міндетті.
жекеше 1-әріптес мүлікті, салынып жатқан МЖӘ объектісін және құрылыс материалдарын сақтандыруы тиіс.

      Тараптардың қолдары

      __________________________________________________________________________

      Мемлекеттік әріптестің атынан Жекеше 1-әріптестің атынан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады