"Резидентурада мемлекеттік тапсырысты орналастыру, оқуға қабылдау және медицина кадрларын даярлау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-270/2020 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 21 маусымдағы № 27 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 24 маусымда № 34551 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Резидентурада мемлекеттік тапсырысты орналастыру, оқуға қабылдау және медицина кадрларын даярлау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-270/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21802 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшамен бекітілген резидентурада медицина кадрларын даярлауға арналған мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Резидентурада медицина кадрларын даярлауға арналған мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 222-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және өңірлер мен еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, резидентурада медицина кадрларын даярлауға арналған мемлекеттік тапсырысты орналастыруды айқындайды.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Клиникалық мамандықтар бөлінісінде қалыптастырылған резидентурада медицина кадрларын даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы меншік нысанына және ведомстволық тиесілігіне қарамастан, танылған аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында мамандандырылған аккредиттеуден өткен білім беру ұйымдары мен ұлттық және (немесе) ғылыми орталықтар, ғылыми-зерттеу институттары (бұдан әрі – білім беру ұйымдары) арасында орналастырылады.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес резидентурада медицина кадрларын даярлауға арналған өтінімдерді облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтау саласындағы жергілікті атқарушы органдары, республикалық медициналық ұйымдар, медициналық білім беру және ғылыми ұйымдары, өзге де мемлекеттік органдары (бұдан әрі – Тапсырыс беруші) Ұлттық үйлестірушіге белгіленген нысан бойынша жыл сайын 1 наурызға дейін береді.

      Резидентурада медициналық кадрларды даярлауға өтінімдерді қалыптастыру кезінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – ЖАО) моноқалалардағы, ауылдық елді мекендердегі және жаңадан салынып жатқан денсаулық сақтау объектілеріндегі медициналық ұйымдардың қажеттіліктерін ескере отырып деректерді қалыптастырады.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Тапсырыс берушілерден резидентурада медициналық кадрларды даярлауға алынған өтінімдер негізінде Ұлттық үйлестіруші жыл сайын 20 наурызға дейін қаржыландыру көзін көрсете отырып, өңірлер, елді мекен (қала, моноқала/ауыл) санаттары, клиникалық мамандықтар бөлінісінде уәкілетті органға және ЖАО-ға медициналық кадрлардағы жалпы және болжамды қажеттілікті қалыптастырады және жібереді.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Резидентурада медицина кадрларын даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі конкурсқа қатысу үшін білім беру ұйымдары, ұлттық және (немесе) ғылыми орталықтар және ғылыми-зерттеу институттары уәкілетті органға растайтын мынадай құжаттарды қамтитын конкурстық өтінім береді:

      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтінім;

      2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша сауалнама;

      3) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша ақпараттық карта;

      4) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша тиісті оқу жылына резидентурада медицина кадрларын даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру ұсыныстары.

      5) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша аккредиттелген резидентура базаларының болуы туралы ақпараттық карта.

      Білім беру ұйымдары ұсынған конкурстық өтінімге даулы мәселелер туындаған жағдайда Комиссия қосымша растайтын құжаттарды сұратады.

      Растайтын және қосымша құжаттар үш күн мерзімде ұсынылмаған жағдайда Комиссия білім беру ұйымының өтінімін қабылдамайды.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Білім беру ұйымдарын, ғылыми орталықтар мен ғылыми-зерттеу институттарын айқындау және резидентурада медицина кадрларын даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру кезінде Комиссия мынадай негізгі өлшемшарттарды басшылыққа алады:

      1) білім беру бағдарламаларының тиісті тобы бойынша соңғы 3 жылда білім алушылар контингентінің болуы;

      2) резидентураның білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға қойылатын талаптарға сәйкес келетін білім беру процесін кадрлық қамтамасыз ету;

      3) әлемдік ғылыми және білім беру ресурстарына қол жеткізу;

      4) резидентураның білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға қойылатын талаптарға сәйкес келетін ғылыми-білім беру процесін материалдық-техникалық қамтамасыз ету;

      5) резидентураның аккредиттелген білім беру бағдарламаларының болуы;

      6) білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесінің білім беру бағдарламаларының тізілімінде білім беру бағдарламаларының болуы;

      7) білім беру ұйымдарында қоғамдық тамақтандыру және медициналық қызмет көрсету пункттерінің болуы;

