"Қарулы Күштер мемлекеттік мекемелерінің тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша көрсетілетін қызметтерді өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың көрсетілетін қызметтерді өткізуден түсетін ақшаны жұмсау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 30 қазандағы № 871 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2024 жылғы 23 шiлдедегi № 770 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 24 шiлдеде № 34805 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қарулы Күштер мемлекеттік мекемелерінің тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша көрсетілетін қызметтерді өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың көрсетілетін қызметтерді өткізуден түсетін ақшаны жұмсау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 30 қазандағы № 871 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19541 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қарулы Күштер мемлекеттік мекемелерінің тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызмет (көмек) көрсету бойынша көрсетілетін қызметті өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрін көрсету және олардың көрсетілетін қызметті өткізуден түсетін ақшаны жұмсау қағидаларын бекіту туралы";

      бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Қарулы Күштер мемлекеттік мекемелерінің тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызмет (көмек) көрсету бойынша көрсетілетін қызметті өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрін көрсету және олардың көрсетілетін қызметті өткізуден түсетін ақшаны жұмсау қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қарулы Күштер мемлекеттік мекемелерінің тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша көрсетілетін қызметтерді өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың көрсетілетін қызметтерді өткізуден түсетін ақшаны жұмсау мақсатында:

      атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қарулы Күштер мемлекеттік мекемелерінің тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызмет (көмек) көрсету бойынша көрсетілетін қызметті өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрін көрсету және олардың көрсетілетін қызметті өткізуден түсетін ақшаны жұмсау қағидалары";

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қарулы Күштер мемлекеттік мекемелерінің тегін медициналық қызметтің (көмектің) кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша көрсетілетін қызметті өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрін көрсету және олардың көрсетілетін қызметті өткізуден түсетін ақшаны жұмсау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери-медициналық мекемелерінің (бұдан әрі – әскери-медициналық мекемелер) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызмет (көмек) көрсету бойынша көрсетілетін қызметті өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрін көрсету және олардың көрсетілетін қызметті өткізуден түсетін ақшаны жұмсау тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларға сәйкес әскери-медициналық мекемелер тегін медициналық қызметтің (көмектің) кепілдік берілген көлемінің және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмектің тізбесі шегінде медициналық қызметті (көмекті) (бұдан әрі – ақылы медициналық қызмет түрі):

      1) әскери қызметтегі шекті жасқа толуы бойынша, денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметтен шығарылған, әскери қызмет міндеттерін орындауға байланысты ауыруға шалдыққан, сондай-ақ еңбек сіңірген жылдары жиырма және одан да көп адамдарға;

      2) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің (бұдан әрі – Қарулы Күштер) келісімшарт бойынша әскери қызметшілерінің отбасы мүшелеріне;

      3) Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери қызметшілеріне;

      4) Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлеріне;

      5) Қарулы Күштердің азаматтық персоналына;

      6) басқа да медициналық көрсетілетін қызметті тұтынушыларға көрсетеді.";

      4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Осы Қағидалар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі – МӘМС) жүйесінде медициналық қызмет (көмек) көрсету бойынша көрсетілетін қызметті өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрін көрсететін әскери-медициналық мекемелерге қолданылады.

      5. Әскери-медициналық мекемеде медициналық қызмет (көмек) көрсету денсаулық сақтау саласындағы стандарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

      Әскери-медициналық мекемелер медициналық қызмет (көмек) көрсету кезінде денсаулық сақтау саласындағы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес құрылған медициналық көрсетілетін қызмет сапасы жөніндегі комиссия қабылдайтын клиникалық хаттаманы, сондай-ақ "Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 18 мамырдағы № ҚР ДСМ-41 бұйрығын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22782 болып тіркелген) (бұдан әрі – Қазақстандық ұлттық дәрілік формуляр) пайдаланады.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Медициналық қызмет (көмек) медициналық көрсетілетін қызметті тұтынушыларға мынадай жағдайда ұсынылады:

      1) тәулік бойы медициналық бақылау мен емдеу көзделмейтін амбулаториялық жағдайда, оның ішінде тәулік бойы жұмыс істейтін стационардың қабылдау бөлімшесінде;

      2) тәулік бойы медициналық бақылау, емдеу, күтім, сондай-ақ тамақтандырумен бірге жатын орын беру көзделетін стационарлық жағдайда, оның ішінде емдеу басталғаннан кейін алғашқы тәулік ішінде тәулік бойы бақылау көзделетін "бір күннің" терапиясы және хирургиясы жағдайында;

      3) тәулік бойы медициналық бақылау мен емдеу қажет етілмейтін және жатын орын берілетін күндізгі уақытта медициналық бақылау мен емдеу көзделетін стационарды алмастыратын жағдайда.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Бірлесіп орындау шарты бойынша міндеттемелерді орындайтын әскери-медициналық мекемеге көрсетілген медициналық қызмет үшін ақы төлеуді денсаулық сақтау субъектісі жүзеге асырады, онымен Қормен жасалған медициналық көрсетілетін қызметті өткізу алу шарты шеңберінде бірлесіп орындау шарты жасалды.

      Медициналық көрсетілетін қызметті тұтынушыға бірлесіп орындаушылар медициналық қызмет (көмек) көрсеткен кезде көрсетілген медициналық қызмет үшін ақы төлеуді әскери-медициналық мекеме жүзеге асырады.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Әскери-медициналық мекеменің медициналық қызметтің ақылы түрін көрсетуден алынған ақшасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-309/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21858 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-309/2020 бұйрық) бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметке тарифті қалыптастыру әдістемесінде айқындалған ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде медициналық қызмет (көмек) көрсету жөніндегі қызметке байланысты шығын шеңберінде:

      1) клиникалық хаттамаға және ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде тиісті жылға бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын дәрілік заттар мен медициналық бұйым тізбесіне сәйкес дәрілік заттар мен медициналық бұйымды, шығыс материалын, сондай-ақ дәріқобдишаны, арнайы емдік өнімді сатып алуға (қамтамасыз етуге);

      2) "Республиканың мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында тамақтанудың заттай нормаларын және жұмсақ мүкәммалмен жабдықтаудың ең төменгі нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 қаңтардағы № 128 қаулысына сәйкес пациентті тамақтандыруға және жұмсақ мүкәммалмен жабдықтауға;

      3) Еңбек кодексіне сәйкес кадр біліктілігін арттыруға және оларды қайта даярлауға;

      4) коммуналдық қызметке: жылуға, электр энергиясына, ыстық және суық суға ақы төлеуге;

      5) өзге де шығысқа, оның ішінде "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 44) тармақшасына сәйкес интернетті қоса алғанда, байланыс қызметіне, іссапар шығысына, ағымдағы жөндеуге, үй-жайды жалға алуға, кеңсе және шаруашылық тауарды, жанар-жағармай материалын, ақпарат жүйесіне қызмет көрсетуді қоса алғанда, өзге де тауар мен көрсетілетін қызметті сатып алуға (қамтамасыз етуге), медициналық техникаға сервистік қызмет көрсетуге, банк қызметіне ақы төлеуге;

      6) № ҚР ДСМ-309/2020 бұйрықпен бекітілген ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметке тарифті қалыптастыру қағидаларында көзделген тәртіппен уәкілетті орган бекітетін ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде көрсетілетін медициналық көрсетілетін қызметке (медициналық көрсетілетін қызмет кешені) тарифтерді қалыптастыру жөніндегі жұмыс жоспарында көзделген жағдайда негізгі құралды жаңартуға;

      7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-278/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21824 болып тіркелген) бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсететін денсаулық сақтау субъектісінің жұмыскерлерін көтермелеу қағидаларына сәйкес әскери-медициналық мекеменің жеке құрамына сараланған қосымша ақы белгілеуге жұмсалады.

      ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде көрсетілетін қызметті сатып алу шартының талаптарына сәйкес есептелген тұрақсыздық айыбын төлеу әскери-медициналық мекеменің медициналық қызметтің ақылы түрін көрсетуден алған ақшасы есебінен жүргізіледі.

      Әскери-медициналық мекеменің иелігінде қалатын медициналық қызметтің ақылы түрін көрсетуден алған ақшасы есебінен тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) сатып алу Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас әскери-медициналық басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
Р. Жаксылыков

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады