"Темекі өнімдерін сәйкестендіру құралдарымен таңбалау және қадағалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 28 қыркүйектегі № 927 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 24 шілдедегі № 481 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 25 шілдеде № 34811 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 08.06.2024 бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Темекі өнімдерін сәйкестендіру құралдарымен таңбалау және қадағалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 28 қыркүйектегі № 927 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21302 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Темекі өнімдерін сәйкестендіру құралдарымен таңбалау және қадағалау қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Темекі өнімдерін сәйкестендіру құралдарымен таңбалау және қадағалау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-3) тармақшасына және "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-2-бабы 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында темекі өнімдерін сәйкестендіру құралдарымен таңбалау және оларды Қазақстан Республикасының аумағында одан әрі қадағалау тәртібін, сондай-ақ тауарларды әкелу туралы хабарламалар мен қабылдау (беру) актілерін ресімдеу тәртібін айқындайды.";

      2-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) қабылдау (беру) актісі – ТТҚ АЖ жеке кабинетінде сәйкестендіру кодтары туралы мәліметтерді сканерлеу, қолмен енгізу немесе файлдан жүктеу арқылы және (немесе) электрондық өзара іс-қимыл интерфейсін пайдалана отырып, осындай мәліметтерді беру арқылы ТТҚ АЖ тауарлардың айналымы туралы мәліметтерді беру мақсатында қалыптастырылатын электрондық құжат;";

      10-тарау тақырыбын мынадай редакцияда жазылсын:

      "10-тарау. Темекі бұйымдарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелу туралы хабарламаны ресімдеу және айналымға енгізу кезінде тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесіне мәліметтерді ұсыну тәртібі";

      11-тарау тақырыбын мынадай редакцияда жазылсын:

      "11-тарау. Қазақстан Республикасының аумағында темекі өнімдерінің айналымы кезінде қабылдау (беру) актісін ресімдеу және ТТҚ АЖ-ға мәліметтерді ұсыну тәртібі";

      46 және 47 тармақды мынадай редакцияда жазылсын:

      "46. Темекі өнімдерін жаңа меншік иесіне өтеулі немесе өтеусіз беру кезінде айналымға қатысушы осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қабылдау (беру) актісін қалыптастырады, оған ЭЦҚ-мен қол қояды және темекі өнімдерін өткізу күнінен кейінгі күннен кешіктірмей тіркеу нөмірін алу үшін ТТҚ АЖ-ға жібереді.";

      "47. Оператор ТТҚ АЖ-да қабылдау (беру) актісін тіркеу нәтижелері бойынша нақты уақыт режимінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелеріне осы қабылдау (беру) актісі бойынша мәліметтерді, оның ішінде берілетін тауардың саны және құны бойынша ақпаратты береді.";

      50, 51 және 52 тармақды мынадай редакцияда жазылсын:

      "50. Темекі өнімдерін қабылдау кезінде алшақтықтар анықталған жағдайда, айналымға қатысушы анықтаған алшақтықтар туралы хабарлама қалыптастырады және бұрын жөнелтілген қабылдау (беру) актісіне тиісті өзгерістер енгізу үшін оны тиеп жөнелтуді жүзеге асырған айналымға қатысушыға жібереді немесе оны қабылдаудан бас тартады.

      Қабылдау (беру) актісін қабылдаудан бас тартқан жағдайда айналымға қатысушы жаңа қабылдау (беру) актісін жазады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, айналымға қатысушы ТТҚ АЖ-да тіркелген күннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде, бірақ жаңасын ресімдемей, алушы растаған сәтке дейін қабылдау (беру) актісін кері қайтарып ала алады.";

      "51. Анықталған алшақтықтар туралы хабарлама мынадай мәліметтерді қамтиды:

      1) өнім берушінің ЖСН немесе БСН;

      2) алушының ЖСН немесе БСН;

      3) қабылданған темекі өнімдерінің орамасындағы сәйкестендіру кодтарының тізімі;

      4) қабылдау (беру) актісінде (болған кезде) мәліметтері жоқ темекі өнімдерінің орамасындағы сәйкестендіру кодтарының тізімі;

      5) қабылдау (беру) актісінде бағасы және құны бойынша мәліметтер анық емес сәйкестендіру кодтары мен темекі өнімдерінің тізімі;

      6) қабылдау (беру) актісінің деректемелері.";

      "52. Қабылдау (беру) актісі Оператордың интернет-ресурсында ТТҚ АЖ-да техникалық қателер себебінен ТТҚ АЖ-де қабылдау (беру) актісін ресімдеудің мүмкін болмауы туралы ақпарат расталған кезде айналымға қатысушы қағаз жеткізгіште қабылдау (беру) актісін ресімдеген жағдайды қоспағанда, электрондық нысанда ресімделеді.

      Техникалық қателер жойылғаннан кейін бұрын қағаз жеткізгіште ресімделген қабылдау (беру) актісін өнім беруші ТТҚ АЖ-да техникалық қателер жойылған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күн ішінде, бірақ тауар үшінші тұлғаға берілген күннен кешіктірмей ТТҚ АЖ-ға енгізуге тиіс.";

      57-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес микрокәсіпкерлік субъектілеріне жататын, темекі өнімдерін бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын айналымға қатысушы ТТҚ АЖ-ға ұсынған қабылдау (беру) актісін растау туралы мәліметтердің негізінде, айналымға қытысушының алынған темекі өнімдерінің айналымынан автоматты түрде шығуына келісуі туралы ТТҚ АЖ-да тиісті белгі болған және осы тармақтың 1) немесе 2) тармақшасында көрсетілген, айналымнан шығару туралы ақпарат ТТҚ АЖ-да болмаған кезде жүзеге асырылады.";

      75-тармақ алып тасталсын;

      көрсетілген Қағидаларға 7-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық 2024 жылғы 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2024 жылғы 24 шілдедегі
№ 481 бұйрығына
қосымша
  Темекі өнімдерін таңбалау және
қадағалау қағидаларына
7-қосымша

      нысан

20__ "___" _________ №_____ қабылдау (беру) актісі

      1. Жалпы ақпарат:

      1.1. Ұйым (дара кәсіпкер) - жөнелтуші

      1.2. Жөнелтушінің ЖСН-і немесе БСН-і

      1.3. Ұйым (дара кәсіпкер) - алушы

      1.4. Алушының ЖСН-і немесе БСН-і

      2. Бастапқы құжаттың күні мен нөмірі – қабылдау (беру) актісі* 20_ "__" ____ № _____

      3. Тауарлар туралы ақпарат:

р/с №

ЕАЭО СЭҚ ТН коды

Тауар коды (GTIN)

Тауар атауы

Орама түрі**

Тауардың/ораманың сәйкестендіру коды

Тұтыну орамасының саны

Тауар бірлігінің бағасы

Тауардың ҚҚС-сыз құны

ҚҚС

Тауардың ҚҚС-пен жалпықұны

мөлшерлемесі

Сомасы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12













      Құжатқа ЭЦҚ-мен қол қойылған ___________________

      Ескертпе:

      ЖСН немесе БСН - жеке сәйкестендіру нөмірі / бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      * - бұрын қағаз жеткізгіште жазып берілген қабылдау (беру) актісі бойынша мәліметтер енгізілген жағдайда көрсетіледі;

      ЕАЭО СЭҚ ТН – ЕАЭО сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы;

      GTIN – Global Trade Item Number;

      ҚҚС – қосылған құн салығы;

      **– тұтыну, топтық, көліктік мәндерді қабылдай алады;

      ЭЦҚ – электрондық цифрлық қолтаңба.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады