Коллекторлық агенттіктердің жеке тұлғалардың берешегін реттеу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 16 тамыздағы № 51 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 19 тамызда № 34952 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.10.2024 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Коллекторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 1-тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Коллекторлық агенттіктердің жеке тұлғалардың берешегін реттеу қағидалары бекітілсін.

      2. Жеке тұлғалардың 2024 жылғы 1 қазанға дейін сатып алынған берешегі бойынша коллекторлық агенттіктер борышкер-жеке тұлғаны және (немесе) оның өкілін олардың (оның) осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен кейін күнтізбелік жиырма күн ішінде "Коллекторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 6-1-бабының 1-тармағына сәйкес банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемені орындау талаптарын өзгерту туралы өтінішпен коллекторлық агенттікке жүгіну құқығы туралы хабардар етеді.

      3. Банктік емес ұйымдарды реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы 2024 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту
Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу
және дамыту
Агенттігінің Басқармасының
2024 жылғы 16 тамыздағы
№ 51

Коллекторлық агенттіктердің жеке тұлғалардың берешегін реттеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      Осы Коллекторлық агенттіктердің жеке тұлғалардың берешегін реттеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Коллекторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 1-тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және коллекторлық агенттіктердің құқықтарды (талаптарды) басқаға беру шарты (бұдан әрі – басқаға беру шарты) бойынша кредитор берген жеке тұлғалардың берешегін реттеу тәртібін айқындайды.

2-тарау. Коллекторлық агенттіктердің берешекті реттеу тәртібі

      1. Коллекторлық агенттік басқаға беру туралы шат жасалған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде банктік қарыз шарты және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша жеке тұлғаның (бұдан әрі – борышкер) берешегі, оның ішінде соттың шешімі бойынша немесе нотариустың атқарушылық жазбасы негізінде өндіріп алынған берешегі (бұдан әрі – берешек) бойынша борышкерді және (немесе) оның өкілін Коллекторлық қызмет туралы заңның 6-1-бабының 1-тармағына сәйкес олардың (оның) берешекті өтеу талаптарын өзгерту туралы өтінішпен коллекторлық агенттікке жүгіну құқығы туралы хабардар етеді.

      Коллекторлық қызмет туралы заңның 6-1-бабы 1-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес берілген банктік қарыз шарты және (немесе) микрокредит беру туралы шарт (бұдан әрі – шарт) бойынша берешекті өтеу талаптарын өзгерту туралы өтінішті (бұдан әрі – өтініш) коллекторлық агенттік қабылдауға, тіркеуге, есепке алуға және қарауға тиіс.

      Борышкер толық емес мәліметтер мен құжаттар (бұдан әрі – құжаттар) ұсынған кезде коллекторлық агенттік оларды осы тармақтың төртінші бөлігінде көзделген құжаттарды ұсыну мерзімін көрсете отырып және құжаттар көрсетілген мерзімде берілмеген жағдайда борышкердің өтінішінің қараусыз қалдырылғаны туралы хабарлай отырып, 10 (он) жұмыс күні ішінде сұратады.

      Борышкер сұратылған құжаттарды коллекторлық агенттік сұрату жіберген күннен кейінге 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынады.

      2. Коллекторлық агенттік өтінішті және борышкер ұсынған құжаттарды алған күннен кейін күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде борышкер ұсынған берешекті өтеу талаптарындағы өзгерістерді қарайды және Коллекторлық қызмет туралы заңның 6-1-бабының 2-тармағына сәйкес борышкерге:

      1) берешекті өтеу талаптарының ұсынылған өзгерістерімен келісетіні;

      2) берешекті өтеу талаптарын өзгерту жөніндегі өзінің ұсыныстары;

      3) осындай бас тарту себептерінің уәжді негіздемесін көрсете отырып, берешекті өтеу талаптарын өзгертуден бас тарту туралы шешімдердің біреуін хабарлайды.

      Коллекторлық агенттік борышкер ұсынған берешекті өтеу талаптарының өзгерістерімен келісетіні туралы шешім қабылдаған кезде мұндай өзгерістерді енгізу мерзімі коллекторлық агенттік шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күннен аспайды.

      Сот шешімі немесе нотариустың берешекті өндіру туралы атқарушылық жазбасы болған кезде, коллекторлық агенттік атқарушылық іс жүргізуді тоқтата тұруға бастамашы болады.

      Коллекторлық агенттік берешекті өтеу талаптарын өзгерту туралы өз ұсыныстарын жіберген кезде Коллекторлық қызмет туралы заңның 6-1-бабының 2-тармағына сәйкес коллекторлық агенттік борышкердің ұсынылған талаптарға жауап беру мерзімін де көрсетеді, ол борышкер коллекторлық агенттіктің шешімін алған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күннен аспайтын уақытты құрайды.

      Коллекторлық агенттік берешекті өтеу талаптарын өзгертуден бас тарқан кезде, сондай-ақ борышкер осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген коллекторлық агенттіктің шешімін алған күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде коллекторлық агенттік пен борышкер арасында өзара қолайлы шешімге қол жеткізбеген кезде, борышкерге Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берешекті өтеу талаптарын өзгертуден бас тарту беріледі.

      3. Коллекторлық агенттіктің өтінішті қарауы борышкерге міндеттеме бойынша мерзімі өткен берешекті не оның бір бөлігін біржолғы өтеу талабын белгілемей жүзеге асырылады.

      Мерзімі өткен берешекті не оның бір бөлігін біржолғы өтеу коллекторлық агенттікке хабарлаған кезде борышкердің бастамасы бойынша жүзеге асырылады.

      4. Өтінішті қарау кезеңінде және борышкерге шешім жіберілгенге дейін коллекторлық агенттік берешекті сотқа дейінгі өндіріп алуды және міндеттемені орындау бойынша наразылық-талап қою жұмысын жүргізуді тоқтата тұрады.

      5. Коллекторлық агенттік тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-ынан кешіктірмейтін мерзімде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға:

      1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша борышкерлердің берешекті өтеу талаптарын өзгерту туралы қаралған өтініштері туралы;

      2) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шарттың талаптарына енгізілген өзгерістер туралы;

      3) Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берешекті өтеу талаптарын өзгертуден бас тарту себептері туралы ақпарат ұсынады.

      6. Мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілері (бұдан әрі – борышкер-әскери қызметші) бойынша негізгі борыш және берешекті өтеу талаптарын өзгерту туралы шешім қабылдау уақытында негізгі борыштың қалдығына есептелген сыйақы бойынша мерзімді әскери қызмет өткеру мерзімін және ол аяқталғаннан кейін күнтізбелік 60 (алпыс) күнді қамтитын кезеңге төлемдерді кейінге қалдыру шартқа немесе кепіл шартына қосымша келісімдерге қол қоймай, шарт бойынша мерзімді ұлғайту және төлемдер мөлшерін сақтау түрінде жаңа төлемдер кестесін белгілеу арқылы ұсынылады, бұл туралы борышкер-әскери қызметшіге шартта көзделген тәсілмен және (немесе) Коллекторлық қызмет туралы заңның 6-1-бабының 1-тармағына сәйкес хабарланады.

      Төлемдерді кейінге қалдырудан бас тартқан кезде борышкер-әскери қызметші (сенімхат бойынша борышкер-әскери қызметшінің мүддесі үшін әрекет ететін үшінші тұлға) коллекторлық агенттіктің хабарламасын алған күннен бастап күнтізбелік 14 (он төрт) күн ішінде шартта көзделген тәсілмен және (немесе) Коллекторлық қызмет туралы заңның 6-1-бабының 1-тармағына сәйкес төлемдерді кейінге қалдырудан бас тарту туралы өтініш жібереді.

      Коллекторлық агенттік борышкер-әскери қызметшінің төлемдерді кейінге қалдырудан бас тарту туралы өтінішін алған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде оны шартта көзделген тәсілмен және (немесе) Коллекторлық қызмет туралы заңның 6-1-бабының 1-тармағына сәйкес төлемдерді кейінге қалдыру күшінің жойылғаны туралы хабардар етеді.

      Төлемдерді кейінге қалдыру кезеңінде коллекторлық агенттік борышкер-әскери қызметшіге мерзімі өткен берешекті өтеу қажеттілігі туралы хабардар етуді тоқтата тұрады, сондай-ақ борышкер бойынша наразылық-талап қою жұмысын және заңды күшіне енген сот актісі, берешекті өндіріп алу туралы атқарушылық жазба бойынша атқарушылық іс жүргізуді тоқтата тұруға бастамашы болады.

      Борышкер-әскери қызметші мерзімді әскери қызметтен шығарылған кезде коллекторлық агенттік борышкер қызметтен шығарылған күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күн өткеннен кейін берешекті өндіруді қайта бастайды, наразылық-талап қою жұмысын қайта бастауға бастамашы болады және бұл туралы борышкерді шартта көзделген тәсілмен және (немесе) Коллекторлық қызмет туралы заңның 6-1-бабының 1-тармағына сәйкес хабардар етеді.

3-тарау. Коллекторлық агенттіктің берешекті реттеу жөнінде шешім қабылдау тәртібі

      7. Коллекторлық агенттіктің берешекті өтеу талаптарын өзгерту туралы шешім қабылдауы коллекторлық агенттіктің атқарушы органы бекітетін ішкі құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады.

      Коллекторлық агенттіктің ішкі құжаттарында, бұлармен шектелмей:

      1) берешекті реттеу туралы шешім қабылдау процесіне қатысатын коллекторлық агенттіктің лауазымды адамдарының, бөлімшелері мен қызметкерлерінің құрылымы, міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері;

      2) берешекті реттеуге бағытталған қызметті жүзеге асыру барысында коллекторлық агенттік қызметкерлерінің борышкермен және (немесе) оның өкілімен іс-әрекетінің әдеп стандарттары мен іс-қимыл нормалары;

      3) борышкердің берешекті өтеу талаптарына өзгерістер енгізу рәсімі;

      4) мынадай тұлғаларды қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей, борышкерлер санаттарының тізбесі:

      еңбек ұтқырлығы орталығында жұмыссыз ретінде тіркелген не орташа айлық кірісі төмендеген тұлғалар (міндеттеме бойынша барлық борышкерлердің жиынтық орташа айлық кірісі);

      халықтың әлеуметтік осал топтарына (бұдан әрі – ХӘОТ) жатқызылған тұлғалар не ХӘОТ мәртебесін алған не атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған жақын туыстарымен, жұбайымен (зайыбымен) бірге тұратын борышкерлер;

      "Екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі белгіленген аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1033 бұйрығында көзделген ауруымен байланысты 2 (екі) айдан астам еңбекке уақытша жарамсыз болып табылған не мынадай аурулары бар тұлғалар:

      3-топтағы мүгедектігі болған жағдайда АИТВ-инфекциясы;

      туберкулезді менингит, сүйектер мен буындардың (омыртқа мен жамбас) туберкулезі, жалпыланған туберкулез, кең дәріге төзімді туберкулез, бактерия бөлетін, сонымен бірге 1Г тобында байқалатын және симптоматикалық ем алатын өкпе туберкулезі;

      мүгедектік тобының болуына қарамастан қатерлі ісіктер;

      3-топтағы мүгедектігі болған кезде дәнекер тінінің жүйелі зақымдануы;

      борышкердің орташа айлық жиынтық кірісінің (міндеттеме бойынша барлық борышкерлердің жиынтық орташа айлық кірісінің) төмендеуіне әсер еткен 3-топтағы мүгедектігі болған кезде орталық нерв жүйесінің миелинсіздендіруші аурулары;

      баланың (балалардың) тууына байланысты не жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға не бала үш жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша демалыстағы тұлғалар. Бұл шарт борышкердің жұбайына қатысты;

      жақын туысының, жұбайының (зайыбының) ауыруына, қайтыс болуына байланысты мән-жайлар анықталған тұлғалар;

      оларға қатысты жазатайым оқиға, үшінші тұлғалардың құқыққа қайшы әрекеттері (айналымдағы тауарларды немесе борышкер кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін пайдаланған өзге де мүлікті ұрлау), өрт, су басу салдарынан материалдық залал келтірілген, шартта тіркеу немесе тұру мекенжайы ретінде көрсетілген мекенжай бойынша борышкердің жылжымайтын мүлкі жойылған немесе дүлей күштің, яғни осы жағдайлар кезінде төтенше және алдын алуға болмайтын мән-жайлардың (дүлей құбылыстар, әскери іс-қимылдар, төтенше жағдай) салдарынан берешекті өтеу талаптарының орындалмауы орын алған мән-жайлар белгіленген тұлғалар.

      Борышкердің орташа айлық кірісінің (шарт бойынша барлық борышкерлердің жиынтық орташа айлық кірісінің) төмендеуі деп борышкердің өтінішпен жүгінген айының алдындағы екі айдағы борышкердің орташа айлық кірісінің (шарт бойынша барлық борышкерлердің жиынтық орташа айлық кірісінің) борышкердің өтінішпен жүгінген айының алдындағы алты айға есептелген борышкердің орташа айлық кірісімен (борышкерлердің жиынтық орташа айлық кірісімен) салыстырғанда 30 (отыз) пайыздан аса төмендеуі түсініледі;

      5) борышкердің санатын растау үшін қажетті құжаттар тізбесі;

      6) борышкерлер санаттарын және берешекті өтеу талаптарының орындалмауына әкеп соққан мән-жайларды ескере отыратын, берешекті реттеу шараларын қамтитын шешім қабылдау матрицасы, оның ішінде, бірақ олармен шектелмей:

      негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша төлемдерді кейінге қалдыруға немесе бөліп төлеуге;

      берешекті өтеу кезектілігінің өзгеруіне, оның ішінде негізгі борышты басым тәртіппен өтеуге;

      банктік қарыз немесе микрокредит мерзімін өзгертуге;

      айыпақыны (айыппұлды, өсімпұлды) азайту жағына қарай өзгертуге немесе толық жоюға;

      банктік қарызға қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдерді өзгертуге немесе толық жоюға;

      негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша берешекті толық не ішінара кешіруге;

      тараптардың келісімінде белгіленген мерзімдерде ипотека мәні болып табылатын жылжымайтын мүлікті кепіл берушінің дербес сатуына;

      кепілге салынған мүлікті коллекторлық агенттікке беру жолымен міндеттемені орындаудың орнына бас тарту төлемін беруге;

      міндеттемені сатып алушыға бере отырып, ипотека мәні болып табылатын жылжымайтын мүлікті сату;

      8. Берешекті өтеу талаптарын өзгерту туралы шешім қабылдау шешім қабылдау матрицасының нәтижелері негізінде жүзеге асырылады.

      Шешімдер қабылдау матрицасы берешекті өтеу талаптарының орындалмауына әкеп соқтырған мән-жайлар құжаттамалық расталған жағдайда борышкердің санатына, әлеуметтік және қаржылық жағдайына байланысты борыш жүктемесін төмендетуге бағытталған берешекті реттеудің бір және (немесе) бірнеше шараларын қолдануға мүмкіндік береді.

      9. Шешімдер қабылдау матрицасы борышкер үшін оларды жақсарту талаптарында коллекторлық агенттіктің берешекті өтеу талаптарын біржақты тәртіппен өзгертуге мүмкіндік береді.

      Қағидалардың мақсаттары үшін берешекті өтеу талаптарын жақсарту деп:

      айыпақыны (айыппұл, өсімпұл), сондай-ақ банктік қарызға қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдерді азайту жағына қарай өзгерту немесе толық жою;

      негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша берешекті толық не ішінара кешіру;

      берешекті өтеу талаптарын өзгерту туралы шешім қабылданған сәтте негізгі борыш және (немесе) негізгі борыштың қалдығына есептелген сыйақы бойынша төлемдерді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу түсініледі.

      Борышкерге жақсартатын талаптар қолданылған жағдайда коллекторлық агенттік Коллекторлық қызмет туралы заңның 6-1-бабының 1-тармағына сәйкес жеткізуді тіркей отырып, берешекті өтеу талаптарының өзгергені туралы борышкерді хабардар етеді.

