Жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулының нысанын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2024 жылғы 19 маусымдағы № 261-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 20 маусымда № 34532 болып тіркелді

      "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 5 -тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулының нысаны бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрі
А. Шаккалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция
Бірінші вице-министрі
2024 жылғы 19 маусымдағы
№ 261-НҚ бұйрығына
қосымша

      _____________________________________________________________________

      (Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкес Мемлекеттік

      Елтаңбаның бейнеленуі)

      _____________________________________________________________________

      (техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган атауы)

      _____________________________________________________________________

      (техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган ведомствосының атауы)

      _____________________________________________________________________

      (техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық

      бөлімшесінің атауы)

Жедел ден қою шараларын қолдану туралы ҚАУЛЫ

      __________________________________________________________________

      QR –код _________________________________________________________________

      бірегей идентификациялық нөмір (QR – код және бірегей идентификациялық нөмір

      қаулыны техникалық реттеудің ақпараттық жүйесінде қалыптастыру барысында

      көрсетіледі)

      № _____ 20___ жыл

      ______________________________ "___"_________

      (жасалған орны)

      Уақыты: ____________

      __________________ облысы/қаласы бойынша мемлекеттік бақылау және қадағалау

      жөніндегі Бас аумақтық мемлекеттік инспекторы

      ____________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      _____________________________________________________________________

      бақылау және қадағалау субъектісіне қатысты ұсынылған материалдарды қарап,

      _____________________________________________________________________

      заңды тұлға үшін бақылау және қадағалау субъектісі туралы мәліметтер (заңды

      тұлғаның атауы және бизнес сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаны мемлекеттік

      тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің (анықтаманың) № және берілген күні,

      ұйымның заңды мекенжайы және орналасқан жерінің мекенжайы, банктік

      деректемелерін заңды тұлғаның ұйымдастыру-құқықтық нысаны)

      ______________________________________________________________

      (басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған жылы, айы, күні,

      тұрғылықты жері, тұлғаны куәландыратын куәлігінің аты және реквизиттері,

      мекенжайы бойынша тіркелу туралы ақпарат), сондай-ақ жедел ден қою

      шараларын қолдану туралы қаулыны ресімдеу кезінде қатысқан бақылау және

      қадағалау субъектісі өкілінің лауазымы ________________________________

      ____________________________________________________________________

      жеке тұлға үшін бақылау және қадағалау субъектісі туралы мәліметтер (жеке

      кәсіпкердің жеке сәйкестендіру нөмірі, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы

      куәліктің (анықтаманың) № және берілген күні, жеке кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты

      (бар болса), туған жылы, айы, күні, тұлғаны куәландыратын куәлігінің аты және

      реквизиттері, мекенжайы бойынша тіркелу (қайта тіркеу) туралы ақпарат және

      кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын орналасқан жерінің мекенжайы,

      банктік деректемелері)

      _____________________________________________________________________

      (істі қарау бойынша іс жүргізу тілі)

      Тексеру кезінде

      _____________________________________________________________________

      (тексеру жүргізудің құқықтық негіздері, тексеруді тағайындау туралы актінің

      № және күні)

      өнім _____________________________________________________________

      (өнімнің атауы, саны (бірлік (данада), салмағы (килограммда), көлемі (литрде)

      және басқада), бағасы, партия №, шығарылған күні)

      _____________________________________________________________________

      ______________________________талаптарына сәйкес келмейтіндігі анықталды.

      (техникалық регламенттің бұзылған баптарын, тармағын көрсету: техникалық

      регламент талаптарына сәйкес емес, таңбалау бөлімінде, белгіленген тәртіпте

      сәйкестігі бағалаудан өтпеген, сәйкестікті бағалау құжаттарынсыз немесе

      техникалық реттеудің бірыңғай тізілімінде немесе Евразиялық экономикалық

      одақтың сәйкестікті бағалау құжаттарын беру және қабылдау бірыңғай тізілімі

      құжаттарында мәліметтердің болмауы)

      "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының _____ бабына сәйкес

№ р/н

Техникалық реттеу саласындағы тексеру парағы пунктінің нөмірі

Техникалық реттеу саласындағы тексеру парағының талаптарының атауы

Жедел ден қою шарасының түрі





      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Өнімді айналымға шығаруға тыйым салу (керегінің астын сызу)

      _____________________________________________________________________

      (өнімнің атауы, саны (бірлік (данада), салмағы (килограммда), көлемі (литрде)

      және басқада), бағасы, партия №, шығарылған күні) алып қойылсын/ айналымға

      шығаруға тыйым салынсын (керегінің астын сызу).

      2. Орындау нәтижелері және қабылданған шаралар туралы аумақтық Техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган ведомствосының бөлімшесі __________________облыс / қала 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде ішінде хабарлансын.

      3. Осы қаулы күшіне енеді және жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулы шығарылған күннен бастап орындалуға тиіс.

      4. Осы қаулы бақылау және қадағалау субъектісінің орындауы үшін міндетті.

      5. Өнімді алып қою/айналымға шығаруға тыйым салудың қолданылу мерзімі 30 (отыз) күнтізбелік күн қолданылады.

      6. Осы қаулыда көрсетілген өнімді сатудан шығару үшін бақылау және қадағалау субъектісіне 5 (бес) жұмыс күні беріледі. Бақылау және қадағалау субъектісі қабылданған шаралар туралы хабарламаны Техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне __________________облыс / қала жібереді.

      7. Алынған өнім осы қаулы күшіне енген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сақтауға орналастырылады.

      8. Осы қаулыны орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен жауапкершілік көзделген.

      9. Қаулыға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шағым жасалуы мүмкін.

      ___________ облысы/қаласы

      бойынша мемлекеттік бақылау және

      қадағалау жөніндегі Бас аумақтық

      мемлекеттік инспекторы ___________ _____________________________

      қолы тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Таныстым және бір данасын алдым:

      Бақылау және қадағалау

      субъектісінің басшысы немесе

      оның уәкілі                                     20___ жыл "____" __________

      _______________________________________________________________

      (бақылау және қадағалау субъектісі басшысының немесе бақылау және

      қадағалау субъектісі өкілінің күні мен қолы)

      Ескертпе: ақпараттық жүйеде қалыптастыру кезінде осы құжат "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 1-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдей.

      Электронды құжат техникалық реттеудің ақпараттық жүйесімен қалыптастырылды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады