Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда – ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 26.07.2024 № 21 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 5) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығының 15-тармағы 34) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағы 20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 26.07.2024 № 21 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Халықтың құқық қорғау органдарына және сот жүйесіне сенімділік деңгейіне іріктемелі зерттеулер жүргізу бойынша әдістеме бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 26.07.2024 № 21 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Әлеуметтік және демографиялық статистика басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Әлеуметтік және демографиялық статистика басқармасы осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелеріне және аумақтық органдарына жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының орынбасарына (Н.Ж. Көшкімбаев) жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Төраға | Н. Айдапкелов |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігi
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігі
(Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы қызмет)
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігi
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2019 жылғы 10 желтоқсандағы № 13 бұйрығымен бекітілген |
Халықтың құқық қорғау органдарына және сот жүйесіне сенімділік деңгейіне іріктемелі зерттеулер жүргізу бойынша әдістеме
Ескерту. Әдістеме жаңа редакцияда – ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 26.07.2024 № 21 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Халықтың құқық қорғау органдарына және сот жүйесіне сенімділік деңгейіне іріктемелі зерттеулер жүргізу бойынша әдістеме (бұдан әрі – Әдістеме) халықаралық стандарттарға сәйкес қалыптастырылатын және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының заңына сәйкес бекітілетін статистикалық әдіснамаға жатады.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 26.07.2024 № 21 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы Әдістемені Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы (бұдан әрі - Бюро) және оның аумақтық бөлімшелері халықтың құқық қорғау органдарына және сот жүйесіне сенімділік деңгейіне іріктемелі зерттеуді жоспарлауы және ұйымдастыруы кезінде қолданады.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 26.07.2024 № 21 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Осы Әдістеменің мақсаты халықтың құқық қорғау органдарына және сот жүйесіне сенімділік деңгейі, өздерінің қауіпсіздігін қабылдау және қылмыс деңгейін субъективті бағалау туралы репрезентативті деректерді алу болып табылады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 26.07.2024 № 21 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Әдістемеде мынадай анықтамалар пайдаланылады:
1) бас жиынтық - сипаттамалары бағалауға жататын талдаудың барлық бірліктерінің толық тобы;
2) репрезентативтілік - іріктеме сипаттамаларының популяция немесе бас жиынтықтың сипаттамаларына сәйкес келуі;
3) страта - бірдей немесе ұқсас көрсеткіштерге ие бірліктерді (респонденттер) арнайы қабаттарға бөлу;
4) супервайзер - Бюроның аумақтық бөлімшесінің үй шаруашылықтарына зерттеу жүргізуді қамтамасыз ететін және интервьюерлер жұмысын бақылауды жүзеге асыратын қызметкері;
5) іріктеме - статистикалық деректерді жинау және өңдеу кезінде пайдаланылатын бекітілген жіктеуіштер, номенклатуралар мен анықтамалықтардан алынатын жеке позициялар;
6) іріктемелі жиынтық - іріктеу процесінде іріктемеге түскен, іріктелген элементтердің жиынтығы;
7) іріктеменің көлемі - іріктемелі жиынтықтағы байқау бірліктерінің жалпы саны.
Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 26.07.2024 № 21 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Бас жиынтықты және іріктеме негізін айқындау
5. "е-Статистика" интеграцияланған ақпараттық жүйесінің компоненті "Тұрғын үй қоры статистикалық тіркелімі" ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - ТҚСТ) үй шаруашылықтарының іріктемелі жиынтығын қалыптастыру үшін дереккөз болып табылады.
6. Бас жиынтыққа ортақ коммуналдық пәтерлерде, жатақханаларда, қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйлерде, балалар үйлерінде, түрмелерде, қонақүйлерде, діни бірлестіктерде тұратындарды қоспағанда, тұрғын үй-жайлардың барлық типтерінде тұратын үй шаруашылықтары кіреді.
7. Сондай-ақ зерттеу бірлігі де болып табылатын іріктеудің түпкілікті бірлігі ретінде үй шаруашылығы (тұрғын үй-жайларда тұратын) анықталды.
8. Іріктеме көлемі шығынның және қойылған нәтижелердің дәлдігі өлшемшарттарының ұтымды үйлесімі қағидатының негізінде айқындалады. Іріктемелі байқауды ұйымдастыру кезінде іріктеменің көлемі ең алдымен іріктеме қатесінің көлеміне байланысты. Іріктеменің көлемін ұлғайтса, оның қатесі шағын көлемге дейін азаяды.
9. Статистикалық бағалау дәлдігінің көрсеткіштері ретінде іріктеменің стандартты қатесі және іріктеменің стандартты салыстырмалы қатесі пайдаланылады.
10. Іріктемелі және бас жиынтық сипаттамалары арасындағы ықтимал айырмашылық іріктеменің стандартты (орташа) қатесімен, әр страта бойынша мынадай формула бойынша есептеледі:
мұндағы:
- стандартты (орташа) қате;
- бас дисперсия;
- іріктемелі жиынтық көлемі;
N - бас жиынтықтың көлемі.
Бас дисперсиясы олардың орташа мәнінен барлық жеке байқаулардың ауытқулары квадратының орташа мәні ретінде анықталады.
Іріктеменің стандартты қатесінің үлесі мына формула бойынша анықталады:
мұндағы:
- іріктеме үлесінің стандартты қатесі;
w - іріктемелі жиынтықтағы үлесі.
11. Бас жиынтықта параметр мәнінен іріктемелі бағалау қанша пайызға ауытқығанын анықтау үшін іріктеменің салыстырмалы стандартты қатесі пайдаланылады, ол әр страта бойынша мынадай формула бойынша есептеледі:
мұндағы,
RSE - іріктеменің салыстырмалы стандартты қатесі;
- іріктеменің стандартты (орташа) қатесі;
- салыстырмалы стандартты қатенің шамасын бағалау үшін пайдаланылған ауыспалының орташа мәні.
3-тарау. Іріктемелі жиынтықты қалыптастыру алгоритмі
12. Үй шаруашылықтарының іріктемелі жиынтығы іріктеменің әр қалыптастырудың әрбір сатысындағы кездейсоқ стратификациялау және іріктеу рәсімдерін қолдана отырып, іріктеменің екі сатылы ықтимал (кездейсоқ) әдісімен қалыптасады. Стратификациялау рәсімі халық жіктелуінің аумақтық ерекшеліктерін көрсететін үй шаруашылықтарының келісті іріктемелі жиынтығын қалыптастыруға бағытталған.
13. Іріктемені қалыптастыру процесі 2 кезеңде жүргізіледі. Бірінші кезеңде бас жиынтық қалалық жəне ауылдық жерлерге бөлінуді қоса алғанда аумақтық белгісі бойынша стратификацияланады. Осылайша, 31 страта қалыптастырылады – елдің жиырма өңіріндегі қалалық жəне ауылдық жерлердің үй шаруашылықтарынынан тұрады.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 26.07.2024 № 21 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.14. Іріктемені қалыптастыру 2 жүйелі рәсімді қамтиды. Бастапқы рәсім әрбір страта ішінде алғашқы іріктемелі бірліктер (бұдан әрі - АІБ) санын анықтауды қарастырады.
15. АІБ ретінде қалалық және ауылдық жерлерді білдіретін аумақтық бірліктер іріктеп алынады.
16. Одан әрі АІБ белгілі саны және әрбір АІБ-дегі үй шаруашылықтарына іріктеу жүзеге асырылады.
17. Қалаларда АІБ нақты іріктеуді жүргізу кезінде ТҚСТ-да жекелеген ірі қалаларды шағын аумақтық бірліктерге бөлу жоқ екендігін ескеру қажет.
18. Стратада АІБ-ні таңдаудың ықтималдығы мынадай формула бойынша анықталады:
мұндағы,
phi - i-дағы АІБ h стратасында іріктеу ықтималдығы;
nhi - i-дағы АІБ h стратасында таңдап алынған үй шаруашылықтарының саны;
Nh - i-дағы АІБ h стратасында үй шаруашылықтарының жалпы саны.
19. Келесі рәсім әрбір 31 страта бойынша салыстырмалы стандартты қатенің ұтымды мәніне қол жеткізуге бағытталған.
Салыстырмалы стандартты қатенің шамасын бағалау үшін ауыспалы мән ретінде зерттеу үшін едәуір маңызды болып саналатын көрсеткіш пайдаланылады. Халықтың құқық қорғау органдарына органдарына және сот жүйесіне сенімділік деңгейін зерттеуде мұндай көрсеткіштерге "құқық қорғау органдарына сенім артуға болады", "құқық қорғау органдары мүдделерді қорғай алады" жатқызады.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 26.07.2024 № 21 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.20. Мысал ретінде осы Әдістемеге қосымшаға сәйкес 1-кесте келтірілген, "құқық қорғау органдары мүдделерді қорғай алады" көрсеткішінің дәлдігін бағалайтын сипаттама. Жүргізілген есептеулерге сәйкес іріктеменің ССҚ-ның шамасы ел бойынша 1%-дан, ал өңірлер бойынша 5%-дан аспайды.
21. Іріктемені қалыптастырудың екінші кезеңінде әрбір АІБ-да кездейсоқ іріктеп алумен өңірге байланысты әр кластердегі үй шаруашылықтарының саны таңдап алынады. Екінші кезеңдегі іріктемені қалыптастырудың негізі АІБ-дағы жекелеген тұрғын үй-жай тізбесі болып табылады. Зерттеу барысында баруға тиісті тұрғын үй-жай кластері (немесе кластерлері) АІБ-да қолайлы тұрғын үй-жайлар санынан тепе-тең ықтималдықпен таңдап алынады.
22. Страта АІБ-да үй шаруашылығын таңдау ықтималдығы мынадай формуламен анықталады:
мұндағы,
- j-дағы үй шаруашылығының i-дағы АІБ h стратасында таңдау ықтималдығы;
- i-дағы АІБ h стратасында қажетті тұрғын үй саны;
- i-дағы АІБ h стратасында қолайлы тұрғын үйлердің жалпы саны.
23. Әрбір іріктеп алынған тұрғын үйге бір үй шаруашылығын сыйғызады. Егер сол тұрғын үйде бір үй шаруашылығынан көп үй шаруашылығы болса, онда кездейсоқ әдіспен оның біреуі таңдап алынады. Егер тұрғын жай бос болса, онда "Іріктеменің ығысуы" бөлімінде сипатталған әдісті қолдану қажет.
4-тарау. Іріктеменің ығысуы
24. Зерттеу барысында іріктеп алынған тұрғын үй табылмауына, үй-жайдың нысаналы мақсаты өзгеруіне, оған адам қоныстанбауына немесе үй шаруашылығы зерттеуге қатысудан бас тартуына байланысты үй шаруашылығына сауал салуды жүргізу мүмкін болмайтын жағдайлар орын алуы мүмкін. Көрсетілген жағдайлар іріктеменің көлемін қысқартады және іріктеменің ықтимал ығысуының көзі болып табылады.
25. Деректерді алмау проблемасын еңсерудің тиімді профилактикасы әрбір жағдайды құжаттау болып табылады.
26. "Ауыстыруды болдырмау" қағидатын сақтау бойынша қиындық туындаған жағдайда, резервтік үй шаруашылықтарының тізімін алдын ала қарастыру тиіс.
27. Резервтік үй шаруашылығы тізімінен іріктеу жақын орналасқан үй шаруашылығын анықтау арқылы жүзеге асырылады. 24-тармақта көрсетілген себептер бойынша сауал салуға қатыса алмайтын үй шаруашылықтарына жақын орналасқан үй шаруашылықтары ауыстыру үшін таңдалады.
5-тарау. Зерттеудің ұйымдық құрылымы
28. Зерттеу халыққа сауал салу және құралға (сұрақнамаларға) мәліметтерді жазу жолымен жүзеге асырылады. Халыққа сауал салу арнайы дайындалған интервьюерлердің үй шаруашылықтарына баруы арқылы сұхбат жүргізу әдісімен жүзеге асырылады.
29. Есептілікті жинау мерзімін ескере отырып супервайзер жасаған маршрутқа сәйкес интервьюер сауал салуды жүргізеді және интервьюерге орындау үшін беріледі. Интервьюер маршрутта нақты барған күндерді қояды және сауал салу аяқталғаннан кейін супервайзерге талдау және бақылау үшін ұсынады. Супервайзер оның орындалуына үнемі бақылау жүргізеді.
30. Интервьюер зерттеуді жүргізу шеңберінде:
1) арнайы нұсқамадан өтеді, зерттеуді ұйымдастыру мен өткізудің барлық сұрақтары бойынша ақпаратты зерделейді;
2) супервайзер дайындаған тізімге сәйкес үй шаруашылықтарының мекенжайларын сәйкестендіреді (айқындайды);
3) респонденттер арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізеді және оларды зерттеуге қатысуға тартады;
4) баратын күндерді алдын-ала белгілейді (қажет болған жағдайда белгілі бір күндері келу мүмкіндігі туралы үй шаруашылықтарының өзімен келісу бойынша интервьюер бару күндерін белгілейді) және алдын ала тиісті түрде сауал салуға дайындалады;
5) сауал салуға келісім алу үшін респондентпен байланыс орнатады;
6) жедел, сапалы және жоспарланған мерзімде үй шаруашылықтарында сауал салу жүргізеді;
7) респонденттерге консультациялық көмек көрсетеді;
8) респонденттерден алынған ақпаратқа арифметикалық-логикалық бақылау жүргізеді, деректердің кодтауын жүзеге асырады;
9) супервайзерді зерттеудің барысы және үй шаруашылықтарымен сауал салу нәтижелері туралы хабардар етеді; зерттеу кезінде туындайтын жауап бермеу оқиғалары (бас тартулары) туралы тез арада хабарлайды;
10) супервайзерге толтырылған және өңделген статистикалық нысандарды өткізеді. Дөрекі қателіктер табылған жағдайда интервьюер қажетті деректерді нақтылау үшін үй шаруашылығына қосымша қайта барады және бару нәтижелері туралы супервайзерге хабарлайды.
31. Супервайзер зерттеуді жүргізу шеңберінде:
1) бекітілген зерттеу учаскелерінде сауал салуды жүргізу бойынша жұмысты ұйымдастыруға тікелей жауап береді;
2) интервьюерлерге оқыту жүргізеді, әрбір құқық қорғау органы қызметінің ерешеліктерін түсіндіреді;
3) іріктемеге түскен үй шаруашылықтарының мекенжайларын интервьюермен бірге сол жерлерде сәйкестендіреді (айқындайды);
4) интервьюерлерге зерттеу материалдарын (статистикалық нысандар, статистикалық нысандарды толтыру жөніндегі нұсқаулықтар) бөліп береді және сол материалдарды қатаң есепке алуды жүргізеді;
5) толтырылған статистикалық нысандарды қабылдайды және тексереді;
6) деректердің кодталуын тексереді;
7) көрсеткіштер арасындағы логикалық байланыстарды тексереді;
8) интервьюерлермен бірге деректерді толтыру, кодтау және жинақтау қателерін анықтайды;
9) әрбір интервьюер бойынша зерттеу нәтижелерін жеке талдайды;
10) зерттеу учаскесі бойынша интервьюердің жұмысына, сондай-ақ бақылау сұхбатын жүргізуіне бақылауды жүзеге асырады;
11) интервьюерлердің одан әрі оқуына ықпал етеді, егер қажет болған жағдайда бірлесіп сұхбат жүргізу үшін сол орындарға барады;
12) неғұрлым жиі кездесетін мәселерді анықтайды және оларды жою туралы ұсыныстарды айтады.
32. Алғашқы статистикалық деректерді енгізу және өңдеу өңірлік деңгейде, жиынтық деректерді өңдеу, статистикалық байқау нәтижелері бойынша ұйғарынды ақпаратты бақылау және қалыптастыру - орталық деңгейде іске асырылады.
33. Респонденттерден түскен ақпараттың сапасын бағалау үшін статистикалық нысанның әрбір тарауының ішінде логикалық бақылау жүйесі құрылған.
6-тарау. Статистикалық бақылау құралы
34. Статистикалық байқауды жүргізу кезінде мынадай статистикалық құрал пайдаланылады:
зерттеудің статистикалық нысаны;
статистикалық нысанды толтыру жөніндегі нұсқаулық.
35. Зерттеудің статистикалық нысаны мынадай бөлімдерден тұрады:
1. Респондент туралы мәліметтер;
2. Өз қауіпсіздігін қабылдау және сенімділік дәрежесі.
Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 26.07.2024 № 21 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.36. Іріктемелі зерттеу жүргізу кезінде үй шаруашылығының 15-80 жас аралығындағы бір мүшесі ғана сұралады.
Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 26.07.2024 № 21 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7-тарау. Зерттеу қорытындыларын бас жинтыққа тарату
37. Зерттеудің іріктемелі деректерін тарату зерттеудің әрбір жеке бірлігіне тиісті дара салмақты меншіктеуге негізделген.
Ол үшін жыныстық-жастық және өңірлік сипаттамаларды есепке ала отырып стратификацияланған (сауал салынған адамдардың саны) зерттеу деректерін осындай сипаттамалар бойынша стратификацияланған халық санының бас жиынтығымен салыстыру жүзеге асырылады.
38. Бейімделу (салмағы) фактордың септеу формуласы келесі түрде анықталады:
мұндағы,
- g белгісі бойынша салмағы;
- g сипаттамасымен бас жиынтықтағы халықтың үлесі;
- сұралғандардың жалпы саны,
- g сипаттамасымен сұралғандардың саны.
39. Зерттеу қорытындыларын бас жиынтыққа тарату мақсатында ең алдымен негізгі салмақ K1 анықталады. Іріктеме бірлігінің негізгі салмағы іріктемеге қосу үшін оны іріктеу ықтималдылығының кері шамасы болып табылады.
40. Одан әрі зерттелетін үй шаруашылықтарындағы халықтың санын мынадай формуламен анықтау қажет:
мұндағы,
S1- зерттелетін үй шаруашылықтарындағы халықтың саны;
S2- нақты сауал салынған үй шаруашылықтарындағы халықтың саны;
K1- негізгі салмақ.
41. Іріктемелі зерттеу нәтижелерін бас жиынтыққа тарату бейімделу факторы (салмағы) арқылы іске асырылады.
Салмақтау рәсімі қалыптасқан жиынтық бойынша халықтың құрылымы туралы деректер негізінде жүргізіледі, ол жынысы және жасы бойынша өңірлік қабаттардың ішіндегі бөліністе бас жиынтық ретінде қолданылады. Әрбір респондентке бейімделу факторларының (салмағы) жүйелері келесі белгілер бойынша есептеледі:
аумақтық құрылым (аудан);
жергілікті жер типі;
жынысы (ерлер мен әйелдер);
жас топтары (15-19 жас; 20-24 жас; 25-29 жас; 30-34 жас; 35-39 жас; 40-44 жас; 45-49 жас; 50-54 жас; 55-59 жас; 60-80 жас).
Ескерту. 41-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 26.07.2024 № 21 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.42. Жеке негізгі салмақты өлшеу үшін бейімделу факторын есептеудің мынадай формуласы пайдаланылады:
мұндағы,
K2k - бейімделу факторы;
Sk - бас жиынтық бойынша халық саны (есепті жылға халық санының орташа жылдық деректері);
S1k- зерттелетін үй шаруашылықтарындағы халықтың саны;
k - фактор есептелетін тұлғаның жинақтың сипаттамасына қарай ерекше белгісі.
43. Түпкілікті жеке салмақ (немесе экстраполяция коэффиценті) негізгі салмақ пен бейімделу факторларының көбейтіндісі болып табылады.
мұндағы,
K - жеке салмақ (экстраполяция коэффициенті);
K1 - негізгі салмақ;
K2k - бейімделу факторы.
44. Қосымша өзгермелі ретіндегі есептелген жеке салмақтар әрбір сұралған респондент бойынша жеке деректер қорына жазылады және республикалық, облыстық, аудандық деңгейлерге тиісті кезең бойынша жиынтық қорытындыларды қалыптастыру кезінде пайдаланылады.
8-тарау. Алынған нәтижелерді тарату және жариялау
45. Зерттеу қорытындылары облыстар, республикалық маңызы бар қалалар бөлінісінде, жергілікті жердің типі, жынысы, жасы, білім деңгейі, некедегі жағдайы, жұмыспен қамтылу мәртебесі бойынша қалыптастырылады.
Ескерту. 45-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 26.07.2024 № 21 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.46. Іріктемелі зерттеу нәтижелері бойынша ұйғарынды ақпарат Бюроның ресми интернет-ресурсында бюллетень түрінде орналастырылады.
Ескерту. 46-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 26.07.2024 № 21 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Халықтың құқық қорғау органдарына сенімділік деңгейіне іріктемелі зерттеу жүргізу бойынша әдістемеге қосымша |
1-кесте. "Құқық қорғау органдары мүдделерді қорғай алады" көрсеткішінің дәлдігін бағалау сипаттамасы
Өңірлер | Стандартты қате | Салыстырмалы стандартты қате |
---|---|---|
Ақмола | 0,011 | 0,98% |
Ақтөбе | 0,014 | 1,18% |
Алматы | 0,007 | 0,67% |
Атырау | 0,008 | 0,73% |
Батыс Қазақстан | 0,013 | 1,13% |
Жамбыл | 0,010 | 0,91% |
Қарағанды | 0,008 | 0,69% |
Қостанай | 0,011 | 0,96% |
Қызылорда | 0,009 | 0,86% |
Маңғыстау | 0,013 | 1,19% |
Павлодар | 0,011 | 0,92% |
Солтүстік Қазақстан | 0,011 | 1,01% |
Түркістан | 0,009 | 0,78% |
Шығыс Қазақстан | 0,008 | 0,71% |
Нұр-Сұлтан қаласы | 0,006 | 0,61% |
Алматы қаласы | 0,010 | 0,89% |
Шымкент қаласы | 0,010 | 0,93% |
Қазақстан Республикасы | 0,002 | 0,21% |