"Мұнай беру графигін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 17 мамырдағы № 191 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2024 жылғы 16 шiлдедегi № 254 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 17 шiлдеде № 34751 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мұнай беру графигін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 17 мамырдағы № 191 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 17072 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мұнай беру графигін қалыптастыру қағидаларында:

      3-тармақ жаңа редакцияда жасылсын:

      "3. Мұнай беру графигі (бұдан әрі – График) жер қойнауын пайдаланушылардың өтінімдері (олар болған кезде), мұнайды қайта өңдеу және қайта өңдеу өнімдерінің жоспарлары мен мұнай тасымалдаушы ұйымдардың техникалық мүмкіндіктері, жер қойнауын пайдаланушылардың жобалау құжаттарында көзделген мұнай өндіру көлемі негізінде әзірленеді.";

      7-тармақ жаңа редакцияда жасылсын:

      "7. Графиктерді қалыптастыру үшін жер қойнауын пайдаланушылар көмірсутектер саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) есепті айдың алдындағы айдың бесіне дейін ай сайын осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша мұнай беру өтінімін (бұдан әрі – өтінім) электронды түрде "Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалануды басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі" интеграцияланған ақпараттық жүйесі арқылы ұсынады.

      Жер қойнауын пайдаланушы өтінімді ұсынбаған жағдайда уәкілетті орган осы Қағидалардың 3, 4, 5, 6 және 13-тармақтарында белгіленген талаптарды ескере отырып, Графикке енгізуге жататын мұнай көлемін айқындайды.";

      көрсетілген қағидаларға қосымшада:

      мұнай беруге өтінім нысанында:

      реттік нөмірі 2.1.5-жол жаңа редакцияда жазылсын:

      "

2.1.5.

Қазақстан Республикасынан шегінен тысқары жерлерде орналасқан басқа мұнай өңдеу зауыттары



      ".

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай тасымалдау және өңдеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
А. Саткалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады