"Өсімдіктерді қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 5-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Өсімдіктерді қорғау саласындағы тергеп-тексеру жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы |
А. Бердалин |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының Құқықтық
статистика және арнайы есепке
алу жөніндегі комитеті
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы | |
Ауыл шаруашылығы | |
министрінің міндетін атқарушы | |
2024 жылғы 28 маусымдағы | |
№ 229 бұйрығымен | |
бекітілген |
Өсімдіктерді қорғау саласындағы тергеп-тексеру жүргізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Өсімдіктерді қорғау саласындағы тергеп–тексеру жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Өсімдіктерді қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабы 5-3) тармақшасына сәйкес әзірленді және өсімдіктерді қорғау саласындағы тергеп-тексеру (бұдан әрі – тергеп-тексеру) жүргізу тәртібін айқындайды.
2-тарау. Өсімдіктерді қорғау саласындағы тергеп-тексеру жүргізу тәртібі
2. Тергеп-тексеру мынадай жағдайларда жүргізіледі:
1) "Өздеріне қатысты өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар белгіленетін және жүзеге асырылатын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесін және аса қауiптi зиянды организмдер тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-4/282 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11739 болып тіркелген) 2-қосымшасына сәйкес аса қауіпті зиянды организмдер тізбесіне енгізілген аса қауіпті зиянды организмдердің жаппай таралуы кезінде;
2) мемлекеттік тіркеуден өтпеген пестицидтерді, жалған пестицидтерді өткізу, сақтау, қолдану және (немесе) әкелу фактілері анықталған кезде.
1-параграф. Тергеп-тексеру жүргізу туралы шешімді ресімдеу тәртібі және мазмұны
3. Тергеп-тексеру жүргізу туралы шешімді тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің өсімдіктерді қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесінің (бұдан әрі – аумақтық бөлімше) басшысы немесе оның міндетін атқаратын адам қабылдайды.
Тергеп-тексеру облыс аумағында орналасқан екі және (немесе) одан да көп аудандарда (облыстық маңызы бар қалаларда) жүргізілген жағдайда, тергеп-тексеру жүргізу туралы шешімді өсімдіктерді қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының облыстық аумақтық бөлімшесінің басшысы немесе оның міндеттерін атқаратын адам қабылдайды.
Тергеп-тексеру екі және (немесе) одан да көп облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) аумағын қамти отырып, жүргізілген жағдайда, тергеп-тексеру жүргізу туралы шешімді тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің аумақтық бөлімшелерінің басшылары немесе оның міндеттерін атқарушы адам қабылдайды.
4. Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 144-4-бабы 3-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген негіздер (адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға және жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтірудің нақты фактілері бойынша, мұндай факт тұлғалардың кең тобына қатысты болған және бұзушылықтарға жол берген нақты бақылау субъектісін (объектісін) анықтау талап етілетін жағдайларда, жеке және (немесе) заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттік органдардың жолданымдары; аса қауіпті зиянды организмдер ошақтарының туындауы мен таралуы туралы мемлекеттік органдар немесе қызмет субъектілері беретін ақпарат (төтенше хабарлама); жалған және тіркелмеген пестицидтердің туындауы мен таралуы туралы мемлекеттік органдар немесе қызмет субъектілері беретін ақпарат (төтенше хабарлама)), болған кезде тергеп-тексеру жүргізу туралы шешім жеке және (немесе) заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өтініштері немесе мемлекеттік органдар немесе қызмет көрсетуші субъектілер ұсынған ақпарат (төтенше хабарлама) алынған күннен бастап екі жұмыс күнi iшiнде қабылданады. Тергеп-тексеру оны жүргізу туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде басталуға тиіс.
5. Тергеп-тексеру жүргізу туралы шешімде мынадай ақпаратты қамтылады:
1) шешімнің қабылданған күні, уақыты және орны;
2) аумақтық бөлімшенің атауы;
3) тергеп-тексеру жүргізу үшін негіздеме;
4) өсімдіктерді қорғау саласындағы тергеп-тексеру тағайындалған заңды тұлғаның немесе оның филиалының және (немесе) өкілдігінің атауы, жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), тегі, оның орналасқан жері, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі, аумақ учаскесі;
5) өсімдіктерді қорғау саласындағы тергеп-тексеру жүргізу нысанасы;
6) тергеп-тексеру комиссияның құрамы;
7) тергеп-тексеру жүргізу мерзімі;
8) тергеп-тексеру жүргізу туралы шешім шығарған адамның аты, әкесінің аты (жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген жағдайда), тегі, қолы (электрондық цифрлық қолтаңбасы) және лауазымы.
Өсімдіктерді қорғау саласындағы тергеп-тексеруді жүргізу туралы шешім осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.
Тергеп-тексеру мерзімі ұзартылған жағдайда, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өсімдіктерді қорғау саласындағы тергеп-тексеру мерзімдерін ұзарту туралы қосымша шешім ресімделеді.
2-параграф. Тергеп-тексеру жүргізу мерзімдері мен ұзақтығы
6. Кодекстің 144-4-бабының 6-тармағына сәйкес тергеп-тексеру жүргізу мерзімі күнтізбелік отыз күннен аспауға тиіс және ол күнтізбелік отыз күнге бір рет ғана ұзартылуы мүмкін.
3-параграф. Бақылау субъектісін, құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органды, мүдделі мемлекеттік органдарды тергеп-тексерудің басталғаны туралы хабардар ету мерзімдері
7. Аумақтық бөлімшенің басшысы шешімге қол қойылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органды, өкілдері тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның құрамына енгізілген мүдделі мемлекеттік органдарды "Тексерулер субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі" ақпараттық жүйесі арқылы тергеп-тексеру жүргізудің басталғаны туралы хабарлама жіберу жолымен хабардар етеді.
8. Аумақтық бөлімше бақылау субъектісіне тергеп-тексеру басталғанға дейін кемінде бір тәулік бұрын тергеп-тексеру жүргізудің басталғаны туралы хабарлама жібереді.
Тергеп-тексеруді жүргізудің басталғаны туралы хабарлама қолма-қол тапсырылады, тапсырылғаны туралы хабарламамен бақылау субъектісінің электрондық поштасының мекенжайына тапсырысты пошта жөнелтілімі не электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі, егер мұндай мекенжайды осы субъект бұрын бақылау органына ұсынған болса жіберіледі.
Бұл ретте, төменде көрсетілген тәсілдердің бірімен жіберілген хабарлама мынадай жағдайларда тапсырылды есептеледі:
1) қолма-қол – хабарламаны алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап;
2) поштамен – тапсырысты хатпен;
3) электрондық тәсілмен – егер мұндай мекенжайды осы субъект бұрын бақылау органына ұсынған болса, бақылау субъектісінің электрондық мекенжайына жөнелтілген күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.
4-параграф. Тәуелсіз сарапшыларды және өзге де мүдделі тұлғаларды тарту тәртібі
9. Тергеп-тексеру жүргізуге Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау саласындағы заңнамасын бұзу туралы тергеп-тексерудің жүргізілуіне арнайы ғылыми немесе практикалық білімі бар тәуелсіз сарапшылар, сондай-ақ құқықтары мен заңды мүдделері қозғалатын мүдделі тұлғаларды тартуға жол беріледі.
Өсімдіктерді қорғау саласындағы тергеп-тексеруге тәуелсіз сарапшыларды/мүдделі тұлғаларды тарту туралы шешім осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.
Тәуелсіз сарапшылар мен мүдделі тұлғалар комиссия мүшелері болып табылмайды.
10. Комиссия тәуелсіз сарапшылардың кандидатураларын ұсыну туралы сұранымды мемлекеттік органдарға және өсімдіктерді қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі ведомстволық бағынысты ұйымдарға жіберу арқылы тәуелсіз сарапшыларды шақыруды жүзеге асырады.
Комиссия Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеруге байланысты құқықтары мен заңды мүдделері қозғалатын мүдделі тұлғаларды сұранымдар жіберу арқылы шақыруды жүзеге асырады.
11. Тәуелсіз сарапшының/мүдделі тұлғалардың кандидатурасы туралы мәліметтер осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген сұраным келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде өсімдіктерді қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне жіберіледі.
12. Тәуелсіз сарапшы мынадай жағдайларда тергеп-тексеру жүргізуге тартылмайды:
1) жүргізілетін тергеп-тексеру саласында арнайы ғылыми немесе практикалық білімнің болмауы;
2) тексерілетін бақылау субъектісімен еңбек немесе өзге де шарттық қатынастардың болуы;
3) жүргізілетін тергеп-тексеру нәтижелерінде жеке, тікелей немесе жанама түрде мүдделіліктің болуы.
5-параграф. Тергеп-тексеру жөніндегі комиссия құрамын құру шарттары мен тәртібі
13. Тергеп-тексеруді құрамына өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар кіретін тергеп-тексеру жөніндегі комиссия (бұдан әрі – комиссия) жүргізеді. Тергеп-тексеру нысанасына қарай комиссия құрамына мүдделі мемлекеттік органдардың (орталық атқарушы органдардың, оның ішінде олардың ведомстволары мен аумақтық бөлімшелерінің және/немесе жергілікті атқарушы органдардың) өкілдері енгізіледі.
Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрайды, кемінде үш адам. Комиссия хатшысы аумақтық бөлімше қызметкерлерінің арасынан айқындалады. Комиссияның хатшысы мүше болып табылмайды.
14. Комиссия төрағасы оның қызметін басқарады, тәуелсіз сарапшылар мен мүдделі тұлғаларды тарту туралы шешімдер қабылдайды, тергеп-тексеруге жалпы бақылауды жүзеге асырады.
15. Комиссия мүшелері:
1) Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау саласындағы заңнамасы талаптарының бұзылу себептерін белгілейді;
2) Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау саласындағы заңнамасының талаптарын бұзуға жол берген, тергеп-тексеру жүргізуге негіз болған бақылау субъектілерін (объектілерін) айқындайды;
3) бақылау субъектілерінің (объектілерінің) аумағын зерттеп-қарауды, қарап-тексеруді жүзеге асырады;
4) тәуелсіз сарапшылардың қорытындысын алады (олар тартылған жағдайда);
5) сынамаларды алуды және зертханалық зерттеуді ұйымдастырады және нәтижелерді (қажет болған жағдайда) алады;
6) тергеп-тексеру қорытындылары бойынша тергеп-тексеру нәтижелері туралы актіге қосу үшін құжаттардың (мәліметтердің) көшірмелерін қағаз және электрондық жеткізгіштерде алады;
7) тергеп-тексеру нысанасына жататын фото- және бейнетүсірілімдерді жүзеге асырады.
16. Тергеп-тексеру барысында комиссия құпия ақпаратты қорғау қажеттілігін ескере отырып, тергеп-тексеруге қатысушыларға олардың жазбаша сұранымы бойынша тергеп-тексеруге қатысы бар мәліметтермен танысуға мүмкіндік береді. Мүдделі тұлғалардың сұрауы бойынша комиссия тергеп-тексеру нысанасы бойынша консультациялар өткізеді.
17. Бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару аса қауіпті зиянды организмдердің таралу ошақтарының шекаралары мен алаңдарын айқындау, олардың таралу себептерін анықтау, аса қауіпті зиянды организмдердің түрлік құрамын, ауыл шаруашылығы дақылдарының қоныстану және зақымдану дәрежесін айқындау үшін үлгілерді іріктеу, сондай-ақ жалған және тіркелмеген пестицидтерді өткізу, сақтау және қолдану фактілерін айқындау үшін жүргізіледі.
Өнім үлгілерін іріктеу Кодекстің 149-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
6-параграф. Тергеп-тексеру материалдарын ресімдеу тәртібі
18. Тергеп-тексеру нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өсімдіктерді қорғау саласындағы тергеп-тексеру нәтижелері туралы акт жасалады.
Өсімдіктерді қорғау саласындағы тергеп-тексеру нәтижелері туралы акт тергеп-тексеру материалдарының негізінде ресімделеді.
19. Өсімдіктерді қорғау саласындағы тергеп-тексеру нәтижелері туралы актіде мыналар көрсетіледі:
1) актіні жасау күні мен орны;
2) бақылау органының атауы;
3) тергеп-тексеру жүргізу туралы шешімнің (тергеп-тексеру жүргізу мерзімдерін ұзарту туралы қосымша шешімнің (ол болған кезде) күні мен нөмірі негізінде тергеп-тексеру жүргізіледі;
4) тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның құрамы;
5) тергеп-тексеруді жүргізген адамдардың аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), тегі және лауазымы;
6) тергеп-тексеру жүргізу үшін тартылған тәуелсіз сарапшылардың аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), тегі және лауазымы;
7) тергеп-тексеру жүргізу кезінде тартылған мүдделі тұлғалардың аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), тегі, лауазымы;
8) Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау саласындағы заңнамасының талаптарын бұзуға жол берген бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы немесе аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), тегі және орналасқан жері;
9) тергеп-тексеру жүргізу кезеңі;
10) Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау саласындағы заңнамасы талаптарының бұзылу себептері туралы мәліметтер;
11) тексеру парағының атауы және бұзушылықтар анықталған талаптардың тармақтары;
12) Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау саласындағы заңнамасының талаптарын бұзуға жол берген бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шаралар;
13) тергеп-тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдері;
14) тергеп-тексеруді жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың қолы.
20. Өсімдіктерді қорғау саласындағы тергеп-тексеру нәтижелері туралы актіге комиссия мүшелері қол қояды.
Комиссия мүшесі өсімдіктерді қорғау саласындағы тергеп-тексеру нәтижелері туралы актіге қол қоюдан бас тартқан жағдайда комиссия төрағасы өсімдіктерді қорғау саласындағы тергеп-тексеру нәтижелері туралы актіге комиссия мүшелерінің көзінше тиісті жазба жасайды. Комиссия мүшесі өзінің ерекше пікірін жазбаша түрде білдіреді, ол оған комиссия төрағасы қол қойғанға дейін өсімдіктерді қорғау саласындағы тергеп-тексеру нәтижелері туралы актіге қоса беріледі.
21. Тергеп-тексеру материалдарында:
1) тергеп-тексеру жүргізу туралы шешім, тергеп-тексеру мерзімін ұзарту туралы қосымша шешім (бар болса);
2) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өтініштері; мемлекеттік органдар немесе қызмет субъектілері ұсынған ақпарат (төтенше хабарлама);
3) тергеп-тексеру нәтижелері туралы акті қамтылады, оған мыналар қоса беріледі:
тергеп-тексеруге тәуелсіз сарапшыларды/мүдделі тұлғаларды тарту туралы шешім;
тәуелсіз сарапшылардың пікірлері;
сынамаларды іріктеу актілері және зертханалық зерттеулердің, оларды сараптамалардың нәтижелері (олар жүргізілген кезде);
тергеп-тексеруге қатысы бар өзге де материалдар.
22. Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау саласындағы заңнамасы талаптарының бұзылу себептерін анықтау және көрсетілген талаптардың бұзылуына жол берген бақылау субъектілерін (объектілерін) айқындау үшін тергеп-тексеру жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген талаптар бақылау нысанасы болып табылады.
23. Өсімдіктерді қорғау саласындағы тергеп-тексеру нәтижелері туралы актінің көшірмесі оған қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей бақылау субъектісіне тапсырылады немесе хабарламасы бар хатпен жіберіледі.
24. Бақылау субъектісі өсімдіктерді қорғау саласындағы тергеп-тексеру нәтижелері туралы актіде көрсетілген мерзімдерде тергеп-тексеру нәтижелері бойынша анықталған талаптарды бұзушылықтарды жояды.
Өсімдіктерді қорғау саласындағы тергеп-тексеру нәтижелері туралы актіде көзделген мерзімдер өткенге дейін бақылау субъектісі бұзушылықтарды жою фактілерін дәлелдейтін материалдарды қоса бере отырып, анықталған талаптарды бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты ұсынады.
25. Мемлекеттік құпияларды не Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, жүргізілген тергеп-тексерудің қорытындылары тергеп-тексеру аяқталған күннен кейін он жұмыс күні ішінде аумақтық бөлімшенің интернет-ресурсында жарияланады.
26. Аумақтық бөлімше өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органды Кодекстің 144-4-бабының 7-тармағының төртінші бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы айқындаған тәртіппен тергеп-тексеру нәтижелері туралы хабардар етеді.
Өсімдіктерді қорғау | |
саласындағы тергеп-тексеру | |
жүргізу қағидаларына | |
1-қосымша |
Нысан
Өсімдіктерді қорғау саласындағы тергеп-тексеру жүргізу туралы шешім
№________
___________________________ | 20 __ жылғы "___" _______ | ||
(шешім шығару орны) | (күні) |
1. Өсімдіктерді қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің атауы
________________________________________________________________
2. Тергеп-тексеруді жүргізу үшін негіздер ___________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
3. Өсімдіктерді қорғау саласындағы тергеп-тексеру тағайындалған заңды тұлғаның немесе оның филиалының және (немесе) өкілдігінің атауы, жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), тегі, оның орналасқан жері, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі, аумақ учаскесі _________________
4. Өсімдіктерді қорғау саласында тергеп-тексеру жүргізу нысанысы _____
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
5. Тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның құрамы:
1) Комиссия төрағасы:
____________________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), тегі, лауазымы)
2) комиссия мүшелері:
____________________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), тегі, лауазымы)
____________________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), тегі, лауазымы)
3) Комиссия хатшысы:
____________________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), тегі, лауазымы)
6. Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 20___жылғы "___" _______ бастап 20___жылғы "___" _______ дейін
7. Шешімді шығарған адамның аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), тегі, қолы (электрондық цифрлық қолтаңба) және лауазымы
___________________________________________
Өсімдіктерді қорғау | |
саласындағы тергеп-тексеру | |
жүргізу қағидаларына | |
2-қосымша |
Нысан
Өсімдіктерді қорғау саласындағы тергеп-тексеру жүргізу мерзімдерін ұзарту туралы қосымша шешім
№________
___________________________ | 20 __ жылғы "____"___________ | ||
(шешім шығару орны) | (күні) |
1. Өсімдіктерді қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің атауы
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
2. Өсімдіктерді қорғау саласындағы қосымша тергеп-тексеру жүргізу туралы шешім 20____ жылғы "____" _________ №______.
3. Тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның құрамы:
1) _____________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), тегі)
2) _____________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), тегі)
3) _____________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), тегі)
4. Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 20___жылғы "___" _______ бастап 20___жылғы "___" _______ дейін
5. Тергеп-тексеру 20___жылғы "___" _____ бастап 20___ жылғы "___" _____ дейін ұзартылды.
6. Тергеп-тексеру мерзімдерін ұзарту негіздері _______________________
_______________________________________________________________
7. Шешімді шығарған адамның аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), тегі, қолы (электрондық цифрлық қолтаңба) және лауазымы
Өсімдіктерді қорғау | |
саласындағы тергеп-тексеру | |
жүргізу қағидаларына | |
3-қосымша |
Нысан
Өсімдіктерді қорғау саласындағы тергеп-тексеруге тәуелсіз сарапшыларды/мүдделі тұлғаларды тарту туралы шешім
20__ жылғы "___" _____ | ________ қаласы, облысы |
"Өсімдіктерді қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының _______ бабының _______ тармағына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 20__ "__" _________ № ___бұйрығымен бекітілген Өсімдіктерді қорғау саласындағы тергеп-тексеру қағидаларының ____ тармағына сәйкес
_________________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), тегі және шешім шығарған адамның лауазымы)
20__ "____" _________ № ___өсімдіктерді қорғау саласындағы тергеп-тексеру жүргізу туралы шешім бойынша жүргізілетін өсімдіктерді қорғау саласындағы тергеп-тексеру нысанасы бойынша:
1. Өсімдіктерді қорғау саласындағы тергеп-тексеруге мына тәуелсіз сарапшыларды/мүдделі тұлғалар тартылсын _____________________________
______________________________________________________________
(арнайы білімі бар сарапшылардың және мүдделі тұлғалардың аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, лауазымы)
2. Тәуелсіз сарапшылардың/мүдделі тұлғалардың алдына мынадай мәселелер қойылсын
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның төрағасы ____________________
___________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), тегі), лауазымы, қолы)
Өсімдіктерді қорғау | |
саласындағы тергеп-тексеру | |
жүргізу қағидаларына | |
4-қосымша |
Нысан
Өсімдіктерді қорғау саласындағы тергеп-тексеру нәтижелері туралы акт
№_______
___________________________ | 20 __ жылғы "____"___________ | ||
(шешім шығару орны) | (күні) |
1. Бақылау органының атауы ______________________________________
2. Тергеп-тексеру жүргізу туралы шешімнің (тергеп-тексеру жүргізу мерзімдерін ұзарту туралы қосымша шешімнің (ол болған кезде) күні мен нөмірі), оның негізінде тергеп-тексеру жүргізілген _______________________
_______________________________________________________________
3. Комиссия құрамы:
Комиссия төрағасы ______________________________________________
(тегі, аты-жөні, лауазымы)
Комиссия мүшелері: _____________________________________________
(тегі, аты-жөні, лауазымы)
4. Тергеп-тексеру жүргізу үшін тартылған тәуелсіз сарапшылардың аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), тегі және лауазымы
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
5. Тергеп-тексеру жүргізу кезінде тартылған мүдделі тұлғалардың аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), тегі және лауазымы
____________________________________________________________________
___________________________________________________________________
6. Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау саласындағы заңнамасының талаптарын бұзуға жол берген бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы немесе аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), тегі және орналасқан жері
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
7. Тергеп-тексеру жүргізу кезеңі ___________________________________
8. Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау саласындағы заңнамасы талаптарының бұзылу себептері туралы мәліметтер
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
9. Тексеру парағының атауы және бұзушылықтар анықталған талаптар тармақтары
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
10. Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау саласындағы заңнамасының талаптарын бұзуға жол берген бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шаралар
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
11. Тергеп-тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдері
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Қосымша: тергеу материалдары _________ парақта
Ерекше пікір ______ парақта
Комиссия мүшелерінің қолдары: ___________________________________