      8) түлектерді жұмысқа орналастыру нәтижелері;

      9) білім беру ұйымдарының халықаралық және (немесе) ұлттық рейтингтеріне қатысу;

      10) денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары үшін "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлік палатасы өткізетін рейтингке қатысу.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Комиссия бағалау негізінде мамандықтар бойынша мемлекеттік білім беру тапсырыс санын көрсете отырып, конкурс шарттары бойынша резидентурада кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын резидентура бағдарламасын аяқтау бойынша кейіннен жұмысқа орналасу үшін тапсырыс берушілерді, білім беру ұйымдарының, ғылыми орталықтар мен ғылыми-зерттеу институттарының тізбесін көрсете отырып, резидентурада медицина кадрларын даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы шешім қабылдайды.";

      Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      Қағидаларға 4-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қағидаларға 6-қосымшамен толықтырылсын;

      көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшада бекітілген Резидентурада медицина кадрларын оқуға қабылдау қағидаларында:

      12-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) 3-қосымшада көрсетілген нысан бойынша тапсырыс берушіні міндетті түрде көрсете отырып, конкурсқа қатысу үшін ұйым басшысының атына жазылған өтініш;";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Резидентураға тұлғаларды ақылы негізде қабылдау білім беру бағдарламалары топтарының бейінінен түсу емтиханының қорытындысы бойынша және мүмкін болған 100 баллдан кемінде 75 балл жинаған жағдайда жүзеге асырылады.

      Конкурстық негізде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға түсу емтиханынан ең жоғары балл, бірақ кемінде 75 балл жинаған тұлғалар қабылданады.

      Оқуға қабылдау туралы өтініш 4-қосымшада көрсетілген нысан бойынша тапсырыс берушіні міндетті түрде көрсете отырып, ұйым басшысының атына беріледі.";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Білім беру ұйымдары резидентураға қабылданғаннан кейін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға күнтізбелік 10 күні ішінде қабылдауды ұйымдастыру және өткізу бойынша қорытынды есепті, сондай-ақ бағдарлама аяқталғаннан кейін резидентура түлегі жұмысын өтейтін Тапсырыс берушіні көрсете отырып, мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша резидентураға қабылдау туралы бұйрықтардың көшірмелерін ұсынады.";

      мынадай мазмұндағы 25-тармақпен толықтырылсын:

      "25. Білім беру ұйымдары резидентураға қабылданғаннан кейін республикалық медициналық ұйымдарға, медициналық білім беру және ғылыми ұйымдарға, өзге де мемлекеттік органдарға (бұдан әрі – Тапсырыс беруші) 10 күнтізбелік күн ішінде резидентура бағдарламасы аяқталған кезде Тапсырыс берушінің бос жұмыс орындарын жоспарлауы үшін резиденттер санын, оқыту мамандығын және оқыту тілін көрсете отырып, мемлекеттік тапсырыс бойынша қабылдау туралы ақпаратты ұсынады.

      Тапсырыс беруші ұсынылған деректерге сәйкес тапсырыс берушінің қажеттілігіне сәйкес мемлекеттік тапсырысты кейіннен міндетті түрде жұмысты өтеуді бекіте отырып, үшжақты шарт (білім беру және ғылыми ұйым, резидент- дәрігер, тапсырыс беруші) жасасады.";

      осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Қағидаларға 3-қосымшамен толықтырылсын;

      осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Қағидаларға 4-қосымшамен толықтырылсын;

      көрсетілген бұйрыққа 3-қосымшада бекітілген Резидентурада медицина кадрларын даярлау қағидаларында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Резидентура бағдарламаларын іске асыруды білім беру ұйымдары денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының аккредиттелген клиникаларында, университеттік ауруханаларда, резидентура базалары ретінде аккредиттелген ұлттық және (немесе) ғылыми орталықтар, ғылыми-зерттеу институттары жүзеге асырады.

      Резидент-дәрігерлерді резидентура базалары бойынша бөлуді білім беру ұйымы резидент-дәрігердің жеке жұмыс жоспарына сәйкес дербес жүзеге асырады.

      Резидент-дәрігерлердің клиникалық практикасы тиісті мамандық бойынша ауылдық, қалалық, облыстық және республикалық денсаулық сақтау ұйымдарында жалпы ұзақтығы резидент-дәрігердің жеке жұмыс жоспарына сәйкес резидентураның үлгілік оқу бағдарламасында көрсетілген мерзімдерден кем емес жоспарланады және ұйымдастырылады.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Резидент-дәрігерді ақылы негізден мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша бос орынға қалған оқу мерзіміне оқуға ауыстыру демалыс кезеңінде білім беру ұйымы басшысының шешімімен жүзеге асырылады.

      Ақылы негізде, сондай-ақ жекелеген ұйымдар үшін бекітілген білім беру тапсырысы бойынша түскен резидент-дәрігерлер басқа ұйымға білім беру ұйымы басшысының шешімімен қалған оқу мерзіміне демалыс кезеңінде ақылы негізде ғана ауысады.

      Ауыстыру рәсімін білім беру ұйымы дербес белгілейді және оның академиялық саясатында көрсетіледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Альназарова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ғылым және жоғары білім министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2024 жылғы 21 маусымдағы
№ 27 Бұйрыққа
1-қосымша
  Резидентурада медицина
кадрларын даярлауға
арналған мемлекеттік
тапсырысты орналастыру
қағидаларына
1-қосымша

20___ / 20 ___ оқу жылына резидентурада медицина кадрларын даярлауға өтінім

Мамандықтың атауы

Орын саны

Негіздеме

Республикалық бюджет

Жергілікті атқарушы органның бюджеті

1

2

3

4

5

6













Жиыны:





      Ұйым басшысы ________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      басшының қолы

      Мөр орны

      Күні 20 ___ жылғы "___" _______________

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2024 жылғы 21 маусымдағы
№ 27 Бұйрыққа
2-қосымша
  Резидентурада
медицина кадрларын
даярлауға арналған
мемлекеттік тапсырысты
орналастыру қағидаларына
4-қосымша

Білім беру ұйымының ақпараттық картасы _______________________________________________________________________________ (білім беру ұйымының атауы) _______________________________________________________________________________ (резидентура мамандығының атауы)

Білім беру ұйымы туралы жалпы мәліметтер

Көрсеткіштер

1. Жалпы мәліметтер

1.1

Халықаралық және (немесе) ұлттық институционалдық аккредиттеу


1.2

Білім беру ұйымының халықаралық және (немесе) ұлттық рейтингі (орны, рейтинг атауы)


1.3

Білім беру порталының болуы


1.4

Әлемдік ғылыми және білім беру ресурстарына қол жетімділік


2. Резидентураның білім беру бағдарламаларының топтары бойынша жалпы мәліметтер

2.1

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлаудың бағыттары бойынша білім беру қызметін жүргізуге құқық беретін лицензияға қосымша


2.2.

Халықаралық және (немесе) ұлттық мамандандырылған аккредиттеу


2.3

Түлектердің жұмысқа орналасуы, жұмысқа орналасқан түлектердің %-ы


2.4

Білім мен дағдыларды тәуелсіз бағалаудан табысты өткен резидентура түлектерінің үлесі


2.5

Соңғы 3 жылдағы білім алушылар контингенті


2.6

Білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесінің білім беру бағдарламаларының тізілімінде білім беру бағдарламаларының болуы


3. Кадрлық қамтамасыз ету және педагог жұмыскерлердің біліктілік деңгейі

3.1

Штаттық оқытушылардың жалпы саны:


ғылым докторлары


PhD докторлары


ғылым кандидаттары


жоғары немесе бірінші біліктілік санаты бар


3.2

және (немесе) оның ішінде білім беру бағдарламаларының топтары бойынша (саны)


ғылым докторлары


PhD докторлары


ғылым кандидаттары


жоғары немесе бірінші біліктілік санаты бар


      Жоғарыда келтірілген ақпараттың шынайылығын растаймын

      Ұйым басшысы _____________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      ______________________

      басшының қолы

      Мөр орны

      Күні 20 ___ жылғы "___" _______________

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2024 жылғы 21 маусымдағы
№ 27 Бұйрыққа
3-қосымша
  Резидентурада медицина
кадрларын даярлауға арналған
мемлекеттік тапсырысты
орналастыру қағидаларына
6-қосымша

Аккредиттелген резидентура базаларының болуы туралы ақпараттық карта

Мәлімделген резидентура мамандығының атауы

Резидентура базасының атауы

* Медициналық ұйымдардың аккредитациясының болуы
(аккредитация нөмірі, берілген күні, әрекет ету мерзімі)

* Медициналық қызметке лицензия және лицензияға қосымшаның болуы
(лицензия нөмірі, берілген күні, әрекет ету мерзімі)

Емханадағы бөлімшенің атауы

Төсек саны

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 1 – бабы 1-тармағының 240) тармақшасына сәйкес келетін бөлімше тәлімгерлерінің саны

1
















      * Ескертпе: растайтын құжаттарды міндетті түрде қоса беру.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2024 жылғы 21 маусымдағы
№ 27 Бұйрыққа
4-қосымша
  Резидентурада медицина
кадрларын оқуға қабылдау
қағидаларына
3-қосымша

Резидентураның білім беру бағдарламасының конкурсына қатысуға өтініш

  ____________________________
(ұйым басшысының тегі, аты-
жөні (бар болған жағдайда)
(ұйымның толық атауы)
____________________________
  (толық тегі, аты-жөні
(бар болған жағдайда)
____________________________
____________________________
Жеке сәйкестендіру нөмірі
____________________________
азаматтығы
____________________________
тұрғылықты мекенжайы
____________________________
байланыс деректері
(телефон, электрондық пошта)
____________________________
______________________
____________________________
______________________
____________________________
______________________
____________________________
_______________ бітірген
(ұйымның толық атауы,
бітірген жылы)

ӨТІНІШ

      Мені ____________________________________________________________________

      (керегін жазыңыз: тапсырыс берушіні көрсете отырып, мемлекеттік білім беру

      тапсырысы бойынша / ақылы негізде)

      "________________________________________________________________________"

      (резидентураның білім беру бағдарламасының коды және атауы)

      резидентураның білім беру бағдарламасына

      __________________________________________________________________________

      (ұйымның толық атауы)

      түсу үшін түсу емтихандарын тапсыруға және конкурсқа қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

      Емтихан тапсыру тілі: ____________________

      (керегін жазыңыз: қазақ, орыс, ағылшын).

      * Мен бұрын мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша резидентурада оқымағаныма кепілдік беремін.

      "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

      20__ жылғы "____" _______________.

      Үміткердің қолы _____________

      * Ескертпе: мемлекеттік білім беру тапсырысына түсушілер үшін ғана қолданылады.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2024 жылғы 21 маусымдағы
№ 27 Бұйрыққа
5-қосымша
  Резидентурада медицина
кадрларын оқуға қабылдау
қағидаларына
4 қосымша

Резидентураның білім беру бағдарламасына қабылдауға өтініш

  ____________________________
(ұйым басшысының тегі, аты-
жөні (бар болған жағдайда)
____________________________
(ұйымның толық атауы)
____________________________
(толық тегі, аты-жөні
(бар болған жағдайда)
____________________________
____________________________
Жеке сәйкестендіру нөмірі
____________________________
азаматтығы
_______________________
тұрғылықты мекенжайы
____________________________
____________________________
____________________________
байланыс деректері
(телефон, электрондық пошта)
____________________________
____________________________
____________________________
____________________________
бітірген
(ұйымның толық атауы,
бітірген жылы)

ӨТІНІШ

      Мені _____________________________________________________________________

      (ұйымның толық атауы)

      резиденттер қатарына

      "________________________________________________________________________"

      (резидентураның білім беру бағдарламасының коды және атауы)

      резидентураның білім беру бағдарламасына күндізгі оқу нысанына, қаржыландыру нысаны:

      _________________________________________________________________________,

      (керегін жазыңыз: тапсырыс берушіні көрсете отырып, мемлекеттік білім беру

      тапсырысы (Республикалық бюджет)/ мемлекеттік білім беру тапсырысы

      (жергілікті бюджет) / медициналық ұйымдардың қаражаты есебінен / шарттық негізде)

      оқыту тілі: ____________________

      (керегін жазыңыз: қазақ, орыс, ағылшын) оқуға қабылдауымды сұраймын.

      Топты __________________ тілде толық жинақтамаған жағдайда _____________ тілде оқуға келісемін.

      Мен жатақханаға мұқтажбын, мұқтаж емеспін (керегінің астын сызу керек).

      * Мен бұрын мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша резидентурада оқымағаныма кепілдік беремін.

      "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

      20__ жылғы "____" _______________

      Үміткердің қолы _____________

      * Ескертпе: мемлекеттік білім беру тапсырысына түсушілер үшін ғана қолданылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады