БҰЙЫРАМЫН:
1. "Кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптардың тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 131 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 32986 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптардың тізілімін жүргізу қағидаларында:
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптардың тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші бойынша кәсіпкерлік қызмет түрлері бөлінісінде реттеушілік актілердің жалпыға қолжетімді дерекқоры;";
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
"4.1. Егер реттеушілік актіде кәсіпкерлік қызметтің саналуан түріне қойылатын орындалуы міндетті талаптар қамтылған жағдайда, мұндай акт қызметтің әрбір түріне арналған талаптар тізіліміне енгізілуге жатады.
Талаптар тізілімі мынадай міндеттерді шешеді:
1) талаптардың осы Кодексте көзделген оларды қалыптастыру шарттарына және кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимыл жасау қағидаттарына сәйкестігін қамтамасыз ету;
2) кәсіпкерлік субъектілерінің қызметті жүзеге асыруы үшін міндетті талаптардың толық тізбесі туралы хабардар болуын қамтамасыз ету.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Талаптар тізіліміне Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын қоспағанда, экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне сәйкес қызметті жүзеге асыруы кезінде кәсіпкерлік субъектілерінің орындауы үшін міндетті талаптар қамтылатын реттеушілік актілер енгізіледі.
Талаптар тізіліміне реттеушілік актілер олардың тиімділігін, оның ішінде мемлекеттік реттеудің мәлімделген мақсаттарына қол жеткізілуін және осы Кодексте көзделген міндетті талаптарды қалыптастыру шарттарына және кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимыл қағидаттарына сәйкестігін бағалау тұрғысынан оларға кейіннен талдау жүргізу үшін енгізіледі.
Реттеушілік актілер қабылданып, ресми жарияланғаннан кейін, сондай-ақ реттеуші мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында орналастырылғаннан кейін он жұмыс күні ішінде олар осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік органның өзі айқындайтын реттеуші мемлекеттік органдар қызметкерлерінің АЖО арқылы қосуы үшін тізілімге жіберіледі.
Реттеуші мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне АЖО-ға қолжетімділікті оператор олардың өтінімдері негізінде береді.";
7-тармақ мынадай реакцияда жазылсын:
"7. Автоматтандырылған режимде жіберілген реттеушілік актілер тізілімде осы Қағидаларға сәйкестігі, сондай-ақ тізілімнің міндетті жолдарын толтырудың толықтығы мен анықтығы тұрғысынан тексеруден және кәсіпкерлік саласындағы уәкілетті органмен келісуден өтеді.
Кәсіпкерлік саласындағы уәкілетті органның ескертулері болмаған кезде 3 жұмыс күні ішінде реттеушілік актілер тізілімге енгізіледі.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Реттеуші мемлекеттік органдар тізілімде көзделген мерзімдерде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 748 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 12517 болып тіркелген) бекітілген реттеушілік әсерге талдау жүргізу және пайдалану қағидаларына (бұдан әрі – РӘТ жүргізу қағидалары) сәйкес РӘТ жүргізеді.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Кодекстің 83-1-бабының 6-тармағына сәйкес осы Қағидалардың 11-тармағында көзделген мерзімдер бұзылған жағдайда, кәсіпкерлік субъектілерінің тиісті реттеушілік актілердің талаптарын сақтамауы оларды әкімшілік жауаптылыққа тартуды болғызбауға негіз болып табылады. Бұл ретте тізілімде тиісті реттеушілік актінің мәртебесі "әкімшілік жауаптылыққа тартуға негіз жоқ" деп көрсетіледі.".
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі |
Н. Байбазаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының Құқықтық
статистика және арнайы
есепке алу жөніндегі комитеті
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш
өнеркәсібі министрлігі