      Коллекторлық агенттік қолданған жақсартатын талаптардан бас тартқан кезде, борышкер коллекторлық агенттіктің хабарламасын алған күннен бастап күнтізбелік 14 (он төрт) күн ішінде Коллекторлық қызмет туралы заңның 6-1-бабының 1-тармағына сәйкес бас тарту туралы өтініш жібереді.

      10. Қағидалардың 7-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көзделген ақпарат, сондай-ақ коллекторлық агенттік ұсынатын берешекті реттеу шаралары коллекторлық агенттіктің ресми интернет-ресурсында орналастырылады.

  Коллекторлық агенттіктердің
жеке тұлғалардың берешегін
реттеу қағидаларына
1-қосымша
____________ мырза (ханымға)
Мекенжайы: ________________

Берешекті өтеу талаптарын өзгертуден бас тарту

      "_______________" ЖШС (бұдан әрі – Коллекторлық агенттік) Сіздің

      _____________ж. № ____________ банктік қарыз шарты және (немесе) микрокредит

      беру туралы шарт (бұдан әрі – Шарт) бойынша берешекті өтеу талаптарын өзгерту

      туралы __________ (________ кір. №_______) өтінішіңізді қарап, төмендегіні

      хабарлайды.

      "Коллекторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-1-бабы

      2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Коллекторлық агенттік Сізге

      __________________________________________________

      (бас тарту себептерінің негіздемелерін көрсету)

      байланысты берешекті өтеу талаптарын өзгертуден бас тартады.

      Коллекторлық агенттіктің
уәкілетті тұлғасы
Аты-жөні

  Коллекторлық агенттіктердің
жеке тұлғалардың берешегін
реттеу қағидаларына
2-қосымша

_____20 ___жылғы 1 ____ ______ жағдай бойынша (коллекторлық агенттіктің атауы) берешекті өтеу талаптарын өзгерту туралы борышкердің қаралған өтініштері туралы ақпарат (есепті жылдың басынан бастап өсу ретімен)

  (сомасы, мың теңгемен)

Қарыз/микрокредит түрі

Келіп түскен өтініштер

Барлығы

Оның ішінде ХӘОТ*

борышкерлердің саны

шарттардың саны

борыш сомасы**

борышкерлердің саны

шарттардың саны

борыш сомасы

А

1

2

3

4

5

6

Тұтынушылық қарыздар







кепілсіз қарыздар







кепілмен берілетін қарыздар







Ипотекалық тұрғын үй қарыздары







Өзге де ипотекалық қарыздар







Микрокредиттер







кепілсіз микрокредиттер







кепілмен берілетін микрокредиттер, оның ішінде







ипотекамен қамтамасыз етілгендері







Банктік қарыз шартының және (немесе) микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістер енгізілді

Банктік қарыз шартының және (немесе) микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгертуден бас тартылды

Барлығы

оның ішінде ХӘОТ

Барлығы

оның ішінде ХӘОТ

борышкерлердің саны

шарттардың саны

борыш сомасы

борышкерлердің саны

шарттардың саны

борыш сомасы

борышкерлердің саны

шарттардың саны

борыш сомасы

борышкерлердің саны

шарттардың саны

борыш сомасы

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18





































Өтініштер қаралуда

Борышкердің берілген өтініштен бас тартуы, қаржылық жағдайдың нашарлауын растайтын құжаттарды ұсынудан бас тартуы, борышкер банктік қарыз шартына және (немесе) микрокредит беру туралы шартқа ұсынылған өзгерістерге қол қоймаған, коллекторлық агенттік өз ұсыныстарын жолдаған немесе борышкерден құжаттарды сұратқан.

Барлығы

оның ішінде ХӘОТ

Барлығы

оның ішінде ХӘОТ

борышкерлердің саны

шарттардың саны

борыш сомасы

борышкерлердің саны

шарттардың саны

борыш сомасы

борышкерлердің саны

шарттардың саны

борыш сомасы

борышкерлердің саны

шарттардың саны

борыш сомасы

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30





































      * ХӘОТ - "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 68-бабына сәйкес халықтың әлеуметтік осал топтары және атаулы әлеуметтік көмек алатын тұлғалар;

      ** мыналар бойынша: негізгі борыш, сыйақы, мерзімі өткен негізгі борыш, мерзімі өткен сыйақы, айыпақы (айыппұл, өсімпұл), комиссиялар және өзге де төлемдер.

  Коллекторлық агенттіктердің
жеке тұлғалардың берешегін
реттеу қағидаларына
3-қосымша
Нысан

_____ жылғы 1___ жағдай бойынша (коллекторлық агенттіктің атауы) банктік қарыз шартының және (немесе) микрокредит беру туралы шарттың талаптарына енгізілген өзгерістер туралы ақпарат (есепті жылдың басынан бастап өсу ретімен)

  (сомалар мың теңгемен)


оның ішінде мынадай себептермен:

Қарыздың /микрокредиттің түрі

Банктік қарыз шартының және (немесе) микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістер енгізілді, барлығы

негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша төлемді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу

Барлығы

оның ішінде ХӘОТ *

Барлығы

оның ішінде ХӘОТ

борышкерлердің саны

шарттардың саны

борыш сомасы

борышкерлердің саны

шарттардың саны

борыш сомасы

борышкерлердің саны

шарттардың саны

борыш сомасы

борышкерлердің саны

шарттардың саны

борыш сомасы

А

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

Тұтынушылық қарыздар













кепілсіз қарыздар













кепілмен берілген қарыздар













Ипотекалық тұрғын үй қарыздары













Өзге де ипотекалық қарыздар













Микрокредиттер













кепілсіз микрокредиттер













кепілмен берілген микрокредиттер, оның ішінде













ипотекамен қамтамасыз етілген













оның ішінде мынадай себептермен:

берешекті өтеу кезектілігін, оның ішінде негізгі борышты басым тәртіппен өтей отырып өзгерту

банктік қарыздың және (немесе) микрокредиттің мерзімін өзгерту

Барлығы

оның ішінде ХӘОТ*

Барлығы

оның ішінде ХӘОТ

борышкерлердің саны

шарттардың саны

борыш сомасы

борышкерлердің саны

шарттардың саны

борыш сомасы

борышкерлердің саны

шарттардың саны

борыш сомасы

борышкерлердің саны

шарттардың саны

борыш сомасы

13

24

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24





































оның ішінде мынадай себептермен:

айыпақыны (айыппұл, өсімпұл) азайту жағына қарай өзгерту немесе толық жою

банктік қарызға қызмет көрсетумен байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдерді өзгертумен немесе толығымен күшін жою

Барлығы

оның ішінде ХӘОТ*

Барлығы

оның ішінде ХӘОТ

борышкерлердің саны

шарттардың саны

борыш сомасы

борышкерлердің саны

шарттардың саны

борыш сомасы

борышкерлердің саны

шарттардың саны

борыш сомасы

борышкерлердің саны

шарттардың саны

борыш сомасы

25

26

27

28

29

30

31

32

33

34

35

36





































оның ішінде мынадай себептермен:


негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша берешекті толық не ішінара кешіру арқылы

тараптардың келісімінде белгіленген мерзімдерде ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті кепіл берушінің дербес өткізуі

Барлығы

оның ішінде ХӘОТ*

Барлығы

оның ішінде ХӘОТ

борышкерлердің саны

шарттардың саны

борыш сомасы

борышкерлердің саны

шарттардың сомасы

борыш сомасы

борышкерлердің саны

шарттардың сомасы

борыш сомасы

борышкерлердің саны

шарттардың саны

Борыш сомасы

37

38

39

40

41

42

43

44

45

46

47

48





































оның ішінде мынадай себептермен:

коллекторлық агенттікке кепіл мүлкін беру арқылы банктік міндеттемелерді орындаудың орнына бас тарту төлемін ұсыну

міндеттемені сатып алушыға бере отырып, ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті сату

Барлығы

оның ішінде ХӘОТ*

Барлығы

оның ішінде ХӘОТ

борышкерлердің саны

шарттардың саны

борыш сомасы

борышкерлердің саны

шарттардың сомасы

борыш сомасы

борышкерлердің саны

шарттардың саны

борыш сомасы

борышкерлердің саны

шарттардың саны

борыш сомасы

49

50

51

52

53

54

55

56

57

58

59

60





































оның ішінде мынадай себептермен:

банктік қарыз шартының және (немесе) микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістердің өзге түрі (қандай екенін көрсету)

Барлығы

оның ішінде ХӘОТ*

борышкерлердің саны

шарттардың саны

борыш сомасы

борышкерлердің саны

шарттардың саны

борыш сомасы

61

62

63

64

65

66



















      * ХӘОТ - "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 68-бабына сәйкес халықтың әлеуметтік осал топтары және атаулы әлеуметтік көмек алатын тұлғалар.

  Коллекторлық агенттіктердің
жеке тұлғалардың берешегін
реттеу қағидаларына
4-қосымша
Нысан

____ жылғы 1________ жағдай бойынша (коллекторлық агенттіктің атауы) берешекті өтеу талаптарын өзгертуден бас тарту себептері туралы (есепті жылдың басынан бастап) ақпарат

  (сомалар мың теңгемен)


Қарыз/микрокредит түрі

Берешекті өтеу талаптарын өзгертуден бас тартылды, барлығы

Барлығы

оның ішінде ХӘОТ*

борышкерлердің саны

шарттардың саны

борыш сомасы

борышкерлердің саны

шарттардың саны

борыш сомасы

А

1

2

3

4

5

6

Тұтынушылық қарыздар







кепілсіз қарыздар







кепілді қарыздар







Ипотекалық тұрғын үй қарыздары







Өзге де ипотекалық қарыздар







Микрокредиттер







кепілсіз микрокредиттер







кепілді микрокредиттер, оның ішінде







ипотекамен қамтамасыз етілгендер







борышкердің өтімді кепілі/салымы/өзге мүлкі бар (коллекторлық агенттіктің талдауы бойынша немесе растайтын құжат болған жағдайда)

Барлығы

оның ішінде ХӘОТ

борышкердің саны

шарттардың саны

борыш сомасы

борышкердің саны

шарттардың саны

борыш сомасы

19

20

21

22

23

24



















Барлығы

борышкерлердің саны

шарттардың саны

борыш сомасы

борышкерлердің саны

37

38

39

40













      кестенің жалғасы

оның ішінде мынадай себептермен:

борышкер өзінің қаржылық және әлеуметтік жағдайының нашарлағанын растайтын құжаттарды ұсынбаған

бұған дейін реттеу шаралары (екі реттен артық) берілген болатын

Барлығы

оның ішінде ХӘОТ

Барлығы

оның ішінде ХӘОТ

борышкерлердің саны

шарттардың саны

борыш сомасы

борышкерлердің саны

шарттардың саны

борыш сомасы

борышкерлердің саны

шарттардың саны

борыш сомасы

борышкерлердің саны

шарттардың саны

борыш сомасы

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18













































































































борышкердің атына қарыз алаяқтық тәсілмен алынған

өтінішті борышкердің сенімхатынсыз үшінші тұлға берді

Барлығы

оның ішінде ХӘОТ

Барлығы

оның ішінде ХӘОТ

борышкердің саны

шарттардың саны

борыш сомасы

борышкердің саны

шарттардың саны

борыш сомасы

борышкерлердің саны

шарттардың саны

борыш сомасы

борышкерлердің саны

шарттардың саны

борыш сомасы

25

26

27

28

29

30

31

32

33

34

35

36





































оның ішінде мынадай себептермен:

борышкердің қайтыс болуы және мұрагерлік құқығын ресімдемеу

банктік қарыз шартының және (немесе) микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгертуден бас тартудың басқа де себептері (себебін көрсету)

Барлығы

оның ішінде ХӘОТ

Барлығы

оның ішінде ХӘОТ

борышкерлердің саны

шарттардың саны

борыш сомасы

борышкерлердің саны

шарттардың саны

борыш сомасы

борышкерлердің саны

шарттардың саны

борыш сомасы

борышкерлердің саны

шарттардың саны

борыш сомасы

37

38

39

40

41

42

43

44

45

46

47

48





































      * ХӘОТ – "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 68-бабына сәйкес халықтың әлеуметтік осал топтары және атаулы әлеуметтік көмек алатын адамдар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады