"Табиғат қорғау мекемелерінде ғылыми қызмет және ғылыми зерттеулер ұйымдастыру және жүргізу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 25-02-01/94 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2024 жылғы 17 маусымдағы № 124 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 21 маусымда № 34538 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Табиғат қорғау мекемелерінде ғылыми қызмет және ғылыми зерттеулер ұйымдастыру және жүргізу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 13 наурыздағы №25-02-01/94 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 65796 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғат қорғау мекемелерінде ғылыми қызмет және ғылыми зерттеулер ұйымдастыру және жүргізу қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):

      1-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Ғылыми қызмет және ғылыми зерттеулер ұйымдастыру тәртібі";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Табиғат қорғау мекемесінің ғылыми қызметін жоспарлау Қазақстан Республикасы "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар" Занының 41-бабы 3-тармағының ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша уәкілетті орган бекітетін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарларына (бұдан әрі – Жоспар) сәйкес жүзеге асырылады.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Тиісті негіздеме мен табиғат қорғау мекемесінің ҒТК шешімі болған жағдайда ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша Жоспарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге болады.";

      3-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Ғылыми жұмыстар жүргізу тәртібі";

      Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жазылсын;

      Қағидаларға 5-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи
ресурстар министрі
Е. Нысанбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ғылым және жоғары білім министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи
ресурстар министрі
2024 жылғы 17 маусымдағы
№ 124 Бұйрығына
1 - қосымша
  Табиғат қорғау мекемелерінде
ғылыми қызмет және ғылыми
зерттеулер ұйымдастыру
және жүргізу қағидасына
1-қосымша

      Нысан

Келісілді
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім
министрлігінің
Ғылым комитеті
__________________________
20 жылғы " "

Қазақстан Республикасы Экология
және табиғи ресурстар министрлігінің
Орман шаруашылығы және
жануарлар дүниесі комитеті
төрағасының
20 жылғы " "
№__________ бұйрығымен бекітілген

      20____20____жылдарға арналған___________________________________

      (табиғат қорғау мекемесінің атауы)

ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ЖОСПАРЫ

Тақырып, бөлім
атауы

Орындау мерзімі

Ғылыми жетекшілер

Жауапты орындаушылар

Жұмыстың қысқаша
мазмұны

Күтілетін нәтижелер

1

2

3

4

5

6

7








      _______________________________________________________________________

      (табиғат қорғау мекемесінің атауы)

      Ғылыми-техникалық кеңестің отырысында қаралды және мақұлданды

      20 ____ жылғы "" _____________№_____ хаттама

      Директор (Бас директор)

      Ғылым жөніндегі директордың орынбасары (бас директордың орынбасары)

      ______________________________________________________

  Бұйрығына 2 - қосымша
  Табиғат қорғау мекемелерінде
ғылыми қызмет және ғылыми
зерттеулер ұйымдастыру
және жүргізу қағидасына
5-қосымша

      Нысан

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті ______________________________________________________ (табиғат қорғау мекемесінің атауы) мемлекеттік мекемесі

      Ғылыми-техникалық кеңестің
отырысында мақұлданды
20 ___жылғы "___" ________ №

      хаттама
ҒТК төрағасы
__________________________
(қолы, тегі, аты, әкесінің аты)

Ғылыми-зерттеу жұмысы туралы ЕСЕП

      _____________________________________________тақырыбы бойынша

      1-бөлім. ________жылға _"____________________________________________"

      (бөлімнің атауы)

      Жетекші, ғылыми дәрежесі, лауазымы: ___________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты, қолы)

      Орындаушы, ғылыми дәрежесі, лауазымы: ________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты, қолы)

      1. Мазмұны.

      2. Кіріспе.

      3. Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері.

      4. Жұмыс (ғылыми зерттеулер) әдістемесі, материалдар жинау орындары, іссапарлар маршруттары мен мерзімдері, зерттеулердің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі туралы мәліметтер.

      5. Жұмыс нәтижелері (кестелер, сызбалар, фотоиллюстрациялар, суреттер қоса беріледі).

      6. Тұжырымдар мен ғылыми-практикалық ұсынымдар.

      7. Әдебиет (пайдаланылған ғылыми көздердің тізімі).

      8. Қосымшалар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады