БҰЙЫРАМЫН:
1. "Халықтың құқық қорғау органдарына сенімділік деңгейіне іріктемелі зерттеулер жүргізу бойынша әдістемені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2019 жылғы 10 желтоқсандағы № 13 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 13 желтоқсанда № 19732 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Халықтың құқық қорғау органдарына және сот жүйесіне сенімділік деңгейіне іріктемелі зерттеулер жүргізу бойынша әдістемені бекіту туралы";
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 5) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығының 15-тармағы 34) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағы 20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Халықтың құқық қорғау органдарына және сот жүйесіне сенімділік деңгейіне іріктемелі зерттеулер жүргізу бойынша әдістеме бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықтың құқық қорғау органдарына сенімділік деңгейіне іріктемелі зерттеулер жүргізу бойынша әдістемеде:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Халықтың құқық қорғау органдарына және сот жүйесіне сенімділік деңгейіне іріктемелі зерттеулер жүргізу бойынша әдістеме".
1, 2, 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Халықтың құқық қорғау органдарына және сот жүйесіне сенімділік деңгейіне іріктемелі зерттеулер жүргізу бойынша әдістеме (бұдан әрі – Әдістеме) халықаралық стандарттарға сәйкес қалыптастырылатын және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының заңына сәйкес бекітілетін статистикалық әдіснамаға жатады.
2. Осы Әдістемені Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы (бұдан әрі - Бюро) және оның аумақтық бөлімшелері халықтың құқық қорғау органдарына және сот жүйесіне сенімділік деңгейіне іріктемелі зерттеуді жоспарлауы және ұйымдастыруы кезінде қолданады.
3. Осы Әдістеменің мақсаты халықтың құқық қорғау органдарына және сот жүйесіне сенімділік деңгейі, өздерінің қауіпсіздігін қабылдау және қылмыс деңгейін субъективті бағалау туралы репрезентативті деректерді алу болып табылады.";
4-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) супервайзер - Бюроның аумақтық бөлімшесінің үй шаруашылықтарына зерттеу жүргізуді қамтамасыз ететін және интервьюерлер жұмысын бақылауды жүзеге асыратын қызметкері;";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Іріктемені қалыптастыру процесі 2 кезеңде жүргізіледі. Бірінші кезеңде бас жиынтық қалалық жəне ауылдық жерлерге бөлінуді қоса алғанда аумақтық белгісі бойынша стратификацияланады. Осылайша, 31 страта қалыптастырылады – елдің жиырма өңіріндегі қалалық жəне ауылдық жерлердің үй шаруашылықтарынынан тұрады.";
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Келесі рәсім әрбір 31 страта бойынша салыстырмалы стандартты қатенің ұтымды мәніне қол жеткізуге бағытталған.
Салыстырмалы стандартты қатенің шамасын бағалау үшін ауыспалы мән ретінде зерттеу үшін едәуір маңызды болып саналатын көрсеткіш пайдаланылады. Халықтың құқық қорғау органдарына органдарына және сот жүйесіне сенімділік деңгейін зерттеуде мұндай көрсеткіштерге "құқық қорғау органдарына сенім артуға болады", "құқық қорғау органдары мүдделерді қорғай алады" жатқызады.";
35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"35. Зерттеудің статистикалық нысаны мынадай бөлімдерден тұрады:
1. Респондент туралы мәліметтер;
2. Өз қауіпсіздігін қабылдау және сенімділік дәрежесі.";
36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"36. Іріктемелі зерттеу жүргізу кезінде үй шаруашылығының 15-80 жас аралығындағы бір мүшесі ғана сұралады.";
41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"41. Іріктемелі зерттеу нәтижелерін бас жиынтыққа тарату бейімделу факторы (салмағы) арқылы іске асырылады.
Салмақтау рәсімі қалыптасқан жиынтық бойынша халықтың құрылымы туралы деректер негізінде жүргізіледі, ол жынысы және жасы бойынша өңірлік қабаттардың ішіндегі бөліністе бас жиынтық ретінде қолданылады. Әрбір респондентке бейімделу факторларының (салмағы) жүйелері келесі белгілер бойынша есептеледі:
аумақтық құрылым (аудан);
жергілікті жер типі;
жынысы (ерлер мен әйелдер);
жас топтары (15-19 жас; 20-24 жас; 25-29 жас; 30-34 жас; 35-39 жас; 40-44 жас; 45-49 жас; 50-54 жас; 55-59 жас; 60-80 жас).";
45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"45. Зерттеу қорытындылары облыстар, республикалық маңызы бар қалалар бөлінісінде, жергілікті жердің типі, жынысы, жасы, білім деңгейі, некедегі жағдайы, жұмыспен қамтылу мәртебесі бойынша қалыптастырылады.";
46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"46. Іріктемелі зерттеу нәтижелері бойынша ұйғарынды ақпарат Бюроның ресми интернет-ресурсында бюллетень түрінде орналастырылады.";
2. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Халық статистикасы департаменті Заң департаментімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Халық статистикасы департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық бөлімшелеріне жұмыста басшылыққа алу үшін жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы басшысының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы |
М. Турлубаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жоғарғы Соты
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі
(Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы қызмет)
"КЕЛІСІЛГЕН" | |
Қазақстан Республикасының | |
Қаржылық мониторинг агенттігі | |
"КЕЛІСІЛГЕН" | |
Қазақстан Республикасының | |
Ішкі істер министрлігi | |
"КЕЛІСІЛГЕН" | |
Қазақстан Республикасы | |
Төтенше жағдайлар министрлігі |